Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1265 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 1070 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.18 N 1070 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 4, 53-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесінде:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде ол туралы өтініш берушіге хабарланатын олар бойынша тиісті шешім (3-қосымша) қабылдайды.";
      41-тармақтағы "басқа да өзгерістер болған" деген сөздер алынып тасталсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-қосымшаның мәтіні бойынша "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың қызметтерін" деген сөздер "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-қосымшада:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Пайдаланушының сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім";
      4-қосымшада:
      15-тараудың 3-тармағындағы "г)" деген аббревиатура "8)" деген санмен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау ережесінде:
      12-тармақтың екінші абзацы "үлгісі" деген сөзден кейін "немесе данасы" деген сөздермен толықтырылсын;
      18-тармақтағы "16" деген сандар "17," деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады