Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 1333 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 40, 367-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiнде:
      3 және 23-тармақтарда "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-1-тармақта "республикалық ресми баспасөзде" деген сөздер "мерзiмдi баспасөз басылымында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23-тармақта:
      "сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң," деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады