Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 326 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2016 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 және 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. "Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшірілген Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 2, 23-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2005 жылғы 14 ақпандағы 
N 140 қаулысымен    
бекiтілген        

Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 684 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 33, 499-құжат):
      1) тақырып пен 1-тармақта "Паспорттар" деген сөзден кейiн
", жеке куәлiктер" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацта "паспортындағы" деген сөзден кейiн "және жеке куәлiгіндегi" деген сөздермен толықтырылсын, "iшкi iстер" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес берілетiн ақтау туралы анықтамалар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргiн кезеңiнде күштеп қоныс аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәлiктерi мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертуге ерекше түрде рұқсат етiлсiн.";
      2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Паспорттар мен азаматтық хал актілерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережесiнде:
      тақырыпта "Паспорттар" деген сөзден кейiн ", жеке куәлiктер" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта "паспортындағы" деген сөзден кейiн "және жеке куәлiгiндегi" деген сөздермен толықтырылсын, "iшкi iстер" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Паспорттағы", "iшкi iстер" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгiндегi", "әдiлет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      а) тармақшасы алынып тасталсын;
      г) тармақшасында "паспорты" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "паспорт бөлiмшесi" деген сөздер "әдiлет органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жаңа паспорт" деген сөздер "Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "iшкi iстер" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта "байланысты" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Ф-1 өтiнiшiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн айырбастау себебi және соның негізiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгiндегi ұлты туралы жазба өзгертілген туу туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетiледi.
      Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн басқа әдiлет органы берген болса, оған Ф-1 өтiнiшiнде белгi қою үшiн Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi берiлгенi туралы хабарлама жiберiледі.";
      6-тармақтың екiншi абзацында "паспортты" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта "паспорты", "жаңа паспорт", "iшкi істер" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлiгi", "Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi", "әдiлет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта "паспортындағы" деген сөзден кейiн "және жеке куәлiгiндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008.12.24 N 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 498 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.  N 15 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 852 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27.  N 1301 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады