Байланыс формасы

Ақтөбе қаласының бас жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 350 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының  19-бабына сәйкес және Ақтөбе облысының әкiмшiлiк орталығы - Ақтөбе қаласын кешендi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ақтөбе облыстық мәслихаты мақұлдаған Ақтөбе қаласының бас жоспарының жобасы бекiтiлсiн.

      2. "Ақтөбе қаласын дамытудың бас жоспары, оның қаламаңы аймағын жоспарлау туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1979 жылғы 5 қазандағы N 379 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2006 жылғы 2 мамырдағы
N 350 қаулысымен 
бекітілген   

  АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ Негiзгi ережелер

Жобалау мерзiмi мен кезеңдерi
Бастапқы мерзiмi - 2003 жыл
Есептi мерзiмi - 2015 жыл
Құрылыстың 1-кезеңi - 2003-2008 жылдар
Құрылыстың 2-кезеңi - 2009-2015 жылдар

  1. ҚАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

        1.1. Тұрғындар

      Ақтөбе қаласының тұрғындар саны 2003 жылдың басында 276,7 мың адамды құрады, оның iшiнде:
      Ақтөбе қаласының өзiнiң тұрғындары - 247,0 мың адам,
      қалалық әкiмдiктiң ауылдық жерлерiнiң тұрғындары - 29,7 мың адам.
      Осы бас жоспар бойынша 2008 жылға дейiн тұрғындар саны 11,5 мың адам құрайтын Новый және Қарғалы кенттерiнiң елдi мекендерiн Ақтөбе қаласының құрамына енгiзу көзделiп отыр.
      Осыған байланысты есептердi қысқарту үшiн бастапқы жылғы тұрғындар саны (247+11,3)=258,5 мың адамға тең деп қабылданды.
      Келешекте қала тұрғындарының саны мыналарды құрайды:
      2008 жылдың аяғында - 275 - 300 мың адам;
      2015 жылдың аяғында - 300 - 330 мың адам.

        1.2. Өнеркәсiп
      2003 жылдың басында қалада 211, оның iшiнде 46 орташа және iрi өнеркәсiп орны жұмыс iстедi. Қаланың iрi кәсiпорындары: ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе хром қосылыстары зауыты (АХҚЗ), Ақтөберентген, тамақ өнеркәсiбiнiң бiрқатар кәсiпорындары.
      2002 жылы 44,5 млрд. теңге сомаға оның iшiнде iрi және орташа кәсiпорындар 42,05 млрд. теңге сомаға өнеркәсiп өнiмдерi шығарылды.
      2008 жылы қала өнеркәсiбi өнiмдерiнiң жалпы жылдық көлемi 2002 жылмен салыстырғанда 2008 жылға қарай 1,5 есе, 2015 жылға қарай 2,65 есе өседi және тиiсiнше 68 және 118 млрд. теңгенi құрайды.
      Келешекте тат баспайтын болат зауытының құрылысына байланысты қара металлургияның басымдылық рөлi одан әрi арта түседi.
      Тат баспайтын болат және шыныталшық шығару жөнiндегi зауыттардан басқа, 2015 жылға дейiн саланың iрi және орташа кәсiпорындарын iске қосу жоспарланып отырған жоқ.

       1.3. Құрылыс-монтаждау ұйымдары
      2002 жылы қала бойынша негiзгi капиталға инвестициялар 19,2 млрд. теңгенi, соның iшiнде құрылыс-монтаждау жұмыстары 8,5 млрд. теңгенi құрады.
      Құрылыс-монтаждау жұмыстарының орташа жылдық көлемi кезеңдер бойынша мыналарды құрайды:
      1-кезек (2003 - 2008 жылдар) - 10 - 12 млрд. теңге;
      2-кезек (2009 - 2015 жылдар) - 20 млрд. теңге.

        1.4. Сыртқы көлiк және байланыс
      1. Автомобиль көлiгi
      А. Жүк көлiгi
      2001 жылы жүк тасымалдау көлемi қала бойынша 509 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткiш 2008 жылға қарай 650 мың тоннаға жуықты құрайды. 2015 жылға дейiн экстраполяциялау 800 мың тонна шамасында шама немесе есептi кезеңде 57 %-ға өсiм бередi.
      Б. Жолаушылар көлiгi
      Жолаушылар тасымалдау көлемi 2001 жылдан бастап 2010 жылға дейiн 12,9-дан 16,4 млн. адамға өседi (27%-ға өсiм), ал 2015 жылға қарай шамамен кемiнде 20 млн. адамды құрайды.
       2. Темiр жол көлiгi
      Саланы жоғары дәрежеде механикаландыруға және автоматтандыруға, сондай-ақ қала шегiнде саланың iрi объектiлерiнiң құрылысы жобаларының жоқтығына байланысты қызметкерлер санының өсiмi есептi кезеңде 20 %-дан аспайды.
       3. Байланыс
      Қала тұрғындарына байланыс қызметтерiн көрсету көлемi 2001 жылы 530 млн. теңгенi құрды. 2008 жылға қарай ол 600 жуықты құрайды, 2010 жылы - 620, ал 2015 жылы - кемiнде 650 млн. теңге (есептi кезеңдегi өсiм 23 % шамасында).

        1.5. Ауыл шаруашылығы
      Қаланың келешектегi аумақтық өсiмi, оның iшiнде қала құрылысы үшiн ауыл шаруашылығы алаптарының бiр бөлiгiн алу қалада ауыл шаруашылығының одан әрi дамуына объективтi түрде кедергi келтiредi (нақтырақ айтқанда қалада тұратын фермерлер мен жалдамалы жұмысшылар санының артуы). Екiншi жағынан, жылыжай-көшетжай шаруашылығын дамыту перспективалы болып табылады.

        1.6. Ғылым және ғылыми қызмет көрсету
      Саланы дамыту жобалау-конструкторлық, iздестiру, геологиялық-барлау жұмыстарының көлемiн ұлғайту және "Әлжан" бизнес-технопаркiн (хром орталығы) құру есебiнен күтiлуде.

        1.7. Жоғары оқу орындары, колледждер, кәсiптiк-техникалық бiлiм беру
      2015 жылға дейiн Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ филиалын ашу көзделiп отыр. 8 жаңа колледж салынатын болады. Сол сияқты 13 кәсiптiк-техникалық мектеп салу көзделiп отыр.

        1.8. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту
      Қалада 2001 жылы шағын бизнес саласында 38 мың адам жұмыс iстедi, шағын бизнес субъектiлерiнiң саны 14255 бiрлiктi құрады. Шағын бизнес саласында жеңiл, тағам өнеркәсiбi мен өндiрiстiк инфрақұрылым неғұрлым басым сала болып танылды. Қалалық әкiмдiктiң болжамы бойынша шағын бизнесте жұмыс iстейтiндердiң саны 2002 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 16 %-ға өседi. 2006 жылы шағын бизнеске салынатын инвестициялар көлемi 800 млн. теңге деңгейiне жетедi.

        1.9. Қала құрылысына қатысты кадрлар санының серпiнi
      Қала құрылысына қатысты кадрлар саны бастапқы жылмен салыстырғанда 2008 жылға қарай 11,4 және 2015 жылға қарай тағы 15,7 мың адамға, оның iшiнде өнеркәсiп қызметкерлерiнiң санының өсуi есебiнен тиiсiнше 3,1 және 9,5, құрылыстың саны 1,6 және 3,6, ғылым мен ғылыми қызмет көрсетулердiң саны 1 және 3,5 мың адамға өседi. Қала құрылысына қатысты кадрлардың салалық құрылымында 2015 жылға дейiн елеулi өзгерiстер болмайды.
      Қала құрылысына қатысты қызметкерлердiң жиынтық саны кезеңдер бойынша мыналарды құрайды:
      2003 жылы - 50,13 мың адам;
      2008 жылы - 61,53 мың адам;
      2015 жылы - 77,48 мың адам.

       1.10. Тұрғын үй қоры
      2003 жылдың басында қаланың тұрғын үй қорының жалпы алаңы 4,48 млн. шаршы метрдi құрады, олардың iшiнде 31% - шағын қабатты тұрғын үй құрылысы, 7% - шағын қабатты көп пәтерлi үйлер, 42% - орташа қабатты (4 - 5 қабатты) және 20%-ға жуық - көп қабатты (6 және одан да көп қабатты).
      Тұрғын үйлердi пайдалануға беру 1998-2002 жылдары жылына орташа есеппен 65 мың шаршы метрдi құрады.
      2015 жылға дейiн барлығы 2,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салу көзделiп отыр, оның iшiнде 2008 жылға дейiн - 1,03 млн. шаршы метр және II кезекте 2009 - 2015 жылдары - 1,19 млн. шаршы метр. Қосалқы құрылыстары бар үйлер (коттедждер) тұрғын үй құрылысы көлемiнiң 48%-ын, шағын қабаттылар - 21 %-ын, орташа қабаттылар (4 - 5 қабаттылар) - 19%-ын және көп қабаттылар - (6 және одан да көп қабатты) - 12%-ын құрайды, тозуына, авариялық жай-күйiне және жобалауға орай тұрғын үй қорынан шығарылғандар есептi кезеңде 104 мың шаршы метрдi құрайды. Тұрғын үймен қамтамасыз етілу есептi кезеңде 1 адамға шаққанда 17,4-тен 22 шаршы метрге өседi. Шынайы нұсқа бойынша тұрғын үйдi iске қосудың орташа жылдық көлемi құрылыстың 1-кезегiнде жылына 75 мың шаршы метрдi және 2-кезегiнде жылына 90 мың шаршы метрдi құрайды. Жаңа құрылыс көлемi 2015 жылға дейiн 1,08 млн. шаршы метрдi құрайды, оның iшiнде І кезекте - 0,45 млн. шаршы метр және II кезекте - 0,63 млн. шаршы метр. Тұрғын үйдiң 1 шаршы метрiнiң құны 200 - 600 АҚШ доллары аралығында болады. Тұрғын үй құрылысы үшiн небәрi 55 млрд. теңге, оның iшiнде құрылыстың І кезегiне 25 млрд. теңге және II кезегiне 30 млрд.теңге қажет болады. Муниципалды тұрғын үй бюджет қаражатынан 3,5 млрд. теңге, оның iшiнде 1-кезекке 2,8 млрд. теңге бөлудi қажет етедi.

        1.11. Халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесi
      Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету (МТҚ) объектiлерiндегi қажеттiлiк пен жаңа құрылыс көлемiнiң есебi қажеттiлiгiнiң есебi екi деңгейде (300 мың адамға және 330 мың адамға) жүргiзiлдi.
      Облыстық басқармалармен келiсiлген және осы жобада ұсынылып отырған қалалық маңызы бар iрi мәдени-тұрмыстық объектiлер тiзбесi N 1, 2 кестелерде көрсетiлген.

       1-кесте. 2015 жылға дейiн құрылыс жүргiзу белгiленген
       облыстық басқармалармен келiсiлген қалалық маңызы
            бар әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық (ӘМТ)
                    объектiлерiнiң тiзбесi

№N

Атауы

Мекен-
жайы

Өлшем
бірлігі

Қуаты 

1-
кезек

2-
кезек

1

2

3

4

5

6

I. Мәдениет және өнер

1

Ломоносов атындағы
Орталық кітапхана

жаңа қала

орын


125

2

Қалалық көпшілік
кітапхана

ескі қала


125


3

Зағиптар мәдениет үйі
және кітапхана

қалалық
сүт
зауыты


300


4

Саңыраулар мәдениет үйі



300


5

Қалалық Мәдениет үйі

жаңа қала


600


6

Қалалық тарихи-өлкетану
мұражайы

ескі қала

объект

1


7

Облыстық көрме залы

жаңа қала

объект


1

8

Жастар мәдениет сарайы

Абай
атындағы
парк

орын


600


Музыкалық-драма театры

жаңа қала

орын


800


Жас көрермендер театры (ЖКТ)

ескі қала

орын


500

9

Балалар парк кешені


объект


1

10

Балалар кітапханасы

5-шағын
аудан

орын

90


II. Денсаулық сақтау

1

Қалалық балалар
ауруханасы


кереует-
орын

250


2

Муниципалды аурухана

ескі қала

кереует-
орын


250

3

Облыстық диагностикалық
орталық

"Батыс"
шағын
ауданы

ауысы-
мында
қабылдау

1000


4

Медициналық жедел
жәрдемнің 2-сыныпты
үлгі станциясы

12-шағын
аудан

Автомо-
биль

30


5

Облыстық туберкулезге
қарсы диспансер

"Батыс"»
шағын
ауданы,
Новый
кенті

кереует-
орын

200


6

"Чайка" облыстық
балалар сүйек
туберкулезі санаторийі

"Чайка"
санато-
рийі

кереует-
орын

150


7

Облыстық перинаталды
орталық

"Батыс"
шағын
ауданы

кереует-
орын

400


8

Дене шынықтыру-сауықтыру орталығы

шағын
аудан

ауысы-
мында
қабылдау


300

9

Оңалту бөлімшесі бар көп бейінді балалар ауруханасы

"Батыс"
шағын
ауданы

кереует-
орын

250


10

Кардиологиялық орталық

"Батыс"
шағын
ауданы,
аурухана
қалашығы





а) стационар


кереует-
орын

150



б) диспансер


ауысы-
мында
қабылдау

200



в) оңалту бөлімі


кереует-
орын

60


III. Әлеуметтік қамсыздандыру

1

Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі

Новый
кенті

орын

100


2

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің қосымша корпусы

Новый
кенті

орын

100


3

Мүгедектерге арналған
оңалту орталығы

Новый
кенті

жылына
адам

600


4

Медициналық-әлеуметтік
оңалту орталығы

"Батыс"»
шағын
ауданы

кереует

100


IV. Білім беру

1

Қаз ККА Ақтөбе филиалы
(кеңейту)

ескі қала

оқушылар
өсімі
алаң өсімі
N 2 оқу
корпус-
тары

500
 
10000

800
 
7200

2

Қ.Сәтпаев атындағы
ҚазҰТУ Ақтөбе филиалы

11-шағын
аудан

оқушылар
өсімі

700

100

         2-кесте. Бас жоспар бойынша 2015 жылға дейін
      құрылысқа ұсынылатын әлеуметтік мәдени-тұрмыстық
              (ӘМТ) ірі объектілердің тізбесі
             (келісілген объектілерге қосымша)

N

Атауы

Мекен-жайы

Өлшем
бірлігі

Қуаты

1-кезек

2-кезек

1

2

3

4

5

6

1

Сауда орталығы

"Мәскеу" ауданы

мың м 2

6,5


2

Сауда орталығы

ескі қала

мың м 2


11,9

3

Сауда орталығы

"Батыс" шағын ауданы

мың м 2

2,1


4

Сауда орталығы

Ипподром

мың м 2


2,2

5

Сауда орталығы

"Әлжан" технопаркі

мың м 2


1,0

6

Жабынды базар
(ұжымшар
базарын қайта
құрылымдау)

ескі қала

мың м 2


82,2

7

Әмбебап базар

41-разъезден
оңтүстікке қарай

объект


1

8

Стадион

312-атқыштар
дивизиясы

объект


1

9

Ипподром

"Заречный" кентінен шығысқа қарай

объект

1


10

Спортзал

"Мәскеу" ауданы

объект


1

11

Спортзал

312-атқыштар
дивизиясы

объект

1


12

Спортзал

Абай атындағы
парк

объект

1


13

Спортзал

ескі қала

объект

1

1

14

Спортзал

ипподром

объект


1

15

Спортзал

"Әлжан"
технопаркі
(632м 2 )

объект


1

16

Спортзал

ескі автовокзал

объект


1

17

Жабық бассейн

"Мәскеу" ауданы

объект


1

18

Жабық бассейн

Абай атындағы
парк

объект

1


19

Жабық бассейн

ескі қала

объект

2

1

20

Жабық бассейн

ескі автовокзал

объект


1

21

Тау-шаңғысы
базасы

кірпіш зауыты

объект


1

22

Спорт кешені

312-атқыштар
дивизиясы

объект


1

23

Спорт кешені

ескі қала

объект


1

24

Концерт залы

312-атқыштар
дивизиясы

орын


700

25

Авиация және
ғарыш мұражайы

әуежай

объект


1

26

Ғылым және
техника мұражайы

41-разъезден
оңтүстікке қарай

объект


1

27

Темір жол
көлігі мұражайы

темір жол
вокзалы

объект


1

28

Бейнелері қоз-
ғалып тұратын
мұражайы бар
көп залды
кинотеатр

"Мәскеу" ауданы

орын


800

29

Кинотеатр

Абай атындағы
парк

орын


500

30

Кинотеатр

ескі қала

объект


2

31

Кинотеатр

"Сазды" ауданы

объект

1


32

Кинотеатр

"Батыс" шағын
ауданы

объект

1


33

Кинотеатр

"Мәскеу" ауданы

объект


1

34

Емхана

"Мәскеу" ауданы

ауысымда
қабылдау


500

35

Емхана

Оңтүстік батыс

ауысымда қабылдау


500

36

Почтамт

"Мәскеу"
аудандағы жаңа
темір жол
вокзалы

объект


1

37

Почта қызметі-
нің бөлімшесі

Заречный кенті

объект


1

38

Почта қызметі-
нің бөлімшесі

Оңтүстік батыс

объект


1

39

Тұрмыстық қамту
үйі

"Мәскеу" ауданы

объект


1

40

Қонақ үй

"Мәскеу" ауданы

орын

300


41

Қонақ үй

әуежай

орын


300

42

Неке сарайы

12-шағын аудан

объект


1

      Қалада жалпы бiлiм беретiн мектептердiң тапшылығының проблемасы неғұрлым сезiледi. Жобада мектептердегi орындар санын қазiргi уақыттағы 41,5 мыңнан 2015 жылға қарай 60 мыңға дейiн ұлғайту көзделуде. Емханалардың қуатын күнiне қабылдауды 6,5 мыңнан 10,5 мыңға дейiн, ауруханалардың сыйымдылығын 2,5 мыңнан 4,05 мың кереуетке дейiн жеткiзу қажет. Дүкендердiң сауда алаңы 47,5 мыңнан 79 мың м 2 -ге өседi, тұрмыстық қамту кәсiпорындарындағы жұмыс орындарының жиынтық саны 890-нан 1560-қа дейiн, қоғамдық тамақтандыру орындарындағы отыратын орындар тиiсiнше 5,4-тен 13,5 мыңға дейiн өседi. Демалыс үйлерi мен пансионаттардың сыйымдылығын 2015 жылға қарай 2600 адамға дейiн, турбазалардың 600-ге дейiн, мотельдердiң санын 1200 орынға дейiн жеткiзу белгiлендi.

        1.12. Рекреация
      Қарғалы кентiнiң жанынан жергiлiктi минералды көздерде санаторий-профилакторий салу жоспарлануда. Бальнеологиялық санаторийдi Петропавловка ауылының маңынан құру ұсынылуда.
      Заречный кентiнен шығысқа қарай сүйек жүйесi ауыратын балаларға арналған санаторий орналасады.
      Туристiк базаларды Ақжар ауылына жақын жерге, Қарғалы су қоймасының жағасына орналастыру белгiленген.
      Александровка ауылынан солтүстiк-шығысқа қарай қала сыртындағы пансионаттар мен демалыс үйлерiн, кемпингтер, мектеп оқушыларына арналған жазғы лагерьлер, демалыс қалашықтарын және балық аулау базасын орналастыру көзделген.
      Садовое ауылының маңына мектеп оқушыларының лагерiн орналастыру белгiленген.
      Жаман Қарғалы өзенiнде тек балаларға арналған рекреациялық мекемелер, оның iшiнде балалар бақшалары мен бүлдiршiндер үйiнiң саяжайларын (әрқайсысының сыйымдылығы 2-ден 4 мың адамға дейiн бiрнеше кешен) орналастыру көзделген.
      Ақтөбе су қоймасының жағасында бiр күндiк демалыс базаларын, пансионаттар, балық аулау базасы мен яхт-клубтар орналастыру белгiленуде.

        1.13. Жөндеу-қайта құру iс-шаралары
      1. Қала аумақтарын қайта құру
      Аумақтарды және тұрғын үй қорының жай-күйiн талдау, сондай-ақ жоспарлау факторларының кешенiн есепке алу жалпы алаңы шамамен 166 га аумақтағы тұрғын үйлердi бұза отырып, қайта құру iс-шаралары көзделген үй маңындағы учаскесi бар шағын қабатты тұрғын үйлер басым орналасқан учаскелердi бөлуге мүмкiндiк бердi.
      Бұдан басқа, жалпы алаңы шамамен 780 га аумаққа тұрғын үйлердi бұзбай қайта құру iс-шаралары белгiлендi.
      2. Тұрғын үй қоры мен әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлердi күрделi жөндеу
      Облыстық сәулет және құрылыс басқармасының деректерi бойынша Ақтөбе қаласының күрделi жөндеудi қажет ететiн көп пәтерлi тұрғын үй қорының жалпы алаңы шамамен 310 мың м 2 -дi құрайды.
      Облыстық әкiмдiк қабылдаған бағдарламаға сәйкес 2004-2007 жылдары көрсетiлген қаржыдан 222,5 млн. теңге, соның iшiнде бюджет есебiнен - 68,3 млн. теңге игеру жоспарлануда. Осы жылдары 9,1 мың м 2  авариялық тұрғын үйдi бұзу қаржыландырылатын болады.

        1.14. Бiрiншi кезектегi құрылыс құрылымы
      Қаланың әлеуметтiк және көлiк-инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға жұмсалатын инвестициялардың жалпы көлемi құрылыстың I-кезегiне 63 млрд. теңгенi құрайды, олардың iшiнде тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылыс шамамен 40 млрд. теңге немесе 63 %, ал көлiк-инженерлiк инфрақұрылымды дамытуға шамамен 13 млрд. теңге немесе 37 % қажет болады.
      Қаланы дамытуға бюджет қаражатынан шамамен 23 млрд. теңге (36%) бөлiнуге тиiс, олардың iшiнде республикалық бюджет қаражатынан - 17,9 млрд. теңге және шамамен 5,1 млрд. теңге жергiлiктi бюджет қаражатынан. Шамамен 30 млрд. теңге (48 %) халықтың шығынын құрайды.
      Қала құрылысына арналған жалпы шығындардағы корпорациялардың үлесi болжам бойынша 10 млрд. теңге (16 %).

  2. ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТ-ЖОБАЛАУ ҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖӨНIНДЕГI
НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

      Дамудың тарихи ерекшелiктерi, табиғи-ландшафтық жағдайлар мен басқа факторлар Ақтөбе қаласының күрделi тарамдалған сәулет-жобалау құрылымын белгiлеп бердi.
      Алғашқы болып саналатын "солтүстiк-оңтүстiк" бiлiгi бойынша аумақтық дамуға қарағанда бүгiнде қаланың жобалау құрылымы "батыс-шығыс" бiлiгi бойынша диаметралды қарама-қарсы дамуы қалыптаса бастады.
      Жобалау бағыты Ә.Молдағұлова мен Орск-Хромтау трассалары бойынша негiзгi бiлiктер бойында қалыптасып келе жатқан қаланың осы жобалау құрылымы бас жоспарда мақұлдануда және күшейтiле түсуде.
      Есептi мерзiм шеңберiнен тыс әуежайдың ұшу-қону жолағын 68 градусқа бұру қаланы одан әрi дамытудың басты шарты болып табылады, бұл қаланың орталық аймағына қарай тiкелей жанасатын аумақты тұрғын үй-азаматтық құрылысқа беруге мүмкiндiк бередi.
      Бас жобалау бағыттар бойынша бос аумақтарды игеруден басқа, қала құрылысын iшкi қайта құру, оның құрылымдық қаңқасын трансформациялау, оның бөлiктерiнiң функционалдық-жобалау және сәулет-көркемдiк бытыраңқылығы, қаланың және оның орталығының бiртұтас сәулет-жобалау құрылымын және жасау мәселесi Ақтөбенiң қала құрылысы жүйесiн дамытудағы басым процестер болып табылады.
      Құрылымдық қаңқасын қайта ұйымдастыру "Мәскеу" тұрғын ұй ауданы аумағы арқылы Әбiлхайыр хан, Ағайынды Жұбановтар даңғылдары бойымен қаланың жаңа диаметрiн қалыптастырудан тұрады және одан әрi темiр жол магистральдары үстiнен өтпе жол салу тәсiлiмен ескi қалаға және Орск-Хромтау бағытындағы магистральдарға шығу жүзеге асырылады.
      Жұмыс iстеп тұрған темiр жол вокзалының базасындағы көп функционалды қоғамдық-көлiк орталығы өзiнiң негiзгi функцияларын "Мәскеу" ауданының аумағына көшiргеннен кейiн қаланың екi ортақ қалалық орталықтары арасындағы байланысшы көпiр болады.
      Қалыптасқан аумақтарды қайта құруға, құрылыстарды көбейтуге, жер ресурстарын неғұрлым тиiмдi пайдалануға, қаланың ортақ орталығы мен оның ұйтқысының аймақтарын одан әрi жандандыра түсуге байланысты iшкi даму процестерi басымдылығының қажеттілiгiн ұғу стратегиялық жағынан маңызды болып табылады.
      Бас жоспарда Елек, Сазды өзендерiнiң жағалаулық аумақтарын түрлендiру, қаланың өзендiк қасбеттерiн, оның сұлбасын қалыптастыру жоспарлануда. Қалалық демалыс аймағымен үйлестiре отырып, көп қабатты құрылыстар кешенiн қалыптастыру, жағалаулықтарды ұйымдастыру олардың жоғары қала құрылысы құндылығын және инвестиялық тартымдылығын қамтамасыз етедi.
      Жасыл желектендiрудiң дамыған жүйесiн қалыптастыру қаланы перспективалық дамуының маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Тұрғындардың денсаулығына химия және металлургия кәсiпорындарының еселенiп келе жатқан әсерi Жеңiшке өзенi жайылмасының бойындағы жасыл белдеулер, Сазды өзенi бойындағы қала диаметрi және електiк ескi саяжайлар аумағындағы орманпарк аймағы маңызды санитарлық рөл атқарады. Қаланың айналасында орманпаркi белдеуiн дамыту бұл мiндеттердi толықтыра түседi және қаланы сыртқы ортаның терiс климаттық әсерiнен қорғауды қамтамасыз етедi.
      Ақтөбе қаласының функционалдық-құрылымдық жүйесiн дамытудың перспективалы моделi қаланың орталығынан басталатын негiзгi магистральдың бойына қоныстандыруды дамытудың төрт бағыты түрiнде ұсынылуы мүмкiн:
      аумақтық дамуы өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн ғана көзделген темiр жол магистралi бойындағы солтүстiк-батыс бағытында. Мұнда тағы да екi iрi өнеркәсiптiк кәсiпорынды орналастыру жоспарлануда;
      оңтүстiк шығыс бағытта қала үлгiсiндегi аумақтарды дисперстi орналастыра отырып жиiлету және қайта құру белгiленген.
      Коммуналдық-қоймалық аумақ ретiнде дәстүрлi пайдалану орта және шағын бизнес кәсiпорындарына арналған полигон ретiнде дами бастады. Ақтөбе су қоймасының микроклиматтық және эстетикалық ерекшелiктерi бұл ауданға тартымдылық жасап тұр.
      Әлия Молдағұлова даңғылы мен 101-атқыштар дивизиясы көшесi бойындағы оңтүстiк батыс, Орал бағыттарында құрылысқа неғұрлым қолайлы аумақтарда.
      Тұрғын үй құрылымдары қалаға қосылатын Қарғалы кентiн қоса алғанда, шығыс, Орск-Хромтау бағытында Қарғалы өзенi жайылмасының бойындағы көркем жүйенi құрайды.
      Жаңа аудандар одан әрi дамытуға ашық сипатта.
      Бас магистральдар жүйесi оларға қалаға ортақ орталық жүйемен байланыс жасауды қамтамасыз етедi. Сақиналы магистральдар жүйесi бұл аудандардың қаланың негiзгi өндiрiстiк аймақтарымен байланысын қамтамасыз етедi.
      Бастапқы жылы қала 29 739 га алаңдағы аумақты алып жатты, оның iшiнде құрылыс салынған аумақ - 5717 га, құрылыс жүргiзiлмеген аумақ - 24022 га.
      Құрылыстың 2-кезегi басталарда қала аумағы қала маңындағы аумақтардың қосылуы есебiнен 13108 га-ға ұлғаяды және 42847 га-ды құрайды. Қаланың құрылыс жүргiзiлген алаңы 2008 жылы 6455 га-ды құрайды, ал 2015 жылы - 8849 га, яғни 3132 га-ға өседi.
      Қаланың құрылыс жүргiзiлмеген алаңы 2008 жылы 36392 га-ды, ал 2015 жылы - 33998 га, яғни 9977 га-ға ұлғаяды.

  3. КӨЛIК ҚҰРЫЛЫМЫН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДI ДАМЫТУ ЖӨНIНДЕГI НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

      Ақтөбе темiр жол торабы Хромтау - Алтынсарин желiсiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн елеулi дами түседi, оның арқасында қала елiмiздiң солтүстiк және орталық облыстарына Ресей аумағын кесiп өтпестен шыға алатын болады.
      Қаланың көлiк байланысы жүйесiндегi тиiмдi географиялық орналасуы мен қаланың транзиттiк әлеуетiн дамыту қажеттiгi қаланың тұтас құрылымында жұмыс iстеп тұрған темiр жол вокзалының қала қалыптастырушылық рөлiнiң өсушi мәнiн күшейте түседi. Оның функцияларын қажеттi дамыту мүмкiндiгiнiң жоқтығына байланысты ескi қаланың аумағында бас жоспарда темiр жол вокзалының маңында оның негiзгi қоғамдық-көлiк функцияларын темiр жол магистралiнiң екiншi жағына Мәскеу ауданына көшiре отырып, көп функционалды қоғамдық-көлiк орталығын құру туралы ұсыныс берiледi. Бұл жаңа қалада тұратын тұрғындардың көпшiлiк бөлiгiнiң вокзалға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге, қаланың басты көлiк ауыстыру орталықтары арасындағы көлiк байланысының қазiргi заманғы жүйесiн құруға, жалпы алғанда экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкiндiк бередi.
      Қалалық деңгейдегi көлiк ауыстыру тораптары дами түседi және көлiк-коммуникация жүйесiнiң маңызды түйiндерiнде қоғамдық кешендер жүйесiн қалыптастырады. Бұл, ең алдымен, жылдам жүретiн көлiк ауыстырмайтын қалаiшiлiк рельстi көлiк станциялары: "Жеңiшке", "Абай гүлзары", "Ә.Молдағұлова даңғылы", Автовокзал, Орталық вокзал, "Гастелло көшесi".
      Ақтөбе қаласының жандандырылған авиациялық трасса қиылысында ыңғайлы орналасуы жергiлiктi әуежайды ел экономикасының бүгiнгi жандануы кезiнде iскерлiк мекемелерi мен көрме кешендерi, кiреберiс темiр жолдары бар қойма терминалдары үйлесiмiнде iрi халықаралық авиациялық орталық маңызына жетедi деп есептеуге мүмкiндiк бередi және Ақтөбе қаласының жалпықалалық орталықтарының құрылымында маңызды қала құраушы торап болады.
      Жобада есептi мерзiм шегiнен тыс қазiргi жүрiп жатқан құрылыстан болатын шу әсерiнен болдырмау мақсатында әуежайдың ұшу-қону жолағын 68 градусқа бұру, сондай-ақ осыған байланысты оңтүстiк батыс аумақтарды құрылыс үшiн қосымша игеру мүмкiндiгi ұсынылуда.
      Бас жоспарда қалалық және аудандық маңызы бар үзiлiссiз, реттелетiн қозғалыстың жаңа магистральдарын салу және қолданыстағы магистральдарды қайта құру, сондай-ақ сырттан айналып өтетiн көлiк сақинасын қалыптастыру көзделуде.
      Бас жоспарда дамуы "Мәскеу" тұрғын үй ауданына қарай дамитын Әбiлхайыр хан және Ағайынды Жұбановтар даңғылдарына ерекше мән берiледi, олар жобаланып жатқан өтпе жол арқылы ескi қалаға өтедi және Орск-Хромтау бағытындағы магистральдарына шығады және қаланың батыстан шығысқа қарай бас диаметрiн қалыптастырады. Ә.Молдағұлова даңғылы 101-атқыштар дивизиясымен бiрге оған көлденең оңтүстiктен солтүстiкке қарай көлiк бағытын құрайды.
      Қала аумағын магистральдық темiр жолмен қиылыстыру ескi және жаңа қала арасындағы байланыстар үшiн өтпе жолдар салу және қолданыстағыларын қайта құру құрылысын белгiледi. Автосервис жүйесi (автомай құю станциялары, автопаркингтер, гараждар, автомобильдердi сақтауға арналған тұрақтар мен техникалық қызмет көрсету станциялары) кеңiнен дамиды.
      Қалалық қоғамдық көлiктiң негiзгi түрлерi автобус, троллейбус, бағытты таксилер болып табылады.

  4. ИНЖЕНЕРЛIК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӨНIНДЕГI НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

        4.1. Сумен жабдықтау және су бөлу

      Су тұтыну есебi Ақтөбе қаласының қазiргi тұрғындары 258,5 мың адамның есебiмен (1 мың адамы бар - Новый кентiн және 10,5 мың адамы бар Қарғалы кентiн ескере отырып) 2008 жылға дейiн халқы 300 мың адам құрылыстың бiрiншi кезегiн бөле отырып жасалды.
      Шаруашылық ауыз су мақсаты үшiн сумен жабдықтау өнеркәсiптiк кәсiпорындардың технологиялық мұқтаждарын ескере отырып бекiтiлген қорлары бар жер асты суы кен орындарынан қабылданды: Елек оң жақ жағалауы және сол жақ жағалаулық су тоғандары, Тамды су тоғаны, Жоғары Қарғалы сол жақ жағалау су тоғаны және Қуандықтыр су тоғаны.
      Ауыз су сапасындағы сумен қамтамасыз етудiң жалпы мөлшерi бастапқы жылы тәулiгiне 55895 м 3 құрады, есептi кезеңде судың қажеттi шығыны тәулiгiне 109010 м 3 белгiлендi.

       4.2. Кәрiз
      Бастапқы жыл бойынша Ақтөбе қаласында су бөлу көлемi тәулiгiне 62227 м құрады.
      Қолданыстағы және жобаланып жатқан өзiнен өзi ағатын коллекторлар мен кәрiздiк сорғы станциялармен қызмет көрсетiлетiн арынды құбырлардың жүйесi бар қаланың ағын сулары тазартылған ағындыларды одан әрi ЗПО қайта жаратушы және өндiрiстi қайтара сумен ашық жабдықтаушы ағындыларды механикалық және толық жасанды биологиялық тазалау ғимараттарына жатқызылады.

       4.3. Электрмен жабдықтау
      Қазiргi уақытта Ақтөбе қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтау "Ақтөбеэнерго" ААҚ-ның теңгерiмiндегi 110 - 35 КВт жүйесiнен орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
      Қалада "Ақтөбе ЖЭО" ААҚ мен "Феррохром" ААҚ-ға шоғырланған дербес энергетикалық қуаттары бар. Станциялардың қондырылған жиынтық қуаты 207,8 МВт-ты құрайды.
      Қаланың электрлiк есептi жүктемесi 1-кезектiң кезеңiнде 343 МВт-ты (электрдi тұтыну - 2000 млн. кВт/сағ.) құрайды.
      Жобада 1-кезектiң кезеңiнде мыналар көзделуде:
      "Елек" қосалқы станциясындағы моральдық және табиғи тозған жабдықтарды алмастыру (2х20 МВА трансформаторларын 2х25 МВА алмастыру);
      аттас тұрғын үй шоғырының тұтынушыларын электрмен жабдықтау үшiн қуаты (2+10 МВА) "Батыс" 110/10 кВ қосалқы станциясын салу. Оны "ПОШ" 110/35/10 кВ қосалқы станциясынан қостiзбектi ВЛ 110 КВт қоректендiру ұсынылады.
      Есептi мерзiм кезеңiнде мыналар белгiленуде:
      - "Новый" және "Кiрпiш зауыты" 35/10 кВ қосалқы станциясын кеңейту;
      - "Қарғалы" қосалқы станциясының қолданыстағы трансформаторларын алмастыру көзделуде.
      Қаланың барлық қосалқы станцияларын олардың аумақтарында моральдық және зат ретiнде тозған жабдықтарды оларды кейiн алмастыру үшiн кешендi түгендеу жүргiзу жоспарлануда.
      Қолданыстағы тарату желiлерiн оларды жобаланып жатқан автожолдардың бойынан өтетiн трассалардың бөлiнген дәлiздерiне апару жолымен тәртiпке келтiру ойластырылуда.

        4.4. Жылумен жабдықтау
      Негiзгi көз - ЖЭО. Бұдан басқа, 90 өндiрiстiк және комммуналдық қазандықтар, сондай-ақ жылу берудiң дербес жүйелерi мен жылу беру пештерi бар.
      Болашақта ЖЭО жылу көзi ретiнде қалады. Коттедж үлгiсiнде жаңа құрылыс аудандары дербес жылу көздерiнен қамтамасыз етiледi. Жеке құрылыс аудандары газ отынды пеш жылуымен қамтамасыз етiледi.
      Сондай-ақ тозған жылу жүйелерiн жаңа технологиялар бойынша дайындалған құбырларды пайдалана отырып қайта құру және алмастыру қажет. Көп қабатты құрылыс аудандарына қолданыстағы жылу жүйелерiнiң басты учаскелерiн алмастыра отырып, жаңа жылу жүйелерiн төсеу қажет.

        4.5. Газбен жабдықтау
      Ақтөбе қаласын газбен жабдықтау "Бұқара-Орал" магистральды газ құбырынан, Жаңажол кен орнындағы мұнайдың iлеспе газынан жүзеге асырылады. Табиғи газбен қамтамасыз ету 100%-ға.
      Қазiргi және жаңадан салынып жатқан тұрғын үй аудандарын газбен сенiмдi қамтамасыз ету үшiн мұнайдың iлеспе газы Жаңажол кен орнынан газ құбырының екiншi тiлiнiң құрылысы қажет. Болашақта қаланы қамтамасыз ету Ақтөбе облысының өз кен орындарындағы мұнайдың iлеспе газы арқылы ғана жүзеге асырылатын болады.

        4.6. Телефон орнату
      2003 жылғы 1 қаңтарға қалалық АТС-ның жиынтық сыйымдылығы 63530 нөмiрдi құрады. Қаланың барлық АТС араларындағы заттай жалғанған жүйелер SDN сандық жабдығын қондыра отырып, оптикалық-талшықты сақина құрылысы тәсiлiмен алмастырылды.
      Қондырылатын телефондар нөмiрлерiнiң талап етiлетiн саны құрылыс кезегiнiң кезеңiнде 86500 нөмiрдi, есептi мерзiм кезеңiнде - 113500 нөмiрдi құрайды.
      ҚТС сыйымдылығын жобалық мөлшерге дейiн жеткiзу қолданыстағы АТС кеңейту және жаңаларының құрылысы есебiнен көзделуде.
      Жобада құрылыстың 1-кезегiнде мыналар ұсынылады:
      Сазды жобалау ауданының аумағында орналасқан жұмыс iстеп тұрған АТСЭ-506, АТСЭ-227 және АТСЭ-23 кеңейту;
      АТСЭ 21/22 сыйымдылығын 15000 нөмiрге дейiн жеткiзу;
      жиынтық сыйымдылығы 12000 нөмiр жаңа электронды АТС-1, АТС-2 және АТС-3 салу.
      Есептi мерзiм кезеңiнде қосымша АТС-227 және АТС-3 - 2000 нөмiрге, АТС-1 және АТС-22 - 1000 нөмiрге, АТС 21/22 және АТС-23 - 4000 нөмiрге кеңейту;
      АТС-50 сыйымдылығын 10000 нөмiрге дейiн; АТС 54/56 23000 нөмiрге дейiн, АТС 51/52 16000 нөмiрге дейiн және АТС-216 5000 нөмiрге дейiн жеткiзу қажет.
      Қалада мыналар белгiленуде:
      жаңа тұрғын үй-азаматтық құрылыс бағытында телефон кәрiзiнiң құрылысы;
      қолданыстағы кабельдiк кәрiздi төсей түсу;
      қолданыстағы әуе байланыс жүйелерiн телефондық кабельдiк кәрiздерге кезең-кезеңiмен төсеу ойластырылуда.

        4.7. Аумақтарды инженерлiк дайындау
      Инженерлiк-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларды негiзге ала отырып, Ақтөбе қаласын инженерлiк дайындау өзiне мыналарды қамтиды:
      тiк жобалау;
      жердiң бетiндегi ағындарды бұруды ұйымдастыру;
      жасыл екпелердi суғаруды ұйымдастыру;
      қала аумағын жер асты суларының басып кетуiнен қорғау;
      аумақтарды Елек өзенi тасқын суларының басып кетуiнен қорғау;
      Сазды өзенiнiң арнасын абаттандыру.
       Тiк жобалау.  Жобаланатын аумақ салыстырмалы түрде Елек және Қарғалы өзендерiне қарай еңiстiгi бар тегiс жазықтықтан көрiнедi. Тек Елек өзенiнiң сол жақ жағалауындағы "Жасыл төбе" тұрғын үйлер шоғыры ғана биiктiгi 40-тан 45 метрге дейiн ауысып отыратын төбешiктiң үстiнде орналасады.
      Жобада ғимараттар, имараттар астында, жолдар мен көшелердiң кейбiр учаскелерiнде iрiктемелi тiк жоспарлау жүргiзу ойластырылуда. Елек өзенiнiң жайылмалық бөлiгiнде орналасатын болашағы бар және тасқын сулардың астында қалуға бейiм құрылыс учаскелерiне суға батпайтын белдеуге дейiн топырақ төсеу белгiленуде.
       Жердiң бетіндегі ағындарды бұруды ұйымдастыру.  Қала аумағының жер бетiндегi қолайлы еңiстерi жаңбыр және қар суларын құрылыс учаскелерiнен өз бетiнше бұруға мүмкiндiк бередi. Нөсерлi жаңбырлар мен көктемгi қардың еруi кезiнде атмосфералық суларды бұру мiндеттерiн атқарған арық жүйесi арқылы жиналған жер бетiндегi ағындар нөсерлi кәрiздiң коллекторлары арқылы қағып алынады да олардың бойымен арнайы тазарту имараттарына (нөсерлi сулардың тұндырғыларына) қашыртқыланады.
      Тұрғын және мұнай өнiмдерiнен тазартылған нөсерлi суларды санитарлық қорғалған жасыл екпелердi суаруға ұсынылады. Өсiп-өнбейтiн кезеңде тазартылған ағындар 496-77 СН сәйкес өзендер мен ағын суларға қашыртқыланады.
       Жасыл екпелерi суғаруды ұйымдастыру.  Жобада суландыру көзi ретiнде Елек, Сазды және Ақтөбе су қоймасының суларын пайдалану ойластырылуда.
      Суландыруға тұтынылатын судың жалпы көлемi жылына 9,9 млн. м 3 .
      Суландыру учаскелерiне суды сорғы қондырғыларының, магистральдық және таратушы суарушы құбырлардың көмегiмен беру көзделген.
       Аумақты жер асты суларының басуынан қорғау.  Қаланың қолданыстағы құрылысы ("Мәскеу", "Құрмыш", "Қалалық сүт зауыты" аудандары, 11, 12 шағын аудандары) және Елек және Қарғалы өзендерiнiң жайылмаларында орналасқан жобаланушы аумақ iшiнара жер асты суларының басуына бейiм.
      Аумақтардың геологиялық құрылымы мен гидрогеологиялық жағдайларының ерекшелiктерi қарастырылып отырған аумақтарда тiк кәрiздеу ұңғылары құрылысының көмегiмен судың деңгейiн төмендетудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
       Аумақтарды Елек өзенiнiң тасқын суларының басуынан қорғау.  Бас жоспардың жобасында қабылданған сәулет-жоспарлау шешiмдерiнiң күшiне қарай Елек өзенiнiң жайылмасы құрылыстық игеруге жатады.
      Көктемгi тасқын кезiнде өзеннiң жайылмалық бөлiгiнiң судың астында қалуы өзенге тән сипат болып табылады.
      Елек өзенiнiң тасқын суларынан жайылмалық бөлiкте орналасқан қала аумағын қорғау үшiн жобада құрылыс учаскелерiнiң аумақтарының белгiлерiн жоғарылату жөнiндегi iс-шаралар, сондай-ақ өзен арнасының бойына салынған қолданыстағы жолдың белгiлерiн жоғарылату көзделген.
      Жобада өзен жағынан құрылыстың жаңа алаңдарында салуға жоспарланған перспективалы жол учаскелерiн су басудан қорғау мақсатында үйменiң үстiне салу ойластырылған.
       Сазды өзенiнiң арнасын абаттандыру.  Қаланың құрылысты шегiнде ағып жатқан Сазды өзенiнiң эстетикалық түрi нашар, жазғы уақытта арнадағы су тартылып қалады. Жобада қала аумағының шегiнде Сазды өзенiнiң бойында су қорғау аймағын жасау жоспарлануда. Сазды паркiнде арнаны жағалаулық беткейлердi габиондармен қабаттау және өзен бойына жағалаулық жасау жолымен абаттандыру белгіленген. Судың ағындылығын жасау үшiн парк аймағындағы арнасында жазғы кезең iшiнде Сазды өзенiнiң арнасына Елек өзенiнен құбыр арқылы су беру қарастырылған.

            Ақтөбе қаласының бас жоспарының жобасы бойынша
             негiзгi техника-экономикалық көрсеткiштер

Р/с
N

Көрсеткіштер

Өл-
шем
бір-
лігі

Бастапқы
жыл -
2003 жыл

Бірінші
кезек -
2008 жыл

Есепті
мерзім -
2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Аумақ

1.1

Қала шегіндегі
аумақ, оның
ішінде:

 
 
га

 
 
29738,9

 
 
42846,9

 
 
42846,9

1.1.1

Тұрғын үй және
қоғамдық құрылыстар,
олардың ішінде
үй маңындағы
құрылыс
2-3
қабатты құрылыс
тар
көп қабатты
құрылыстары бар
көп пәтерлі үйлер
қоғамдық құрылысты
көп пәтерлі үйлер

га
 
 
га
 
 
  га
 
 
  га
 
 
  га

1949,5
 
 
 
  1182,0
 
104,7
 
 
  323,8
 
 
  339,0

2723,8
 
 
 
  1702,0
 
157,7
 
 
  403,6
 
 
  460,5

3798,9
 
 
 
  2332,0
 
231,0
 
 
  461,3
 
 
  774,6

1.1.2

Өнеркәсіптік және коммуналдық-
қоймалық құрылыс,
олардың ішінде
өнеркәсіптік
құрылыс
коммуналдық-
қоймалық құрылыс

га
 
 
 
га
 
 
га 

1663,7
 
 
 
605,5
 
 
1058,2

1813,3
 
 
 
755,1
 
 
1058,2

2435,4
 
 
 
954,7
 
 
1489,7

1.1.3

Көлік, байланыс
және инженерлік
коммуникация,
оның ішінде
сыртқы көлік
магистральдық
инженерлік
жүйелер және
құрылыстар

га
 
 
 
  га
 
га

2104,0
 
 
 
  862,0
 
1242,0

1917,5
 
 
 
  868,5
 
1049,0

2615,1
 
 
 
  1566,1
 
1049,0

1.1.4

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ормандар, орманпарктері)

га

9690,1

9690,1

14999,2

1.1.5

Су қоймалары
және айдындары

га

1043,0

1043,0

1085,7

1.1.6

Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы,
олардың ішінде
бағбандық және
бақшалық
шаруашылықтар
ауыл шаруашылығы
алабы

га
 
 
га
 
 
га

2176,0
 
 
1256,0
 
 
920,0

1518,3
 
 
828,3
 
 
690,0

917,4
 
 
377,4
 
 
540,0

1.1.7

Жалпы пайдалану-
дағы аумақтар
көшелер, жолдар,
жағажай өтпелері,
жағалау парктері, 
скверлер, гулзарлар

га
 
га
 
га
га

1330,3
 
1160,0
 
0,5
169,8

3204,6
 
2088,4
 
32,1
1084,1

8165,2
 
3217,5
 
1730,2
3317,5

1.1.8

Резервтік, олардың
ішінде рекреациялық және өзге де аймақтарды
ұйымдастыруға арналған өнеркәсіптік-
өндірістік және
коммуналдық аумақтарды дамытуға арналған
құрылыстық аумақтарды дамытуға арналған

га

2156,0
 
806,0
 
 
 
0,0
 
 
1350,0

4755,0
 
2800,0
 
 
 
105,0
 
 
1850,0

5033,1
 
2011,7
 
 
 
1891,4
 
 
1130,0

1.1.9

Пайдаланылмайтын
аумақтар

га

7626,3

16181,3

4096,9

2. Тұрғындар

2.1

Қарамағындағы елді
мекендерді қоса
алғанда тұрғындар
саны, оның ішінде
барлығы:
қаланың өзінің
(кент, ауылдық
елді мекен ),
өзге елді мекендер

 
 
мың адам
 

 
 
276,7
 
 

  258,5
 
  18,2

 
 
295,0-
320,0
 
 
  275,0-
300,0
20,0

 
 
325,0-
355,0
 
 
  300,0-
330,0
25,0

2.2
 
2.2.1
2.2.2
 
 
 
2.2.3

Тұрғындардың жас
құрылымы:
15 жасқа дейінгі
балалар
еңбек етуге қабі-
летті жастағы тұр-
ғындар
(16-64 жастағы ер-
лер, 16-62 жастағы
әйелдер) еңбек
етуге қабілетті
жастан ересек тұр-
ғындар

 
 
мың
адам
%

 
 
63,3/24,5
 
 
167,8/64,9
 
 
 
 
 
27,4/10,6

 
 
72,5/26,4
 
 
179,4/65,2
 
 
 
 
 
23,1/8,4

 
 
84,3/28,1
 
 
188,4/62,8
 
 
 
 
 
27,3/9,1

2.3
 
2.3.1
2.3.1

Отбастары мен жал-
ғызбастылар саны,
оның ішінде:
отбасы саны жалғыз
басты тұрғындар
саны

 
 
бір-
лік

 
 
48700
 
13250

 
 
52000
 
15125

 
 
57000
 
18000

2.4

Жұмыс істейтін
тұрғындар саны

мың
адам

77,0

92,3

114,0

3. Тұрғын үй құрылысы

3.1
 
 
 
3.1.1
3.1.2

Тұрғын үй қоры
 
 
оның ішінде:
мемлекеттік қорда
жеке меншікте

жал-
пы
ал-
аңы
мың
шар-
шы
метр

4484,9
 
 
 
249,0
4235,9

5452,0
 
 
 
300,0
5152,0

6605,25
 
 
 
350,0
6255,25

3.2
3.2.1
 
  3.2.2

Жалпы қордан:
көп пәтерлі үйлерде
усадьба типтес үйлерде


 
2859,2
 
  1376,7

 
3309,2
 
  1842,8

 
3870,85
 
  2384,40

3.3

70%-дан астам
тозған тұрғын үй
қоры


19,0

19,0

20,0

3.4

Сақталып отырған
тұрғын үй қоры


4484,9

4422,0

5410,9

3.5
 
 
3.5.1
 
 
  3.5.2
 
 
3.5.3
 
3.5.4

Тұрғын үй қорын
қабатына қарай
бөлу 
усадьбалы (коттедж түріндегі) 
шағын қабатты
(1-3 қабат) көп
пәтерлі
орташа қабатты
(4-5 қабат)
көп пәтерлі
көп қабатты


 
 
 
1376,7
 
 
  306,5
 
 
1909,1
 
892,6

 
 
 
1842,8
 
 
  489,5
 
 
2097,1
 
1022,6

 
 
 
2384,4
 
 
  737,95
 
 
2324,3
 
1158,6

3.6
 
 
 
3.6.1
 
3.6.2

Тұрғын үй қорының
кемуі, оның ішін-
де: 
техникалық жай-күйі бойынша
қайта құрылуы
бойынша


-
 
 
 
-
 
-

62,9
 
 
 
19,0
 
43,9

41.1
 
 
 
19,0
 
22,1

3.7

Тұрғындардың жалпы
алаңмен орташа
қамтылуы

шар-
шы.
м./
адам

17,35

19,8

22,0

3.8

Жаңа тұрғын үй
құрылысы, барлығы

жал-
пы
ала-
ңы
мың
шар-
шы
метр


1030,0

1194,35

3.9
 
 
 
    3.9.1
 
 
 
      3.9.2
 
3.9.3
 
3.9.4

Жаңа тұрғын үй
құрылысының
қабатына қарай
салыстырмасы
усадьбалық(коттедж
түріндегі) шағын
қабатты
(1-3 қабатты)
көп пәтерлі
орташа қабатты
(4-5 қабатты)
көп пәтерлі
көп қабатты көп
пәтерлі


 
 
 
-
 
 
  -
 
-
 
-

 
 
 
510,0
 
 
  202,0
 
 
  188,0
 
 
  130,0

 
 
 
563,7
 
 
  267,45
 
 
  227,2
 
 
  136,0

4. Мәдени-ойын-сауық және коммуналдық-тұрмыстық
мақсаттағы мекемелер

4.1

Мектепке дейінгі
балалар мекемеле-
рі, барлығы

орын

6780

6700

7190

4.2

Жалпы білім бере-
тін мекемелер,
барлығы


41510

51950

60180

4.3

Емханалар, барлығы

бір
күн-
де
қа-
был-
дай-
ды

6459

9339

10500

4.4

Ауруханалар,
барлығы

ке-
реу-
ет

2535

3595

4055

4.5

Сауда кәсіпорында-
ры, барлығы

шар-
шы м

47547

63065

79266

4.6

Тұрмыстық қызмет
көрсету кәсіпорын-
дары, барлығы

жұ-
мыс
орны

887

1316

1533

4.7

Қоғамдық тамақтан-
дыру кәсіпорында-
ры, барлығы

орын

5498

8582

13490

4.8
 
4.8.1
4.8.2
4.8.3
 
4.8.4
 
  4.8.5
 

Ойын-сауық мәдени
мекемелер
театрлар
клубтар
кинотеатрлар
 
мұражайлар мен
көрме залдары
жалпы қалалық
кітапханалар

 
 
орын
 
объ-
ект
 
о-
қыр-
ман
за-
лын-
дағы
орын

 
 
1404
2000
2000
 
2
 
  230

 
 
1570
2400
2520
 
2
 
  475

 
 
2070
3000
4200
 
6
 
  600

4.9
 
4.9.1
 
  4.9.2
4.9.3
4.9.4
 
 
4.9.5

Ұзақ уақыт дем
алатын орындар
демалыс үйлері,
пансионаттар
туристік базалар
мотельдер
санаторий-
профилакторийлер
мектеп оқушыларына
арналған лагерьлер

 
орын



  -
 
-
 
  -
-
 
 
480



  1450
 
300
 
  300
550
 
 
6000



  2600
 
600
 
  1200
1000
 
 
12000

4.10
 
 
4.10.1
 
4.10.2
4.10.3

Коммуналдық қызмет
көрсету
кәсіпорындары
өрт сөндіру
депосының ғимараты
моншалар
химиялық тазалау
кәсіпорындары



  саны
 
 
ав-
том.
объ-
ект


 
 
 

      16
 
18
 
3


 
 
 

      55
 
25
 
5


 
 
 

      60
 
30
 
8

5. Көлікпен қамтамасыз ету

5.1
 
 
5.1.1

Жолаушылардың
қоғамдық көлігі
желілерінің
қашықтығы, барлығы
оның ішінде:
электрлендірілген
темір жол
троллейбус

қо-
сар-
лы
жол
км

1187,0
 
 
 
 
 
          -
25,0

1388,3
 
 
 
 
 
          -
52,0

1684,1
 
 
 
 
 
          16,0
100,0

5.1.2

автобус

км

1162,0

1336,3

1568,1

5.2
 
 
 
 
    5.2.1
 
 
  5.2.2
 
5.2.3

Магистральдық
көшелер мен
жолдардың қашықтығы
оның ішінде:
жалпы қалалық
маңызы бар
магистральдар
аудандық маңызы
бар магистральдар
өндірістік жолдар

 
 
 
км

 
 
 
 
 
    18,8
 
 
  549,2
 
16,5

 
 
 
 
 
    21,62
 
 
  631,58
 
19,8

 
 
 
 
 
    25,38
 
 
  741,42
 
22,28

5.3
 
5.3.1
 
 
5.3.2
 
 
 
 
 
 
 
 
5.3.3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.3.4

Сыртқы көлік
оның ішінде
темір жол,
соның ішінде
жолаушылар
жүк,
әуе, оның ішінде
жолаушылар
 
 
 
 
 
 
жүк
автомобиль, оның
ішінде





жолаушы
жүк
Құбыр:
жүк

 
 
 
жы-
лы-
на/
мың
жо-
лау-
шы
мың
т./
жыл
 
жы-
лы-
на/
мың
жо-
лау-
шы
мың
т./
жыл
 
жы-
лы-
на/
мың
жо-
лау-
шы
мың
т./
жыл
мың
т./
жыл

 
 
 
837,0
1326,4
 
42,5
62,1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
8154,2
4600
4,5

 
 
 
1044,4
3315,0
 
53,12
77,62
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
10429,0
6900
10,0

 
 
 
1130,0
1973,4
 
59,50
83,84
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
11199,0
10350
15,0

5.4

Көше-жол жүйесінің
жиілігі

км/
шар-
шы
км

10,06

8,77

10,08

6. Инженерлік жабдықтар

6.1

Су тұтыну





6.1.1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  6.1.2

ауыз су
 
оның ішінде
тұрғындардың су
тұтынуы
өнеркәсіп

 
а) ауыз су
 

б) техникалық су
 
 
 
 
 
          салыстырмалы су
тұтыну (ауыз су
бойынша)

м 3 /
тәу-
лік
млн.
м 3/
жыл
м 3 /
тәу-
лік
млн.
м 3/
жыл

 
л/тә-у-
лік/адам

55895 
20,40

41360
15,10
12470
4,55
 
  38080
 
 
13,90
 
 
 
 
 
      207

59463
21,70

48390
17,66 
13266
4,85
 
  40510

  14,79
 
 
 
 
    216

109010 
39,79
 
90600
33,07
15950
5,82
 
  51490

 
 
18,79
 
 
 
 
    363

6.2

Су бөлу





6.2.3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
6.2.4
 
 
 
 
 
6.2.5

тұрғындардың
шаруашылық-
тұрмыстық
ағындылар
 
 
 
 
 
 
 
өндірістік
кәсіпорындардың
өндірістік
ағындылар
 
 
салыстырмалы су
бөлу

м 3 /
тәу-
лік
млн.
м 3/
жыл
м 3 /
тәу-
лік
 
млн.
м 3/
жыл
л/
тәу-
лік/
адам
 

41360
 
 
 
 
        15,10
 
 
    20867
 
 
 
 
7,62
 
 
 
      230

48390
 
 
 
 
      17,66
 
 
    22950
 
 
 
 
8,38
 
 
 
      259

81540
 
 
 
 
      29,76
 
 
    23595
 
 
 
 
8,61
 
 
 
      350

6.3

Электрмен
жабдықтау





6.3.1

Жиынтық электр
жүктемелері
оның ішінде
тұрғын үйлер,
қоғамдық
ғимараттар,
сыртқы жарық
өндірістік, көлік
және
өзге кәсіпорындар

 
МВт

 
 
285,5
 
 
 
105,5
 
 
180,0

 
 
343,0
 
 
 
135,0
 
 
208,0

 
 
399,6
 
 
 
169,6
 
 
230,0

6.4

Телефон орнату





6.4.1

Телефон нөмірле-
рінің саны

дана

63530

86500

113500

6.5

Жылумен жабдықтау





6.5.1

Орталықтандырылған
көздер қуаты,
барлығы
оның ішінде
ЖЭО
оқшауланған көздер
қуаты

 
МВт

 
2210
 
 
1610
 
600

 
2890
 
 
2210
 
680

 
2935
 
 
2210
 
725

6.5.2

Жылытуға пайдала-
ну,
барлығы
оның ішінде
коммуналдық-
тұрмыстық
қажеттіліктерге
өндірістік
қажеттіліктерге


1015
 
 
 
  680
 
 
    335

1285
 
 
 
  880
 
 
    405

1540
 
 
 
  1105
 
 
    435

6.5.3

Ыстық суды
пайдалану, барлығы
оның ішінде
коммуналдық-
тұрмыстық
қажеттіліктерге
өндірістік
қажеттіліктерге


115
 
 
83
 
 
    32

135
 
 
95
 
 
    40

150
 
 
105
 
 
    45

6.6

Газбен жабдықтау





6.6.1

Сұйытылған газды
пайдалану, барлығы
оның ішінде
тұрғындардың жеке
тұрмыстық
қажеттіліктерге
және тұрғын
үйлерде
жергілікті газбен
жылытуға,
коммуналдық-
тұрмыстық сектор
өнеркәсіптік
кәсіпорындардың
жылу көздері
жалпы қуаты
130 Мвт
газтурбиналы
электр
станциялары

млн.
м 3 /
жыл

769,8
 
 
 
56,0
 
 
 
 
 
 
3,8
 
405,0
 
 
305,0

886,2
 
 
 
65,0
 
 
 
 
 
 
11,2
 
505,0
 
 
305,0

1025,0
 
 
 
90,0
 
 
 
 
 
 
15,0
 
600,0
 
 
320,0

6.7

Аумақтарды инже-
нерлік дайындық





6.7.1

Жер жұмыстары
топырақты кесу
топырақ төгу

 
мың
м 3

 
-
-

 
900,0
225,0

 
500,0
4850,0

6.7.2

Желілердің:
жабық нөсер
кәрізінің ашық
арық жүйесінің
арынды нөсер
коллекторларының
арынды суғару
құбырларының
қашықтығы

 
км

 
 
10,60
 
33,43
 
1,47
 
4,0

 
 
2,75
 
60,0
 
4,0
 
9,0

 
 
35,0
 
305,0
 
9,4
 
70,0

6.7.3

Құрылыстар нөсер
сулардың сорғы
станциялары
суғару суымен
жабдықтау
тік дренаж
ұңғымасының нөсер
суларының
тұндырмалары

 
дана

 
3
 
-
-
 
-

 
5
 
2
1
 
5

 
6
 
4
1
 
20

6.7.4

Жағалауды бекіту
жұмыстары
Сазды өзенінің
арнасы
судан қорғайтын
жер
бөгеттер
Елек өзенінің
ылдиын бекіту
өзендердің
арнасын ретке
келтіру

 
км

 
-
9,25
 
-
 
 
-

 
2,0
-
 
-
 
 
-

 
-
23,5
 
1,25
 
10,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады