"Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесiне қарсы күрестiң 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 930 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және
есiрткi бизнесіне қарсы күрестiң 2006-2014 жылдарға
арналған стратегиясын бекiту туралы

      Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және есiрткi бизнесiнiң таралуына тиiмдi мемлекеттік және қоғамдық қарсы iс-қимыл жасауды одан әрi қалыптастыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткі бизнесiне қарсы күрестiң 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы бекiтілсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi шешiмдер әзiрлеу кезiнде осы Стратегияның негiзгi ережелерiн басшылыққа алсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2005 жылғы "___" ________
N ___ Жарлығымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және
eсipткі бизнесiне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған
стратегиясы

1. Кiрiспе

      Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан қоғамының гүлденуi, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мүддесінде әзірленді.
      Стратегия "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735  Жарлығының негiзгi ережелерiне жауап бередi, онда нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес Үкіметтің басым міндетi болып айқындалған. Мұнда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттердің басшылары 1999 жылғы 25 тамызда жариялаған Бішкек декларациясының ережелерi, 2000 жылғы 21 сәуiрде Ташкент қаласында Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығына қатысушы мемлекеттердiң басшылары қол қойған "Tepрopизмге, саяси және дiни экстремизмге, ұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа және Тараптардың тұрақтылығына өзге де қауіп-қатер төндiруге қарсы күpec жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы  шарттың " epeжeлepi ecкepiлгeн.
      Стратегия ахуалға және ел Президентiнің 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына  Жолдауында айтылған есiрткiге қарсы күрес саласындағы қызметтiң перспективаларына берiлген бағаға негiзделген, онда нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес мемлекеттің басым міндеттерiнiң бiрi ретінде көрiнiс тапқан.
      Стратегияның заңнамалық базасын "Есiрткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегi  Заңы құрайды. Сондай-ақ осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң epeжeлepi ескерiлген.
      Стратегияның мазмұнында Президенттің 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394  Жарлығымен бекiтiлген алдыңғы Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есiрткi бизнеcіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру барысында қол жеткізілген және оның 2000-2001, 2002-2003 және 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламаларын орындау үшін қабылданған нәтижелер баяндалған.
      Осы Стратегия Қазақстан Республикасы Қауіпсіздiк Кеңесінiң отырысы 2005 жылғы 20 мамырдағы N 3 хаттамасының екiншi мәселесi 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 13 сәуiрдегі N 411  қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнеcіне қарсы күрестің 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасының 1-тармағын орындау үшін әзiрлендi.

2. Проблеманың жай-күйiн талдау

      Қазiргi таңда Қазақстан қоғамының алдында тұрған көптеген проблемалардың ішінде ел халқының денсаулығына және тұтастай алғанда ұлттық қауіпсiздiкке төнген жаһандық қатер ретінде нашақорлықтың және еcірткі бизнесiнің өсу проблемасы сенiмдi түрде алдыңғы орындардың біріне шығып келеді. Соңғы 10 жыл ішіндегi Қазақстандағы есiрткi ахуалына жасалған талдау республикадағы есiрткi ахуалы тұрақты терiс серпіні бар айтарлықтай шиеленіспен сипатталатындығын куәландырады. Есiрткi ахуалының күрделенуi бірқатар ішкі қайшылықтарға ғана емес, сонымен қатар сыртқы геосаяси пpoцeстepгe де байланысты.
      Қазiргi кезде Орталық Азия өңiрi әр алуан шығу түрлері мен нысандардағы есiрткiлердiң экспансиясына ұдайы ұшырап отыр. Оның негiзгi себептерi:
      1) есiрткi қауіпінің көзi болып табылатын мемлекеттерге тiкелей жақындығы, Еуропаға есiрткі құралдарын контрабандалық жеткізу үшін географиялық жағынан қолайлы орналасуы және кеңейіп келе қатқан транзиттік мүмкiндiктер;
      2) шекараларының ұзындығы және соған байланысты cырттан есiрткінiң енуінен жеткілiктi түрде қорғалмауы;
      3) Ауғанстанда eсiрткі заттарын өндiрудің одан әрі өсуi, есiрткi зертханаларының елдiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығымен (ТМД) тiкелей шектесетін солтүстік провинцияларына көшірілуі және құрылуы;
      4) Еуропадан келетін синтетикалық есірткілер контрабандасы көлемінің ұлғаюы болып отыр.
      Республика өзінің географиялық орны жағынан іс жүзінде есiрткiнi заңсыз өндiрудiң және өткiзудiң әлемдік рыноктары мүдделерінің "қыспағына" түcіп отыр, бұл есiрткi бизнесiмен байланысты халықаралық қылмыстық ұйымдар мен топтардың мүдделерi аясына бiздiң елiмiздiң енуіне объективтi түрде ықпал етеді. 2004 жылы көп сатылы шұғыл іс-шараларды өткiзу және есiрткiнің бір жолғы ірі партияларын алып қою нәтижеcінде 2003 жылдың осыған ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 432,3 % артық есiрткi құралдары заңсыз айналымға жiберiлмедi, 192,518 кг-ға қарағанда 2003 жылы 1769,020 кг.
      Қазақстан аумағымен есiрткі жолдарының өтуi республикада есiрткiге тәуелдi азаматтар санының көбеюіне әкеп соғуда. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың есірткі бизнесiн бақылауға алуға тырысатынына байланысты Қазақстанға есiрткінi әкелу және оның аумағы арқылы транзиті көлемінiң одан әрi ұлғаятынын, сондай-ақ iрi "тиеу-түсiру пункттерiнің" құрылатынын болжауға болады. Тиiсiнше елде қылмыстық қызметке тартылатын азаматтар санының ұлғаю мүмкіндігі артады.
      Қалыптасқан жағдайға жүргiзілген талдау негiзiнде тiркелген есiрткi қылмыстары санының ұлғаюы туралы қорытынды жасау қажет. Мәселен, 2003 жылы олардың 9 мыңнан астамы, 2004 жылы 11 мыңнан астамы тiркелген, ал 2005 жылдың бiрінші жарты жылдығында Қазақстанда 5 мыңға жуық аталған санаттағы қылмыстар анықталды, заңсыз айналымнан 7,6 тонна шамасындағы әртүрлi есiрткі құралдары алынды.
      Елдегi криминогендiк ахуалды қалыптастыратын басты факторлардың қатарына ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметi мен сыбайлас жемқорлықты жатқызған жөн. Көлеңкелi экономиканың жұмыс iстеуi, контрабанданың, стратегиялық шикізат ресурстарының бақылаусыз әкетiлуiнің кеңейіп отырған ауқымы және т.б. олардың қылмыстық ықпалының нәтижесi болып табылады.
      Eciрткі бизнесінің ауқымын кеңейту үшін ұйымдасқан қылмыстық топтар билiк өкiлдерi арасында байланыс орнатуға ұмтылады, шекара маңындағы аудандардағы жалпы ахуалға ықпал етуге, оларды есiрткi контрабандасының тиеу-түсiру базаларына айналдыруға тырысады. Орталық Азияның шекаралас мемлекеттеріндегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақсыздығы осыған тағы бір дәлел. Әр түрлi топтарға жеткiлiктi түрде қатты қысым жасауды қамтамасыз ететiн есiрткi лоббилерінің құрылу мүмкiндігі де елеулi қауіп төндiреді.
      Халықаралық есiрткi синдикаттары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың Қазақстанның аумағын есiрткiлердi тасымалдау үшін транзиттік дәлiз ретiнде пайдаланудан өте жоғары пайда табуы бiздің азаматтардың көпшілігін есiрткiнi пайдалануға тартуға жағдай жасайды. Осыдан аса мол пайда түсiру - нашақорлықтың өсуiнiң негізгi себептерiнің бiрi. Бiрақ есiрткi саудасынан түскен кiрiстердi "жылыстату" фактiлерi iс жүзінде анықталмайды.
      Нәтижесiнде республикада есiрткiнi пайдаланатын адамдар санының (2004 жылы - 47903 адам, 2005 жылдың 6 айы - 51633 адам), сондай-ақ есiрткiнi өткiзу фактілерінің (2004 жылы - 4435, 2005 жылдың 6 айы - 2334) өсуi байқалады.
      Қазақстан үшiн қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi перспективада есiрткi бизнесi мен нашақорлықтың өсу проблемасы қоғамның мынадай маңызды салаларына елеулi нұқсан келтiруi мүмкiн:
      Әлеуметтiк салада - бұл ұлттың салауатты тектік қорының сақталуына төнген қауіп.
      Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетiнiң деректеріне сәйкес (2005 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша) еcірткі құралдары мен психотроптық заттарды терiс пайдаланатын 51633 адам eceпте тұрады, бұл 2004 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8,6 % артық, оның iшiнде 4866 әйел (4,1 % артық), 3942 кәмелетке толмағандар (өcуi үш есе), қоса алғанда 14 жасқа дейінгілер - 771 (294,1 % артық). Әйелдер мен кәмелетке толмағандар арасында есiрткiге тәуелдiлер санының өсiп отырғаны айрықша алаңдаушылық тудырып отыр.
      Егер тәуелсiз зерттеулердің деректерiне жүгінсек, онда ахуал бұдан да нашар және елімiздiң әрбiр 11-шi тұрғыны есiрткi қаупі аймағына түседі.
      Саяси салада - бұл еcірткі мафиясы өңiрлiк және ұлттық тұрақтылыққа мүдделi болмайтынынан туындайтын қауіп. Есiрткіден түсетін мол пайда Орталық Азия өңiрi мемлекеттеріне күйретуші әсер ететiн күштердi қолдауға жұмсалады. Есiрткi проблемасы халықаралық терроризм және діни экстремизм проблемасымен тығыз ұштасқан. Есiрткіні сатудан түсетін қаражат Орталық Азия өңiрiндегi экстремистiк ұйымдарды қаржыландырудың негiзгi көздерінiң бiрi болып табылады.
      Экономикалық салада - бұл өтпелі кезеңде еcірткі бизнесінің дамуы мен нашақорлықтың өсуi үшін қолайлы жағдайлар туғызатын экономикалық проблемалардың шиеленiсуi. Орталық Азия елдерiндегi еcірткі ахуалының нашарлауына ықпал ететін факторлардың қатарында халық кедейшiлiгiнiң жоғары деңгейiнiң сақталуын, жұмыссыздықты және шаруашылық қызметiнiң көлеңкеленуін атап айтуға болады.
      Бүгінгі таңда Қазақстанда есiрткі рыногын қарқынды құрылымдық қайта құру жүруде: өсiмдiк тектес дәстүрлі есiрткілердi (марихуана, гашиш және т.б.) "ауыр" ecipткілepгe (ең алдымен героин) ауыстырудың белсендi процеcі жүріп жатыр. Белсендiлiгi жоғары, қымбат тұратын және денсаулыққа анағұрлым қауiптi синтетикалық есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды (ЛСД, Экстаздар, амфетаминдер) пайдалану артып отыр.
      Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Президентінiң жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты жүргізген 18 жастан асқан 12000 адам қатысқан әлеуметтiк сауалнаманың нәтижелеpi де қалыптасқан ахуалдың күрделілігі мен оның маңыздылығын дәлелдейдi. Қазақстандықтардың басым көпшілігі нашақорлық пен еcірткі бизнесінің таралуын барынша күрделілердiң бiрi деп есептейдi. Атап айтқанда сауал салынғандардың 30,3 %-ы есiрткінің таралуы - Қазақстан үшін ең өткір проблема деп мәлiмдеген.
      Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйеcі комитетiнiң деректері бойынша 2003 жылы түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталғандарда 15561 наркологиялық ауытқу тіркелген (2002 жылы 14375), олардың 8871-i есiрткi препараттарын пайдалану салдарынан болған. 2005 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша түзеу мекемелерiнде 4094 есiрткіге тәуелдi адам ұсталады, олардың 2560-ы мәжбүрлеп емделедi, 1534-i сот шешімі бойынша емдеуден босатылған, 425-i әйелдер, 7-i кәмелетке толмаған жасөспірiмдер. 2004 жылдың осындай кезеңiнде 4364 есiрткiге тәуелді адам ұсталған, олардың 2637-i мәжбүрлеп емделген, 1727-i сот шешiмi бойынша емдеуден босатылған, 557-i әйелдер, 17-i кәмелетке толмағандар.
      Наркологиялық ауытқулармен ауыратын адамдарды емдеудi және оңалтуды, еcірткіге деген сұранысты қысқартуға бағытталған мақсатты республикалық және өңірлiк бағдарламаларды iске асыруды, нашақорлықты емдеудiң қазiргi заманғы әдістерін әзiрлеудi және енгiзудi, сондай-ақ нашақорлыққа анағұрлым көп ұшыраған өңiрлердi анықтауды құрамында Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары Республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - НМӘП РҒПО), "Психиатрия, психотерапия және наркология республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемеcі бар денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жергiлiктi денсаулық сақтау органдарының наркологиялық қызметі жүзеге асырады.
      2005 жылдың 6 айында нашақорлықпен бастапқы ауыру 100 мың тұрғынға шаққанда 323 оқиғаны құрады (2003 жылы - 318). Бастапқы ауырудың жоғары көрсеткiштерi Павлодар (828), Атырау (735), Шығыс Қазақстан (526), Ақмола (492) және Қарағанды (373) облыстарында тiркелдi.
      Есiрткіге тәуелдiлердiң арасында АҚТҚ-ЖҚТБ-нiң таралу проблемасы айрықша алаңдаушылық тудырады. "СПИД" Республикалық орталығының деректерi бойынша 2005 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда АҚТҚ жұқтырған 5090 адам ресми түрде тіркелген, оның iшiнде инъекциялық есiрткiлердi пайдаланатындар 63,4 % құрайды. Осы ретте АҚТҚ-ны жыныстық жолмен жұқтыру 25,5 % құрайды.
      Нашақорлыққа және еcірткі бизнесіне қарсы күрес проблемалары айқын халықаралық сипатқа ие, осыған байланысты тек мемлекеттiк деңгейде ғана шешiлуi мүмкін емес.
      Қазақстан есiрткiге қарсы қызметтегі халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуда айтарлықтай iлгерілеушілiктерге қол жеткізді. Бiрқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келiсiмдер мен шарттар жасалды. ТМД мемлекеттерiмен қатаp АҚШ, Канада және Еуропалық Одақ елдерi осы саладағы бiздiң дәстүрлі әрiптестерімізге айналды.
      Солай бола тұрса да, проблема өткірлігін жоғалтқан жоқ, оған бір-бірімен өзара байланысты бірқатар факторлар әсер етедi, олардың бiрi бiздiң елiмiз арқылы есiрткі, ең алдымен Ауғанстанда жасалған есiрткi трафигінің күшеюі болып табылады. Ауғанстанның iшiнде және одан тысқары жерлерде әлеуметтiк-экономикалық және құқық қорғау шаралары кешенiн iске асыруды шұғыл қолға алу қажеттілігі барған сайын артып отыр.
      Сонымен бiрге уәкілеттi мемлекеттiк органдар қабылдап жатқан есiрткі бизнесіне қарсы кешендi iс-қимыл жөнiндегi шаралар қалыптасқан жағдайға толық барабар емес, ecipткігe тәуелділiктiң алдын алу, онымен ауыратын адамдарды емдеу және кейіннен оңалту проблемасы тиiстi деңгейде шешілмейдi.
      Проблеманың өткiрлігі осы бағыттағы жұмыстың барынша жетілдiрілген нысандары мен әдiстерін әзiрлеу және iске асыру қажеттiлігін негiздейдi.

3. Стратегияның мақсаты мен мiндеттерi

      Стратегияның мақсаты Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы мемлекеттiк және қоғамдық iс-қимыл жасаудың толық ауқымды жүйесiн құру болып табылады.
      Стратегияның ең маңызды міндеттерінiң қатарынан мыналарды айқындау қажет:
      1) нашақорлыққа қарсы насихатты күшейту;
      2) есiрткiге тәуелдi адамдардың алдын алу, оларды epтe анықтау, тиiмдi емдеу және әлеуметтік оңалту жөнiндегі iс-шаралардың тиімділiгін арттыру;
      3) есiрткi бизнесіне қарсы күресте ведомствоаралық өзара iс-қимыл жасасуды нығайту;
      4) нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
      5) уәкiлеттi мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алуға және оны емдеуге маманданған медициналық мекемелердің материалдық-техникалық әлеуетін нығайту;
      6) наркологиялық қызметті реформалау мен дамыту процесін жаңғырту, түрлендiру және тиiмдi ғылыми-ақпараттық сүйемелдеу;
      7) наркология саласында кадрлар даярлау жүйесін және білiм беру бағдарламаларын жетілдiру;
      8) есiрткіге қарсы қызметтi реттейтін заңнамалық базаны жетілдiру.
      Стратегияның белгiленген мақсатына қол жеткiзуге әсер ететiн негiзгі факторлар:
      1) мемлекеттiң мүдделi құзыретті органдарын үйлестiру, олардың кәсiбилігі және бiрiгуi;
      2) халықтың және үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде жастар ұйымдарының қалың көпшiлiгiн қолдау;
      3) жеткілiктi түрде қаржылық-техникалық жарақтандыру;
      4) Стратегияны iске асырудың кезеңдiлiгi мен жоспарлылығы (Нашақорлықтың алдын алу және есiрткi бизнесіне қарсы күрес жөніндегi өңiрлiк және салалық бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру) болып табылады.

4. Мақсаттарға қол жеткiзу және басым мiндеттердi
шешу жөнiндегi негізгі шаралар

      Әлемдiк тәжiрибенi және өңiрдегi жағдайдың даму ерекшелiктерiн ескере отырып, Қазақстанда нашақорлыққа және есiрткі бизнесіне қарсы күрес 2006-2014 жылдары мынадай құрамдас бөлiктер есебінен жүзеге асырылуы тиiс:
      1) нашақорлықтың бастапқы алдын алу;
      2) есiрткілердi терiс пайдаланатын адамдарды емдеу және әлеуметтік оңалту;
      3) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымының жолын кесу;
      4) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына мемлекет белгiлеген тиiмдi бақылауды қамтамасыз ету.
      Нашақорлық пен есiрткi бизнеcін жеңу процеcінің үдемелi дамуы мүддесінде Стратегияны iске асыру үш кезеңге бөлінген: 2006-2008 жылдарды қамтитын 1-кезең; 2-кезең - 2009-2011 жылдар; 3-кезең - 2012-2014 жылдар. Тиiсiнше Стратегия оның негiзiнде нашақорлыққа және есiрткі бизнесiне қарсы күрестiң мемлекеттiк, салалық және өңірлік бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру арқылы кезең-кезеңмен орындалатын болады.
      Бұл peттe 1-ші кезеңнің мақсаттары есiрткiнi терiс пайдаланудың және олардың заңсыз айналымының өсуiн тоқтату, есiрткілердің таралуын қоғамға барынша аз қауіп келтiретiн деңгейге дейiн кезең-кезеңмен қысқарту үшiн жағдайлар жасау, атап айтқанда:
      1) психикалық белсендi заттарға (бұдан әрі - ПБАЗ) тәуелді адамдар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудiң, оңалтудың, қайта әлеуметтендірудің қазiргi заманғы технологияларын әзiрлеудi қамтамасыз ететiн ғылыми-ақпараттық бағыттағы іс-шараларды;
      2) әлеуметтiк салада есiрткiге қарсы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық базаны әзірлеуді көздейтін нормативтiк-құқықтық бағыттағы іс-шараларды;
      3) наркологиялық емдеу-профилактикалық мекемелердiң құрылымын, технологиясын, штаттық кестеcін және материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың заңнамамен бекiтiлген стандарттарына сәйкес келтiрудi көздейтiн ұйымдастырушылық бағыттағы іс-шараларды;
      4) наркологиялық, психотерапиялық, медициналық-әлеуметтiк көмек көрсету жүйесінде наркология, психотерапия, клиникалық және консультативтік психология бейіндері бойынша мамандардың диплом алдындағы және дипломнан кейiнгi даярлығының жаңа біліктілiк және бiлiм беру стандарттарын әзірлеуді және бекітудi, жоғарыда аталған мамандықтар бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың арнайы бағдарламаларын әзiрлеудi көздейтін іс-шараларды;
      5) тесттен өтетін әр адамның химиялық және психологиялық тәуелдiлiкке тартылу қатерi дәрежеcін анықтай отырып, осы қатерлердi төмендету жөнiнде барынша оңтайлы ұсынымдар беріп, автоматтандырылған психологиялық тестілеудiң арнайы компьютерлік бағдарламаларын әзiрлеу, мектеп және отбасылық есiрткiге қарсы бейне қорларды әзiрлеу, қағаз және магнитті тасымалдағыштардағы мектептiң ecipткiгe қарсы кітапханасын әзiрлеу, "Тиiмдi отбасының өздігінен оқыту құралын" және "Tиiмдi ата-ананың өздігінен оқыту құралын" дайындау және НМӘП РҒПО жанынан психологиялық-педагогикалық алдын алу, оңалту және әлеуметтік қайта бейiмдеу ғылыми-эксперименттік зертханасын ұйымдастыру және жарақтандыру жөнiндегi бастапқы-профилактикалық бағыттағы іс-шараларды;
      6) клиникалық хаттамаларды (стандарттарды) әзiрлеу, психикалық белсендi заттарға тәуелдi адамдардың диагностикалау, емдеу, оңалту, наркологиялық көмектiң алуан түрлі бағдарламаларын және наркологиялық қызмет көрсетулердің түр-түрін әзірлеу жөнiндегi қайталама алдын алу бағытындағы iс-шараларды;
      7) үшінші алдын алу бағдарламаларын және қызметтердің тиiстi түр-түрін әзiрлеу жөнiндегi үшiнші алдын алу бағытындағы iс-шараларды;
      8) Қазақстан Республикасындағы ecipткiгe қарсы қызметтің негiзгi субъектілерінiң бiрлескен жоспарларын әзірлеу жөнiндегi үйлестіру бағытындағы іс-шараларды;
      9) Орталық Азия елдерi үшін бiлiм беру және ресурстық орталық ұйымдастыру жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық және НМӘП РҒПО базасында наркология және психотерапия бойынша халықаралық конференциялар өткізу ic-шараларын;
      10) кейіннен оларды ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердiң осындай жүйелеріне біріктіре отырып, жедел, статистикалық, есепке алу және өзге де деректермен алмасудың ведомствоаралық автоматтандырылған жүйелерін құру жөнiндегi iс-шараларды;
      11) мемлекеттiк шекараның бүкіл периметрі бойынша шекаралық бақылауды күшейту жөніндегi іс-шараларды iске асыру болып табылады.
      2-ші кезең Қазақстан Республикасы халқының арасында психикалық белсендi заттарға тәуелділiктiң таралуының өсуінің әлеуметтік қауіпті үрдiстеріне тосқауыл қоюды және керi дамытуды, яғни:
      1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйеcіне және әлеуметтік саласына еcірткіге қарсы инновациялық технологияларды кең көлемде енгізу, Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді жаңарту жүйеcі қызметінің тиімділiгінің ұдайы мониторингi жөнiндегi ғылыми-ақпараттық бағыттағы iс-шараларды;
      2) денсаулық сақтау мекемелерінің және әлеуметтік саланың есiрткіге қарсы қызметін реттейтiн жаңартылған заңнамалық және өзге де нормативтік базаны бекiту және енгiзу жөніндегі нормативтік-құқықтық бағыттағы iс-шараларды;
      3) Қазақстан Республикасының халқына психотерапиялық, медициналық-психологиялық, консультативтік-психологиялық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудi реформалау, жоғарыда аталған мамандандырылған көмек көрсету жүйесінің (алдын алу есiрткiге қарсы аспект) қызметi тиімділігінің мониторингi жөніндегі ұйымдастырушылық бағыттағы iс-шараларды;
      4) денсаулық сақтау жүйесi мен әлеуметтiк сала мамандарын қазiргi заманғы есiрткіге қарсы технологиялар бейіні, ғылыми-педагогикалық кадрларды арнайы бағдарламалар бойынша және шетелдiк үздiк оқу орындары мен клиникаларында оқыту бойынша бiлiктiлiгiн арттыруға және кең көлемде оқытуға, тәрбие және бiлiм беру жүйесiнде педагогтарға, мектеп психологтарына, әлеуметтiк педагогтарға, әлеуметтiк қызметкерлерге, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарға арналған ecipткiгe қарсы тақырып бойынша арнайы бiлiм беру циклдарын өткiзуге бағытталған iс-шараларды;
      5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесi мен әлеуметтiк саласына алдын алудың, диагностиканың, емдеудің оңалтудың және қайту әлеуметтендірудің инновациялық технологияларын кеңінен енгізу, есірткіге тәуелділердің контингентін медициналық-әлеуметтік оңалтудың тиімді бағдарламаларымен толыққанды қамту жөнiндегi қайталама алдын алу бағыттағы іс-шараларды;
      6) осы бағдарламалармен iс жүзiнде есiрткiнi егу арқылы тұтынатындардың кемiнде 80 %-ын қамту және 20 %-ын толыққанды емдеу-оңалту бағдарламаларына ауыстыруға қол жеткiзе отырып, Қазақстан Республикасының наркологиялық көмек көрсету жүйесiне үшінші алдын алудың әзiрленген бағдарламаларын кең көлемде енгізу жөніндегi үшінші алдын алу бағытындағы іс-шараларды;
      7) әлеуметтік саланың негiзгi агенттерiнің есiрткiге қарсы қызметтiң бiрлескен жоспарларын орындауы жөнiндегi үйлестiру бағытындағы iс-шараларды;
      8) Орталық Азия өңірiндегi халықаралық білім беру және ғылыми-ақпараттық (ресурстық) орталықтардың белсендi қызметі жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық бағытындағы iс-шараларды, Қазақстан Республикасында халықаралық есiрткiге қарсы жобаларды iске асыру. Қазақстан мен Орталық Азия өңiрлерінің мүдделерiн ескере отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есiрткіге қарсы күрес саласындағы шешімдерiн шығаруға қатысу мақсатында БҰҰ-ның есiрткі құралдары жөнiндегi комиссиясындағы және оның қосалқы органдарындағы Қазақстанның жұмысын жандандыру көзделедi.
      3-ші кезеңде Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткінің заңсыз айналымына қарсы тиімдi мемлекеттік және қоғамдық iс-қимыл жасаудың қалыптасқан кең ауқымды жүйесін одан әрi жетілдiру көзделедi:
      1) ecipткiгe қарсы қызметтiң ғылыми ақпараттық қамтамасыз етілуiн жетілдiру, әлеуметтiк саладағы ecipткiгe қарсы белсенділік тиiмділiгінің ұдайы мониторингiнің жүйесін жетілдiру жөнiндегi ғылыми-ақпараттық бағыттағы iс-шаралар;
      2) Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсету жүйесінде әзірленген нормативтік құқықтық базаның тиiстi заңнамалық актілерi мен ережелерінің мүлтiксiз орындалуын бақылау жөніндегi нормативтiк құқықтық бағыттағы iс-шаралар;
      3) наркологиялық бейіндегi емдеу-профилактикалық мекемелер мен Қазақстан Республикасының әлеуметтiк саласында жұмыс iстейтiн есiрткiге қарсы бағыттағы басқа да ұйымдардың құрылымын, технологиясын, кадрлық қамтамасыз етілуін одан әрi жетілдiру жөніндегi ұйымдастырушылық бағыттағы іс шаралар аталған ұйымдардың қызметі тиімділігінің мониторингі жүйесін жетілдіру;
      4) денсаулық сақтау жүйесiнде және әлеуметтік секторда жұмыс iстейтін наркологиялық бейiндегi мамандардың дипломдық және дипломнан кейiнгі даярлық жүйесін одан әрi жетілдiру жөнiндегi білiктілікті арттыруға, инновациялық білім беру бағдарламаларын кең ауқымда iске асыруға бағытталған ic-шаралар;
      5) тиістi диагностикалық және алғашқы алдын алу бағдарламаларының тиiмдiлiгiн арттыру, негiзгi әлеуметтiк індеттерге (АҚТҚ/ЖҚТБ-мен бiрге жүретiн нашақорлық, қылмыс, терроризм, дiни экстремизм) тартуға халықтың психологиялық тұрақтылығын арттыру жөнiндегi бастапқы алдын алу бағытындағы iс-шаралар;
      6) тиімдiліктің 35-40 % (медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасы аяқталғаннан кейiнгi бiр жыл ішіндегi ремиссия көрсеткіші) қол жеткiзе отырып, психикалық белсендi заттарға (ПБАЗ) тәуелділердi медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламаларын одан әрi жетілдiру жөнiндегi қайталама алдын алу бағытындағы iс-шаралар;
      7) есiрткiнi егу арқылы тұтынушыларды медициналық-әлеуметтік бағдарламаларға тарту есебiнен оларды толыққанды қамту және жалпы санын азайту, есiрткіге тәуелділер арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-нің таралуына тиiмдi тосқауыл қою жөніндегi үшінші алдын алу бағытындағы iс-шаралар;
      8) әлеуметтік есiрткiге қарсы қызмет саласында мультисекторалдық ынтымақтастықты бiрлесіп жоспарлаудың және үйлестiрудiң сапасын жақсарту жөнiндегi үйлестiру бағытындағы iс-шаралар;
      9) халықаралық есiрткіге қарсы қызметтiң белсендiлігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласындағы iс-шаралар.

5. Нашақорлықтың бастапқы алдын алу

      Қазақстандық қоғамды есiрткiлендірудiң әлеуметтік мәдени факторлары (моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, басты мәдениетiнiң жаппай әсер етуі, отбасылық қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтiк мiнез-құлқының өзгеруi) ұлт саулығының негiзi ретінде есiрткiге деген қоғамдық иммунитеттi қалыптастыру қажеттiгін өзектi етедi.
      Әлеуметтiк есiрткі иммунитетiн қалыптастыруға, ең алдымен орта және жоғары білiм беру жүйесiндегi жұмыс, мемлекеттiк жастар саясаты, мемлекеттiк әлеуметтiк саясат бағытталуы тиiс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бақыт беретiн күш тек орталық, жергілiктi атқарушы билiк органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының қызметi болуы тиiс.
      Әсiресе балалар мен жастар арасындағы салауатты өмiр салтын, есiрткiсiз өмiрдi насихаттау мемлекеттiк есiрткiге қарсы қызметтің ажырамас бөлiгi болуы тиiс.
      Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу iс-шаралары ретінде салауатты өмiр салтын жүргiзуге ұмтылуды ынталандыратын бағдарламаларды әзiрлеу мен енгiзудi санауға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны үлкен болуы тиiс. Оны есiрткіні пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды психологиялық алғы шарт деп санауға болады, өйткенi өзiнің денсаулығына деген қатынастың өзгеруi басқа да алдын алу және емдiк бағдарламалардың iске асырылуын жеңілдетеді.
      Бұл үшiн ең алдымен балалар, жасөспiрiмдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы бiлiм бepу бағдарламасын құру қажет.
      Аталған мiндет екi негiзгі құрамдас бөлiктiң болуын көздейдi:
      психикалық белсендi заттарды терiс пайдаланудың алдын алу мәселелерi жөніндегі білім беру мекемелерінің қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау процесін жолға қою және олар бойынша педагогтер алдын алу жұмысымен айналысатын арнайы әдебиет пен құралдарды шығаруды ұйымдастыру қажет.
      Халыққа есiрткiлердiң зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көңiл бөлiнуi тиiс. Бұқаралық ақпарат құралдары қажеттi білiмнің негiзгi көзi болып табылады және осы тұрғыда оларға үлкен жауапкершілік жүктеледi. Екінші жағынан бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) есiрткi заттарының лайықсыз жарнамасына, есiрткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел, өмiрдiң "жеңiл" стилінің атрибуты сияқты жалған түсінiктердi орнатуға жол бермеу жөнiнде жұмыс жүргiзiлуi тиiс.
      Бұдан басқа, тiкелей есiрткiге қарсы насихат есiрткiге қарсы жарнаманың орналасуын және баспа және электронды БАҚ-та жүйелi қоғамдық-саяси, талдамалық және көркем жарияланымдарды дайындауды, сондай-ақ есiрткiге қарсы тақырыптағы ұдайы теледидар бағдарламалары мен хабарларын ұйымдастыруды және өткiзудi қоса алғанда, мемлекеттiк тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында болуға тиіс.
      Есiрткiге қарсы қоғамдық ұстанымды күшейтудiң маңызды факторы жастар арасындағы патриоттық көңіл-күйдің өсуi болып табылатындықтан, бәрiн қамтитын мәдени тәрбие жұмысын және оқушылардың, студенттердің, олардың ата-аналарының арасында есiрткi қарсы белсендi насихат жүргiзудi негiзге ала отырып, оқушылар мен студенттердiң "Нашақорлық - Қазақстанның болашағына төнген қатер" атты бүкілқазақстандық қозғалысын қалыптастыру жөнiндегі iс-шараларды жалғастыру қажет.
      Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірiмдердің бос уақытын қоғамдық құнды ынталары мен бейiмдiлiктерi негiзiнде ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлiнуi тиiс. Бұл үшін спорттық секциялар, ынтасы бойынша шығармашылық үйiрмелер, аула клубтары желілерін жер-жерлерде кеңейту, балалардың бос уақытын ұйымдастыру кезiнде дискотекалар, плакаттар мен cуpeттep конкурстарын, викториналарды және басқа да есiрткіге қарсы бағыттағы іс-шараларды өткізуді көздеу қажет.
      Бұдан басқа, ecipткігe қоғамдық иммунитеттi қоғамның өзi ғана қалыптастыра алады әрi қалыптастыруы тиiс. Meмлекет нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы күресте азаматтық қоғам институттары, әр түрлi қоғамдық-саяси және үкіметтiк емес ұйымдар, жекелеген азаматтар арасында бастамашылықты дамыту және көтермелеу үшін барлық қажеттi жағдайларды жасауы қажет. Алдын aлу жұмысына мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастыру арқылы үкіметтiк емес ұйымдарды неғұрлым белсендi түрде тарту, қызметi психикалық белсендi заттарға тәуелдiлiктiң бастапқы алдын алуға, осы салада ғылыми-талдамалық және зерттеу жұмысына бағытталған жұмыс iстеп тұрған қоғамдық ұйымдарды қолдауды жүзеге асыру және жаңаларын құруға белсендi түрде жәрдемдесу қажет.
      Дінге сенетіндер мен олардың жақындарының есiрткілердi тұрақты түрде қабылдамауын қалыптастыру бойынша дiни конфессиялармен тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыру қажет.
      Нашақорлықтан зардап шегетiн адамдарға қатысты өшпенділіктi жеңуде мемлекеттiң және қоғамдық ұйымдар қызметінiң негiзгi бағыттарының бiрi болуға тиіс.
      Аталған iс-шаралар кешені есiрткілерге деген қоғамдық иммунитеттi қалыптастыруға және қоғамның есiрткiге тұншығуының әлеуметтiк-мәдени факторларының әсерiн төмендетуге мүмкiндік бередi.

6. Есiрткiлердi терiс пайдаланатын адамдарды
емдеу және әлеуметтiк оңалту

      Тәуелсiз сарапшылардың бағалаулары бойынша есiрткінi шамадан тыс пайдаланудан Қазақстанда әр тәулiкте төрт адам қайтыс болады. Елде соңғы 12 жылда нашақорлықпен ауыратын адамдардың жалпы саны 10 eceгe, оның iшiнде жасөспірімдер арасында 17 есеге артты, сондықтан да Стратегияның осы саласы қазiргi заманғы әлеуметтік міндеттердiң таралуының негізгi тетiктерін зерделеу саласындағы iргелi және қолданбалы зерттеулер бағдарламасын iске асыруды көздейдi (ЖҚТБ-АҚТҚ-мен бiрге жүретін есiрткiге тәуелділiк; қылмыстық, дiни-экстремистiк, террористiк ұйымдарға тартумен психологиялық тәуелділiк); халықтың аты аталған әлеуметтік міндеттерге (жоғарыда белгiленген) психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру технологиясын әзiрлеумен және олардың Қазақстан Республикасының аумағына таралуына тиімді түрде тосқауыл қоюды қамтамасыз етумен байланысты зерттеулердi; ПБАЗ-ға тәуелдiлердi алдын алудың, диагностикалаудың, емдеу мен оңалтудың неғұрлым тиiмдi технологияларын әзiрлеу және НМӘП РҒПО базасында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткi және қылмыс жөнiндегi басқармасының (бұдан әрі - БҰҰ ЕҚБ) ресурстық ғылыми-ақпараттық орталығын ұйымдастыруды Орталық Азия елдеріне трансляциялау мақсатында; НМӘП PFПO жанындағы "нашақорлық", "клиникалық психология" және "әлеуметтiк психология" мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестердi ұйымдастыруды көздейдi;
      Қазақстан халқының психикалық және психологиялық денсаулығын (тұрақтылығын) қамтамасыз ету аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетiлдiрудi жалғастыру, республикада психотерапевтік, консультативтік-психологиялық, әлеуметтік-психологиялық көмек жүйеcі қызметiн дамыту.
      Қазақстан Республикасының құрылымдарын, технологияларын, штаттық қамтамасыз етілуiн және материалдық-техникалық базасын, наркологиялық емдеу-алдын алу мекемелерін қазiргi заманғы наркологиялық көмекті ұйымдастырудың заңнамада бекiтiлген стандарттарына қатаң түрде сәйкес келтіру; қазiргi заманғы әлеуметтік індеттерге тартуға халықтың психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруды тікелей қамтамасыз ететiн мекемелердiң (бөлiмшелердiң, кабинеттердiң) технологиялар, кадрмен қамтамасыз ету құрылымдарын, Қазақстан Республикасының халқына психотерапиялық, консультативтiк-психологиялық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жүйесін аталған айқындамалар бойынша бекітілген кәсiби стандарттарға сәйкес келтiру;
      Наркология, психотерапия, клиникалық және консультативтік психология; наркологиялық, психотерапевтік және медициналық-психологиялық көмек жүйесiндегi әлеуметтік жұмыс бейіндері бойынша мамандарды даярлауға қойылатын жаңа бiлiктілiк талаптарын; жоғарыда аталған мамандарды үздiксiз оқыту бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту; денсаулық сақтау саласындағы және әлеуметтiк саладағы мамандарды қазiргi заманғы есiрткiге қарсы технологиялар бейінi бойынша кең ауқымды оқыту; жоғарыда аталған мамандықтар бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың арнайы жүйесін әзiрлеу; перспективтi мамандарды шетелдік мамандандырылған оқу орындары мен клиникаларда оқыту; Қазақстан Республикасының мамандандырылған озық оқу орындарында әлеуметтiк педагогтарды, мектеп психологтарын, валеологтарды, салауатты өмiр салты орталығының қызметкерлерін қашықтықтан оқытуға арналған бейнециклдердi тарату; педагогтар, мектеп психологтары, әлеуметтiк  педагогтар, әлеуметтiк қызметкерлер мен тәрбие және бiлiм беру жүйесiндегi әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi мамандар үшін есiрткіге қарсы тақырып бойынша арнайы білім беру циклдерін әзiрлеу және жүргізу.
      Стратегияны iске асыру барысында Қазақстан Республикасының халқын қазiргi заманғы әлеуметтік iндеттерге (ЖҚТБ-АҚТҚ-мен бiрге жүретін нашақорлық, қылмыс, терроризм, дiни экстремизм) тартуға психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн тиiмдi бастапқы алдын алу бағдарламаларымен толыққанды қамтуды; жоғары қатердегі топтарды аты аталған әлеуметтiк iндеттерге тартуға психологиялық тұрақтылық қасиеттерінің жедел дамуын қамтамасыз ететiн бастапқы алдын алу бағдарламаларымен толыққанды қамтуды көздеу қажет; Қазақстан Республикасының барлық оқу орындарында әрбiр тест тапсыратын адамның химиялық және психологиялық тәуелділiкке тартылу қатерінің дәрежесін айқындай отырып, аталған қатердi төмендету жөнінде неғұрлым оңтайлы ұсынымдар беру арқылы автоматтандырылған психологиялық тестiлеудiң арнайы компьютерлiк бағдарламаларын әзiрлеу және тарату; Қазақстан Республикасының барлық оқу орындарын НМӘП РҒПО-ның ғылыми зертханаларында әзірленген мектепке apналған ecipткiгe қарсы бейнеқормен және кiтапханамен қамтамасыз ету; Орталықтың қызметкерлері әзiрлеген отбасылық ecipткiгe қарсы бейнеқорды қажет ететiн барлық адамдарға еркiн қолжетiмділiктi қамтамасыз ету; алдын алу бағытындағы: "Тиiмдi отбасының өздігінен оқуы", "Тиiмдi ата-ананың өздiгiнен оқуы" атты екi ақпараттық оқу құралдарын әзірлеу және таралымдау; Қазақстан Республикасының барлық өңiрлерiнде белсендi жұмыс iстейтiн НМӘП РҒПО жанынан психологиялық-педагогикалық алдын алу, оңалту және әлеуметтiк қайта бейiмдеу ғылыми-эксперименттік зертханасын ұйымдастыру және жабдықтау.
      Қайталама алдын алу үшін алдыңғы қатарлы отандық және қарызға алынған шетелдiк технологиялардың негiзiнде (ПБАЗ-ға) тәуелділердi диагностикалаудың, емдеудiң, оңалтудың клиникалық стандарттарын әзiрлеу және енгiзу; әр түрлi шектерi бар наркологиялық көмек көрсету бағдарламаларының кең ассортиментін әзiрлеу және енгізу; мамандандырылған наркологиялық көмек көрсетудiң әр түрлі режимдерін (аутрич, диспансерден тыс, амбулаторлық, жартылай тұрақты, тұрақты, мамандандырылған тұрақты, рецидивтікке қарсы) ұйымдастыру; ПБАЗ-ға тәуелділер контингентiн пациенттердiң ұзақ және сапалы ремиссиясын, есiрткiге тәуелдiліктен босатуды (25-30 % дейiн) қамтамасыз ететiн медициналық-әлеуметтiк оңалтудың әр түрлi бағдарламаларымен толыққанды қамту.
      Yшіншi алдын алу үшiн Қазақстан Республикасының наркологиялық көмек көрсету жүйесiне қызметтердiң барынша көп мүмкiн болатын түр-түрi бар (диагностика мен коморбидтiк дерттердi eмдеу қоса алғанда) үшіншi алдын алудың (зиянды төмендету) әр түрлi бағдарламаларын әзiрлеу және енгiзу; iс жүзiнде есiрткiлердi егу арқылы тұтынушылардың кемiнде 80 %-ын үшінші алдын алу бағдарламаларымен қамту; осы бағдарламаларға үшінші алдын aлу бағдарламаларында қамтылған есiрткiнi тұтынушылардың жалпы санының 20 %-ын ауыстыруды қамтамасыз ете отырып, дәлелдi кеңес беру және психотерапия құрауышын, толыққанды емдеу-оңалту бағдарламаларына жыл сайын мiндетті түрде қocу; ЖҚТБ-АҚТҚ-ның таралу серпінін және аталған індетке қатысты зиянды төмендету бағдарламаларының бастапқы алдын алу функциясының тиімділігін бақылау мақсатында есiрткілердi егу арқылы тұтынатындардың арасында ұдайы эпидемиологиялық қадағалау өткiзу.
      Емдеу мен оңалтудың бағытына үйлестiру мақсатында психикалық белсендi заттарға тәуелдiлiктiң таралу проблемасының айналасында әлеуметтік саланың ресурстарын (материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық, кадрлық, ақпараттық және т.б.) бiрiктiру; психикалық денсаулық қызметтерінің (наркологиялық, психиатриялық, психотерапевтiк, медициналық-психологиялық) арасында ecipткiгe қарсы қызметтің бiрлескен жоспарларын әзiрлеу және оларды орындау кезінде жіті үйлестiрудi қамтамасыз ету; аталған проблемаға тiкелей және жанама қатысы бар медициналық қызметтердің (наркологиялық, салауатты өмiр салтын ұстау орталықтары, АҚТҚ орталықтары, жұқпалы, терi-венерологиялық, терапевтiк және басқалары) арасында есiрткіге қарсы қызметтiң бiрлескен жоспарларын әзiрлеу; әлеуметтiк саладағы ecipткiгe қарсы қызметтiң (денсаулық сақтаудың, бiлiм берудiң, тәрбиелеудiң бейіндi мекемелерi, БАҚ, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар, қорлар және басқалары) негiзгi агенттерімен бiрге бiрлескен жоспарлар әзiрлеу;
      Стратегияны iске асыру барысында нашақорлықты емдеу мен оңалту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жолға қою қажет, НМӘП РҒПО базасында Орталық Азия елдерiндегi әлеуметтiк саланың есiрткiге қарсы бейiндегі мамандарды даярлау үшін халықаралық білім беру орталығын ұйымдастыруды (БҰҰ EҚБ-ның тиісті жобасын iске асыру); Республикалық орталықтың базасында орталық азия елдерiнде (сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ бекітiлген стратегиясын iске асыру шеңберінде) халыққа наркологиялық көмек көрсету жүйесiн нығайту үшін ПБАЗ-ға тәуелділік проблемасы жөнiндегі халықаралық ресурстық (ғылыми-ақпараттық) орталықты ұйымдастыруды көздейдi; есiрткіге қарсы бағыттағы қолданыстағы және жоспарланып отырған халықаралық жобаларды icке acыpуғa республикалық наркологиялық мекемелер мен ұлттық үйлестiрушілердiң белсене қатысуы, наркология және психотерапия бойынша екi халықаралық конференция өткiзу.

7. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының жолын кесу

      Құқық қорғау және нашақорлық пен есiрткi бизнесінің таралуына қарсы іс-қимыл жасауға қатысатын басқа да мемлекеттiк органдардың басты назары халықтың есiрткi құралдары мен психотроптық заттарға қол жетiмдiлігіне жан-жақты шектеуге бағытталатын болады. Осыған байланысты аталған салада Стратегияның негізгі ұстанымдары елге заңсыз есiрткілердi әкелудi болдырмаумен, есiрткілердi заңсыз айналымнан тиiмдi алумен, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымнан заңсыз айналымға өтуінің алдын алумен байланысты болады.
      Eciрткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттiң өзiне басты назар аударатын орталық проблемалары контрабанда көлемiнiң орын алып отырған өсуi мен опиаттар (героин, апиын) мен синтетикалық есiрткілердiң неғұрлым қауiптi түрлерiнiң транзитi болып қалуда.
      Республиканың есiрткi нарығындағы контрабанда құрамын ескере отырып, шетелдердiң, ең алдымен шекара маңындағы елдердің құқық қорғау және арнайы органдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге баса назар аударылуы тиiс. Осы мақсаттарда есiрткi бизнесіне қарсы күрес саласында, атап айтқанда "бақыланатын жеткiзілім" әдiсi бойынша бiрлескен арнайы операциялар мен iс-шараларды өткiзу, қылмыстың кiрiстердi және басқаларды заңдастыруға қарсы шараларды жүзеге асыру кезінде кең халықаралық ынтымақтастық үшін құқықтық негiздердi құрайтын нормаларды жетілдірудi және бiрыңғайлауды жалғастыру. Әртүрлi мемлекеттердiң оқу орындарының базасында оқытуды және біліктілiктi арттыруды ұйымдастыруда халықаралық ынтымақтастықтың рөлін күшейту. Алда есiрткілердiң заңсыз айналымына қарсы күрестiң ақпаратымен, тәжiрибесімен және тәсiлдерiмен алмасу мақсатында құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің кездесулерін кеңейту және ұдайы жүзеге асыру iсi тұр.
      Қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын есiрткілердiң заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы күрес саласында екіжақты және көпжақты шарттар мен келісімдер практикалық iске асыруға аударылатын болады. Осыған байланысты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Орталық Азия Одағы және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сияқты интеграциялық құрылымдар шеңберiнде қабылданған келiсiмдерге баса назар аударылатын болады.
      Ішкiреспубликалық деңгейде кеден бекеттерiн, ҰҚК Шекара қызметiнiң жекелеген бақылау-өткізу бекеттерін және ішкі iстер органдарының "Рубеж-Н" бекеттерін, есiрткiлердiң заңсыз айналымына қарсы күрестi жүргiзетін республиканың құқық қорғау және арнайы органдарындағы кинологиялық қызметтердi ұйымдастырушылық-кадрлық және техникалық нығайтуды жалғастыру.
      Есiрткi бизнесіне қарсы күрес жөнiндегi арнайы бөлімшелерi тиiмдi жұмысының маңызды шарты жергілiктi жерлердегi өзiнiң құрылымдық бөлімшелерiнің қызметiн үйлестiретiн, олардың қызметінің нәтижелерiн талдайтын және жинақтайтын және оны жетiлдiру жөнінде шаралар қабылдайтын, осы қызметке әдiстемелiк басшылық етудi жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстың топтар немесе қылмыстық қоғамдастықтар жасаған есiрткілермен байланысты неғұрлым күрделi қылмыстарды ашуға және тергеуге қатысатын орталық аппараттардың бөлімшелерiн ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және кадрлық жағынан нығайтуды жалғастыру болып табылады.
      Заңсыз ақшалай қаражаттың ұлттық қаржы жүйесiне енуiне жол бермейтiн қаржылық реттеудiң тиімдi режимiн қамтамасыз етумен қатар, есiрткi бизнесiнен алынған ақшаны "жылыстатуға" қарсы күрестің нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру қажет. Банк, коммерциялық және басқа да құрылымдарды қылмыстық кiрiстердi заңдастыру үшiн пайдаланғаны үшiн жауапкершілік белгiленетiн болады, есiрткі бизнесiнен түсетін заңсыз кiрiстердi тәркілеуге және есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күреспен айналысатын бөлiмшелердi нығайту үшін тәркiленген активтердiң бiр бөлiгiн тартуға қатысты нормалар көзделетiн болады.
      Алда eciрткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз таралу жолдарын анықтау және жолын кесу мақсатында "Мак", "Допинг", "Канал", "Заслон" және басқа да кешендi жедел алдын алу операцияларын жүргiзудi қажеттi техникалық қолдаумен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жүзеге асыру кезiнде шетелдердiң, ең алдымен шекара маңындағы елдердiң құзыреттi органдарымен өзара iс-қимыл жасасуды жетiлдiру iсi тұр.
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетiнің Нашақорлықтың ахуалын зерделеу және бағалау жөнiндегi ұлттық ақпараттық-талдау орталығын ұйымдастырушылық-кадрлық және техникалық жағынан одан әрi нығайту талап етiледi. Есiрткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жүзеге асыратын құқық қорғау және арнайы органдардың бөлiмшелерiнде компьютерлiк және өзге де байланыс түрлерiнің жүйелерiн кезең-кезеңмен енгiзуге қол жеткiзу керек.
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткі айналымын бақылау комитетiнің жедел қызметi базасында ecipткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар, осыған ұқсас қызмет түрiне қатысы бар заңды және жеке тұлғалар туралы жедел ақпараттың ведомствоаралық банкін құруды жалғастыру стратегиялық жағынан маңызды болып отыр. Осы ақпарат банкі мемлекетаралық деңгейде жедел ақпаратпен алмасуды одан әрi жетiлдiрудiң негiзi болуы тиiс, бiрнеше мемлекеттер аумағында әрекет ететiн есiрткi топтарының қылмыстық қызметiнің жолын кесуге бағытталған алыс және жақын шетел елдерінің қатысуымен бiрлескен iс-шараларды әзiрлеудiң және жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Алдағы уақытта осы ақпарат банкін Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлігінің телекоммуникациялық автоматтандырылған жүйесіне қосу туралы мәселенi көздеу.
      Есiрткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу саласында маманданатын сот сараптамасы органдарының бөлiмшелерін материалдық-техникалық және кадрлық жағынан нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
      Кадрларды даярлаудың қолда бар жүйесін жетiлдiру дербес бағыт болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Iшкі iстер министрлігінің (бұдан әрi - ІІМ) Академиясы базасында құрылған, Есiрткiнің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргiзетiн құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың бiлiктілiгiн арттыру жөнiндегi оқу орталығын ұйымдастыру-кадрлық және техникалық нығайтуды жүзеге асыру қажет. Құқық қорғау және арнайы органдардың оқу орындарының жағынан есiрткi бизнесіне қарсы күрес саласында жұмыс iстеу үшін әр түрлі бейiндегi мамандар даярлау ұйымдастырылатын болады. ІІМ Есiрткi бизнесіне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнің үйлестiрушi рөлімен мамандарды даярлаудың қазiргi заманғы жүйесi енгізiлетін, оқу процесіне БҰҰ-ның және басқа да шетел мемлекеттерінің білiкті сарапшыларын тарту практикасы жалғасатын болады.
      Есiрткілер жөніндегi ұлттық ақпараттық-талдау орталығы, кинологиялық және оқу орталықтары ІІМ-нiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiмен ұйымдастыру-әдiстемелік өзара iс-қимыл жасасады.
      Құрамында есiрткiсi бар өсiмдiктердi жоюдың экологиялық жағынан қауіпсiз және тиiмдi әдiстерiн құру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру, ал кейiннен республика аумағында осындай өсiмдiктердi оқшаулау және алаңын қысқарту мақсатында олардың нәтижелерiн енгiзу керек.
      Құрамның есiрткiсi бар өсiмдiктердi олардың табиғи өсуiнiң iрi ошақтарында өнеркәсiптiк шикiзат ретiнде экономикалық жағынан ақталған мүмкiндiктерiн қатар зерделеу және оң нәтижелер болған жағдайда тиiсті өнеркәсіптік өндiрiстi жолға қою керек.
      Ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндiрiстiк және оқу орындары базасында нашақорлыққа және есiрткі бизнесiне қарсы күрестiң неғұрлым көкейтестi проблемалары, құрамында есiрткiсi бар өсiмдiк шикізатынан жаңа тиiмдi дәрілiк препараттар жасау және басқа да мәселелер бойынша ғылыми тақырыптарды әзiрлеу жалғастырылатын болады. Есiрткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды табуға арналған жабдықтардың, техниканың, химиялық препараттардың және басқа да құрылғылардың өзіндiк өндiрiсiн дамытуға тапсырыс қалыптастырылатын болады, зерттеудің оң нәтижелері алынған жағдайда оларды өнеркәсiптiк дайындау жолға қойылады.
      Республикамыздың құқық қорғау және арнайы органдарының есiрткiнiң заңсыз айналымы саласындағы келiсілген, теңгерiмдi қызметiн жүзеге асыруға қол жеткiзу қажет. Олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын және кадрмен қамтамасыз етілуін жақсарту, жұмысты ұйымдастыруды жетілдiру арқылы осы органдардың қызметiнiң тиімділiгiн едәуiр арттыру үшін тиiстi жағдайлар жасалатын болады.
      Есiрткінiң заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдаланудың жолын кесу жөніндегі іс-шараларды іске асыруды облыстардың, республикалық маңызы баp қалалардың және Астана мен Алматы әкiмдерi жанынан құрылған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегi өңірлік комиссиялар үйлестіретін және бақылайтын болады.

8. Eсіpткі құралдарының, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың мемлекет белгiлеген айналымын тиімдi
бақылауды қамтамасыз ету

      Елде қалыптасып отырған есiрткі ахуалын ecкepe отырып және есiрткі мен оларды дайындау технологияларын медициналық емес пайдаланудың таралуының алдын алу мақсатында құрамында есiрткі құралдары мен психотроптық заттар бар дәрілік заттар мен препараттарды өндiрудi, сақтауды, тасымалдауды және ұтымды медициналық пайдалануды, сондай-ақ оларды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануды реттейтін заңнамалық және бақылау-технологиялық талаптарды мінсіз сақтаудың бiрiншi кезектегi маңызы бар.
      Бұл үшін есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына қатаң бақылау орнату, олардың заңды айналымнан заңсыз айналымға түсуін елеулi түрде қысқарту жөнінде шаралар қабылдау қажет.
      Мемлекеттiң барынша экономикалық пайдасын қамтамасыз ету және олардың "екінші", яғни кейiнгi заңсыз айналымын болдырмау мүддесінде заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтаудың, өткiзудiң және жоюдың тиiстi жағдайларын қайта қарастыру және қамтамасыз ету керек.
      Мемлекеттiң прекурсорларды дайындауға және пайдалануға пәрмендi бақылау орнату туралы мәселесi неғұрлым маңызды мәселелердiң қатарында қалып отыр.
      Жетiлдiрілуi жалғастырылатын заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жүйесi есiрткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың белгiленген айналымына мемлекеттің тиімді бақылауының негiзi болып табылады. Бұдан басқа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына тиiстi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн мүдделi мемлекеттiк органдар есiрткiнiң айналымы саласында өзара iс-қимыл жасасу және тиiстi ведомстволық бақылау жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу керек.
      Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiрiстiк, дәріханалық, ауруханалық, ғылыми және басқа да мекемелерде өндiрудi, сақтауды, таратуды және пайдалануды бақылау жүйесінiң тиiмділігін жетiлдiрудi және арттыруды қамтамасыз ету қажет. Құрамында есiрткiсi бар дәрілiк препараттарды және прекурсорларды өндiру, сатып aлу, сату жүйесi қоғамның құрамында есiрткiсi бар дәрілiк препараттар мен шикiзатқа қажеттiгін (квотасын) анықтауға, осы саладағы барлық қызмет түрлерiн лицензиялауға негiзделетiн болады. Осыған орай, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтің лицензияланатын түрлерiн мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету, уәкілетті органдардың қызметін үйлестiрудi жақсарту жөнiндегі қосымша шаралар кешенi қабылданатын болады.
      Нақты шаралар бақылаудың техникалық базасын жетiлдiруге, атап айтқанда заттардың тізiмдiк мәртебесiн айқындауға, тізiмдiк мәртебенi айқындаудың төтенше немесе жеңілдетілген рәсiмдерін қолдануға қатысты базасына бағытталатын болады.
      Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың экспорт-импортына және транзитiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында қабылданған ұлттық нормативтік құқықтық актiлер туралы өзара ақпарат алмасу арқылы БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетiмен неғұрлым тығыз байланыс орнату керек.
      Химиялық өнеркәсіптегi жұмыстың жай-күйін талдау негiзiнде ұлттық және халықаралық деңгейлерде мүдделi тараптарды экспорт туралы алдын ала хабардар етудi кеңінен қолдана отырып, прекурсорларды өндiрудi, оларды сатуды, экспорттауды, импорттауды бақылаудың тиiмдi жүйесінiң әзiрленуi тиiс. 1998 жылғы "Есiрткi құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы" БҰҰ Конвенциясының  13-бабына сәйкес зертханалық жабдықтарды сатуға бақылауды қамтамасыз ету және прекурсорларды заңсыз дайындаудың, импортын, экспортын, айналымын, таралуын және заңды айналымнан заңсыз айналымға өтуiн болдырмау жөнiнде шаралар қабылдау керек.

9. Ұйымдастырушылық және ресурстық қамтамасыз ету

      Стратегияны iске асыруды ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету ІІМ-нiң Есiрткі бизнесіне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiне, мүдделi мемлекеттiк органдарға, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдеріне, сондай-ақ олардың өкілеттіліктерi мен мәртебесiне сәйкес нашақорлыққа және есiрткі бизнесіне қарсы күрес жөнiндегі өңірлік комиссияларға жүктеледi. Уәкілетті орган - IIM-ның Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi жыл сайын Қауіпсiздiк Кеңесінің отырысында республикадағы есiрткi ахуалы, оны тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы баяндап, Стратегияны iске асыру барысы туралы есеп беретiн болады.
      Стратегияны iске асыруды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жыл сайын республикалық және жергіліктi бюджеттерде көзделетін қаражаттың, демеушілік және қайырымдылық көмек ретінде келіп түсетін қаражаттың есебінен және олардың шегiнде, мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың қаражаты есебінен, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдар мен шетелдiк мемлекеттердiң қаржылық және өзге де техникалық көмектерi есебiнен жүзеге асырылатын болады.

10. Күтiлетiн нәтижелер

      Стратегияның мақсаттарына қол жеткізудiң тиiмділiгi барлық мүдделi мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және қалың жұртшылықтың оның негiзiнде Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есiрткі бизнесіне қарсы күрестiң өңiрлiк және салалық бағдарламаларын әзiрлеуге барынша бiрiгуi жағдайларына байланысты болады.
      Толық көлемде қаржыландыру және Бағдарламаларды кезең-кезеңмен iске асыру кезiндегi орындаушылардың жауапкершілігi мынадай нәтижелерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:
      1) проблеманың жедел мониторингi және тиiмдi ден қою;
      2) ecipткігe тәуелдi науқастарды оңалту және қайта әлеуметтендiру үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау;
      3) есiрткінің заңсыз айналымы деңгейiн төмендету және онымен байланысты қылмысты бейтараптандыру;
      4) мемлекеттiк билiк органдарымен, жергiлiктi өзiн өзi басқару ұйымдарымен және қоғамдық ұйымдармен нашақорлықтың алдын алу мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды кеңейту;
      5) нашақорлықтың алдын алу, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту, есiрткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы Қазақстан Республикасының iс-қимылдарын мүдделi халықаралық ұйымдармен үйлестiрудi арттыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады