"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 қазандағы N 1038 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгiзілсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

       Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен
өзгерiстер енгізу туралы

       1-бап. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 5, 51-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:

      1) 1-бапта:
      3-тармақ "атқаратын" деген сөзден кейiн ", әдетте дипломаттық дәрежесi бар және дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген мiндеттер мен функцияларды iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ "атқаратын" деген сөзден кейiн ", дипломатиялық қызмет органдарының қызметiне әкiмшiлiк-техникалық көмек көрсету жөнiндегі функцияларды жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Шет елдердегi мекемелер - шет елдерде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оларға теңестірiлген өкiлдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi.";

      2) 8-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;

      3) 15-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Дипломатиялық қызметке алғаш тұрған адамдар Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнде жұмыс істегенiне бiр жыл өткеннен кейiн ғана шет елдердегi мекемелерге жұмысқа жiберiлуi мүмкін.
      Шет елдердегi мекемелердегi жұмысы арасындағы кезеңде дипломатиялық қызмет персоналының Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiндегi жұмыс мерзiмi кемiнде екi жылды құрауға тиiс.";
      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "жұмыскерлерінің" деген сөз "персоналының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi бөлік "министрi" деген сөзден кейiн ", бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады