"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 388 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актілеріне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттap; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 187-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжаттар; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):
      1) 59-баптың 1-тармағының үшінші бөлiгiнде "қорытындымен" деген сөз "есеппен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 60-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "байланысы жоқ кәсiпқой аудиторды" деген сөздер "байланысы жоқ аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегi Қылмыстық  Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат):
      229-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеке нотариустар мен аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс iстейтiн аудитордың өкілеттiктердi терiс пайдалануы";
      бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында "жекеше аудиторлардың" деген сөздер "аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс iстейтiн аудитордың және аудиторлық ұйым жетекшiсiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегі Азаматтық   кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):
      495-баптың 2-тармағының бiрінші бөлiгінде "тәуелсіз аудитордың қорытындысын" деген сөздер "аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы  Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109, 122-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат, N 23, 139, 140-құжаттар; 2005 ж., N 5, 5-құжат):
      1) 173-баптың 14-тармағы алынып тасталсын;
      2) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "184-бап. Аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес
                аудиторлық есептi жасауы

      Аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық есептi жасауы, -
      аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиядан айыра отырып, аудиторлық ұйымға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      3) мынадай мазмұндағы 184-1, 184-2-баптармен толықтырылсын:

      "184-1-бап. Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызметi
                  туралы заңдардың бұзылуы

      1. Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызметi туралы заңдарда көзделмеген қызметтің түрлерiн аудитордың, аудиторлық ұйымның жүзеге асыруы, -
      аудиторларға айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгі мөлшерінде; аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткiштің елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызметi туралы заңда көзделген мiндеттердi аудитордың және аудиторлық ұйымның сақтамауы, -
      аудиторларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейiнгі мөлшерінде, аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткiштің елуден жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы ұйымдардың аудитiнiң нәтижесiнде айқындалған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары туралы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға хабарламау және аудиттелетiн қаржылық ұйымдарды хабарландырмау, оларға аудиттi өткiзу мiндеттi, -
      eлуден жүз елу айлық есептi көрсеткiштер мөлшерiнде аудиторлық ұйымдарға айыппұл салады.
      4. Тиiстi уәкiлеттi органдарға аудиторлардың аккредиттелген кәсiби ұйымдарының ақпаратты бір реттен артық уақытында бермеуi, оны беру аудиторлық қызметi туралы заңға сәйкес талап етіледi, -
      аудиторлардың аккредиттелген кәсiби ұйымдарына айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде ескерту немесе айыппұл салуға әкеп соғады.

      184-2-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдаланумен және
                 сақтаумен байланысты бұзушылықтар

      Аудитордың аудиторлық қызмет туралы заңда белгіленген жеке мөртабанды тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы, -
      аудиторға айлық есептi көрсеткiштердiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      4) 185-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "185-бап. Аудиторлық ұйымға аудиттелетiн субъектiнiң
                дұрыс емес ақпаратты табыс етуi";

      бiрiншi абзацта:
      "Аудиторға (аудиторлық ұйымға) тексерiлiп жатқан адамның" деген сөздер "Аудиторлық ұйымға аудиттелетiн субъектiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "барысында" деген сөзден кейiн "қасақана" деген сөзбен толықтырылсын;
      "қорытынды" деген сөз "есеп" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 571-бапта:
      1-тармақта "178," деген саннан кейiн "184-1, 184-2," деген сандармен толықтырылсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасында "178," деген саннан кейiн "184-1, 184-2," деген сандармен толықтырылсын;
      6) 636-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшада:
      жиырма екiншi абзацта "179" деген цифрдың алдынан "175 (екiншi бөлiк) (мұндай бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса)," деген санмен және сөздермен толықтырылсын;
      жиырма үшiншi абзац алынып тасталсын;
      жиырма төртiншi абзацта "(екiншi және үшiншi бөлiктерi)," деген сөздерден кейiн "184-1 (үшiншi бөлiк)," деген санмен және сөздермен толықтырылсын;
      отызыншы абзацта "184," деген сан алынып тасталсын;
      қырық екінші абзац алынып тасталсын;
      3) тармақшада:
      "184," деген сан алынып тасталсын.

      5. "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140-құжат; 142-құжат; N 2, 153-құжат):
      196-баптың 4-тармағының 2) тармақшасында "қорытындының" деген сөз "есептiң" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140-құжат; 142-құжат):
      1) 129-баптың 1-тармағының екiншi бөлігiнде "Аудиторды немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 138-баптың 3-тармағының 23) тармақшасында "аудиторлық ұйымдардың мамандары" деген сөздер "аудиторлық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 140-баптың 17) тармақшасында "аудиторларды немесе" деген сөздер алынып тасталсын.

      7. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжат; 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат):
      1) 6-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заңның 11-бабының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттік орган, ал осы Заңның 11-бабының 2) тармақшасында көзделген қызметтi жүзеге асыруға арналған аудиторлық қызметтi peттeу жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.";
      2) 11-бапта:
      1) тармақшада "банк қызметiне аудит" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-1) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақшада ", сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитi" деген сөздер алынып тасталсын.

      8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат):
      1) 6-баптың 1-тармағында:
      б) тармақшасы алынып тасталсын;
      в) тармақшасында "не банк қызметiне аудит жүргізетiндей" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 11-1-баптың 3-тармағының 5) тармақшасында "қорытындысы" деген сөз "аудиторлық eceп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 19-бапта:
      "(аудитордың)" деген сөз алынып тасталсын;
      3-тармақта:
      б) тармақшасында "қаржы жағдайының" деген сөздер "қаржылық есептіліктің және басқа да ақпараттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) тармақшасының үшінші абзацында "қаржы жағдайы туралы" деген сөздер "қаржылық есептілік туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "банк қызметiнiң" деген сөздер "банктердің" деген сөздерге ауыстырылсын;
      "уәкілеттi органның" деген сөздер "бухгалтерлік есеп және аудит жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 21-баптың 2-тармағының б) тармақшасында "(аудитор)" деген сөз алынып тасталсын;
      5) 54-1-баптың екiншi абзацында "аудитор куәландырмаған" деген сөздер "аудиторлық ұйым куәландырмаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 55-бапта:
      бiрiншi абзацта:
      "(аудитор)" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Банктер осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес аудиторлық ұйым ондағы берілген мәліметтердi растағаннан кейін уәкiлеттi орган белгілеген нысандар мен мерзiмдер бойынша пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есептер мен активтер мен шарттық міндеттердің сыныптамасы туралы мәлiметтердi (провизияны қалыптастыру) жариялайды.".
      7) 57-бапта:
      "(аудитордың)", "(аудитор)" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақта:
      "Бухгалтерлік есепті және есеп берудi, бастапқы құжаттарды және банк қызметі туралы басқа да ақпарат" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Банктің қаржылық есептілігінiң және басқа да ақпаратының аудиторлық есебi коммерциялық құпия болмайды. Басқа да ақпараттың аудиті банктің активтер мен шарттық міндеттемелердің (провизиялар мен пруденциалдық нормативтерді қалыптастыруда) сыныптамасы бойынша уәкiлетті органның талаптарын орындауын тексерудi қамтиды.
      Iлеспе қызметтер жүргізуге арналған шарт уәкілеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес келуi тиiс.";
      5. Аудиторлық ұйым уәкілетті органға оның талабы бойынша аудиторлық есептiң көшiрмесін беруге мiндетi.";
      6-тармақта "аудиторлық ұйымның жүргізiлген аудит туралы есебiнде" деген сөздер "аудиторлық есепте" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 58-бап алынып тасталсын;
      9) 59-бап алынып тасталсын.

      9. "Өндiрiстiк кооператив туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінiң Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):
      1) 7-баптың 6-тармағының үшінші абзацында "қорытындымен" деген сөз "есеппен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 17-1-бапта:
      1-тармақта "байланысы жоқ аудиторды" деген сөздер "байланысы жоқ аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "немесе өзге" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақтың екiншi сөйлемiнде "аудитордың" деген сөз "аудиторлық ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 12, 116-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):
      8-баптың 3-тармағында "тәуелсiз аудиторларды немесе" деген сөздер алынып тасталсын.

      11. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; 2002 ж., N 1, 1, 7-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140-құжат; 142-құжат):
      1) 49-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн Қазақстан Республикасының Аудит қызметi туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқықтықты аудиторлық ұйым жүргiзедi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігінiң және басқа да ақпаратының аудиторлық есебi коммерциялық құпия болмайды.
      3. Басқа да ақпараттың аудитi жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақталымы мен төлемдердi жеке есепке алу бойынша уәкілетті органның пруденциалдық нормативтері мен талаптарын орындауын тексерудi қамтиды. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн дербес инвестициялық басқаруды жүзеге асырған жағдайда басқа да ақпараттың аудитi сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялау және бағалау жөнiндегі талаптардың орындалуын тексерудi қамтиды.
      Iлеспе қызметтер жүргiзуге арналған шарт уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес келуi тиiс.".
      2) мынадай редакциядағы 59-1-баппен толықтырылсын:

      "59-1-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
                 жүзеге асыратын ұйымның аудитi

      1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның аудитін аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес аудит жүргізуге құқықтық өкілетi бар аудиторлық ұйым жүргізедi.
      2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық есептілігінiң және басқа да ақпаратының аудиторлық есебi коммерциялық құпия болмайды.
      3. Басқа да ақпараттың аудитi зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялау және бағалау бойынша уәкілеттi органның пруденциалдық нормативтері мен талаптарын орындауын тексерудi қамтиды.
      Iлеспе қызметтер жүргізуге арналған шарт уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес келуi тиiс.".

      12. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 86-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 138-құжат):
      1) преамбулада "аудиторлық ұйымдар" деген сөздерден кейiн "және кәсіби аудиторлық ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Аудиторлық қызмет

      1. Аудиторлық қызмет дегенiмiз аудиттi жүргiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
      2. Аудиторлық қызметте жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметпен айналысуға құқығы бар.
      3. Аудиторлық ұйымда аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар аудиттан басқа, өз қызметiнiң бейiнi бойынша мынадай қызметтердi де көрсете алады:
      1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметiнiң бейiнi бойынша iлеспе қызметтер: шолу, келiсілген рәсімдер, компиляция, арнайы мақсаттағы аудит, перспективалық қаржылық ақпаратты тексеру;
      2) бухгалтерлік есептi қалпына келтiру және оны жүргiзу, қаржылық есептіліктi жасау;
      3) iшкi аудит;
      4) салықтық жоспарлау, бюджетке түсетiн мiндетті төлемдердiң есебi, салық декларациясын толтыру;
      5) ұйымның статистикалық есептiлігін жасау;
      6) қаржылық-шаруашылық қызметте талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық қаржылық және басқарушылық консультация беру;
      7) бухгалтерлік есептi жүргiзу және қаржылық есептілiктi жасау мәселелерi бойынша, сондай-ақ салық салу мәселелерi бойынша консультация беру;
      8) бухгалтерлік есептi жүргізу және қаржылық есептiлiктi жасау, салық салу, қаржылық-шаруашылық қызметтiң аудитi мен оны талдау және қаржылық жоспарлау бойынша үйрету;
      9) бухгалтерлік есептi жүргізу мен қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар, автоматты түрде бухгалтерлiк есептi жүргізуге және қаржылық есептілiктi жасауға үйрету;
      10) бухгалтерлік eceпті жүргізу және қаржылық есептілiктi жасау, aудит, қаржылық-шаруашылық қызмет пен қаржылық жоспарлауды талдау жөніндегi, өз қызметiнiң бейiнi бойынша ілеспе қызметтердi көрсету, арнайы мақсаттағы аудит, перспективалық қаржылық ақпаратты тексеру жөнiнде әдiстемелiк оқулықтар мен ұсынымдар әзiрлеу;
      11) адвокат қызметiне байланысты емес заң қызметтерiн көрсету;
      12) Бухгалтерлердiң халықаралық федерациясының жанындағы Халықаралық аудиторлық iс-тәжiрибе жөнiндегі комитеттiң ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылатын және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін қаржылық есептiлiк аудитiне ілеспе өзге де қызмет түрлерi.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметiнiң бейiнi бойынша қызметтердiң кейбiр түрлерiн көрсету тиiстi лицензия алуды талап етсе, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың осындай лицензиясыз бұл қызметтердi көрсетуге құқығы жоқ.
      4. Аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға өз қызметiнiң бейiнiне жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтің өзге түрлерiмен айналысуға тыйым салынады.";
      3) 3-бапта:
      атауында "және ұйымдардың стандарттары" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi абзацта "құпиялық." деген сөз "құпиялық;" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "адалдық;
      ұйымның стандарттары мен кәсiби этиканы сақтау;
      аудиттің басқа да қағидаттары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн халықаралық аудиторлық практикаға сәйкес анықталады.";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiммен толықтырылсын:
      "Осы Заң мақсатында ұйымның стандарттары деп аудитке бiрыңғай талап белгiленетiн аудиторлық ұйым әзiрлеген iшкi құжаттар ұғынылады және аудит жүргiзудiң қағидаттары мен тәртiбiн, сондай-ақ аудиторлық қызметті ұйымдастыруды белгілейдi.";
      4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

      "3-1-бап. Қазақстан Республикасындағы аудиттiң
                халықаралық стандарттары

      Аудиттi осы Заңға және мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде жарияланған Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн аудиттің халықаралық стандарттарына (бұдан әрi - аудиттiң стандарттары) сәйкес Бухгалтерлердiң халықаралық федерациясының жанындағы Халықаралық аудиторлық iс-тәжiрибе жөнiндегi комитеттен оны ресми Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйымдар жүзеге асырады.";
      5) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Аудит

      1. Аудит бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңдарына және (немесе) бухгалтерлiк есептi жүргізу мен қаржылық есептілiктi жасаудың өзге де негіздерiне сәйкес осы қаржылық есептілік және басқа да ақпарат дайындалған ба, жоқ па дегенге қатысты тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатында осы Заңға және аудит стандарттарына сәйкес заңды тұлғалардың (бұдан әрi - аудиттелетiн субъектiлер) қаржылық есептілігін және басқа да ақпаратын тексеру (бұдан әрi - аудит) болып табылады.
      2. Аудит мiндетті және бастамашылық болуы мүмкiн.
      Міндетті аудитті жүргізу Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен және жағдайда жүзеге асырылады (бұдан әрі - міндетті аудит).
      Аудит мiндеттi болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жылдық қаржы есептілігін мерзiмдi баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржы есептілігiмен бiрге аудиторлық есептi жариялауға мiндетті.
      Бастамашылық аудит аудиттелетiн субъектiнiң не қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақты мiндеттер, аудит мерзiмi мен көлемi ескеріле отырып жүргізiледi.";
      6) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
      "1-1. Аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк реттеу

      4-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) аудиторлық қызметті мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органды анықтайды;
      2) егер Қазақстан Республикасының заң актілерiнде өзгелей көзделмесе, аудит мiндеттi болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымның тiзiмiн белгiлейдi.;

      4-2-бап. Уәкілетті органның құзыретi

      Уәкілетті орган:
      1) аудиторлық қызметтi мемлекеттiк реттеудi және аудиторлық ұйымдардың, кәсiби ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
      2) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк саясаттың қалыптасуын қамтамасыз етедi;
      3) мiндетті аудит жүргiзуге жiберілетiн аудиторлық ұйымға қойылатын, ал қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегі уәкiлетті органмен келiсiм бойынша қаржы ұйымдарының мiндетті аудитiне қатысты да бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
      4) аккредиттеу, кәсiби ұйымдардың аккредиттеудi беруден бас тарту және қайтарып алу ережесiн бекiтедi;
      5) кәсiби ұйымдардың аккредиттеуiн жүргізедi;
      6) аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесiн бекiтедi;
      7) аудиторлық қызметті лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тізілімiн жүргiзудi жүзеге асырады;
      8) лицензия беру, қайтарып aлу, күшiн тоқтата тұру және тоқтату туралы мәлiметтердi мемлекеттік және (немесе) орыс тiлдерiнде мерзiмдi баспа басылымдарында жариялайды;
      9) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияларды бередi, тоқтатады және қайтарып алады;
      10) аудиторлыққа кандидаттарды аттестация жүргізудiң тәртiбiн бекiтедi;
      11) бiлiктiлiк комиссиясы туралы ереженi және оның сандық құрамын бекітеді;
      12) халықаралық аудиторлық практика жөнiндегi комитеттің аудит стандарттарын тарату үшін талаптарды және оған енгiзiлген өзгерiстердi қамтамасыз етедi;
      13) белгiленген тәртiппен кәсiби ұйымдардың қызметiн тексерудi жүзеге асырады;
      14) кәсiби ұйымдарды тексерудi жүзеге асырудың тәртiбiн анықтайды;
      15) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет мәселелері жөнiндегi заңнаманың сақталмау фактiлерi жағдайында, кәсiби және аудиторлық ұйымдарға ескерту енгiзедi;
      16) кәсiби ұйымдар мен аудиторлық ұйымдардың есептіліктi беру тiзбесiн, нысанын және кезеңдiлігін анықтайды;
      17) аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша басқа мемлекеттiк органдармен, кәсiби ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара әрекет жасайды";
      7) 2-тараудың тақырыпшасында "аудиторлар палатасы" деген сөздер "аудиторлардың аккредиттелген кәсiби ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 5-бапта:
      1-тармақта "куәлiк" деген сөз "білiктілiк куәлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Аудитор тек бір аудиторлық ұйымның құрамында аудиттi жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Аудитор тек бір аудиторлық ұйымға қатысушы бола алады.";
      9) 6-бапта:
      1-тармақта "кез-келген" деген сөз алынып тасталсын;
      ", өндiрiстiк кооператив пен мемлекеттiк кәсiпорынды қоспағанда," деген сөздер "жауапкершілiгі шектеулі серiктестігi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "білiм бepу" деген сөзден кейiн "олар" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақта "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "және (немесе)" деген сөздерден кейiн "шетелдiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      "кемiнде 51 процент" деген сөздер мен цифр "жүз процент" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы аудиторының" деген сөздер "аудитор" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 13-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген негiздемелер бойынша үш жыл iшiнде лицензияны қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап лицензиясы қайтарылып алынған аудиторлық ұйымға жетекшiлiк жасайтын аудитор аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.";
      мынадай мазмұндағы 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "6. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң қатысушысы бола алмайды.
      7. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының "аудитор" білiктiлiк куәлігі болуы мiндеттi;
      10) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Аудиторлардың тiркелген кәсiби ұйымдары

      1. Аудиторлардың тiркелген кәсiби ұйымы (бұдан әрi - кәсiби ұйымдар) осы Заңда көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асыруға тiркелген және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды өзiн-өзi реттейтiн бiрлестік болып табылатын коммерциялық емес ұйым.
      2. Кәсiби ұйымдар заңды тұлғалар болып табылады және оның мүшелерiнiң жалпы жиналысында қабылданатын жарғы негізiнде әрекет eтeдi.
      3. Кәсiби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады.
      4. Кәсiби ұйымның басшысы төрт жылдан артық емес мерзiмге сайланады және екі мерзiмнен артық қатарынан қайта сайлана алмайды.
      5. Кәсiби ұйымдардың құрылтайшылары мен қатысушылары тек аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар болуы мүмкiн. Кәсiби ұйымдардың саны "аудитор" білiктілiк куәлiгi бар аудиторлардың жалпы санының кем дегенде бестен бiрiн және ол қалыптасқан сәтке дейiн үш ай және сол сәтке аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың кем дегенде бестен бiрiн құрауы қажет. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар тек бiр кәсiби ұйымның мүшелерi болуы мүмкiн.
      Аудиторлар - кәсiби ұйымдар мүшелерiнiң сайлауға және оның басқару органына сайлануға құқығы бар.
      6. Аудитор немесе аудиторлық ұйым кәсiби ұйымның құрамынан шығарылған жағдайда, мұндай аудиторлық ұйымның немесе аудитордың осы кәсiби ұйымға және де басқа кәсiби ұйымдарға кәсiби ұйым шешiмiмен белгiленген, бірақ шығарылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiм ішінде қайта кiруге құқығы жоқ.";
      11) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Кәсiби ұйымдарды аккредиттеу

      Осы Заңның мақсаты үшiн тiркеу деп уәкiлетті орган оларға белгiленген нысан бойынша беретiн куәлiкпен расталған осы Заңда көзделген кәсiби ұйымдардың өкілеттіктерiн уәкiлеттi органның ресми тануы ұғынылады.";
      12) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Кәсiби ұйымдар:
      1) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру мен үйлестіруге жағдай жасауға;
      2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының  талаптарын, Этика кодексін сақтауын қамтамасыз етуге;
      3) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжiрибесiне талдау жасауға оны қорытындылауға, таратуға;
      4) мемлекеттiк, қоғамдық, шетелдiк және халықаралық ұйымдарға аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүддесiн бiлдiруге;
      5) аудиторлық - қызметi жүзеге асыруға байланысты олардың қатысушылары болып табылатын аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың дауларын қарауға;
      6) аудиторлық ұйымдардың рейтингiсiн өткiзуге және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
      7) бухгалтерлік есеп және аудит бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
      8) аудиторлық қызмет жөнiндегі оқу әдебиеттерiн, әдiстемелiк ұсынымдарды және әдiстемелiктердi әзiрлеуге, шығаруға және таратуға;
      9) аудиторларда, аудиторлық ұйымдарда және аудиттелетiн субъектілерде аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үстiнде туындаған мәселелер бойынша ұсынымдар беруге;
      10) аудит стандарттары бойынша ұсынымдар бepугe;
      11) сапаға жүргiзiлген сыртқы бақылау қорытындысы бойынша аудит стандарттары мен Этика кодексiн бұзған тұлғаларды кәсiби ұйымдардан шығаруға құқылы.
      Осы Заңның мақсатында Этика кодексi деп аудиторлардың сақтауына жататын олардың аудиторлық қызметті жүзеге асыру кезiнде аудиторлардың кәсiби тәртiбiнiң ережесi түсiндiріледi.";
      2. Кәсiби ұйымдар:
      1) аудиторлық қызмет туралы заңдарды, аудит стандарттарын сақтауға;
      2) Аккредиттеу алған сәттен бастап үш ай iшiнде Білiктiлiк комиссиясының құрамына өз өкiлдерiн беруге;
      3) уәкiлетті орган әзiрлеген аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерiмен өз мүшелерiн қамтамасыз етуге;
      4) Этика кодексiн әзiрлеуге және оны қабылдауға;
      5) аудиторлық ұйымдардың жұмысына сыртқы бақылауды жүзеге асыруға;
      6) аудиторлардың бiлiктiлiгiн арттырудың оқу бағдарламаларын әзiрлеуге және оны бекiтуге;
      7) уәкілеттi орган белгiлеген тәртiппен аудиторлардың білiктілiгiн арттыру жөнiнде курстар өткiзуге, курстардан өткенi туралы сертификаттар беруге;
      8) мүшелер қабылдаған (шыққан, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерiстер туралы уәкілетті органға хабарлауға;
      9) аудит стандарттарын және Этика кодексін бұзушылықтар анықталған жағдайларда, Бiлiктілiк комиссиясына "аудитор" білiктiлiк куәлігінiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгізуге;
      10) Аккредитациялау ережесiнде белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қызметі туралы ақпарат беруге мiндетті.";
      13) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Аккредитациялау туралы куәлiгiнен айыру

      1. Кәсiби ұйымдар, егер:
      1) өз мүшелерінің сапасына сыртқы бақылау мiндеттi тексеруiн жүргiзбеген;
      2) өз өкiлдерiн белгiленген мерзiм iшiнде Бiлiктілiк комиссиясының құрамына бермеген;
      3) кәсiби ұйымдардың мүшелерi он аудиторлық ұйым бір жыл iшiнде осындай кәсiби ұйымдардың тарапынан қолдаухатсыз аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиядан айырылған;
      4) соңғы үш жыл iшiнде жүйелi түрде (екі рет қатарынан бұзудан артық) Аккредитациялау ережесiн бұзған;
      5) уәкілеттi органға өзi және өз қызметi туралы қасақана жалған ақпарат берген;
      6) уәкiлетті орган ескерту енгізген себеп үш ай iшiнде жойылмаған жағдайда, Аккредитациялау туралы куәлiгiнен айрылады.
      2. Кәсiби ұйымдар сот тәртiбiмен уәкілеттi органның шешiмiне шағым жасауға құқылы.";
      14) 9, 10, 11, 12 және 13-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. "Аудитор" бiлiктілiгiн беруге кандидаттарды
              аттестаттау

      1. Аттестаттау деп Білiктілiк комиссиясының (бұдан әрі - Білiктілiк комиссиясы) "аудитор" білiктiлiгiн оларға беру үшiн кандидаттардың бiлiктiлiк деңгейiн осы комиссия емтихан өткiзу арқылы анықтауы ұғынылады.
      2. Аттестаттауға жоғары бiлiмi және соңғы бес жылдың кем дегенде үш жылы iшiнде экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс тәжiрибесi бар адамдар жiберіледi.
      3. Аттестаттаудан өткен адамдар "аудитор" бiлiктілiгi берілгенi туралы білiктiлiк куәлігін және бiлiктілiк куәлігінiң нөмiрi, тегі, өз аты, сондай-ақ өзiнің қалауымен - әкесiнiң аты көрсетiлген аудитордың жеке мөрiн (бұдан әрi - жеке мөр) алады.
      "Аудитор" білiктiлігі берiлгенi туралы шешiм Бiлiктiлiк комиссиясы анықтайтын мерзiмде баспа басылымында мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде жарияланады.
      4. Аттестаттаудан өтпеген адамдар Бiлiктiлiк комиссиясы белгілеген тәртiппен қайта аттестаттаудан өтуге жiберіледi.

      10-бап. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөнiндегi
              білiктiлiк комиссиясы

      1. Бiлiктілiк комиссиясын оның құрылтайшылары болып табылатын кәсiби ұйымдар құрады және ол туралы Ереженiң негiзiнде әрекет етедi.
      2. Білiктiлiк комиссиясы мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      3. Білiктілiк комиссиясының құрамы олардың шешiмiмен басқарманың алқа органдарын қайтарып алу құқығы бар кәсiби ұйымдардың өкiлдерiн тең бepу арқылы қалыптастырылады. Білiктілiк комиссиясының құрамына уәкілеттi органның өкілдерi және уәкiлетті органмен келiсiм бойынша басқа да мүдделi мемлекеттiк органдар да кiре алады.
      4. Бiлiктілiк комиссиясының төрағасы болып кәсiби ұйымдардың басқару алқалық органдарының ұсынысы бойынша төрт жыл мерзiмге кезек бойынша аудиторлық қызметпен айналысатын оның мүшелерiнiң iшiнен аудитор сайланады.
      5. Білiктiлiк комиссиясының қызметiн қаржыландыруды, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi тең көлемде кәсiби ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырады.
      6. Білiктілiк комиссиясы аудиторлардың тiзiлiмiн жүргізедi және мемлекеттік органдардың өкілдерi комиссиясының кезектi отырысы туралы хабарлайды.
      7. Білiктілiк комиссиясы шешiм қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде уәкілеттi органға "аудитор" білiктілігі берілген не "аудитор" білiктілік куәлiгiнiң күшi жойылған адамдар туралы ақпаратты беруге мiндетті.

      11-бап. "Аудитор" бiлiктiлiк куәлігінiң күшін жою

      1. "Аудитор" білiктілік куәлігін білiктілік комиссиясы:
      1) дербес:
      "аудитор" біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттауға жiберу үшін берілген мәлiметтердiң дұрыс еместігі анықталған;
      сот тәртiбiмен аудитор әрекетке қабiлетсiз деп танылған немесе оның әрекетке қабілетi шектелген;
      кәсiби ұйымға үш ай iшiнде өтпеген;
      соттың клиентке қасақана жалған аудиторлық eceпті беруiн тануы;
      аудитпен айналысуға сот тыйым салған жағдайда күшiн жояды;
      2) кәсiби ұйымның ұсынымы бойынша:
      Білiктiлiк комиссиясы тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдаған аудитор тексерудiң сапалы жүзеге асырылуы үшiн барлық қажеттi құжаттарды бермеген;
      аудит стандарттарының талаптары және Этика кодексi сақталмаған жағдайда;
      3) уәкілетті органның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары бұзылған жағдайда, "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жояды.
      2. "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы шешiм кәсiби ұйымдарға хабарланады және Бiлiктiлiк комиссиясы анықтайтын баспа басылымында мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде жарияланады.
      3. "Аудитор" білiктiлiк куәлiгiнiң күшi жойылған адамдар кемiнде үш жыл өткенге дейiн қайта аттестаттауға жiберiлмейдi.
      4. Аудитор Бiлiктілiк комиссиясының "аудитор" бiлiктiлiк куәлігінiң күшiн жою туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

      12-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау

      Аудиторлық қызметтi Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртiппен лицензиялауға жатады.

      13-бап. Лицензияның күшiн тоқтата тұрудың, қайтарып
              алудың және тоқтатудың негiздерi

      1. Лицензияның күшiн тоқтата тұру үшiн:
      1) сапаға сыртқы бақылау жүргiзу үшін кедергi, жалтару, тиiстi шарттарды бермеу немесе белгіленген мерзiмдерде сапаны сыртқы бақылаудан өтпеу;
      2) аудиторлық қызмет бойынша осы Заңның және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамау;
      3) аудиторлық ұйым басшысында бiлiктiлiк куәлiгiн жою;
      4) кәсiби ұйымнан шығарылуы;
      5) лицензиаттың жазбаша өтiнiшi негіздеме болып табылады;
      6) он екi тiзбектелген күнтiзбелiк айдың iшiнде қызметiн жүзеге асырмау негіздеме болып табылады.
      Уәкiлеттi орган тоқтатыла тұру себебiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес лицензияның күшiн алты айға дейiн мерзiмге өз бетімен тоқтата тұруға құқылы.
      2. Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көрсетілген, сондай-ақ:
      1) клиентке қасақана жалған аудиторлық есеп берген;
      2) осы Заңның және аудиторлық қызмет жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамаған жағдайларда уәкiлеттi орган лицензияны қайтарып алуды жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда ғана лицензия өзiнiң күшiн тоқтатады.
      4. Лицензия қайтарып алынған немесе күшi тоқтатылған жағдайда лицензияны қайтарып алу немесе күшiн тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап аудиторлық ұйым он күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға лицензияны қайтаруға мiндеттi.
      5. Қазақстан Республикасының заң актілерiне, сондай-ақ осы баптың 2-тармағына сәйкес лицензиясы қайтарылып алынған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтiнiшi бiр жылдан ерте қаралмайды.
      Лицензияның күшiн тоқтата тұру және қайтарып алынуы туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
      15) 14-бапта:
      1-тармақтағы "аудиторлар" деген сөз алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      "аудиторлық" деген сөз "өзiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "тиiстi қызметтер көлемi" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жауапкершілігі" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ кәсiби ұйымдарға мүшелiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      "жүргiзу" деген сөзден кейiн "мiндетті" деген сөзбен толықтырылсын;
      "аудит" деген сөзден кейiн "және iлеспе қызмет" деген сөзбен толықтырылсын;
      "қосымша" деген сөз алынып тасталсын;
      "Табиғи монополия субъектiсiнiң", "табиғи монополиялар туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
      16) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Аудиторлық есеп

      1. Жүргiзілген аудиттiң нәтижелерi бойынша аудиторлық есеп жасалады, ол осы Заңның талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн аудит стандарттарына сәйкес келуi тиiс.
      Аудиторлық есеп мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде жасалған Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес аудиттелетiн субъектілердiң қаржылық есептілігінiң және бacқа да ақпаратының даярлағанына қатысты аудитор-атқарушының және (немесе) әрiптестің және аудиторлық ұйымның тәуелсіз пiкiрi қамтылған жазбаша ресми құжат болып табылады.
      2. Аудиторлық есепке бiлiктілiк куәлiгiнiң нөмiрi мен берілген күнi көрсетілiп атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзiнiң жеке мөрiмен және (немесе) әрiптесi куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы бекiтедi және аудиторлық ұйымның мөрiмен расталады.
      Аудиторлық есепте, сондай-ақ аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берілген күні көрсетіледi.
      Өзiнің жеке мөрiн тиiсiнше емес пайдаланғаны және сақтағаны үшін аудитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.
      Осы Заңның мақсатында аудиторлық жобаға басшылық жасайтын және осы жобаға дербес жауап беретiн және аудиторлық есепке қол қоятын "аудитор" деген білiктілiк куәлiгі бар немесе бухгалтерлер мен аудиторлардың шетелдiк кәсiби ұйымдарының мүшесі болып табылатын аудиторлық ұйымның қызметкерi болып табылады.";
      17) мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-баптармен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Қасақана жалған аудиторлық есеп

      Қасақана жалған аудиторлық есеп - аудит жүргізілмей жасалған немесе аудит нәтижелерi бойынша жасалған, бiрақ аудитордың немесе аудиторлық ұйымның пікірiн қамтыған, аудиттелетін субъектiнiң қаржылық жағдайын, аудиттелетiн субъектiнiң қызмет нәтижелерiн және қаржылық жағдайындағы өзгерiстердi толыққанды және шынайы көрсетуде қаржылық есептiлiкті және басқа да ақпаратты пайдаланушыларды қасақана жаңылысуға әкелетiн аудиторлық есеп.
      Аудиторлық есепте мiндеттi мәселелер бойынша аудитордың пiкiрi болмаған немесе оның iс жүзiндегі деректермен сәйкес болмаған жағдайда мұндай есеп сот шешiмi бойынша жарамсыз деп танылады.";

      15-2-бап. Бақылау сапасы және оның түрлерi

      1. Бақылау сапасы аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауына бағытталған.
      2. Бақылау сапасының түрлерi iшкi және сыртқы бақылау сапасы болып табылады.
      Iшкi бақылау сапасы аудитордың немесе аудит стандарттарына сәйкес аудиторлық ұйымның өз бетiмен жүзеге асыратын бақылау сапасын өзiмен бiрге бiлдiредi.
      Өзiнiң мүшелерiне қатысты кәсiби ұйымдар жүзеге асыратын сыртқы бақылау сапасы оның әзiрлеген ережелерiне сәйкес аудиторлық жұмыстарды бақылау сапасының рәсiмдерiн өзiмен бiрге бiлдiредi.
      Сыртқы бақылау сапасы үш жылда бiр реттен жиі емес жүзеге асырылады.
      3. Сыртқы бақылау сапасын жүргізудiң ережесi Аккредитациялау ережелерiне сәйкес тиiсті кәсiби ұйымдар әзiрлейдi.
      4. Сыртқы бақылау сапасын тек аудиттi жүзеге асырушы аудиторлар ғана жүргізе алады.
      5. Аудиторлық ұйымдар кәсiби ұйымдардың қорытындыларын сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.";
      18) 16-бап алынып тасталсын;
      19) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Аудиторлар:
      1) шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi аудиттелетiн субъектiнiң бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық қызмет құжаттамаларын алуға және тексеруге;
      2) аудиттелетiн субъекттiң лауазымды тұлғаларынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсiнiктеме алуға;
      3) кәсiби ұйымдардың шешiмiн сот тәртiбiнде шағымдану құқығы бар.
      2. Аудиторлар:
      1) аудиторлық қызмет туралы заңдарды, аудит стандарттарын сақтауға;
      2) екi жылда бiр реттен жиi емес кәсiби ұйымдарда бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өтуге;
      3) бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен қаржылық есептілiк жасаудағы ашылған маңызды кемшiлiктер туралы ақпаратты аудиттелетiн субъектiге ұсынуға;
      4) "аудитор" деген бiлiктілiк куәлігін алғаннан кейiн үш ай iшiнде кәсiби ұйымға кiруге және өзiнiң кiргенi туралы Бiлiктілiк комиссиясына хабарлауға мiндеттi.";
      20) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Аудиторлық ұйымдар:
      1) аудит жүргізу әдiстерiн өз бетiмен анықтауға;
      2) шарттың талаптарын орындау үшiн қажетті бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық қызмет құжаттамаларын алуға және тексеруге;
      3) осы Заңның 20-бабында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда түрлі бейiндегi мамандарды аудит жүргізуге қатысуға шарттық негiзде тартуға;
      4) аудиттелетiн субъект аудит жүргiзуге арналған шарттарды бұзған жағдайда аудит жүргізуден не аудиторлық есеп беруден бас тартуға;
      5) аудиттелетін тұлғаның қаржы-шаруашылық қызметтерiне байланысты құжаттамаларды толық көлемде тексеруге құқылы.
      2. Аудиторлық ұйымдар:
      1) аудиторлық қызмет туралы заңдарды, аудит стандарттарын сақтауға;
      2) сыртқы бақылау сапасын жүргiзу үшiн жағдайлар жасауға, сондай-ақ аудиторға қатысты тағайындалған аудиторлық ұйым қызметкерлерiне тексеру кезiнде көмек көрсетуге;
      3) мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн үш ай ішінде бір кәсiби ұйымға кіруге;
      4) кәсiби ұйымнан ерiктi шыққаннан кейiн бір ай iшiнде басқа кәсiби ұйымға кiруге;
      5) осы Заңның 20-бабында көрсетiлген мән-жайлардың салдарынан аудит жүргiзудiң мүмкін еместігi туралы хабарлауға;
      6) бухгалтерлік есеп жүргiзу мен қаржылық есептілік жасаудағы ашылған маңызды кемшiлiктер туралы ақпаратты аудиттелетін субъектiге ұсынуға;
      7) өзі мүшесi болып табылатын кәсiби ұйымды аккредитациялаудан айырылған кезде үш ай iшiнде басқа кәсiби ұйымға кiруге;
      8) аудиттiң нәтижесiнде айқындалған қаржылық ұйымдар туралы аудиттелетін субъектілердi хабарландыра отырып қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегі уәкілетті органға хабарлауға, олар үшiн aудитті өткiзу Қазақстан Республикасы Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу жөнiндегi заңнамасының бұзылуы туралы мiндетті болып табылады;
      9) Лицензиялау ережесiне сәйкес уәкiлеттi органға есептілікті, сондай-ақ оларға белгіленген нысан бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөнiндегi ақпаратты беруге мiндетті.
      3. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметтеріне мемлекеттiк органдардың, аудиттелетін субъектілердiң және кез келген үшiншi бiр тұлғаның заңсыз араласуына жол берiлмейдi.";
      21) 18-1-бапта:
      1-тармақта "залал" деген сөз "мүлiктiк зиян" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:

      "19-1-бап. Аудиторлық құпия

      1. Аудиторлық ұйымдар аудиттелетiн субъектiлермен жасалатын операциялар туралы құпияны сақтауға мiндетті.
      2. Аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметтi жүзеге асыру кезiнде олар алған және (немесе) жасаған мәлiметтерi мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi және Қазақстан Республикасының заңнама кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда оған қатысты өзiнiң қызмет бейiнi бойынша аудит жүзеге асырылған және қызмет көрсетiлген аудиттелетiн субъектiнiң жазбаша келiсiмiнсiз көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды немесе олардың көшiрмесiн үшiншi тұлғаға беруге не жария етуге құқығы жоқ.
      3. Аудиторлық құпияны құрайтын мәлiметтерге рұқсат алған уәкiлеттi органдар мен өзге де тұлғалар мұндай мәлiметтерге қатысты құпиялылықты сақтауға мiндеттi.
      4. Аудиторлық құпияны құрайтын мәлiметтерге рұқсат алған аудиторлық ұйымдар, уәкiлеттi органдар, сондай-ақ өзге де тұлғалар жария еткен жағдайда аудиттелетiн субъект кiнәлi тұлғалардан келтiрiлген залалдың орнын толтыруды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.";
      23) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Аудит жүргiзу құқығын шектеу

      Аудиторлық ұйымдардың:
      қатысушылары, кредиторлары осы аудиторлық ұйым немесе оның қызметкерлерi болып табылса;
      азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасқан ұйымдарға;
      осы Заңның 2-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген өзiнiң қызмет бейiнi бойынша қызметтер көрсеткен ұйымдарға;
      орындаушылары еңбек қатынасында тұрған немесе аудиттелетiн субъект лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ аудиттелетiн субъектiнiң он және одан жоғары пайыз акцияларын (жарғылық капитал үлесiн) иеленген акционерлердiң (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, жұбайлары, балалары, аға-iнілерi және апа-сiңлiлерi) немесе жекжаттары (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi, ата-аналары және балалары) болып табылатын аудиторларға;
      егер аудит жүргізу жөнiндегi мiндеттемелердi қоспағанда аудиттелетiн субъектiнiң алдында немесе аудиторлық ұйым алдында аудиттелетiн субъектiнiң қаржылай мiндеттемелерi бар болса аудит жүргiзуiне тыйым салынады.
      24) 21-бапта:
      "аудитордан немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзацтағы "егжей-тегжейлi" деген сөздер "қажеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта:
      "ұсыныстар" деген сөз алынып тасталсын;
      "қаржылық есептiлiктiң" деген сөзден кейiн ", басқа да ақпараттың" деген сөздермен толықтырылсын;
      25) 22-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы "жағдай жасауға" деген сөздердің алдынан "шартты сақтау мақсатында" деген сөздер жазылсын;
      "аудитордың немесе" деген сөздер баптың барлық мәтiнi бойынша алынып тасталсын;
      26) 23-бапта:
      1-тармақта:
      "құжаттар" деген сөз "қаржылық есептіліктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "аудиторға немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақта "оны жүргізуге кедергі жасайтын" деген сөздерден кейiн "не оны жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық қамтамасыз етпейтiн" деген сөздермен толықтырылсын.

      13. "Жауапкершілiгi шектеулі және қосымша жауапкершілiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; N 21, 770-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):
      1) 46-баптың 4-тармағының екiншi және үшiншi абзацтарындағы "қорытындыларын" деген сөз "қорытындысын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "аудитордың" деген сөз "аудиторлық ұйымдар есебiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 58-баптың 5-тармағында "аудитордың қорытындысы" деген сөздер "аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 59-бапта:
      1-тармақта "байланысы жоқ кәсiби аудиторды" деген сөздер "байланысты емес аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "немесе өзге де" деген сөздер алынып тасталсын.

      14. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 142-құжат):
      7-баптың 7) тармақшасында:
      "(аудиторлардың)" деген сөз алынып тасталсын;
      "Тексеру нәтижелерi", "тексеру нәтижелерi" деген сөздер тиiсiнше "Аудиторлық есеп", "аудиторлық есепте" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 21 шiлдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 770-құжат):
      1) 41-баптың 6-тармағындағы "аудитордың қорытындысы" деген сөздер "аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 43-бапта:
      1-тармақта:
      "жылдық" деген сөзден кейін "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;
      "байланысты емес кәсіби аудиторды" деген сөздер "байланысты емес аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "және өзге де" деген сөздер алынып тасталсын.

      16. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 56-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):
      1) барлық мәтiн бойынша "уәкілеттi аудитор", "және уәкiлеттi аудитор", "уәкiлеттi аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор)", "аудиторлық ұйым (аудитор)", "уәкілетті аудитор", "уәкілетті аудитор", "(аудиторы)", "уәкілеттi аудитор", "уәкілетті аудитор", "уәкiлетті аудитор", "аудитор" деген сөздер тиiсiнше "аудиторлық ұйымының", "аудиторлық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2) 3-бапта:
      оныншы абзацтағы "және уәкілетті аудитор" деген сөздер алынып тасталсын;
      он тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
      3) 14-баптың 1) және 2)-тармақшаларындағы "немесе уәкілетті аудитордың" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 16-баптың 3-тармағындағы "уәкілетті аудитор куәландырған" деген сөздер "аудиторлық ұйым куәландырған аудиторлық есепті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 20-бапта:
      1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы заңына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйымдар жүргiзеді.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есептiлігі мен басқа да ақпаратын тексеру туралы аудиторлық есебі коммерциялық құпия болмайды. Басқа да ақпараттың аудитi бухгалтерлік есепте сақтандыру резервтерiнiң көрсетілуiнiң, осы Заңның 46-бабында көрсетiлген пруденциалдық нормативтер мен өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттердің орындалуының, мәмiлелер жасауға арналған шектеулердің сақталуының дұрыстығын тексерудi қамтиды.
      Iлеспе қызметтер жүргізуге арналған шарт уәкілеттi орган белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиiс.".
      3-тармақта:
      "мiндеттi" деген сөз "мiндеттi болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қорытындының" деген сөз "аудиторлық есептің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "мiндетті" деген сөз "мiндеттi болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қызметіне" деген сөз алынып тасталсын;
      6) 24-баптың 2-тармағындағы "қорытынды" деген сөз "аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 27-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:
      "аудиторлық қорытынды" деген сөздер "аудиторлық eceбi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қаржылық есепте" деген сөздерден кейiн "және басқа да ақпаратты" деген сөздермен толықтырылсын.
      8) 39-бап алынып тасталсын;
      9) 43-бапта:
      4) тармақшадағы ", сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      10) тармақшадағы "және уәкілетті аудиторлар" деген сөздер алынып тасталсын;
      10) 57-бап алынып тасталсын;
      11) 58-бап алынып тасталсын;
      12) 74-баптың 4-тармағындағы екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      13) 76-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бухгалтерлiк есепте сақтандыру резервтерінің көрсетiлуiнiң осы Заңның 46-бабында көрсетiлген пруденциалдық нормативтер мен өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттердің орындалуының, ондағы берілген мәлiметтердi тәуелсіз аудиторлық растағаннан кейiн уәкілеттi орган белгілеген нысандар мен мерзiмдер бойынша мәмілелер жасауға арналған шектеулердің сақталуының дұрыстығын тексерудi қамтиды.".

      17. "Ауылшаруашылық серiктестіктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 23, 413-құжат):
      28-баптың 1-тармағында:
      "жылдық" деген сөзден кейiн "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;
      "байланысты емес кәсiби аудиторды" деген сөздер "байланысты емес аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Тұтыну кооперативі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 10, 138-құжат):
      23-баптың 1-тармағында:
      "жылдық" деген сөзден кейiн "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;
      "байланысты емес аудитор" деген сөздер "байланысты емес аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):
      1) 12-баптың  6-тармағында "аудитор", "аудиторлар" деген  сөздер "аудиторлық ұйым", "аудиторлық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 17-баптың 2-тармағында "аудиторлар палатасы" деген сөздер "кәсiби аудиторлық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 35-баптың 2-тармағындағы екіншi сөйлемде "тәуелсіз аудитор" деген сөздер "аудиторлық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 83-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 15, 85-құжат; N 23, 142-құжат):
      21-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "(аудитормен)" деген сөздер алынып тасталсын.

      21. "Кредиттiк серiктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      27-баптың 4-тармағы алынып тасталсын.

      22. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат):
      1) 9-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы ", қаржылық ұйымдардың аудитiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 10-баптың 7) тармақшасындағы "және банктерге аудит жүргізуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 11-баптың 9) тармақшасындағы "және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудит жүргізуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың" деген сөздер алынып тасталсын.

      23. "Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2003 ж., N 24, 179-құжат):
      1) атауында және барлық мәтiн бойынша "аудиторлар", "аудиторларды және", "аудитор және", "аудитор немесе", "жеке кәсіпкер ретiнде аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлар және", "жеке кәсіпкер болып табылатын аудитормен жасасқан", "аудиторларға және" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 5-баптың 2-тармағында "оларды" деген сөз "оны" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 15-баптың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

       2-бап. Өтпелi ережелер
      1. Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.
      2. Жеке кәсіпкер болып табылатын аудиторлар осы Заң күшіне енген күнінен бастап бір жыл бойы аудиторлық қызметтi жүзеге асыра алады.
      3. Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын peттeу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті орган берген лицензияны қоспағанда уәкілеттi орган берген аудиторлық ұйымдардың лицензиялары және осы Заң күшіне енгенге дейiн берілген "аудитор" деген білiктілiк куәлігі жарамды.
      4. Осы Заңның 1-бабының 12-тармағының 10), 13) тармақшалары мен 14) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады