Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң жекелеген мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 300 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің қарамағына берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;

      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      3) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің "С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк агротехникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 829 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 29, 386-құжат):

      3-тармақ алынып тасталсын.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 19.08.2022 № 581 қаулыларымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады