Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 190 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
 

      1) "Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323  қаулысында :
 

      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов;
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Қайрат Нематұлы Келiмбетов;";
      3) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Арман Ғалиасқарұлы Дунаев" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада:
      "Арман Ғалиасқарұлы Дунаев" деген сөздер "Наталья Артемовна Коржова" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Исаев Батырхан Арысбекұлы" деген сөздер "Марат Әпсеметұлы Құсайынов" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Ислам Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Қайрат Нематұлы Келiмбетов;
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Әлихан Асханұлы Смайылов;";
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады