Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі N 910 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңы  8-бабының  7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2005 жылғы 12 қыркүйектегі
N 910 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының
жағалау белдеуiн пайдалану ережесi

      1. "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегі Заңы 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзiрленген Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) оны пайдаланудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

      2. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiнде заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) кемелердiң және өзге де жүзу құралдарының айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына, жүктердi тиеуге, түсiруге және сақтауға, жолаушыларды кемелерге отырғызуға және кемелерден түсiруге арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi имараттар орналастыруға;
      2) кемелердiң алдын ала болжанбаған қыстап қалуы немесе олардың көлiк оқиғаларына ұшырауы жағдайында уақытша имараттар мен құрылыстар салуға және басқа да қажетті жұмыстар жүргiзуге рұқсат етіледi.
      Уақытша имараттар мен құрылыстарға жағалау белдеуiн уақытша пайдалану кезеңiне арнайы салынған немесе лайықталған объектілер жатады.

      3. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiнде навигациялық шырақтарды қоспағанда, кеме жолына қарай бағытталған қандай да бiр тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салынады.

      4. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 N 1434 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5. Жағалау белдеуi шектерiнде руда емес құрылыс материалдарын өндiрудi, орман кесудi, көпірлер салуды және басқа да жұмыстарды жүргізетiн ұйымдар, осы белдеуде орналасқан кеме қатынасы мұқтаждарына арналған имараттардың сақталуын қамтамасыз етедi және жұмыстарды жүргiзу кезiнде болған осы имараттардың ақауларын уақтылы жөндеудi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 N 1434 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Уәкiлеттi орган, жағалау белдеуiнiң учаскесi қарауында болатын кәсiпорынның ұсынуы бойынша пайдаланушыға бұл учаскенi осы орган белгiлейтiн мерзiмге уақытша пайдалануға рұқсат бередi. Жағалау белдеуiн уақытша пайдалану мерзiмiн әрбiр нақты жағдайда уәкiлетті орган белгілейдi.

      7. Егер мұндай қызмет кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен сыйыспайтын болса, жағалау белдеуiн шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.

      8. Жағалау белдеуінде орналасқан объектілерді салу немесе қайта жаңарту жобалары міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылуы тиіс.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 N 1434 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады