Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң энергетикалық рыногын ақпараттық қамтамасыз етудiң жалпы жүйесiн қалыптастыру туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі N 956 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің энергетикалық рыногын ақпараттық қамтамасыз етудің жалпы жүйесiн қалыптастыру туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң энергетикалық рыногын ақпараттық қамтамасыз етудің жалпы жүйесiн қалыптастыру туралы келiсiмге қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
энергетикалық рыногын ақпараттық қамтамасыз етудiң жалпы
жүйесiн қалыптастыру туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң Үкiметтерi,
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы  шарттың , Еуразия экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесiнiң 2003 жылғы 28 ақпандағы N 103 шешiмiмен бекiтiлген Еуразия экономикалық қоғамдастығына (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердiң энергетикалық саясаты негiздерінiң ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің энергетикалық рыногын (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ ЭР) қалыптастыруда және оның жұмыс iстеуiнде ақпараттық жүйе құрудың маңызды ролін ескере отырып,
      энергетика мәселелерi бойынша ақпаратпен кеңiнен алмасу үшiн қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,
      ЕурАзЭҚ ЭР-ды қалыптастыру үшін Тараптардың ақпараттық ресурстарын бiрлесіп пайдалану қажеттiлiгiн мойындай отырып,
      төмендегілер туралы келiсті:

  1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшiн төменде санамаланған терминдер мыналарды бiлдiредi:
       "ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің энергетикалық рыногын ақпараттық қамтамасыз етудiң жалпы жүйесi" (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ) - Тараптар мемлекеттерiнің аумақтарындағы энергетика бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және беру жөнiндегi коммуникациялық жүйе.
      ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ мыналарды қамтиды:
      келiсiлген тiзбелер мен нысандар бойынша жинақталған және жүйелендiрiлген энергетика жөнiндегi дерекқорды;
      ЕурАзЭҚ ЭР-ға қатысушыларға сапалы анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетудi жүргiзуге және Тараптар арасында жедел ақпарат алмасуды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы техникалық құралдарды, коммуникацияларды, бағдарламалық қамтамасыз етудi және ақпараттық технологияларды;
       "Дерекқор" - ЕурАзЭҚ ЭР субъектілерi үшiн қол жетiмдi, белгілi бiр жерге шоғырланған, құпияға жатпайтын ақпараттар жиынтығын;
       "Тараптардың уәкілеттi органдары" - ұлттық заңнамаға сәйкес Тараптар айқындайтын мемлекеттiк басқару органдарын.

  2-бап

      ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ-ны қалыптастырудың құқықтық негiзiн құру және ЕурАзЭҚ ЭР-ды қалыптастыру, оның жұмыс iстеу және даму процестерiн ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету осы Келiсiмнiң мақсаттары болып табылады.

  3-бап

      ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ-ның негiзгi мiндеттерi:
      энергетика жөнiндегі дерекқор құру;
      Тараптар мемлекеттерiнiң отын-энергетикалық кешендерiндегi нарықтық қайта құрулар саласында тәжiрибе алмасуды кеңейту;
      ЕурАзЭҚ ЭР-дың тиiмдi жұмыс iстеуiн қалыптастыру және қамтамасыз ету үшін дерекқорды пайдалану;
      Тараптар мемлекеттерінiң отын-энергетикалық ресурстарын бiрлесiп игеру және оларды ұтымды пайдалану үшiн инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.

  4-бап

      ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ-ны қалыптастыру кезiнде Тараптар мынадай қағидаттарды негiзге алады:
      мүдделердiң ортақтығы және өзара пайда;
      ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ дерекқорына тең қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
      ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ үшін ақпаратты дайындауға бiрыңғай әдiснамалық тәсілдерді қолдану.

  5-бап

      Тараптар ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ дерекқорын мынадай негізгі энергетика бағыттары бойынша қалыптастырады:
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актілері;
      ЕурАзЭҚ органдарының халықаралық шарттары мен шешiмдерi;
      ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетi жанындағы Энергетикалық саясат жөніндегi кеңестің материалдары;
      халықаралық ұйымдардың материалдары;
      Тараптар мемлекеттерiнiң энергетикасын дамытудың маңызды бағыттары бойынша статистикалық деректер;
      орта мерзiмдi кезеңге арналған стратегиялық дамыту, жоспарлау жөнiндегi ақпарат, ғылым мен озық технологиялар жетiстіктерi туралы ақпарат алмасу;
      Тараптар мемлекеттерi мен басқа мемлекеттердiң энергетикалық секторындағы нарықтық қайта құрулар туралы ақпарат;
      ғылыми-талдамалық және техникалық ақпарат;
      энергетикадағы мемлекеттік стандарттар туралы ақпарат;
      көтерме және бөлшек сауда энергетикалық рыноктарындағы бағалар мен тарифтер туралы ақпарат.

  6-бап

      ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ-ны құру, оның жұмыс iстеуi және дамуы жөнiндегi мiндеттердi iске асыруды Тараптар тағайындайтын уәкілетті органдар жүзеге асырады.
      Тараптар осы Келiсiм күшіне енгеннен кейiн 30 күн iшiнде ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ мәселелерi жөнiнде олар тағайындаған уәкілеттi органдар туралы ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетiне хабарлайды.
      Тараптардың бiрiнің уәкілеттi органдары өзгерген жағдайда ол бұл туралы депозитарийдi жазбаша хабардар етедi.
      ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ-ны құру жөнiндегi Тараптардың уәкілеттi органдарының қызметiн үйлестiрудi ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетi жанындағы Энергетикалық саясат жөнiндегi кеңес жүзеге асырады.

  7-бап

      ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетi жанындағы Энергетикалық саясат жөнiндегi кеңес:
      ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ-ны iске асырудың нысаны мен тетiгiн айқындайды;
      құрылатын ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ дерекқорының ақпараттар тiзбесiн нақтылайды;
      Тараптардың ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ үшiн ақпаратты ұсыну нысандарын, тәртiбi мен мерзiмділігiн әзiрлейдi;
      ЕурАзЭҚ интеграциясын басқару органдары үшiн ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ-ны материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды дайындайды.

  8-бап

      Тараптардың уәкілеттi органдары өз мемлекеттерi заңнамаларының шеңберiнде ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ-ны қалыптастыру және қолдау үшiн өзара келiсiлген тiзбе, нысан және мерзiмдер бойынша ақпаратты дайындауды және дерекқорларға тұрақты ұсынуды қамтамасыз етедi.

  9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптардың уәкiлеттi органдары өз құзыретінің шегiнде жекелеген мәселелер бойынша қосымша ведомствоаралық хаттамалар жасасуға құқылы.

  10-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  11-бап

      Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiктерi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 14-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

  12-бап

      Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда дауды ЕурАзЭҚ Соты қарайды.

  13-бап

      Осы Келiсім Осы Келiсiмнiң мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн және өзiне тиiсті мiндеттемелердi қабылдауға дайын басқа мемлекеттердiң оған қосылуы үшiн ашық. 
      Осы Келiсiмге қосылу Тараптардың келiсiмiмен депозитарийге қосылу туралы құжатты беру жолымен жүзеге асырылады.

  14-бап

      Осы Келiсім белгіленбеген мерзiмге жасалды және депозитарий Тараптардың осы үшін қажетті мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшіне енедi.
      Әрбiр Тарап осы Келiсiмнен одан шығуға дейiн депозитарийге бұл туралы жазбаша хабарлама жiбере отырып және Осы Келiсiмдi iске асыру барысында туындаған барлық мiндеттемелердi орындай отырып шыға алады.
      Осы Тарапқа қатысты осы Келiсiмнің қолданылуы осындай хабарламаны депозитарийдiң алған күнiнен бастап алты ай өткен соң тоқтатылады.
      Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетi осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылады.
      2005 жылғы "___" ___________ _________ қаласында орыс тілiнде жалғыз данада жасалды.

      Түпнұсқа данасы Осы Келiсiмнiң әрбiр Тарабына оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiнде сақталады.

       Беларусь                Қазақстан              Қырғыз
      Республикасының         Республикасының        Республикасының
      Үкiметi үшiн            Үкiметi үшiн           Үкiметi үшiн

                  Ресей                   Тәжікстан
                  Федерациясының          Республикасының
                  Үкiметi үшiн            Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады