Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 402 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде:
      F санатындағы топ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігі мен Үкiметiнiң Әкiмшiлiк ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
      "Қазақстан Республикасы Парламентi Шаруашылық басқармасының Әкiмшiлiк ғимараттар дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады