Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір қаулыларына және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 12 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларында және нормативтік қаулыларында берілген түсіндірмелерді қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын қарастыратын қылмыстық заңдарға енгізілген өзгерістерге және толықтыруларға сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы,

      қаулы етеді:

      1. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 10.04.2015 № 1 нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 10.04.2015 № 1 нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі N 6 "Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы" (2003 жылғы 11 шілдедегі N 4 нормативтік қаулымен енгізілген өзгерістерімен бірге) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. ҚК 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмай тұрып жасалған ұрлық үшін бұрынғы соттылықтар, қылмыстың қайталануын тану кезiнде, әрекеттерді бірнеше рет немесе екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған белгілері бойынша дәрежелеу кезінде ескерілмейтіні түсіндірілсін.".

      4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" (2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 14 нормативтік қаулымен енгізілген өзгерістерімен бірге) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 17-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚК 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмай тұрып жасалған ұрлық үшін бұрынғы соттылықтар әрекеттерді бірнеше рет немесе екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған деген белгілері бойынша дәрежелеу кезінде ескерілмейді.";

      2) 19-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алаяқтық кезінде алдау ауызша да жазбаша да болуы мүмкін. Алаяқтық кезінде жалған құжаттарды пайдалану алдаудың бір түрі болып табылады және бұл әрекеттер ҚК-нің 325-бабының үшінші бөлігі бойынша қосымша дәрежелеуді қажет етпейді.";

      3) 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қарақшылық шабуыл кезінде денсаулыққа ауыр зиян немесе абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру толығымен ҚК 179-бабының сәйкесінше екінші бөлігімен немесе үшінші бөлігімен толық қамтылады, сондықтан ҚК 103-бабы бойынша қосымша дәрежелеу талап етілмейді.

      Егер қарақшылық шабуыл барысында қолданылған күштің салдарынан кінәлі жәбірленушіге қасақана қаза келтірсе, онда жасалған әрекет қылмыстардың жиынтығы ретінде ҚК 179-бабының тиісті бөліктері және 96-бабы екінші бөлігінің з) тармағы бойынша дәрежеленуге жатады.

      Кейіннен бөтеннің мүлкін ұрлауды жеңілдету мақсатымен жасалған қасақана кісі өлтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағында және ҚК 175-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстардың жиынтығын құрайды.";

      4) 25-тармақ алынып тасталсын;

      5) 26-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "26. Кінәлі адам ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттарды ұрлау, сондай-ақ бөтеннің өзге мүлкін ұрлау жасалса, жасалған әрекеттер тұтастай қылмыстардың жиынтығы бойынша - ҚК 180-бабының тиісті бөлігімен және ұрлауды жасау тәсіліне байланысты ҚК тиісті баптары (175, 176, 177, 178 немесе 179-баптары) бойынша дәрежеленуге жатады.".

      5. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 10.04.2015 № 1 нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 10.04.2015 № 1 нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2015 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысының


міндетін атқарушы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады