"Батыс Қазақстан "Оралэнергия" электр тарату желiсi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 345 Қаулысы

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының  32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) "Батыс Қазақстан "Оралэнергия" электр желiсiн тарату компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының саны 1030794 (бip миллион отыз мың жетi жүз тоқсан төрт) дана мәжбүрлеп шығарылатын билiк етуi шектелген жарияланған жай акцияларын оларды мемлекеттің меншiгiне мәжбүрлеп алып қою арқылы қоғамның салықтық берешегін өтеу есебiне орналастырсын;
      2) акцияларға мемлекеттiк меншiк құқықтарын қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне тiркеуiн қамтамасыз етсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады