Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 405 Қаулысы

      "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсiпорындар) құрылсын:
      1) "Meктепке дейiнгi балалық шақ" республикалық орталығы";
      2) "Республикалық бiлiктiлiктi растау және беру орталығы";
      3) "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы";
      4) "Ұлттық аккредиттеу орталығы";
      5) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1392 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1392 қаулысымен.
      2. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) кәсiпорындардың әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсiн;
      3) ocы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 77-1, 77-2, 77-3, 77-4, 77-5-жолдармен толықтырылсын:
"77-1.    "Мектепке дейiнгi балалық шақ" республикалық орталығы
77-2.     Республикалық бiлiктiлiктi растау және беру орталығы
77-3.     "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
77-4.     Ұлттық аккредиттеу орталығы
77-5.     Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау орталығы".
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Pеспубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады