Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 1209 Қаулысы

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қорын қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 7 тамыздағы N 1229  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 36, 339-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қоры туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 1839  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 57, 517-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің кейбір ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1227  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 420-құжат).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады