Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 шілдедегі N 773 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Үкiметтiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттік нөмiрi 17-1-жолдың 3-бағанындағы "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету, " деген сөздер алынып тасталсын;
      2)  күші жойылды
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N  610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 25 шілдедегі   
N 773 қаулысына      
қосымша       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешімдерiнiң тiзбесi

      1. "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға 15 тамыздағы  N 1262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 30 қаңтардағы N 56  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 3, 19-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 330  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 11-12, 121-құжат).

      4. "Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 3-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады