Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 352 және 2005 жылғы 3 маусымдағы N 558 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы N 989 Қаулысы

      "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513  Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбiр шешімдерінe мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
 

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен;

      2) "Маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 558  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "1. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы орындайтын жұмыстар тiзбесi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-жолмен толықтырылсын:
      "9. "МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құру".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады