Байланыс формасы

Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстер бойынша сот тәжірибесі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 6 Нормативтік қаулысы.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "қылмыс", "қылмыстар", "қылмыстардың", "қылмыстарды", "қылмыстың", "қылмыстан", "қылмысқа", "қылмыстармен" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылықтар", "қылмыстық құқық бұзушылықтардың", "қылмыстық құқық бұзушылықтарды", "қылмыстық құқық бұзушылықтың" "қылмыстық құқық бұзушылықтан", "қылмыстық құқық бұзушылыққа", "қылмыстық құқық бұзушылықтармен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезiнде заңнаманы сот тәжiрибесiнде дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда әскери қызметтi өткерудi белгілейтiн тәртiбi әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар объектiсi болып табылатыны соттарға түсiндiрiлсін.

      2. Әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшiлер ғана, сондай-ақ запастағы азаматтар әскери жиындардан өту кезінде, әскери қылмыстық құқық бұзушылық субъектілерi болып табылады.

      Егер қылмыстық әрекеттер әскери қызметті өткеру кезiнде жасалса және қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмдерi өтпеген болса, адам әскери қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн әскери қызмет аяқталған соң да қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Әскерге шақырудың, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке, оның iшiнде әскери жиындарға шақырудың және өтудiң, әскери қызметтен босатудың және жиындарды аяқтаудың тәртiбi Заңдармен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен, өзге де нормативтік құқықтық актiлермен анықталады.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес әскери қызметті өткеруді және онымен байланысты өзге де мәселелердi реттейтін Қазақстан Республикасы Заңдарының нормалары арасында қарама-қайшылық туындаған кезде кейiн қабылданған заңның нормалары қолданылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Жедел қызмет бойынша әскери қызметшiлер, келiсiм-шарт және шақыру бойынша әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту кезiндегi запастағы азаматтар үшін әскери қызметті өткерудiң басталуы әскери қызмет туралы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде мазмұндалған ережелерге сәйкес анықталады.

      Әскери бөлiмнiң жеке құрамының тізiмдерінен шығарылған күн әскери қызметшiлердiң барлық санаттары үшін әскери қызметті өткерудің аяқталған уақыты болып табылады.

      Әскери қызметшінің нақты әскери қызметтiң лауазымдық мiндеттерiн орындағаны туралы мәселенi шешу кезiнде әскери қызмет туралы нормативтiк құқықтық актілердi басшылыққа алу қажет.

      Ескерту. Орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Қылмыстық процесті жүргізушi орган Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң (бұдан әрі - ҚК) 18-тарауының бірқатар баптарының диспозициясы бланкеттiк (сiлтемелiк) болып табылатынын ескергені жөн, сондықтан әрбiр нақты жағдайда әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн адамды жауаптылыққа тартқанда әскери қызметті өтеудің жалпы тәртібiне де, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету бойынша нарядта, қарауылда, тәуліктік нарядта, патрульдеуде, әскери жарғыларда және өзге де нормативтiк құқықтық актілерде көзделген қоғамдық тәртiптi қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті және бақылаушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша қызметті өткеруге де қатысты бұзылған қағидалардың мазмұнын анықтау қажет.

      ҚК-нің 13-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес, қылмыстық заңның жалпы және арнаулы нормаларының бәсекелестігі кезiнде қандай норма жалпы, ал қандай норма арнаулы екенін анықтау қылмыстық процестік органға жүктеледі. Осы орайда әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарды дәрежелеу кезінде арнаулы норма қолданылуы тиiс.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықты өзге қылмыстық құқық бұзушылықтан ажырату кiнәлiнiң ниетiнiң бағытталуына қарай жүзеге асырылуы тиiс, сондықтан бiр әскери қызметшiнің басқаларға күш көрсету әрекеттерi әрқашан ҚК-нің 440-бабы бойынша дәрежеленбейдi.

      Бiр-бiрiне бағынышты емес әскери қызметшiлердің өзара қарым-қатынастарын реттейтін жарғылық ережелерді бұзу деп бір әскери қызметшінің басқаларға қызметке байланысты немесе олардың ең болмағанда бiреуiнiң қызметтік міндеттерін орындауы кезiнде, сондай-ақ басқа да жағдайлар кезiнде, бiрақ әскери ұжымға көрiнеу құрмет көрсетпеуге, бөлiмшенiң iшкi тәртiбiн өрескел бұзуға ұласқан ҚК-нің 440-бабының диспозициясында көрсетілген күш көрсету түсініледі. Күш қолдану - әскери қызметшіні ұрып-соғу және денесін ауырту, сондай-ақ масқаралау, ар-ождан мен қадiр-қасиетін кемсiту, азық-түлiкті, арнайы киім бұйымдарын, сондай-ақ әскери қызметшiге берiлген заттар және өзге де қажеттілiк мүлiктерiн алып қою немесе айырбас жасау түрiнде болуы мүмкiн.

      Мүлiктiк, некелiк-отбасылық және басқа да азаматтық құқықтық қатынастарға немесе мiндеттемелерге байланысты күш қолданушылық, әскери-құқықтық тәртіпке қатысы жоқ жеке адамға, бөтеннiң мүлкіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар және әскери қызметке қатыссыз қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілiк көзделген ҚК-нiң баптары бойынша дәрежеленуі тиіс.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. ҚК-нiң 440-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың бiрнеше рет жасалу белгісi бойынша егер адам бұрын жасаған әрекеті үшін жауаптылықтан босатылмаса және қылмыстық жауапқа тартудың ескiру мерзiмi өтпесе әскери қызметшiлер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін екі немесе одан да көп бұзу деп дәрежелеу қажет.

      Қылмыстық құқық бұзушылықтың жалғаспалы белгiсi болмаған кезде әр түрлi уақытта белгiлi бiр адамға қатысты жасалған әрекеттер бірнеше рет жасалған әрекеттер деп дәрежелеуге жатады.

      Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған осы әрекеттер бiр ниетпен қамтылып жалғасқан болса, бірақ әр түрлі себептермен бiр мезгiлде жүзеге аспаса, бiр уақытта, сол секілдi әр мезгiлде бірнеше адамдарға қатысты жасалған әрекет деп танылып, ҚК-нiң 440-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағы бойынша дәрежелеуге жатады. Осы орайда соттар кiнәлінің ниетінің бағытталуын, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың нақты мән-жайын және оның себептерiн, әр түрлі жәбiрленушiлерге қатысты жасалған әрекеттердің арасындағы уақыт шегiнiң ұзақтығын және т.б. зерттеуi тиіс.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      8. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының немесе қылмыстық топтың жасау белгісi бойынша дәрежелеген кезде ҚК-нiң 31-бабының ережелерiн ескеру қажет.

      Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға бiр-бiрiне бағыныштылық қатынастарының маңызы жоқ екi және одан да көп әскери қызметшi қатысқан жағдайлардағы әрекеттер аталған саралаушы белгiлер бойынша дәрежеленуі тиiс, сондай-ақ олармен бiрге қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысқан әскери қызметшi болып табылмайтын адамдардың әрекеттері ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші ретінде әскери қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысу деп дәрежелеуге жатады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Егер бастық қызметтiк жағдайы бойынша өзіне тең әскери қызметшiге жарғыдан тыс әрекет жасаған кезде оның iс-әрекетiне оған да, сондай-ақ жәбірленушіге де бағынышты адам қосылған жағдайда, бастықтың әрекетін ҚК-нің 440-бабымен, ал бағыныштының әрекеті олардың қайсысының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға бастамашы болғанына және қылмыстық құқық бұзушылық жасауды бастағанына қарамастан, бастыққа күш қолдану әрекеті ретінде ҚК-нiң 439-бабының тиiстi бөлігiмен дәрежеленуi керек.

      Егер бастық бағынышты адамға жарғыдан тыс iс-әрекеттер жасаса және оған қызметтiк жағдайы бойынша жәбірленушіге тең әскери қызметшi қосылса, соңғының iс-әрекетi лауазымдық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу ретінде дәрежеленедi.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. ҚК-нiң 438-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында, ҚК-нің 439-бабының екінші бөлігінің 2) тармағында және ҚК-нiң 440-бабының үшінші бөлігінің 3) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамында қолданылатын қару деп "Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 Заңына сәйкес конструкциялық жағынан алғанда тiрi нысананы жоюға арналған құрылғылар мен заттар: атыс қаруы, суық қару, газды-қару, электрлi қару, пневматикалық қару, лақтырылатын қару түсiнiлуi тиіс. Оларға соғыс қол атыс қаруы мен суық қару (автомат, пулемет, пистолет, карабин, винтовка, қанжар, шолақ қанжар) және қолдан дайындалған (шолақ мылтық, фин пышағы, кастет, стилет және т.б.) өзге атыс және суық қарулар жатуы мүмкiн.

      Шаруашылыққа немесе басқа да мақсатқа арналған заттардың өзге де түрлерiн (бәкі, шаппа, ас үй пышақтары, балта, таяқ және т.б.) пайдалану қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу белгiлерi бойынша қару қолданып жасалынған деп дәрежелеуге негiз бола алмайды.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңының 2-бабының 1) тармақшасына сай ҚК-нің 438-бабының екінші бөлігінің 2-тармағында, 440-бабының үшінші бөлігінің 3-тармағында және ҚК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстар құрамдарына қатысты арнайы құралдар деп Қарулы Күштерде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарында қаруландыруға қабылданған дене күшімен, жарақаттау арқылы, химиялық, электрлік, психологиялық, назарын басқа жаққа аудару жолымен немесе өзге де әсер етуге арналған құралдарды, сондай-ақ Қазақстан Респубикасында пайдаланылатын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған құралдар мен құрылғыларды да түсіну керек.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. ҚК-нiң 438-бабының үшiншi бөлiгінде, ҚК-нiң 439-бабының үшiншi бөлiгiнде, 440-бабының төртіншi бөлігінде көрсетiлген адам өліміне алып келген салдарға абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген жәбiрленушiнiң денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiру, адамды өзін-өзі өлтiруге дейiн жеткiзу жатады. Ауыр салдарлардың ұғымы ҚК-нің 3-бабының 4) тармағында берілген.

      Мұндай салдарлар ҚК-нiң осы баптарының диспозицияларымен қамтылады және өзге қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамымен қосымша дәрежелеуді талап етпейдi.

      Егер кiнәлiнiң әрекеттерi осы әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған кезде кiсi өлтiрумен ұштасса, онда олар ҚК-нiң 99-бабы бойынша қосымша дәрежеленуге жатады.

      Бастықтың немесе лауазымды адамның жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр салдарларға әкеп соққан билікті теріс пайдалануы (ҚК-нің 450-бабының екінші бөлігі), билікті асыра пайдалануы (ҚК-нің 451-бабының екінші бөлігі) осы қағида бойынша саралануға тиіс.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      12. Бiр-бiрiне бағынышты емес әскерилердiң өзара қарым-қатынастарын реттейтiн жарғының ережелерiнiң бұзылуы (ҚК-нің 440-бабы), биліктi теріс пайдалану (ҚК-нiң 450-бабы), билікті асыра пайдалану (ҚК-нiң 451-бабы) немесе биліктің әрекетсіздігі (ҚК-нiң 452-бабы) жәбiрленушiнiң жеке меншiгiндегi бұйымдары мен заттарын алып қоюға ұласса, онда бұл әрекеттер әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар мен жеке меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша дәрежеленуге жатады.

      Егер күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту қызметті өтеу кезеңінде әскери қызметшiге берiлетін заттарды немесе әскери киім бұйымдарын алып қоюға ұласса, онда мұндай iс-әрекеттер ұрлау ниеті болмаған жағдайда әскери қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көздейтiн қылмыстық заңның баптарының диспозициясымен қамтылады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      13. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      14. Кiнәлiнің бөлімді немесе қызмет орнын уақытша қалдыру ниетiнің болуы немесе оның шегінен тыс жерлерде болуы және бөлiмге немесе қызмет орнына оны жалғастыру үшiн қайта оралу ниетінiң бар болуы ҚК-нiң 441-бабымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының субъективтiк жағының мiндеттi белгісi болып танылады.

      Әскери бөлiм немесе қызмет орнын әскери қызметшiнiң тастап кету сәтi, сондай-ақ оның қызмет орнына белгіленген мерзiмде келмеуi - бөлiмдi өз бетiмен қалдырудың басталуы деп, әскери қызметшінің әскери орган басқармасына немесе әскери бөлiмге келген сәті, не оны ұстаған уақыт - аяқталуы деп танылады.

      Әскери қызмет мiндеттерiн өтеуден жалтарған адамның қандай да бір жеке және қызметті өткеру бойынша мiндеттерін орындаумен байланысы жоқ өзге де себептермен әскери бөлiмге уақытша келуі, өз бетiмен болмау кезеңінің тоқтағанын бiлдiрмейдi.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      15. Бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кетуден қашқындықты ажырата бiлу қажет. Өйткенi қашқындықтың мақсаты әскери қызметтен мүлдем жалтару болып табылатынын, ал бөлiмдi өз бетімен тастап кетудегi мақсат әскери қызметтен уақытша жалтару болып табылатынын назарда ұстаған жөн.

      Қашқындықтың аяқталуы деп - субъектінің әскери қызметтен іс жүзiнде жалтарып, әскери бөлiмдi немесе қызмет орнын тастап кеткен, не бөлiмге белгiленген мерзiмде келмеген сәттен бастап танылады. Қашқындық кезiндегi әскери қызметтен жалтарудың себептері мен ұзақтығы қылмыстық құқық бұзушылықты дәрежелеуге әсерiн тигiзбейдi.

      Қашқындық ұзаққа созылатын қылмыстық құқық бұзушылық ретінде, әскери қызметші қызмет орнына өз еркiмен оралған, кінәсін мойындап келген, оны ұстаған сәттен бастап тоқтады деп есептеледі.

      Қызмет орнына өз еркімен оралу, кiнәсiн мойындап келу, ҚК-нің 442-бабына жасалған ескертпеде көрсетiлген жағдайлардан басқа, қашқындықтың аяқталған құрамы мен қылмыстық жауапкершiлiктi жоққа шығармайды, бірақ жаза тағайындау кезiнде ескерiлуi мүмкiн.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      16. ҚК-нің 441-бабының екінші бөлігінде және 442-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген қызмет бойынша сенiп тапсырылған қару деп, Қарулы Күштерде, өзге де әскерлерде және әскери құрылымдарда қарулануға қабылданған, әскери қызметшінің әскери қызмет бойынша оған жүктелген міндеттерге сәйкес иеленуге құқығы бар, табельдi атыс қаруын және өзге де қаруды түсiну керек.

      Әскери қызметшiнiң оған қызмет бойынша сеніп тапсырылған қаруды (атыс қаруының қанжар-пышағын, армия мен флоттың басқа да арнайы пышағын) алып бөлімді немесе қызмет орнын өз еркімен тастап кетуі, қашқындық жасауы ҚК-нің 441-бабының екiншi бөлiгi бойынша не ҚК-нің 442-бабының екінші бөлігі бойынша саралауға жатады.

      Қызмет бойынша әскери қызметшіге сеніп тапсырылмаған қаруды алып бөлімді өз еркімен тастап кеткенде, қашқындық жасағанда жоғарыда көрсетiлген дәрежеленушi әрекет белгісi болмайды. Мұндай жағдайларда адамның әрекетін, оның қаруды иемдену жағдайына қарай, ҚК-нiң 441-бабының, 442-бабының тиiстi бөлiгi бойынша және атыс қаруын немесе суық қаруды заңсыз ұрлау, иемдену, сақтау, алып жүру үшiн жауаптылық көздейтiн қылмыстық заңның тиiстi баптары бойынша дәрежелеу керек.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. ҚК-нің 441 және 442-баптарындағы ескертпелерде бекітілген ережелер негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату туралы мәселенi сот iстiң барлық мән-жайына және кiнәлінің жеке басына байланысты әрбiр жағдайда жеке шешедi.

      Сот ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босатуды ҚК-нің 76-бабының бірінші бөлігінің тәртібімен де жүргізеді, ауыр мән-жайлардың тізбесі толық болып табылмайды.

      Әскери қызметтi атқару үшiн абсолюттi кедергi болып табылмайтын, бiрақ әскери қызметшінің қызметте болуын айтарлықтай қиындататын тұрмыстық жағдайлар: қызметтестер тарапынан орын алған жарғыдан тыс әрекеттер, командирлер мен бастықтардың заңсыз әрекеттері, әскери қызметшiнiң өмiрi мен денсаулығына шынайы қатер төндiретiн немесе оның өміріне немесе денсаулығына шынайы қатер туғызатын, оның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне немесе өзге де құқықтарына қол сұғатын әрекеттер (әрекетсiздiктер) басқа ауыр мән-жайлар деп танылуы мүмкiн.

      ҚК-нің 34 және 37-баптарына сәйкес, ең соңғы қажеттiлiк ретiнде бағаланатын жағдайлардың - күштеу немесе психикалық мәжбүрлеудiң болуы - адамды бөлiмдi өз бетiмен тастап кеткенi немесе қашқындық жасағаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiктен босатады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      18. ҚК-нiң 443-бабы бойынша жауаптылық дене мүшесiне зақым келтiру тәсiлiне, өз денсаулығына келтiрiлген зиянның ауырлығына, сондай-ақ қолданылған алдау тәсiлiне қарамастан туындайды.

      Әскери қызмет мiндеттерiн атқарудан жалтару немесе бас тарту қылмыстық құқық бұзушылықтардың шынайы жиынтығынан басқа жағдайларда ҚК-нiң 441 және 442-баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейдi.

      Әскери қызметшiнiң өзінің әдейi жалған құжат жасап әскери қызметтік мiндеттерiн орындаудан жалтаруы ҚК-нің 443 және 385-баптарының жиынтығы бойынша сараланады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      19. Егер кiнәлi қылмыстық заңның Ерекше бөлiмiнiң бiр бабының әр түрлi бөлiктерiмен жауаптылық көзделген әскери қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, онда әрекет ҚК-нің 13-бабының екiншi бөлiгiнің талаптары сақтала отырып, Қылмыстық Кодекстiң осы бабының қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны үшін әлдеқайда қатаң жаза көздейтін бөлiгi бойынша дәрежеленедi.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      20. Тәулiктiк нарядтың (қарауыл мен вахтадан басқа), патрульдiк немесе қоғамдық тәртiптi қорғайтын және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн әскери нарядтың құрамына енетiн әскери қызметшiлердiң жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкелiп соққан, iшкi және патрульдік қызмет атқару жарғысының ережесiн бұзуы, ҚК-нің 447-бабының бiрiншi бөлiгі немесе 449-бабының бiрiншi бөлiгі бойынша дәрежеленедi.

      Орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соққан осындай әрекеттерді аталған баптардың екiншi бөлiгi бойынша дәрежелеген дұрыс. Осы орайда жасалған әрекетті қылмыстық заңның жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көздейтiн баптары бойынша қосымша дәрежелеу талап етілмейдi.

      Егер осы көрсетiлген жағдайларда кiнәлi басқа әскери қызметшiлердiң денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірсе немесе оларды өлтiрсе, онда жасалған әрекет ҚК-нің 99-бабы, 438, 439, 440-баптары немесе 450, 451-баптары бойынша қосымша дәрежеленеді.

      Аталған субъектiлердiң әскери қызметшiлер болып табылмайтын жәбiрленушiлердің денсаулығына ауыр зиян келтiруі немесе оларды өлтiруi ҚК-нiң 99-бабы немесе 106-бабы бойынша қосымша дәрежеленуi тиіс.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      20-1. ҚК-нің 448-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қараған кезде соттар әкери наряд құрамында тұратын және лауазымдық нұсқаулықтармен немесе бұйрықтармен Мекеменің ішкі тәртібі қағидаларының талаптарын сотталған адамдардың орындауын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі сенім білдірілген учаскені (объектіні) тұрақты бақылау бойынша жүктелген міндеттерді білдіретін бақылау функцияларын жүзеге асыратын әскери қызметші бақылау қызметін атқару қағидаларын бұзу субъектісі болып табылатындығын ескергендері жөн болатыны соттарға түсіндірілсін.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      21. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттік бойынша өкiмет өкілінiң қызметiн жүзеге асырушы не Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарында ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар ҚК-нің 450, 451, 452 және 453-баптарында көзделген әскери лауазымдық қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектiлерi болып танылады.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      22. Барлық әскери бастықтар, сондай-ақ бастықтар болып табылмаса да ұйымдық-өкiмдік немесе әкiмшілiк-шаруашылық мiндеттердi орындаумен байланысты лауазымдарды тұрақты, уaқытша немесе командованиенiң ауызша, жазбаша не техникалық байланыс арналары арқылы берген арнайы тапсырмасы бойынша иеленген өзге де әскери қызметшiлер, әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектiлерi болып табылатын лауазымды адамдарға жатады.

      Әскери лауазымды адамдардың тiзбесi Iшкi қызмет, гарнизондық және қарауылдық қызмет Жарғыларында, Тәртіптiк жарғыда және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде көрсетiлген.

      23. Лауазымды адамның өзiнің өкiлеттiктерiн бұзу фактiсiн анықтау үшiн сот осы лауазым иесiнiң әскери қызметтi өткеру жағдайындағы құқықтары мен мiндеттерiн реттейтiн нормативтiк актiлердi (жарғыларды, насихаттамаларды, нұсқаулықтарды, бұйрықтар мен өзге де нормативтiк құқықтық құжаттарды) зерттеуi қажет.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      24. Бастықтың немесе әскери лауазымды адамның өзiнiң қызмет бабын әскери мүддеге қарсы пайдаланып, құқыққа қайшы әрекет жасауын ҚК-нің 450-бабында көрсетiлген билікті немесе қызмет бабын терiс пайдалану деп түсiну қажет.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      25. Бастықтың немесе лауазымды адамның оған заңдар, жарғылар мен бұйрықтар арқылы берілген құқықтарды немесе қызметтік өкілеттіктерді көрінеу асыра пайдаланып, әрекет жасауын ҚК-нің 451-бабында көрсетілген билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану деп түсінген жөн.

      Биліктің әрекетсіздігі – бастықтың немесе әскери лауазымды адамның өздерінің қызмет жөніндегі міндеттерін қасақана орындамауы.

      Лауазымды адамның қызметтік жағдайына және оған жүктелген мiндеттердің орындалуына қатыссыз жасаған қоғамға қауіпті әрекеті (әрекетсiздігі) әскери лауазымдық қылмыстық құқық бұзушылық деп танылмайды.

      Егер лауазымдық қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерi үшiн жауаптылық арнайы нормалармен көзделсе (мысалы, пара алу, қызмет бабын пайдаланып ұрлау және т.б.), онда әскери лауазым иесiнiң осындай әрекеттердi жасауы ҚК-нің 450, 451 және 452-баптарының жиынтығынсыз қылмыстық заңның тиiсті баптары бойынша дәрежеленедi.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      26. Бастықтың немесе өзге де әскери лауазымды адамның қызметке адал қарамаудың немесе ұқыпсыз қараудың салдарынан өзiнiң мiндеттерiн орындамауын немесе тиiсiнше орындамауын қызметке салқын қарау деп түсiну керек, бұл үшiн ҚК-нң 453-бабымен жауаптылық көзделген. Осындай әрекеттер елеулi зиян келтiрген немесе ауыр зардаптарға соқтырған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық туындайды.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      27. ҚК-нің 450, 451, 452, 453-баптарында көрсетілген едәуір зиян мен ауыр зардаптардың анықтамасы мен ұғымы ҚК-нің 3-бабының 4) және 14) тармақтарында берілген.

      Әскери лауазымды адамдар ҚК-нің 450, 451, 452-баптарының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағанда денсаулыққа жеңіл немесе ауырлығы орташа зиян келтірілген кезде адамның жеке басына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы баптар бойынша қосымша саралау талап етілмейді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      28. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      29. Қарауыл бастығы, егер оның жасаған әрекетi, арнайы қызметтi өткеру бойынша мiндеттердің шегiнен шықса, немесе оған тiкелей қатысы болмаған жағдайларда, командир-бастықтың жалпы лауазымдық міндеттері (мысалы, қарауыл бастығының күзетiлетiн объектiге қандай да бір зардаптар немесе өзге де зияндар келтiрмей қарауыл құрамына кiретiн адамға күш көрсету әрекеттерi) бұзылса, ҚК-нiң 450, 451-баптары бойынша жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      30. Қарауыл құрамына қатысы бойынша лауазымды тұлға ретiнде қарауыл бастығының өз қызмет бабын асыра пайдаланып, арнайы қызмет ережесiн бұзуы ҚК-нiң 444, 445, 446, 447, 448 және 449-баптарының диспозициясында көрсетілген зардаптар туындаған жағдайда қызметті атқару тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық көздейтiн баптар бойынша дәрежеленуге тиіс.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      31. ҚК-нiң 459, 460, 461-баптары бойынша әскери мүлiктi қасақана не абайсызда жойғаны немесе зақымдағаны не жоғалтқаны үшiн жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешкенде "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 Заңында көрсетiлген әскери мүлік пен әскери техника ұғымын назарға алу қажет. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскери дайындығы мен ұрыс қабілетiнiң материалдық негізін құрайтын әскери мүлiкке билiк етудiң және пайдаланудың белгiленген тәртiбi қылмыстық қол сұғушылықтың тікелей объектiсi болып табылатынын ескерген жөн.

      Егер көрсетiлген әpeкеттep әскери мүлік немеce әскери техника заттары болып табылмайтын, бiрақ әскери бөлiмшелердің есебiнде тұрған, екi мақсатта қолданылатын объектілерге (көлiк құралдары, радиостанциялар, телефон аппараттары, компьютерлер және т.б.) қатысты жасалса, онда бөтеннiң мүлкінің қасақана немесе абайсызда бүлiнгенi немесе жойылғаны үшін ҚК-нің 202 немесе 204-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      31-1. Көлік құралдарын әскери, арнайы не көлік машиналарына жатқызған кезде соттар ҚК-нің 463 және 466-баптарының диспозицияларын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің автомобиль техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты негізге алғандары жөн.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      32. ҚК-нің 450, 451, 452 және 453-баптарында көздеген әрекеттер, егер әскери қызметшi қызмет өкiлеттігін өзі не өзге адамдар не ұйым үшін мүліктік игілік табу мақсатында қызмет мүддесiне қайшы пайдаланса сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар деп танылады.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      33. Бастықтың (командирдiң) орындалуы міндетті бұйрығын дәл орындаған бағынышты, оның заңсыздығын түсінбей орындаған жағдайда, бұйрық бойынша жасаған әрекет және орындалғаннан туындаған зардап үшін, жауапкершіліктен босатылады.

      Бағынышты көрінеу заңсыз бұйрықты орындап қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда, ол заңсыз бұйрық берген бастықпен (командирмен) бiрге қылмыстық жауапқа тартылады.

      Бастықтың (командирдiң) көрінеу заңсыз бұйрығын орындамаған бағынышты қылмыстық жауапкершілiктен босатылады.

      Араларында бағыныштылық қарым-қатынас туындамаған және қылмыстық ниеттерiн бірге жүзеге асыру үшін алдын-ала сөз байласқан жағдайда, бастықтың (командирдің) қатысуымен бағыныштының қылмыстық құқық бұзушылық жасауын, бастықтың (командирдің) көрiнеу заңсыз бұйрығын орындап қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауынан ажырата бiлу керек. Мұндай жағдайларда бастықтың (командирдiң) және бағыныштының жауаптылығы ҚК-нiң 28-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу түрлерінiң жалпы ережесі бойынша туындайды.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      34. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ҚК-нiң 68-бабын қолдану кезiнде соттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөнiндегі сот практикасы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы N 4 нормативтiк қаулысының түсiндiрмелерiн (2003 жылғы 11 шiлдедегі N 6 нормативтiк қаулымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бiрге) басшылыққа алғандары жөн.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      35. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      36. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ол ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғары Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғары Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады