"Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 1313 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

МIНДЕТТI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

      Осы Заң қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғаның өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтiру салдарының мiндеттемелерi бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн міндеттi сақтандыру саласында туындаған қатынастары реттейдi және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдастырушылық негiздерiн белгiлейдi.

  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) қоршаған ортаның авариялық ластануы - шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіптi түрлерiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларда жүз берген, аварияларға немесе апаттарға негізделген, кенеттен қасақана жасалмаған, төтенше жағдайдың салдарынан болған атмосфераға шығарылатындардан немесе суға төгілген зиянды заттар төгiнділерiнен не жер үстіндегі учаскелерде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түрiндегi заттардың не осы жол беруге болатын деңгейдiң осы аумақ және уақыт үшін артатын иiстiң, шуылдың, тербелістің, радиацияның пайда болуынан немесе электромагнитті, температуралық, жарық не өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер етуден тұратын қоршаған ортаның ластануы;
      2) пайда алушы - осы Заңға сәйкec сақтандыру төлемдерін алушы болып табылатын тұлға;
      3) шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi шаруашылық қызметiнің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесiнде үшінші тұлғаның өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтiрiлген зиянды өтеудiң заңдармен белгіленген мiндеттілігі;
      4) жәбiрленушi - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтiрiлген тұлға;
      5) үшiншi тұлға - міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсiмге тартылған және олардың мүдделерiне залал келтiрілген құқық қатынастарының субъектілерi;
      6) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сомасының шегiнде сақтандырушының пайда алушыға төлейтiн ақшасының сомасы;
      7) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы сақтанушыға мiндеттi экологиялық сақтандыру шартында анықталған мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемiн жасауды жүзеге асыруға мiндеттеме қабылдаған оған төлеуге мiндетті ақшасының сомасы;
      8) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының жауапкершілігінiң шекті көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
      9) сақтанушы - шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерімен айналысатын, сақтандырушымен қоршаған ортаның авариялық ластанғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілiктiң мiндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
      10) сақтандыру жағдайы - оқиға басталғаннан шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерiмен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты сақтанушыға сақтандыру төлемiн жасауды жүзеге асыруды көздейтін жағдай;
      11) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде оның пайдасына шарт жасалған сақтанушыға немесе өзге де тұлғаларға (пайда алушыға) шартта анықталған сақтандыру сомасының шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндетті заңды тұлға;
      12) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшесi;
      13) шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіпті түрi - нәтижесiнде қоршаған ортаны ластайтын немесе ластауы мүмкiн жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметi;
      14) экологиялық аудит - шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіпті түрлерiн жүзеге асыратын, аудит жүргiзiлетiн объектiнің ықтимал техногендi және экологиялық қауiптi дәрежесiн белгiлеу мақсаты бар заңды және жеке тұлғалардағы технологиялық және табиғат қорғау жабдықтарының жағдайы туралы ақпаратты және осы заңды және жеке тұлғаларда жүз берген авариялар мен техногендiк апаттар салдарынан ластауға әсер ету нәтижесiнде туындайтын үшінші тұлғаның, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлардың халыққа, шаруашылық объектілерi мен аумақтарға келтiруi мүмкiн зиянның көлемiн тәуелсiз бағалауды жүзеге асыру жөнiндегі кәсiпкерлiк қызмет;
      15) мiндетті экологиялық сақтандыру - шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн, қоршаған ортаның авариялық ластануымен зиян келтiргенi үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілiкті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi экологиялық сақтандырылуы.

  2-бап. Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының Заңы

      1. Міндеттi экологиялық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының  Конституциясына негізделген және Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен осы Заңда айтылғандардан басқа өзге де ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

  3-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың
объектілерi

      Міндеттi экологиялық сақтандырудың объектісi шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігi болып табылады.

  4-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігi міндеттi
экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар

      Мiндетті Экологиялық сақтандырудың мақсаты сақтандыруға шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiмен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады.
      Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіптi түрлерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.

  5-бап. Мiндетті экологиялық сақтандыру шартынсыз
шаруашылық және өзге де қызметтердi
жүзеге асыруға жол бермеу

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасаспаған шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіптi түрлерiмен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың қызметiне рұқсат етілмейдi.

  6-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыру саласындағы
мемлекеттiк бақылау мен қадағалау

      1. Сақтандыру ұйымдарының қызметтерiне мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру қызметтерiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      2. Шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерiмен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi экологиялық шартын жасау бөлiгiндегi осы Заңның орындалуына бақылауды уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.

  2-тарау. МIНДЕТТI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ

  7-бап. Мiндетті экологиялық сақтандыру шарты және
оны жасасу тәртiбi

      1. Міндеттi экологиялық сақтандыру жеке немесе заңды тұлғалардың шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіптi түрлерiн жүзеге асыру кезiнде мүліктік құқығына зиян келуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы осы Заң мен Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне сәйкес жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты оның күшiне енуi күнінен бастап он екi айға жасалады және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы үшiншi тұлғаға сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттенетiн, ал сақтанушы шартпен белгіленген мерзiмде сақтандыру сыйақысын төлеуге мiндеттенетiн күшi бар сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келiсiм болып табылады.
      3. Мiндетті экологиялық сақтандыру шартымен моральдық зиянды өтеудi, қолдан шығарылып алған пайданы және тұрақсыздық төлемiн қоса алғанда сақтанушы шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерiн жүзеге асыру кезiнде үшiншi тұлғаға зиян келтiру салдарынан туындаған жағдай бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
      4. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының жауапкершілiгi мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныпы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы тиiс.
      5. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушы сақтанушыға сақтандыру полисiн беру арқылы жазбаша нысанда жасалады.
      6. Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисiнiң мазмұны мен ресiмдеу жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық кесiмдерiмен белгіленедi.
      7. Егер сақтандыру міндеттілігі жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе ол осы Заңмен көзделгендi салыстыру бойынша сақтандырылғанның жағдайын нашарлататын шарттарда сақтандыру шартын жасаса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы туындаған кезде тиiстi сақтандыру кезiндегідей сақтандыру төлемi жүзеге асырылуы тиiс сол жағдайда сақтандырылғанның алдында жауапкершілiкте болады.

  8-бап. Мiндетті экологиялық сақтандыру
шартының қолданылуы

      1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбiрленуші деп танылған тұлғаларға қатысты қолданылады.
      2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мiндетті экологиялық сақтандыру шартымен белгіленген күнiнен бастап күшiне енедi және тараптар үшін мiндетті болады.
      3. Міндеттi экологиялық сақтандыру шарты өз күшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жағдайда және тәртiппен тоқтатады.
      4. Мiндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданысы, егер, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен көзделген шарттарда өзгелер көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында шектеледi.

  9-бап. Мiндетті экологиялық сақтандыру шартының
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы

      1. Мiндетті экологиялық сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен көзделген тәртіппен және жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
      2. Міндеттi экологиялық сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату кезiнде сақтанушы сақтандыру сыйақысының бөлiгiн мынадай мөлшерде қайтарып алуға құқығы бар:
___________________________________________________________________
P/c|  Мiндеттi экологиялық сақтандыру    | Сақтандырушы ұстайтын
N |  шартының оны мерзiмiнен бұрын      |сақтандыру сыйлықақысының
   | тоқтату сәтiне дейiн күшiне енген   |көлемi (жылдық caқтандыру
   |  сәтiнен бастап өткен мерзiм        |сыйлықақысынан пайызбен)
___|_____________________________________|_________________________
1 |             2                       |            3
___________________________________________________________________
1.  1-айды қоса алғанға дейiн                        20
2.  1-айдан 2-айды қоса алғанға дейiн                30
3.  2-айдан 3-айды қоса алғанға дейiн                40
4.  3-айдан 4-айды қоса алғанға дейiн                50
5.  4-айдан 5-айды қоса алғанға дейiн                60
6.  5-айдан 6-айды қоса алғанға дейiн                70
7.  6-айдан 7-айды қоса алғанға дейiн                75
8.  7-айдан 8-айды қоса алғанға дейiн                80
9.  8-айдан 9-айды қоса алғанға дейiн                85
10. 9-айдан 10-айды қоса алғанға дейiн               90
11. 10-айдан 11-айды қоса алғанға дейiн              95
12. 11-айдан жоғары                                 100
___________________________________________________________________

  10-бап. Сақтанушының құқығы мен міндеттерi

      1. Сақтанушы:
      1) сақтандырушыдан мiндетi экологиялық сақтандыру шарты бойынша мiндетті экологиялық сақтандыру шарттарын түсiндiрудi, міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн талап етуге;
      2) сақтандыру полисін жоғалтқан жағдайда оның телқұжатын алуға;
      3) жәбiрленушінің денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтiрiлген зиянды бағалау үшін тәуелсiз сарапшының қызметiн пайдалануға;
      4) келтiрiлген зиянның көлемін бағалау нәтижелерiмен және сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы жасаған сақтандыру төлемi көлемiнiң есептемелерiмен танысуға;
      5) заңнама кесiмдерi мен мiндеттi экологиялық сақтандыру шартына сәйкес мiндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға;
      6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартқаны немесе оның көлемiнiң азайтылғаны туралы шешiмiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағымдануға;
      7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемiн алуға құқылы.
      Мiндетті экологиялық сақтандыру шартымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн сақтанушының басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
      2. Сақтанушы:
      1) сақтандыру шартымен белгіленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру сыйақыларын төлеуге;
      2) сақтандырушыны сақтандыру қатерiнiң жай-күйi туралы хабарландыруға;
      3) сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыны хабардар етуге;
      4) сақтандыру жағдайынан шығындардың азаюына шаралар қабылдауға;
      5) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап құқығын сақтандырушыға көшуiн қамтамасыз етуге мiндетті.
      3. Мiндетті экологиялық шартымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына қайшы келмейтiн сақтанушының басқа да мiндеттілiктерi көзделуi мүмкiн.

  11-бап. Сақтандырушының құқығы мен мiндеттерi

      1. Сақтандырушы:
      1) мiндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу кезiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа сақтанушыдан осы Заңға сәйкес мiндетті экологиялық сақтандыру шартына енгiзу үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде мiндетті экологиялық сақтандыру шартына, сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдерiне себеп болғаны туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге;
      2) тиiсті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыреттерiне негіздей отырып сақтандыру жағдайының басталған фактісiн және жәбiрленушiге келтiрiлген зиянның көлемiн растайтын құжаттарды сұрауға;
      3) сақтанушыдан қоршаған табиғи ортаның ластану қаупiн бағалау үшiн қажетті, орын алған сақтандыру жағдайының себептерi, көлемi және зардаптары туралы толық және шын ақпаратты алуға;
      4) сақтандыру жағдайының басталу себептерi мен өзге де жағдайларын анықтау үшiн зәбiрленушi бүлiнген (жойылған) мүлкiн бағалауды жүргiзуге;
      5) жәбiрленушiнiң денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның көлемiн бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiнiң көлемiн анықтау үшiн тәуелсiз сарапшының қызметтерiн пайдалануға;
      6) сақтандыру жағдайы басталған кезге дейiн және кейiн қоршаған ортаның жағдайы мен сақтанушының объектілерiне жеке зерттеулер жүргiзуге;
      7) осы Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда зиян келтiргенi үшiн жауапты адамдарға қарсы талап құқығын қоюға;
      8) осы Заңның 21-бабында көзделген негiздер бойынша толық немесе iшiнара сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартымен сақтанушының басқа да құқығы көзделуi мүмкiн.
      2. Сақтандырушы:
      1) сақтанушыны мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарымен таныстыруға мiндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын оның құқығы мен мiндеттерiн түсiндiруге;
      2) өтiнiш берушiге берiлген құжаттардың толық тiзбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтаманы беруге;
      3) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқаннан кейiн сақтанушыға сақтандыру полисін беруге;
      4) сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабар алған кезде тез арада оны тiркеуге;
      5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алған сәттен бастап жете жұмыс күнi iшiнде сақтанушының немесе оның өкілінің өтiнiшi бойынша бүлiнген (жойылған) мүлiктiң көлемiн бағалауды, сақтандыру төлемi көлемiнiң есебi көрсетiле отырып сақтандыру кесiмiн жасауды жүргiзудi және оны пайда алушының танысуына ұсынуға;
      6) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;
      7) сақтанушыға олардың сақтандыру жағдайы кезiнде зиянның алдын алу немесе азайту мақсатында ұшыраған шығындарын өтеуге;
      8) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
      9) сақтандыру полисi жоғалған жағдайда, сақтанушыға жазбаша өтінiш негiзiнде сақтандыру полисінiң телнұсқасын беруге міндетті.
      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартымен сақтанушының басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

  12-бап. Жәбiрленушiнің құқығы

      1. Жәбiрленушi:
      1) сақтандырушыға сақтанушының немесе сақтандырылғанның шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруы нәтижесiнде орын алған сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарлауға;
      2) сақтанушының немесе сақтандырылғанның орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшiн қажетті құжаттарды жинауды жүргiзудi және оларды сақтанушы (сақтандырылған) мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға ұсынуға;
      3) денсаулығына немесе мүлкiне келтiрілген зиянның көлемiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшының қызметтерiн пайдалануға;
      4) сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы жүргiзген келтiрiлген зиянның көлемiн бағалау нәтижелерiмен және сақтандыру төлемi көлемiнiң есептерiмен танысуға;
      5) осы Заңмен белгіленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн алуға;
      6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жасауды жүзеге асырудан бас тарту немесе оның көлемiн азайту туралы шешiмiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шағымдануға;
      7) шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн және өзге де қызметтердi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға алынған сақтандыру төлемiнен жоғары зиян келтiрiлген сомадан асатын мөлшерде келтiрілген зиянды өтеу туралы талаптарды ұсынуға құқылы.
      2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы баптың 1-тармағымен белгіленген жәбiрленушiнің құқығы пайда алушы ретiнде әрекет ететiн өзге тұлғаларға ауысады.

  3-тарау. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ

  13-бап. Сақтандыру сомасының көлемi

      Сақтандыру сомасының көлемi тараптардың келiсiмi бойынша мiндеттi экологиялық сақтандыру шартында белгіленедi, бiрақ бұл ретте сақтандыру сомасының көлемi:
      1) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, жеке кәсiпкер болып табылатын жеке тұлғамен мiндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнге 5000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен;
      2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, заңды тұлғамен мiндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнге 5000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз еместi құрауы тиiс.

  14-бап. Сақтандыру сыйлықақысының көлемi

      Сақтандыру сыйақысының көлемi шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіпті түрлерiн жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілiктерiнiң мiндетті экологиялық сақтандыру шартында тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ бұл peттe сақтандыру көлемi мiндеттi экологиялық сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасынан 4,5 пайыз аспауы тиiс.

  15-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу
тәртiбi мен мерзiмi

      1. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртiбi мен мерзiмi міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша тараптардың келiсiмiмен белгіленедi.
      2. Егер, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартымен өзгелер көзделмесе, онда кезекте сақтандыру жарнасын уақытылы төлемегенi үшiн сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде бөтеннiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны ретiнде тұрақсыздық ақысын төлеуге мiндетті.

  4-тарау. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫН, КЕЛТIРIЛГЕН ЗИЯННЫҢ
КӨЛЕМIН ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМIН АНЫҚТАУ

  16-бап. Сақтандыру жағдайы

      1. Мiндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы үшіншi тұлғаның өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған фактiлерi мойындалады.
      2. Сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оларға келтiрiлген зиянды дәлелдеу сақтанушыға тиесілi.
      3. Сақтанушының заңды күшпен келтiрген зиянын өтеу не сақтанушының зиянды өтеуi туралы негiзделген жәбiрленушiнің (пайда алушының) талаптарын мойындау туралы және сақтандырушының сақтанушы талаптарын мойындағаны туралы келiсiмi туралы сот шешiмi күшiне енген күннен бастап сақтандыру жағдайы басталған деп саналады.
      4. Сақтандыру төлемiнiң көлемiн сақтандырушы жәбiрленушінің (пайда алушының) талап еткен сомасына немесе осы Заңның 7-бабының 3-тармағының ережелерiн ескере отырып, осы заң күшiне енген, келтiрiлген зиянды өтеу туралы сот шешiмiне негiздей отырып анықтайды.

  17-бап. Экологиялық аудит

      1. Экологиялық аудит қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлуi мүмкiн зиянды, сондай-ақ зиянның зардаптарын жою бойынша шараларға талап етілген шығындарды бағалау мақсатында жүргiзіледi.
      2. Сақтанушы өзiнiң өндiрiстік объектілерiндегi сақтандыру жағдайының нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрілетiн ықтимал зиянды бағалау үшін экологиялық аудит қызметiн тартуға құқығы бар.
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы экологиялық аудиттің қызметiн сақтанушының қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелерiн, экологиялық талаптарды сақтауын бағалау үшiн тартуы мүмкiн.
      4. Экологиялық сақтандыру кезiнде экологиялық аудиттің тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.

  18-бап. Сақтандыру төлемiн жасауды жүзеге асырудың
жалпы шарттары

      1. Сақтандыру төлемi туралы сақтандырушыға талаптарды сақтанушы немесе жәбiрленуші (пайда алушы) сақтандыру төлемiн жасауды жүзеге асыру үшiн қажетті құжаттарды қоса берiп жазбаша нысанда ұсынды.
      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:
      1) сақтандыру полисi;
      2) экологиялық аудит қорытындысының көшiрмесi;
      3) қоршаған ортаны авариялық ластануға әкелген, келтiрiлген зиянның себебi, көлемi және туындаған жағдайдың зардаптары туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiленген тәртіппен құрылатын құзыреттi комиссияның актiсi;
      4) уақытша еңбекке жарамсыздығының мерзiмi туралы денсаулық сақтау мекемесi анықтамасының немесе жәбiрленушiге мүгедектiк тағайындалу туралы - ол тағайындалған жағдайда, арнайы мекеменiң анықтамасының көшiрмесi;
      5) жәбiрленушiнiң өлiмi туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмесi мен пайда алушының зиянды өтеуге - жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда, құқығын растайтын құжат (көшiрмесi);
      6) сақтандыру жағдайының туындауы кезiнде зиянның алдын алу немесе азайту мақсатында сақтанушы шеккен шығыстардың - олар болған жағдайда растайтын құжаттар;
      7) жекелеген жағдайларда - сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапкершілiгiн және өтеуге жататын зиянның көлемiн көрсете отырып үшiншi тұлғаның келтiрген зиянын мойындағаны туралы сот шешімi қоса беріледi.
      3. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемiн төлеудi сақтанушы әлеуметтік қамсыздандыру бойынша тиесілi сомаға, сақтандырудың басқа шарттарына тәуелсiз жүзеге асырады.
      4. Жәбiрленушiнiң жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариалдық расталған сенімхат бойынша оған қоршаған ортаны, денсаулығын және (немесе) мүлкiн қалпына келтiру бойынша қызмет көрсеткен (көрсетiп отырған) осы тұлғаға сақтандыру төлемiн жасау тiкелей жүзеге асырылуы мүмкiн.
      5. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде сақтандырушы пайда алушыдан оның сақтандырушыға талаптарының құқығын шектейтiн шарттарын қабылдауды талап етуге құқылы емес.

  19-бап. Сақтандыру төлемiн жасауды
жүзеге асыру тәртiбi

      1. Сақтандыру төлемiн жасауды сақтандырушы осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды ол алған күннен бастап бiр ай ішінде жүргiзедi.
      2. Егер, сақтандыру жағдайының басталуына әкелген оқиға нәтижесiнде жәбiрленушінің денсаулық жағдайының нашарлауына (мүгедектік немесе ең жоғары мүгедектiк тобы белгiленсе) не қаза болуына әкелсе, онда сақтандырушы жәбiрленушіден (пайда алушыдан) түскен өтiнiш пен тиiсті құжаттардың негiзiнде осы Заңда белгiленген тәртіппен және мөлшерде сақтандыру төлемiн қайта есептеудi жүргiзуге мiндеттi. Бұл ретте соманы қайта есептеу кезінде бұған дейін төленген сома есепке қабылданады.
      3. Сақтандыру төлемiн жасау уақытылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық ақысын төлейдi.

  20-бап. Зиян келтiрiлген тұлғаға
қарсы талап қою құқығы

      1. Сақтандыру төлемiн жасауды жүзеге асыратын сақтандырушы сақтанушыға мынадай жағдайларда, егер:
      сот талқылауы барысында сақтанушыға iс-әрекеттер басталғанға дейiн немесе міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданысы кезінде мәлiм болған себептердiң салдарынан орын алған сақтандыру жағдайы белгiленсе толық және жартылай қарсы талап қоюға құқығы бар.
      2. Сақтандыру төлемiн жасауды жүзеге асырған сақтандырушыға сақтандыру нәтижесiнде сақтандырушы өтеген зиян үшін жауапкершілiк сақтанушы қарсы талап құқығы олар төлеген сома шегiнде ауысады.

  21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жасауды
жүзеге асырудан босатуға негiздеме

      1. Сақтандырушы егер, сақтандыру жағдайы мыналардың:
      1) қажеттi қорғану жағдайында және барынша қажет болғанда жасалған iс-әрекеттердi есептемегенде, сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған не оның басталуына ықпал еткен оның қасақана iс-әрекетi;
      2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiмен белгiленген тәртiппен мойындалған, сақтандыру жағдайымен байланысты себептермен қасақана қылмыc жасау немесе әкiмшілiк құқық бұзушылық iс-әрекеттерінің салдарынан басталса сақтандыру төлемiн төлеуден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
      2. Сақтандырушыға сондай-ақ мыналар:
      1) сақтанушының келтiрiлген зиянға кiнәлi тұлғадан зиянның тиiстi өтеуін алуы;
      2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыны хабардар етпеуi немесе уақтылы хабарламауы;
      3) сақтандыру объектiсi, сақтандыру қатерi, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы сақтанушы сақтандырушыға қасақана жалған мәлiметтердi хабарламаса;
      4) сақтандыру жағдайынан залалдарды азайту жөнiндегi шараларды сақтанушының қасақана қабылдамауы;
      5) сақтандыру жағдайының басталуы жағдаятын зерттеуде және оларға келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеуде сақтанушының сақтандырушыға кедергі келтiруi;
      6) сақтандыру жағдайының басталуы үшiн тұлғаға өзiнiң талап ету құқығынан сақтандырушының бас тарту, сондай-ақ сақтандырушыға талап ету құқығына көшу үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тарту сақтандыру төлемiн жасаудан бас тартуға негіз болуы мүмкiн. Егер сақтандыру төлемi төленген болса, сақтандырушы оның толық немесе iшiнара қайтарылуын талап етуге құқылы.
      3. Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыны хабардар етпеуi немесе уақытылы хабарламауы, егер, ол дәлелдi себептермен негізделсе және сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын фактілер мен сақтандыру жағдайы басталғаннан кейiн тiкелей болған жағдайын бағалау үшiн қоршаған ортаның ластануы нәтижесiнде жәбiрленушінің өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген сақтандыру жағдайының басталған фактісiн растайтын тиiстi құжаттар ұсынылған болса сақтандыру төлемiн төлеуден бас тартуға негiз бола алмайды.
      4. Сақтандыру төлемiн жасаудан бас тарту үшiн негiз болған жағдайда сақтандырушы талап ұсынылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы талап бiлдiрген тұлғаға бас тарту себебiн дәлелдi негіздермен жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жасаудан толық немесе iшiнара бас тартқаны туралы тиiстi шешiмдi жолдауға мiндеттi.
      5. Егер, сақтандыру жағдайы мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген төтенше, әскери режимдер немесе өзге де жағдайлардың енгізілуi;
      2) табиғи апаттардың салдарынан орын алса сақтандырушы сақтандыру төлемiн жасауды жүзеге асырудан босатылады.
      6. Сақтандырушы осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн жасаудан бас тартуға құқылы емес.

  6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  22-бап. Дауларды қарау тәртiбi

      Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша тараптардың қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

  23-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi
экологиялық сақтандыру туралы заңдарын
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңдарын бұзған кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тартылады.

  24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады