"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 902 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба        

  "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнама актілерiне
Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және
мұнай операцияларын жүргiзу мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнама актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1. "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-баптың 36) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "36) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган - геологиялық зерттеу, жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";

      2) 6-баптың 1-тармағында 7-4) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) мұнай-газ саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзiрлеу және бекiту.";

      3) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-баптармен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi
                уәкілетті органның құзыретi

      1. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органның құзыретiне:
      1) келісім-шарттық аумақты қайтаруға байланысты ресiмделетiн геологиялық және тау бөлiнiстерiн дайындау және беру;
      2) барлауды немесе өндiрудi жүзеге асыру жұмыстарының бағдарламасын келiсу;
      3) осындай бағдарламалар бекiтiлген күннен бастап екi апта мерзiмде жылдық жұмыс бағдарламаларының келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн құзыреттi органға ұсыну;
      4) жылдық жұмыс бағдарламасына мердiгер ұсынған өзгерiстердi келiсу;
      5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде жылдық жұмыс бағдарламаларын келiсу кiредi.

      6-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның
               құзыреті

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      2) мұнай операцияларын жүргізу кезiнде, мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезiнде аварияларды және өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасын келiсу кiредi.";

      4) 26-1-баптың 5-тармағында "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 30-1-бапта:
      4-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 30-2-баптың 2-тармағында:
      "бекiту" деген сөз "келiсу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органда" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 30-3-бапта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 30-5-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Iлеспе газды кәдеге жарату жөнiндегi бағдарламалары уәкiлеттi органда 2004 жылғы 1 желтоқсанда бекітілген (келiсiлген) жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттары бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлерге кәдеге жарату бағдарламасын iске асыру мерзiмдерi аяқталғанша осы баптың бiрiншi бөлiгi қолданылмайды.
      2004 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күй бойынша жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттары бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын және аталған бағдарлама құзыреттi органда және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлетті органда әзiрленiп, келiсiлген жағдайда, осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген iлеспе газды кәдеге жарату бағдарламалары жоқ мердiгерлерге бiрiншi бөлiк қолданылмайды.";
      3-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлетті органның" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын және "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 30-7-баптың 2-тармағында "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 31-баптың 4-тармағында "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 36-2-бапта:
      3-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның" және "тиiстi қорытындысы болғанда" деген сөздер тиiсiнше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органның" және "мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша тиiстi қорытындысы болған кезде" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 36-3-баптың 2-тармағында:
      "құзыреттi" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Құзыретті" деген сөз "Уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органмен келiсілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 41-баптың 12) тармақшасында "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлетті органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 53-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-бап. Келiсiм-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi,
               акциялардың үлестерiн (пакеттерiн) беру

      1. Мердiгердiң келiсiм-шарт бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерінің барлығын немесе бiр бөлігін басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруi, сондай-ақ мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келiсiм-шарт бойынша мердiгер болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялардың пакетiн) иелiктен шығаруы құзыреттi органның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн. Құзыреттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртiппен мердiгерге келісім-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi беруге рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген негiздер бойынша мердiгер болып табылатын тұлғаның жарғы капиталындағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) иелiктен шығаруына рұқсат бермеуге құқылы.
      Аффилиирленген тұлғалармен мәмілелерге қатысты осы шарттарды сақтау мiндеттi. Аффилиирленген тұлғалар дегенiмiз жер қойнауын пайдаланушының еншiлес ұйымдары мен Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргiзуге мердігер болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталдағы акциялары пакетiне немесе қатысу үлесiне иелік ететiн ұйымдар.".

      2. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жарғысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 7-1), 19-1), 19-2), 49-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) тарихи шығындар - мемлекет Келiсiм-шарттық аумақты геологиялық зерттеуге, кен орындарын, iздеуге, барлауға жұмсаған жиынтық өткен шығындар;
      19-1) келiсiм-шарттың шеңберiнде құқықтарды шоғырландыру - Қазақстан Республикасымен жасалған келісім-шарттағы консорциум қатысушысының бiрiнiң мұндай қатысушыға келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша дербес шешiм қабылдауға мүмкiндiк беретiн үлесiнiң осындай шамасы;
      19-2) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргiзу құқықтарын шоғырландыру - бұл бiр елден шыққан бір немесе бiрнеше тұлғалардың Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiне қауiптi туғыза алатын немесе қауiп төндiретiн Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргiзуге арналған әр түрлі келісім-шарттардағы осындай үлеске немесе Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталындағы осындай меншiк үлесiне ие болуы;";
      49-1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі уәкiлеттi орган - жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзген кезде жер қойнауының ластануын болдырмау және қоршаған ортаға зиянды әсер етудi азайту саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      2), 8), 29), 35), 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жағалау жиегі - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (судың толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi;
      8) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағының және жекелеген бөлiктерiнiң геологиялық құрылымын зерттеуге, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын iздестiруге байланысты жұмыстар (операциялар);
      29) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде жер қойнауының ластануын болдырмауға және қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған iс-шаралар жүйесi;
      35) iздестіру-бағалау жұмыстары - табылған объектiнiң жалпы ресурстарын айқындау, олардың өнеркәсiптiк маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығы мен қажеттiлiгiн техникалық-экономикалық негiздеу мақсатындағы геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;
      49) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi орган - геологиялық зерттеу, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      2) 7-баптың 7) тармақшасы "жер қойнауы" деген сөздердiң алдынан "кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 8-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) кендердi мемлекеттiк зерттеу бойынша жұмыстар жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттардың сараптамаларынан өзге, келiсiм-шарттық құжаттардың жобаларын сараптамадан өткiзудi ұйымдастыру;";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарттардың талаптарын орындауының мониторингi және оны бақылау.";
      9) тармақша "бiрлесе отырып," деген сөздерден кейiн "қазақстандық үлес бойынша," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) көмiрсутегi шикiзатын өндiру бойынша кен орындарын игеру жобаларын әзiрлеу және бекiту тәртiбiн белгiлейдi;
      11) жер қойнауын пайдалану аясындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекiтеді.";

      4) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi
                уәкiлетті органның құзыретi

      1) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; тау-кен жұмыстарын дамытудың жоспарларын (жобаларын) бекiтедi;
      2) көмiрсутегi шикізатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру бойынша кен орындарды игеру жобаларын бекiтедi;
      3) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарды салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын бередi;
      4) пайдалы қазбалар қорларының, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпараттың, жер қойнауын мемлекеттiк зерттеу және мониторинг жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттiк сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалардың қорларын бекiтедi;
      5) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалардың, қауiптi геологиялық процестердiң мемлекеттік кадастарларын жасауды ұйымдастырады және жүргізедi;
      6) мемлекет жер қойнауын пайдалану аумағын (келiсiм-шарттық аумақ) геологиялық зерттеуге жұмсаған тарихи шығындардың көлемi мен құнын айқындайды; республикалық және аумақтық жер қойнауының геологиялық ақпаратының қорларын ұйымдастырады және жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      7) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлігінде жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртiбiн сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      8) кендердi зерттеу мен пайдалану бойынша мониторингтi жүзеге асырады;
      9) жер қойнауының ұтымды және кешендi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған жағдайда жылдық жұмыс бағдарламаларын келiседi;
      11) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеудi жүзеге асырады.";

      5) мынадай мазмұндағы 8-2, 8-3-баптармен толықтырылсын:

      "8-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
                органның құзыреті

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) қоршаған ортаның қорғалуын, оның iшiнде жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және ағынды сулардың жер қойнауына ағылуының Мемлекеттік кадастрын жүргiзедi;
      3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкілеттi органмен бiрлесiп жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу нәтижесiнде келтiрiлген залалдың көлемiн айқындайды;
      4) келiсiм-шарттық аумақтағы немесе одан тыс жерлердегi барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттар мен ағынды суларды көмуге арналған жерасты құрылыстарды салуға және (немесе) пайдалануға рұқсаттар берудi келiседi.

      8-3-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де уәкiлетті
               органдардың құзыретi

      1. Сауда және индустриалдық саясатты мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) қазақстандық өнiм шығарушылардың және мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және мiндетті түрде конкурстық негізде сатып алынатын Қазақстанда шығарылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастырады және жүргізедi;
      2) облыстық атқарушы органдардың облыста тiркелген, мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарлар, жұмыстар шығаратын және қызметтер көрсететiн ұйымдар бойынша деректер тiзiлiмiн қалыптастыру жөнiндегi қызметiне әдiстемелiк басқарушылықты жүзеге асырады;
      3) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қатысты қазақстандық үлестi есептеу әдiстемесiн құзыреттi органмен келiсiм бойынша әзiрлейдi және бекiтедi;
      4) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуға қатысты қазақстандық үлес бөлігіндегі келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
      5) Қазақстан Республикасында дамып жатқан басымдық жоғары технологиялық өндiрiстердiң тiзбесiн құзыреттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.
      2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын үйлестiрушi уәкiлетті орган:
      1) қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық үлестi есептеу әдiстемесiн құзыреттi органмен келiсiм бойынша әзiрлейдi және бекiтедi;
      2) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды тарту бөлiгiнде қазақстандық үлес бойынша келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады.";

      6) 13-бапта:
      1-2-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 13-1-баптың 3-тармағында "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлеттi орган" және 4-тармағында "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер тиiсiнше "Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті орган" және "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 14-бапта:
      1-тармақта:
      "(еншiлес ұйымнан және әмбебап құқықтық мирасқорлық шарттармен беру жағдайларынан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "он бec" деген сөздер "қырық бec" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-1-тармақта:
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құзыреттi орган:
      1) егер жер қойнауын пайдалану құқығын беру көзделген тұлға жер қойнауын пайдаланушыға келiсiм-шартпен жүктелетiн мiндеттемелердi немесе мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн (жер қойнауын пайдалану құқығы iшiнара берілген жағдайда) орындауға қабiлеттi болмаса;
      2) жер қойнауын пайдаланушы уәкiлеттi органға көрiнеу жалған ақпарат берсе;
      3) егер жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдiң ұлттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөнiндегі талаптардың сақталмауына әкелсе, оның iшiнде құқықтар шоғырланған жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсатты беруден бас тартуға құқылы.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын беру рұқсатын беруден негізсiз бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес даулануы мүмкiн.";
      үшiншi бөлiк алынып тасталсын;

      9) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер
               қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру ерекшелiктерi

      1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудi осы Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар жүргiзе алады.
      2. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеудi жүргізу кезiндегi жұмыстар (операциялар) аймақтық және геологиялық-түсіру жұмыстарын, геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргiзудi, iздеу, iздеу-бағалау, іздеу-барлау және барлау жұмыстарын, мемлекеттiк геологиялық карталарды жасауды, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердi, өздiгiнен төгiлетiн гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жоюды және консервациялауды қамтуы мүмкін.
      3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бюджеттiк қаражат немесе заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қаржыландырылуы мүмкiн.";

      10) 41-3-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшiн жер қойнауы учаскесiнiң атауы;";
      мына мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) өтінім берушiнiң конкурсқа қатысқаны үшiн жарна төлегенi туралы құжаттың көшiрмесi болуы тиiс";
      41-4-баптың 1-тармағының бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Заңның 41-3-бабының талаптары сақталған жағдайда өтінім қарауға қабылданды.";

      11) 41-5-бапта:
      2-тармақта:
      1-1) тармақша "қаржылық" деген сөзден кейiн ", техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-3) тармақша "тарту" деген сөздiң алдынан "қазақстандық кадрларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 41-6-баптың 3) тармақшасы "конкурсқа қатысуға өтiнiмiнде және (немесе)" деген сөздер алынып тасталсын;

      13) 41-7-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгi "Үкiметi" деген сөзден кейiн ", ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша облыс Әкiмi" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      "бepмеген" деген сөз "бекiтпеген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жоба" деген сөз алынып тасталсын;
      "бір жылдан артық мерзiмде" деген сөздер "конкурс жеңiмпазы деп тану туралы шешiм шығарылған күннен бастап 12 ай iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 42-бапта:
      2-3-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "2-3. Жұмыс бағдарламасы келiсiм-шартқа мiндетті қосымша болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:
      "2-4. Тараптар келiсiм-шартты жасаған кезде жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт бойынша жұмыстарға тартылатын қазақстандық қызметкерлерге төлейтiн, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыруының ресми ставкасынан туындай отырып, жыл сайын индекстелетiн жалақының деңгейiн келiседi.";

      15) 44-бапта:
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "жер қойнауын қорғау" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", сондай-ақ қазақстандық мазмұнның бар екендігі жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiк алынып тасталсын;
      4 және 6-тармақтар алынып тасталсын;

      16) 45-1-бапта:
      2-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі мемлекеттiк орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттік орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі мемлекеттiк орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және
                пайдалану"

      18) 47-баптың тақырыбы және бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер
               қойнауын зерттеу және пайдалану мiндеттерi

      Қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану:";

      19) 49-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану және жер
               қойнауын қорғау саласындағы талаптар";

      1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жер қойнауын ұтымды әрі кешендi пайдалану және жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесе отырып, жер қойнауын зерттеу және пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар айқындайды. Залалды есептеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.";

      20) 50-баптың 1-тармағында "мәселелерiмен шұғылданатын атқарушы органдардың" деген сөздер "саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау

      1. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде жер қойнауының ластануын болдырмау және жер қойнауын пайдалану кезiнде операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайту жөнiндегi бөлiгiндегi Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау:
      1) жер қойнауын қорғау жөнiндегі мемлекеттiк мониторингтi;
      2) жер қойнауын қорғау саласына жататын лицензиялық-келiсiм-шарттық талаптардың сақталуын бақылауды;
      3) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудi және ағын сулардың жылыстауын бақылауды;
      4) кен орны мен қоршаған ортаның бүлiнуiне әкеп соғатын ластанудан, су басудан, өрттен және техногендік процестерден жер қойнауының сақталуын бақылауды;
      5) жер қойнауын пайдалану объектілерiнiң консервациялануын және таратылуын бақылауды;
      6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтиды.";

      22) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:

      "51-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалануды мемлекеттiк
                 бақылау

      1. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылау мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын iздестiру және бағалау, өндiру кезiнде минералды шикiзатты ұтымды және кешендi пайдалану, өндiруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшiн геологиялық зерттеу және жер қойнауы учаскелерiн бағалау кезiнде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылау:
      1) қорларды ашуды, әзiрлеудi және қазып алуды қамтамасыз ететiн, кен орындарының бай учаскелерiн таңдап игерудi болғызбайтын, жер қойнауын геологиялық зерттеу мен пайдалануды, кен орындарын игерудiң техникалық жоба шешiмдерiн сақтауды бақылайды;
      2) пайдалы қазбалардың сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорлары мен оларды өндiру кезiндегi шығынды есепке алудың дұрыстығын бақылауды қамтиды.";

      23) 52-1-баптың 2-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлетті органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 53-бапта:
      1-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті органның" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "пайдалану" деген сөз "зерттеу және пайдалану жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 58-бапта:
      1-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті орган мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы жөнiндегі ақпаратты ұсынады.";

      26) 59-баптың 1-тармағында:
      "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мемлекеттiк" деген сөз "салалық (секторлық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 60-баптың 1-тармағында "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 61-баптың 1-тармағында "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі мемлекеттiк орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 63-баптың 1-тармағында:
      12) тармақшадағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
      "19) келiсiм-шарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге мiндеттi.";

      30) 64-бапта:
      2 және 4-тармақтарда "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Барлау, өндiру не бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегі операцияларды жүргiзетiн жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде жылдық жұмыс бағдарламасын жыл сайын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органмен, егер келiсiм-шартта мұндай келiсiм үшiн өзгеше мерзiм белгіленбесе, бiрiншi жылы - келiсiм-шарт жасалған айдан кейiнгi айдың 30-нан кешiктiрмей, ал одан кейiнгi жылдары жоспар жасалып отырған жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей келiсуге мiндеттi.
      Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi орган мердiгердiң техникалық жобаның шешiмдерiн және кен орындарын игерудiң оң тәжiрибесiн қолдану жөнiндегi мiндеттемелердi сақтамауынан басқа ешқандай өзге негiздер бойынша жылдық жұмыс бағдарламасымен келiспеуге құқылы емес. Жылдық жұмыс бағдарламасын қарау және келiсу мерзiмi жетi күннен аспауға тиiс.";
      5-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi орган жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн олардың келiсiлген күнiнен бастап бiр айдан кешiктiрмей құзыретті органға табыс етеді.";

      31) 69-бапта:
      1-1-тармақта:
      "2-тармағына" деген сөздер "3-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Мемлекеттік меншiкте тұрған геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бөлiгi ретінде анықталады.
      Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын анықтау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
      4-тармақтың бiрiншi бөлігінде:
      "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлетті орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 70-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн мемлекеттiк
                 органдар тарапынан бақылау

      Құзыреттi орган мен қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органдардан басқа Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн бақылауды өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыреттерi шегiнде жүзеге асырады.";

      33) 71-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiздерiн сақтау және нығайту үшiн жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келiсiм-шарттарда жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөнiндегi келiсiм-шарттарды қоспағанда, мемлекеттiң келiсiм-шарттың басқа тарапының немесе жер қойнауын пайдалануға құқығы бар заңды тұлға қатысушыларының және басқа тұлғалардың алдында жер қойнауын пайдалану құқы бар заңды тұлғадағы, сондай-ақ, егер осы заңды тұлғаның негiзгi қызметi басқа сатып алушылар ұсынғаннан нашар болмайтын шарттармен Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде белгiлеуге және (немесе) оларға әсер етуге мүмкiндігі бар заңды тұлғадағы иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлігін) және (немесе) қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) сатып алуға басым құқығы бар.".

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 173-құжат; 2000 ж., N 5, 115, 120-құжат; 2004 ж., N 14, 182-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының стратегиялық ресурстарын пайдалану жөнiндегi келiсiм-шарттарды жасасу, осы келiсiм-шарттарды орындау және олардың орындалуын бақылау кезiнде, сондай-ақ құзыреттi органның жер қойнауын пайдаланушының жер пайдалану құқығын басқа тұлғаға iшiнара немесе толық беруiне рұқсаттарды беруден бас тартуы немесе беруi туралы шешiм қабылдауы кезiнде және жер пайдалану құқығына ие болған заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялардың пакетiн) иелiктен айыруға рұқсаттарды беруден бас тартуы немесе беруi кезiнде мiндеттi түрде ескерiледi.
      Бұл ретте құзыреттi орган, егер бұл бiр тұлғада немесе елдiң бiрiнiң тұлғалар тобында мұнай операцияларын жүргiзуге құқықтарды шоғырландыруға әкелетiн болса, өтiнiм берушiге осы тармақпен көзделген мәмiлелердi жасауға рұқсат беруден бас тартуға құқылы.
      Аффилиирленген тұлғалармен мәмiлелер жасауға қатысты осы талаптарды сақтау мiндеттi.".

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады