Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 қазандағы N 1017 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi" деген бөлiмде:
      "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi" және "Әуе көлiгi" деген кiшi бөлiмдер мынадай редакцияда жазылсын:

                          "Әуе көлiгi

60   Қазақстан Республикасы Көлiк және
     коммуникация министрлiгiнiң
     "Қазаэронавигация" әуе жүрiсiн басқару
     және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
     етудiң жер үстiндегi құралдары мен
     электр байланысын техникалық пайдалану
     жөнiндегi шаруашылық жүргiзу құқығындағы
     республикалық мемлекеттiк кәсiпорны        Алматы қаласы;

60а  Қазақстан Республикасы Көлiк және
     коммуникация министрлігі Азаматтық
     авиация комитетiнiң шаруашылық жүргiзу
     құқығындағы "Қазаэрожобалау"
     республикалық мемлекеттiк кәсiпорны        Алматы қаласы";

      реттiк нөмiрi 60-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"60-2 "Қазақстан Республикасы Көлiк және
      коммуникация министрлiгiнiң
      "Ақпараттық-тұсаукесер орталығы"
      республикалық мемлекеттiк қазыналық
      кәсiпорны (жедел басқару құқығында)       Астана қаласы";

      2)  (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06.  N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады