Қазақстан Республикасының бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарын атау мен қайта атау туралы

Жаңа

Қазқстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы N 200 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281  қаулысына сәйкес және Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстары және Алматы қаласы әкiмдiктерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына есiмдер берiлсiн.

      2. 2-қосымшаға сәйкес бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдары қайта аталсын.

      3. Осы қаулы ресми түрде алғашқы жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 3 наурыздағы 
N 200 қаулысына     
1-қосымша       

  Белгiлi қоғам қайраткерлерiнiң, ғалымдардың,
жазушылардың, ақындардың, композиторлардың,
геологтардың, суретшiлердiң, педагогтардың,
Кеңес Одағы Батырларының есiмдерi берiлген
бiлiм беру және мәдениет ұйымдарының
тiзбесi

Алматы облысы бойынша

      Жамбыл ауданының Қызыләскер бастауыш мектебiне - педагог Мәми Әбдiразақтың есiмi;

Атырау облысы бойынша

      Атырау қаласының Кеңөзек орта мектебiне - профессор Тауман Амандосовтың есiмi;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Аягөз қаласының N 2 орта мектебiне - XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнектi өкiлi Дулат Бабатайұлының есiмi;

Қарағанды облысы бойынша

      Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжiне - профессор Әлихан Мусиннiң есiмi;
      Шет ауданының Ақжал орта мектебiне - академик Шарбану Батталованың есiмi;
      Жезқазған қаласының балалар үйiне - педагог Мәруа Құлышеваның есiмi;
      Саран гуманитарлық-техникалық колледжiне - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың есiмi;

Қостанай облысы бойынша

      Арқалық қаласының Торғай гуманитарлық колледжiне - педагог, жазушы-публицист Назипа Құлжанованың есiмi;

Қызылорда облысы бойынша

      Шиелі ауданы Алғабас ауылындағы N 157 қазақ орта мектебiне - қоғам қайраткерi, профессор Беркiнбай Пәрiмбетовтiң есiмi;

Маңғыстау облысы бойынша

      Маңғыстау облыстық филармониясына - күйшi-композитор Мұрат Өскiнбаевтың есiмi;

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша

      Ақжар ауданының Ұялы орта мектебiне - қоғам қайраткерi, жазушы-публицист Смағұл Садуақасовтың есiмi;
      Аққайың ауданының Қиялы орта мектебiне - Кеңес Одағының Батыры Андрей Хименконың есiмi;
      Есiл ауданының Явленка N 3 орта мектебiне - кинорежиссер Аяған Шәжiмбаевтың есiмi;

Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша

      Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округінiң отбасылық негiздегі балалар үйiне - "Бауыржан" атауы;

Алматы қаласы бойынша

      Мемлекеттiк республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрына -  композитор Құдыс Қожамияровтың есiмi.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 3 наурыздағы 
N 200 қаулысына     
2-қосымша       

  Қайта аталатын бiлiм беру, мәдениет
және спорт ұйымдарының тiзбесi

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

      Шымкент қаласының М.Горький атындағы орталық кiтапханасы - Абай атындағы орталық кiтапхана;
      Түлкiбас ауданының Каучук орта мектебi - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Зәки Ғұбайдуллин атындағы орта мектеп;

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша

      Петропавл қаласының "Авангард" мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Қазбек Байболов атындағы мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi;
      Петропавл қаласының В.И.Ленин атындағы N 1 орта жалпы бiлiм беретiн инновациялық мектебi - академик Мұрат Айтқожин атындағы N 1 орта жалпы бiлiм беретiн инновациялық мектебi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады