Республикалық маңызы бар Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік қорық аймағын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы N 229 Қаулысы

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының  8 ,   9 және   46-1-баптарына сәйкес және сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн сақтау әрi қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының аумақтарында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы жалпы алаңы 6258000 га республикалық маңызы бар Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк қорық аймағы ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi үш ай мерзiмде республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймағының паспортын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен тiркесiн.

      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймағының аумағында орналасқан жер учаскелерi мен жер пайдаланушылардың тiзбесiн анықтасын.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп, бiр жыл iшiнде белгiленген тәртiппен:
      мемлекеттiк қорық аймағының аумағын функциональдық аймақтарға бөлу, оны күзету режимi мен реттелетiн рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттардағы пайдалану талаптарын анықтау, алаңы мен шекарасын нақтылау жөнiндегi жұмыстарды орындауды қамтамасыз етсiн;
      пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, су таратқыш төсемі мен басқа да шаруашылық қызмет үшін арнайы экологиялық талаптар әзірлесін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады