Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1369 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетілдіру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысында :

      көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
      IV "Шығындар" деген бөлiмде:
      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" деген функционалдық топта:
      03 "Ақпараттық кеңiстiк" деген iшкi функцияда:
      236 "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
      001 "Ақпарат саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарлама бойынша:
      002 "Аумақтық органдардың аппараттары" деген кiшi бағдарламада "119608" сандар "125083" сандармен ауыстырылсын;
      009 "Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" деген кiшi бағдарламада "10000" деген сандар "4525" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :

      көрсетілген қаулының  324-қосымшасында :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 3-жолда "76 принтердi ұстау және қызмет көрсету" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң таратылған аумақтық органдарының қызметкерлерiне жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу";

      реттiк нөмiрi 5-жолда "3" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады