Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 1216 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 51, 681-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінде:
      24-тармақтың 30) тармақшасындағы "жолдамасынсыз" деген сөзден кейін ";" қойылып, мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
      "31) басқа елдерден әкелінген қыран құстарды пайдалана отырып".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады