Байланыс формасы

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 212 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      "Өрт қауiпсiздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 5 наурыздағы
N 212 қаулысымен  
бекiтiлген     

       Ескерту. Қаулының тақырыбында және мәтінінде "Өртке қарсы қызмет органдарының", "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызметтің" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттік өртке қарсы қызметтің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi
қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын
атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда оған, ал ол
қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға
құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу
ережесi

      1. Осы Ереже "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертіккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн белгілейдi.
      2. Бiржолғы өтемақы төлеудi мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызмет өткеретiн жерi бойынша бөлiмшенiң қаржы органы (бұдан әрi - қаржы органы) республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен алушының Қазақстан Республикасының шегiндегi екiншi деңгейдегi банктегi ағымдағы шотына аудару жолымен өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде жүргізеді.
      Кәмелетке толмаған алушыға бiржолғы өтемақы төлеу оның тұратын жерi бойынша екiншi деңгейдегі банкiдегi ағымдарды шотына аудару жолымен ғана өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде бұл туралы бір уақытта қамқорлық және қамқоршылық органдарын, сондай-ақ оның заңды өкілдерiн хабардар ете отырып жүргiзiледi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.11. N 1011 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадр аппараты өтемақы алуға құқығы бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн немесе адамдарды қаржы органына бiржолғы өтемақы төлеу туралы өтiнiш беру қажеттiгі туралы 15 күн iшiнде жазбаша хабардар етедi.
      4. Бiржолғы өтемақы алу үшін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi немесе оны алуға құқығы бар адам мынадай құжаттарды ресiмдейдi және қаржы органына бередi:
      1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтік мiндеттерiн атқару кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған) не қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты салдарынан қызметiнен босатылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда:
      1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      кәмелетке толмаған алушының тууы туралы куәлiгінiң көшiрмесi;
      неке туралы куәлiк не алимент туралы сот органдарының атқарушы парағы (қамқоршылық туралы құжат) не егер төлем алуға өтiнiш бiлдiрген адам қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерi болса мұрагерлiгiне құқығы туралы куәлiк;
      қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) қызмет өткерген орнынан қаза табуының (қайтыс болуының) мән-жайы туралы қорытындының көшiрмесi;
      қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) қаза тапқан (қайтыс болған) күнге алған ақшалай үлесi туралы қаржы органының анықтамасы;
      қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты салдарынан қызметiнен босатылған күннен бастап бiр жыл iшiнде қайтыс болған мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қаза табу (қайтыс болу) фактiсi бойынша, бұдан басқа әскери-дәрiгерлiк комиссияның (бұдан әрi - ӘДК) қорытындысы берiледi;
      2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия), мертiгуi, науқастануы салдарынан туындаған мүгедектігі белгіленген кезде:
      1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
      қызмет өткерген орнынан жарақат алуының, жаралануының (контузия алуының), мертiгуiнiң, науқастануының мән-жайы туралы қорытындының көшiрмесi;
      денсаулығына зақым келген фактiсiн растайтын және осы ӘДК мөрiмен куәландырылған, ӘДК берген қорытындының көшiрмесi;
      мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң оқиға болған күнге ақшалай үлесi туралы қаржы органының анықтамасы;
      мүгедектен белгiлеу туралы медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясы анықтамасының көшiрмесi;
      3) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпаған ауыр немесе жеңiл мертiгу (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда:
      1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
      мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қызмет өткерген орнынан ауыр немесе жеңіл мертiгу алуының мән-жайы туралы қорытындының көшiрмесi;
      алған зақымының денсаулығына ауырлығы туралы емдеу-алдын алу мекемесiнiң не ӘДК-нiң анықтамасы;
      мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң оқиға болған күнге ақшалай үлесi туралы қаржы органының анықтамасы.
      5. Бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi немесе адам өтемақы төлеу туралы өтiнiш берген кезде қаржы органы осы Ереженiң 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен ресiмделуiнiң дұрыстығын тексередi және 2-қосымшаға сәйкес өтiнiштердi және біржолғы өтемақыларды төлеудi тiркеу журналында мекеме басшысының атына ресiмделген өтiнiштi тiркейдi. Осы Ереженiң 4-тармағында көрсетілген тиiстi құжаттар толық берілмеген жағдайда, өтiнiш тiркеуге жатпайды.
      6. мемлекеттік өртке қарсы қызметтің уәкілеттi органы біржолғы өтемақыны тағайындауға арналған құжаттарды алған сәттен бастап 15 күннен аспайтын мерзiмде бiржолғы өтемақы тағайындау күнiн көрсете отырып, бiржолғы өтемақы төлеу туралы шешiм қабылдайды.
      7. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бiржолғы өтемақы төлеуден бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушi бас тарту туралы шешiм шыққан сәттен бастап 15 күн iшiнде бұл туралы жазбаша хабардар етiледi. Бұл ретте өтiнiш берушi шешiмге заңнамада белгiленген тәртiппен шағымдана алады.
      8. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда шығындарды өтеу жөнiндегi жұмыстарға жалпы басшылықты мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадр аппараттары жүзеге асырады.

                                   Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
                                  органдарының қызметкерi қызметтiк
                                    мiндеттерiн немесе қызметтiк
                                  борышын атқару кезеңiнде мертiккен
                                   жағдайда оған, ал ол қаза тапқан
                                  (қайтыс болған) жағдайда өтемақы
                                     алуға құқығы бар адамдарға
                                       бiржолғы өтемақы төлеу
                                              ережесiне
                                              1-қосымша

       Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР
Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

                                 Кiмге _____________________________
                                 (мекеме (ұйым) басшысының лауазымы,
                                 ___________________________________
                                        арнайы атағы, аты-жөні)
                                 ________________________ мекен-жайы
                                 бойынша тұратын
                                 ___________________________________
                                     (өтiніш берушінiң аты-жөнi)

Бiржолғы өтемақы төлеуге
өтініш

      Маған ________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________ байланысты бiржолғы
(шығын өтелуі тиіс оқиғаның сипаты көрсетіледі)
өтемақы төлеуiңiздi сұраймын.
      Маған тиесілі соманы _________________________________________
                       банктің атауы, банктің СТН-і, банктің МФО-сы,
____________________________________________________________________
алушының ағымдағы шотының N немесе байланыс бөлімшесi арқылы
_____________________________________________ аударуыңызды сұраймын.
аударылатын жағдайда оның мекен-жайы көрсетіледi)

      Өтінiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1. ____________________________________________
2. ____________________________________________
3. ____________________________________________
4. ____________________________________________

Өтінiш берушiнің қолы ________       200__ж. "____" ________

Құжаттар 200 ж. "__" _______ қабылданды.   Қолы ___________________
                                   (құжатты қабылдаған адамның қолы)

                                   Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
                                  органдарының қызметкерi қызметтiк
                                    мiндеттерiн немесе қызметтiк
                                  борышын атқару кезеңiнде мертiккен
                                   жағдайда оған, ал ол қаза тапқан
                                  (қайтыс болған) жағдайда өтемақы
                                     алуға құқығы бар адамдарға
                                       бiржолғы өтемақы төлеу
                                              ережесiне
                                              2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР
Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi
     қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын
   атқару кезеңiнде мертiккен кезде бiржолғы өтемақы
      төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналы

Өтi-
нiш-
тiң
келiп
түскен күні

Мертiккен,
оның iшiн-
де қайтыс
болған мемлекет-
тік өртке қарсы
қызмет
қызметке-
рiнiң
аты-жөнi
және оның
мекен-жайы

Мемлекет-
тік өртке
қарсы
қызметтің
қайтыс
болған
қызметкерi
мұрагері-
нің
аты-жөні
және оның
мекен-жайы

Шығынды
өтеу
себебi
(қайтыс
болуы,
мүгедек-
тігі,
ауыр
немесе
жеңiл
мертi-
гуi)

Бiржол-
ғы
өтем-
ақының
сомасы

Төлем
құжа-
тының
N
және
күні

Бас
тарту
себебі

1

2

3

4

5

6

7















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады