Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 1243 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.  N 1311  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданылушылар назарына: Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 820  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 32, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесінде:
      кіріспедегі "8), 12), 12-1), 15), 29) және 44) тармақшаларына" деген сөздер "тармақшасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-бөлімде:
      тақырыптағы "Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр" деген сөздер "Электр" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақ алынып тасталсын;
      3, 7, 11, 12, 13-бөлімдер алынып тасталсын;
      4-бөлімнің 5-тармағының 15), 16)тармақшалары алынып тасталсын;
      5-бөлімнің 9-тармағының 7), 10), 11), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалары алынып тасталсын;
      8-бөлімде:
      тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен өткізгіш құбырларын жобалау, соның ішінде:";
      9-бөлімде:
      тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Көтергіш құрылыстарды жобалау және пайдалану (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйде ұстау, техникалық жағдайын бақылау), соның ішінде:";
      10-бөлімде:
      тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен өткізгіш құбырларды жобалау, соның ішінде:".

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 23 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізінші абзацын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады