Азаматтық, эксперименттiк және мемлекеттiк авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тiзбелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы N 524 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 25.12.2013 № 1398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының  33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тiзбесi;
      2) мемлекеттiк авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 27 мамырдағы  
N 524 қаулысымен     
бекiтiлген         

  Азаматтығы және эксперименттік авиацияның авиация
персоналы лауазымдарының тізбесі

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.17. N  291 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

            1. Басшылар:
      жолаушыларға жерде қызмет көрсету жөніндегі бас менеджер;
      бас инженер (оның орынбасарлары);
      бас метролог (оның орынбасарлары);
      бас механик (оның орынбасарлары);
      бас штурман;
      техникалық директор;
      авиация звеносының командирi (оның орынбасарлары);
      авиация жасағының командирi (оның орынбасарлары);
      авиация эскадрильясының командирi (оның орынбасарлары);
      әуе кемесiнiң командирi-нұсқаушы;
      бөлiмше командирi;
      оқу-жаттығу орталығының командирi (оның орынбасарлары);
      авиациялық-техникалық база бастығы (оның орынбасарлары);
      әуеайлақ-техникалық қамтамасыз ету базасының бастығы (оның орынбасарлары);
      жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi дирекцияның бастығы;
      ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы;
      авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi инспекцияның бастығы;
      ұшу-әдiстемелiк кабинеттің бастығы;
      ұшу құрамын оқыту қызметінің бастығы;
      техникалық бақылау бөлiмiнің бастығы;
      жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі бөлiмнiң бастығы;
      маркетинг және тұрақты тасымалдар бөлiмiнiң бастығы;
      жоспарлау бөлiмiнiң бастығы;
      сапа кепiлдiгi бөлiмiнiң бастығы (оның орынбасарлары);
      тексеру бөлiмшесiнiң бастығы (оның орынбасарлары);
      тексеру бөлiмшесiнiң ауысым бастығы;
      күзет және бақылау бөлiмшесiнiң бастығы;
      күзет және тексерудiң инженерлiк-техникалық құралдары бөлiмшесiнiң бастығы;
      авиациялық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң бастығы (оның орынбасарлары);
      авиациялық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң ауысым бастығы;
      аэровокзал кешенi қызметiнiң бастығы;
      әуеайлақ қызметiнiң бастығы;
      бортсерiктер қызметiнiң бастығы;
      штаб бастығы-әуе кемесінiң командирi;
      авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң бастығы;
      ұшуды жарық-техникалық және электр-техникалық қамтамасыз ету торабының бастығы;
      жолаушыларға жерде қызмет көрсету қызметiн басқарушы.
      2. Мамандар:
      ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi дерекқорды талдаушы;
      сапа кепілдігі ішкі жүйесiнің аудиторы;
      бортмеханик-нұсқаушы;
      бортсерiк-нұсқаушы;
      әуе кемелерiн пайдалану жөнiндегi жетекшi инженер;
      техникалық бақылау бөлімiнің жетекшi инженерi;
      техникалық қызмет көрсету жөніндегi жетекшi инженер;
      екiншi пилот;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметiнiң диспетчерi;
      авиациялық тасымалдарды (халықаралық, жолаушылар, почта-жүк) ұйымдастыру жөнiндегi диспетчер;
      тасымалдау қызметiнiң диспетчерi;
      инженер;
      борт инженерi;
      инженер-инспектор;
      инженер-зертханашы;
      инженер-механик;
      инженерлiк-авиациялық қызметтiң инженерi;
      борт инженер (механик)-сынақшы;
      ұшатын зертхананың борт инженер-сынақшысы;
      борт инженер-нұсқаушы;
      техникалық қызмет көрсетудi қысқа мерзiмдi жоспарлау жөнiндегi инженер;
      ұшу аппаратының және қозғалтқыштардың инженерi;
      авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтың инженерi;
      техникалық қызмет көрсету бағдарламасы жөнiндегi инженер;
      техникалық қызмет көрсету материалдарын жоспарлау жөнiндегi инженер;
      техникалық қызмет көрсетудi ұзақ мерзiмдi жоспарлау жөнiндегi инженер;
      жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер;
      авиациялық техниканы диагностикалау жөніндегі инженер;
      ұшу-әдістемелік жұмыстар жөнiндегi инженер;
      жабдықты жинақтау жөнiндегі инженер;
      сапа жөніндегі инженер;
      авиациялық техниканың сенiмділiгi жөнiндегi инженер;
      авиациялық техникамен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөніндегі инженер;
      тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi инженер;
      қозғалыс қауiпсiздiгi жөніндегi инженер;
      авиацияны арнайы қолдану жөніндегi инженер;
      авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және диагностикалау жөніндегi инженер;
      көлiк жөнiндегi инженер;
      объективтi бақылаудың авиациялық жабдығын пайдалану жөнiндегi инженер;
      әуеайлақтарды пайдалану жөнiндегi инженер;
      аэрофототүсiру (фотозертхана) жабдығын пайдалану жөніндегі инженер;
      әуе кемелерiн (әуе кемелерi жүйелерiн) пайдалану жөнiндегi инженер;
      тренажерларды пайдалану жөнiндегi инженер;
      ұшуды электр-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi инженер;
      инженер-электроник;
      инспектор;
      ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспектор;
      авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі инспектор;
      ұшу-өндiрiстiк қызметтің инспекторы;
      бақылау-өткiзу пунктінiң инспекторы;
      қызметтік иттердің жетекшiсi-инспектор (патрульдiк-iздестiру итiн алып жүрушi);
      нұсқаушы-дельтапланершы;
      борт нұсқаушысы-жолсерiк;
      тренажер нұсқаушысы;
      әуе кемесiнiң командирi;
      желілік пилот;
      бортта тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi менеджер;
      жолаушыларға жерде қызмет көрсету жөнiндегi менеджер;
      сапа кепiлдiгi менеджерi;
      ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi менеджер;
      оқыту жөнiндегi менеджер;
      ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi менеджер;
      сапа кепiлдiгi және техникалық сервис менеджерi;
      техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi менеджер;
      жедел техникалық қызмет көрсету жөнiндегi менеджер;
      ұшу-штурмандық бөлiмнiң әдiскер-нұсқаушысы;
      кiшi инспектор;
      коммерциялық авиация пилоты;
      пилот-нұсқаушы;
      әуесқой пилот;
      теңiз қондырғыларының радиооператоры;
      жер үстi радиооператоры;
      аға борт жолсерiгi;
      аға борт инженерi;
      аға борт механигi;
      аға борт операторы;
      аға борт радистi;
      аға инспектор;
      аға пилот-нұсқаушы;
      ұшу стандарттары жөнiндегi aғa менеджер;
      аға штурман;
      авиация технигі;
      ұшу ақпаратын өңдеу жөніндегі техник;
      теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi техник;
      тренажерларды пайдалану жөнiндегi техник;
      объективті бақылаудың авиациялық жабдығын пайдалану жөнiндегi авиация технигi (механик);
      әуе кемелерiн (әуе кемелерi жүйелерiн) пайдалану жөнiндегi авиация технигi (механик);
      шеф-пилот;
      штурман;
      штурман-нұсқаушы;
      штурман-оператор.
      3. Қызметкерлер:
      тексеру агенті;
      жолаушылар авиатасымалына қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөніндегі агент;
      почта-жүк авиатасымалына қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөніндегі агент;
      жолаушыларға жерде қызмет көрсету агентi;
      техникалық жоспарлау жөнiндегi әкiмшi;
      техникалық өндiрiс жөніндегі әкiмшi;
      сапа жөнiндегi әкiмшi;
      ұшу қауiпсiздігі жөніндегі әкiмшi;
      жедел басқару орталығы маманының ассистенті;
      ұшу құрамын оқыту жөнiндегi үйлестірушінің ассистентi;
      диспетчердiң ассистентi;
      ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi менеджердiң ассистентi;
      жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi үйлестіруші;
      теңдестіру жөнiндегi үйлестiрушi;
      бортсерiктер қызметiн үйлестірушi;
      экипаждарды үйлестірушi;
      ұшу құрамын оқыту жөнiндегi үйлестірушi;
      базалық техникалық қызмет көрсету жөніндегі үйлестiрушi;
      тренинг-үйлестiруші.
      4. Жұмысшылар:
      планер және қозғалтқыштар жөнiндегi авиация механигi (техник);
      аспаптар және электржабдығы жөнiндегi авиация механигi (техник);
      радио жабдығы жөнiндегi авиация механигі (техник);
      жанар-жағармай материалдарының авиатехнигi;
      бортмеханик;
      жүк ұшақтарының бортоператоры;
      бортсерік;
      бортрадист;
      бортштурман.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 27 мамырдағы  
N 524 қаулысымен     
бекiтiлген         

  Мемлекеттік авиацияның авиация персоналы
лауазымдарының тiзбесi

      Авиация механигi
      Авиация технигi
      Авиация диспетчерi
      Аккумуляторшы
      Аппаратшы
      Асфальт төсеуші
      Әуеайлақ жұмысшысы
      Борт авиация технигі
      Борт инженерi (нұсқаушы)
      Борт механигi-сынақшы
      Борт механигi
      Борт операторы
      Борт операторы-бортсерiк
      Борт атқыш-радисті
      Борт технигi-сынақшы
      Борт технигi
      Арнайы автомобиль жүргiзушісi
      Жүргiзушi-краншы
      Жүргiзуші-оператор
      Жүргізушi-электрик
      Әуе радисті
      Әуе атқышы
      Әуе атқыш-радисті
      Дәрiгер
      Екінші пилот
      Вулканизаторшы
      Eceптеуші
      Газ өндіруші
      Гидрометеобақылаушы
      Бас қолбасшы
      Бас инженер
      Бас инженер-нұсқаушы
      Бас маман
      Бас штурман
      Кезекшi әкiмшi
      Байланысты басқару пункті бойынша кезекшi
      Байланыс жөнiндегi кезекшi
      Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi кезекшi
      Іс жүргiзушi
      Шифр ашушы
      Дизелшi
      Диспетчер
      Үйдiң (жауынгерлiк кезекшiлiктiң, ұшу алды дайындығының) меңгерушiсi
      Ұшу-әдiстемелiк кабинетiнiң меңгерушiсi
      Бас штурманның орынбасары
      Бас қолбасшының орынбасары
      Авиация базасы командирінің орынбасары
      Авиациялық техниканы пайдалану және жөндеу жөнiндегi база командирінің орынбасары
      Әуеайлақ-техникалық қамтамасыз ету батальоны командирінің орынбасары
      Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бригадасы командирiнің орынбасары
      Әуеайлақ-пайдалану взводы командирiнің орынбасары
      Инженерлiк-әуеайлақ взводы командирінің орынбасары
      Автомобиль взводы командирінің орынбасары
      Жанармай құю взводы командирінің орынбасары
      Электр-газ взводы командирiнің орынбасары
      Авиациялық полк командирiнің орынбасары
      Әуеайлақ-пайдалану ротасы командирiнің орынбасары
      Техникалық рота командирiнiң орынбасары
      Авиациялық эскадрилья командирiнiң орынбасары
      Тiкұшақ эскадрильясы командирінің орынбасары
      Командирдiң орынбасары
      Авиациялық-техникалық бөлiмше бастығының орынбасары
      Әуе қорғанысы күштерi әскери институты бастығының орынбасары
      Бас орталық бастығының орынбасары
      Бас штаб бастығының орынбасары
      Топ бастығының орынбасары
      Кафедра бастығының орынбасары
      Командалық пункт бастығының орынбасары
      Авиациялық комендатура бастығының орынбасары
      Позиция бастығының орынбасары
      Қызмет бастығының орынбасары
      Техникалық-пайдалану бөлiмшесi бастығының орынбасары
      Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету торабы бастығының орынбасары
      Басқарма бастығының орынбасары
      Орталық бастығының орынбасары
      Штаб бастығының орынбасары
      Жедел кезекшінiң орынбасары
      Май құюшы
      Еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi инженер
      Инженер-әдiскер
      Инспектор
      Ұшқыш-нұсқаушы
      Ұшқыш-нұсқаушы-әдiскер
      Парашюттiк-десанттық дайындық нұсқаушысы
      Нұсқаушы-штурман
      Ақпаратшы
      Сынақшы (парашюттi)
      Қоймашы-аспапшы
      Кодтаушы-планшетшi
      Кодтаушы
      Авиациялық база командирi
      Әуеайлақ-техникалық қамтамасыз ету батальонының командирi
      Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бригадасының командирi
      Тiкұшақ командирi-сынақшы
      Тiкұшақ командирi
      Автомобиль взводының командирi
      Әуеайлақ пайдалану взводының командирi
      Инженерлiк-әуеайлақ взводының командирi
      Жанармай құю взводының командирi
      Электр-газ взводының командирi
      Авиация звеносының командирi
      Тікұшақ звеносының командирi
      Кеме командирi
      Бөлiмше командирi
      Жеке жасақ командирi
      Авиациялық жасақ командирi
      Тiкұшақ жасағы командирi
      Авиациялық полк командирi
      Әуеайлақ-пайдалану ротасының командирi
      Техникалық ротаның командирi
      Авиациялық оқу-жаттықтыру полкiнiң командирi
      Экипаж командирi
      Авиация эскадрильясының командирi
      Жеке авиация эскадрильясының командирi
      Аралас авиация эскадрильясының командирi
      Тiкұшақ эскадрильясының командирi
      Әуеайлақ коменданты
      Ұшып өтетін экипаждардың демалыс және дайындалу ғимаратының коменданты
      Компрессоршы
      Зертханашы
      Зертханашы-фотограф
      Ұшқыш
      Ұшқыш-әдiскер
      Ұшқыш-оператор
      Ұшқыш-штурман (сынақшы)
      Ұшқыш-штурман
      Желілiк қадағалаушы
      Бояушы
      Кран машинисi
      Метеобақылаушы
      Метеоролог
      Әдістемеші
      Механик
      Механик-радиотелеграфшы
      Механик-телеграфшы
      Моторшы
      Бақылаушы
      Авиация бастығы
      Авиациялық-техникалық бөлiм бастығы
      Аппарат қызметiнің бастығы
      Ұшу қауiпсiздiгi бастығы
      Бюро бастығы
      Әуе қорғанысы күштерi әскери институтының бастығы
      Әуе атысы және тактикалық дайындық бастығы
      Газ-зарядтық станциясының бастығы
      Бас орталықтың бастығы
      Бас штабтың бастығы
      Қызмет көрсету тобының бастығы
      Регламенттік жұмыс тобының бастығы
      Кезекшілiк ауысымның бастығы
      Іс жүргiзу бастығы
      Диспетчерлiк пункттiң бастығы
      Диспетчерлiк қызметтің бастығы
      Ұшу-әдiстемелiк кабинетiнің бастығы
      Инспекция бастығы
      Кафедра бастығы
      Командалық пункттiң бастығы
      Өрттен қорғау және құтқару жұмыстары командасының бастығы
      Авиациялық комендатураның бастығы
      Курс бастығы
      Зертхана бастығы
      Ұшатын зертхананың бастығы
      Шеберхананың бастығы
      Метеорологиялық қызметтің бастығы
      Бөлiм бастығы
      Бөлiмше бастығы
      Беру радиоорталығының бастығы
      Позиция бастығы
      Полигон бастығы
      Пост бастығы
      Жетек радиостанциясының бастығы
      Қабылдау радиоорталығының бастығы
      Өндiрiс бастығы
      Дайындық бастығы
      Пункт бастығы
      Радиоқашықтық өлшеу бастығы
      Радиолокациялық жүйенiң бастығы
      Радиолокациялық станцияның бастығы
      Радиомаяктың бастығы
      Радиопеленгатордың бастығы
      Радиостанция бастығы
      Жақын навигация радиотехникалық станциясының бастығы
      Радиоторап бастығы
      Барлау бастығы
      Есептеу бастығы
      Авиация түрiнiң бастығы
      Жарықпен жабдықтау бастығы
      Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бастығы
      Құпия бөлiмшенің бастығы
      Қойма бастығы-нұсқаушы
      Қойма бастығы
      Ұшу қауiпсiздiгi қызметiнің бастығы
      Қызмет бастығы
      Ауысым бастығы
      Станция бастығы-сынақшы
      Станция бастығы
      Ұшақтарды қондыру станциясының бастығы
      Техникалық бөлiмнің бастығы
      Техникалық-пайдалану бөлімiнің бастығы
      Тренажер бастығы
      Торап бастығы-аға оператор
      Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету торабының бастығы
      Басқарма бастығы
      Оқу бөлімiнің бастығы
      Оқу бөлiмшесiнiң бастығы
      Дене тәрбиесi дайындығы және спорт бастығы
      Орталық бастығы
      Цех бастығы
      Штаб бастығы
      Экспедиция бастығы
      Электрлiк-күш құрылғылары бастығы
      Электр станциясы бастығы
      Топ бастығы
      Жедел кезекшi
      Оператор
      Жауапты орындаушы
      Офицер
      Парашютшi
      Ұшқыш
      Планшетшi
      Өрттен құтқарушы
      Өрт сөндiрушi
      Бас қолбасшының көмекшiсi
      Авиациялық база командирінің көмекшiсi
      Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бригадасы командирiнің көмекшiсi
      Тiкұшақ командирінің көмекшiсi
      Кеме командирінiң көмекшiсi
      Авиациялық полк командирiнің көмекшiсi
      Командалық пункт бастығының көмекшiсi
      Авиациялық комендатура бастығының көмекшiсi
      Бақылау-техникалық пункт бастығының көмекшiсi
      Бөлiм бастығының көмекшiсi
      Бөлiмше бастығының көмекшiсi
      Қызмет бастығының көмекшiсi
      Цех бастығының көмекшiсi
      Ұшу басшысының көмекшiсi
      Штурманның көмекшiсi
      Дәрiгерлiк-ұшу комиссиясының төрағасы
      Оң жақ ұшқыш
      Комиссияның төрағасы (білiктілiк)
      Оқытушы
      Прожекторшы
      Радиозондшы
      Радиомеханик
      Радиотелеграфшы
      Радиотелефоншы
      Радист
      Ұшу басшысы
      Санитарлық нұсқаушы
      Дәнекерлеушi
      Слесарь
      Слесарь-механик
      Аға авиация механигi
      Аға авиация технигi
      Аға автопилотшы
      Аға борт авиациялық техник-нұсқаушы
      Аға борт инженерi
      Аға борт механигі
      Аға борт операторы
      Аға жүргiзушi
      Аға әуе радисi
      Аға әуе атқышы
      Аға гидрометеоқадағалаушы
      Аға грейдершi
      Байланыс жөнiндегі аға кезекшi
      Аға диспетчер (ұшып өту және қону жөнiндегi)
      Аға инженер
      Аға инженер-инспектор
      Аға инженер-ұшқыш
      Аға нұсқаушы
      Аға ұшқыш-нұсқаушы
      Аға компрессоршы
      Аға зертханашы
      Аға ұшқыш
      Аға ұшқыш-инспектор
      Аға ұшқыш-нұсқаушы
      Аға жүргiзушi-шебер
      Аға метеоқадағалаушы
      Аға метеоролог
      Аға механик-телеграфшы
      Аға механик
      Аға моторшы
      Аға қадағалаушы
      Аға нысаналаушы
      Аға оператор
      Аға офицер
      Аға ұшқыш
      Аға хатшы
      Аға планшетшi
      Аға өрттен құтқарушы
      Ауысым бастығының аға көмекшiсi
      Ұшу басшысының аға көмекшiсi
      Аға оқытушы
      Аға пулеметші
      Аға радиотелеграфшы
      Аға радист
      Аға радист-кодтаушы
      Аға маман
      Аға атқыш
      Аға техник
      Топтың аға технигі
      Аға фотограмметршi-шифр ашушы
      Аға сызбашы
      Аға штурман
      Аға штурман инспектор
      Телеграфшы
      Телефоншы
      Техник
      Техник-нұсқаушы
      Токарь-қоймашы
      Тракторшы
      Парашютті жинаушы
      Фельдшер
      Фельдшер-құтқарушы (борттық)
      Фотограмметршi
      Фрезерші
      Планшетті сызушы
      Сызушы
      Көздеушi штурман
      Штурман
      Ұшқыш штурман
      Әдіскер-штурман
      Бағдарламашы штурман
      Экспедитор
      Сарапшы
      Электрик
      Электромонтер
      Қолмен дәнекерлеу электр дәнекерлеушiсi
      Энергетик

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады