"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 618 Қаулысы

       Ескерту. Қазақстан Республикасының Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2006.03.30.  N 213  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

       1-бап.  "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7, N 8, 23-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) тәуелкелдi бағалау - қолданылуы мүмкiн санитарлық-iндетке қарсы (алдын aлу) iс-шараларды және соған байланысты Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметi өткiзетiн медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларды ескере отырып, жұқпалы және паразитарлық аурулар қоздырғыштары немесе тасымалдаушылар енгiзiлуi және таралуы, сондай-ақ олардың химиялық, микробиологиялық, радиологиялық ластануына байланысты халықтың денсаулығы үшiн қауiпсiз емес тауардың әкелiну мүмкiндiгiн ғылыми негізделген тұрғыдан бағалау";

      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 32), 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:
      "32) халықаралық практикадағы жалпы қабылданған тәуекелдi бағалау әдiстерiн ескере отырып, тәуекелдi бағалауды жүргiзудiң тәртібiн белгiлейдi;
      33) егер бұл iс-шаралар елдiң аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиiсті деңгейiн қамтамасыз етсе, барабар ретiнде басқа елдердiң санитарлық-iндетке қарсы (алдын алу) iс-шараларын таниды;
      34) ауру таралмаған немесе ауру таралу деңгейi төмен аумақтарды немесе олардың бөлiктерiн айқындайды";

      3) 7-1-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) тәуекелдi бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады";

      4) 8-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      "24) өз құзыретi шегiнде тәуекелдi бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады";

      5) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) тәуекелдi бағалауды жүзеге асырады";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) тәуекелдi бағалауды жүзеге асырады";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) тәуекелдi бағалауды жүзеге асырады";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) тәуекелдi бағалауды жүзеге асырады";

      6) 15-баптың 1-тармағы "деректер банкiн түзу мен жүргiзудi" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық талаптары бар мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесінiң құжаттарын үйлестiрудi".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады