Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 маусымдағы N 728 және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 615 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының Халықаралық Архивтер кеңесiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 маусымдағы N 728  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 27, 300-құжат):

      1-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасына" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасының" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 11, 81-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiнде:
      7-тармақтағы "қоғамдық келісім" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады