Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын коммуналдық меншiкке беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы N 378 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары (бұдан әрi - кәсiпорындар) заңнамада белгiленген тәртiппен мүлiктiк кешен ретiнде коммуналдық меншiкке берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және тиiстi облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен кәсiпорындарды қабылдау-беру бойынша қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмде:    
      реттiк нөмiрлерi 15, 18, 21, 22, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 40, 41, 43 және 45-жолдар алынып тасталсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2006 жылғы 10 мамырдағы
                                               N 378 қаулысына
                                                      қосымша

  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
   тиісті облыстардың коммуналдық меншігіне берілетін
                кәсіпорындарының тізбесі

Р/с
N

Коммуналдық меншікке берілетін кәсіпорындардың атауы

Коммуналдық меншігіне кәсіпорындар берілетін облыстардың атауы

1

2

3

1

"Жамбыл ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Жамбыл

2

"Львов" ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қостанай

3

"Степноишим" ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Солтүстік Қазақстан

4

"Торғай ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақмола

5

"Дәнді дақылдар тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақмола

6

"Каменский" мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру зауыты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Алматы

7

"Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы

8

"Жеміс-жидек дақылдары тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы

9

"Бірінші мамыр тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы

10

"Шығыс Қазақстан тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шығыс Қазақстан

11

"Зырян тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Шығыс Қазақстан

12

"Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Шығыс Қазақстан

13

"Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қызылорда

14

"Тұқым шаруашылығы жөніндегі тәжірибе шаруашылығы" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Оңтүстік Қазақстан

15

"Келес" тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Оңтүстік Қазақстан

16

"К.Қонысбаев атындағы тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Оңтүстік Қазақстан

17

"Алтын төбе" тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Оңтүстік Қазақстан

18

"Сарыағаш" тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Оңтүстік Қазақстан

19

"Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Павлодар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады