Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 1246 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      694 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" әкімшісі бойынша:
      008 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін салу және қайта жаңарту" бағдарламасында:
      "Астана қаласында Министрліктер үйін салу ("Қуат" корпорациясы) деген жолдағы "8000000" деген сандар "8200000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласында Есіл өзенінің сол жақ жағалауында қосалқы үй-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж салу 200000" деген жол алынып тасталсын;

      2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  409-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны 1) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын.
      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтағы ", Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы қосымша орын-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гаражы" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады