"Қазмырыш" акционерлiк коғамының акциялары мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 627 Қаулысы

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721  Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазмырыш" акционерлiк қоғамының акциялары мемлекеттiк пакетiнiң 5 (бес) пайызы мөлшерiндегi бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасы арқылы сатуды жүзеге асырсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады