"Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 368 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнің
кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінiң "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгілеу туралы" 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 515-құжат; 1995 ж., N 4, 45-құжат; 2000 ж., N 43, 503-құжат):
      4-тармақта "ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету" деген сөздер "қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысын орындау iсiндегi елеулі кемшiліктер туралы" 1997 жылғы 3 наурыздағы N 3375  Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 68-құжат; 2000 ж., N 43, 503-құжат; 2002 ж., N 22, 230-құжат; 2003 ж., N 29, 282-құжат; 2004 ж., N 22, 276-құжат):
      7-тармақ алынып тасталсын;

      3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi ірiктеу және оны тағайындау туралы ереже мен Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 470  Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 503-құжат; 2004 ж., N 22, 276-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы";
      1-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамы." (комиссияның құрамы осы Жарлыққа қоса берiлiп отыр);
      1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының Yкiметi Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссиямен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережесiн бекiтсiн";
      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      "1-2. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияға "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауға өтiнiм ұсынсын".
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ережеде:
      3-тармақтың үшiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi, Республикалық комиссия хатшысы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi айқындайтын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi болып табылады".
      4-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын;
      5-тармақтағы ", сондай-ақ жұмыс органының ұсынуы бойынша стипендиаттарды iрiктеудiң бiрiншi турын өткiзу жөнiндегi сараптау комиссияның ережесi мен құрамын бекiтедi" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Комиссия төрағасының орынбасары төраға болмаған жағдайда осы Ереженiң 5-тармағында көзделген оның функцияларын жүзеге асырады";
      7-тармақтағы "төрағасы мен" деген сөздерден кейiн "төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы және өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      үшiншi және төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
      сегiзiншi абзацтағы "келiсiм-шарттар" деген сөздер "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он бесiншi абзац "комиссияның қарауына" деген сөздерден кейiн "жыл сайын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Болашақ" стипендиясына үмiткерлердi iрiктеудiң жыл сайынғы жоспарын Республикалық комиссияның қарауына енгiзедi.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2005 жылғы "__" ______   
N ___ Жарлығына     
ҚОСЫМША          

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2000 жылғы 12 қазандағы 
N 470 қаулысына     
қосымша         

Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi
республикалық комиссияның
ҚҰРАМЫ
(лауазымдары бойынша)

      Қазақстан Республикасының         - комиссияның төрағасы
      Мемлекеттiк хатшысы

      Қазақстан Республикасының         - комиссия төрағасының
      Бiлiм және ғылым министрi           орынбасары

      Қазақстан Республикасының         - комиссия хатшысы
      Бiлiм және ғылым вице-министрi

      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi

      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
      ресурстар министрi

      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi

      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк
      жоспарлау министрi

      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi
      агенттiгiнiң төрағасы

      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi
      Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң төрағасы

      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты
      Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi
      Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi
      Кадр саясаты бөлiмiнiң меңгерушiсi

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
      Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады