Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 55 Қаулысы. Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 243-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      3-тармақ "Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша" деген сөздерден кейiн "(аграрлық ғылымды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшiн А.И. Бараев атындағы сыйлық (үш сыйлық) беру тәртiбi туралы ереженi бекiтсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады