Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 437 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 22 мамырдағы
N 437 қаулысымен  
бекiтiлген    

Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын (бұдан әрi – инспекторлар) аттестаттау өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестаттауға жатады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
      3) мемлекеттік құрылыс инспекторлары – лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін уәкілетті органның штаттағы қызметкерлері;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
      5) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;
      6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары – лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің штаттағы қызметкерлері.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      4. Аттестаттау инспекторлардың құзыреттiлiгiн, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердi бiлуiн анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерiстердi ескере отырып, жаңа талаптарды зерделеу мақсатында жүргiзiледi және мынадай екі кезеңнен тұрады:
      1) тестілеу;
      2) әңгімелесу.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2014 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Инспекторлар қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн аттестациядан өтедi.
      Бұл ретте аттестаттау көрсетiлген мерзiм басталған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.

      6. Аттестаттау аттестациядан өтетiн инспектордың өтiнiшi бойынша мемлекеттiк немесе орыс тілінде жүргiзiледi.

 2. Аттестаттау комиссиясы

      7. Аттестаттау өткiзу үшін уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен аттестаттау комиссиясы құрылады.
      Аттестаттау комиссиясы комиссия төрағасынан, төрағаның орынбасарынан, мүшелерi мен хатшысынан тұрады. Комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауға тиiс.
      Аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда, оған аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары төрағалық етеді.
      Комиссияның хатшысы комиссия мүшесi болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.04.2014 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Уәкiлеттi органның басшысы белгiлеген уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi аттестаттау комиссиясының жұмыс органы (бұдан әрi – жұмыс органы) болып табылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      9. Уәкiлеттi органның басшысы жұмысшы органның ұсынысы бойынша аттестатталуға тиiс инспекторлардың тiзiмi бекiтiлетiн, аттестация өткiзудiң мерзiмi мен кестесi белгiленетiн бұйрық шығарады.
      Жұмысшы орган аттестациядан өтетiн адамдар бойынша қажеттi құжаттар дайындауды жүзеге асырады.

      10. Аттестаттау комиссиясының құрамына уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары және уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары енгiзiледi.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      11. Өңiрлiк аттестаттау комиссиялары ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестациядан өткiзедi.
      Өңiрлiк аттестаттау комиссиялары көшпелi аттестация өткiзедi.
      Өңiрлiк аттестаттау комиссияларының құрамы уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен белгiленедi.

      12. Аттестаттау комиссиясының отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды болады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      13. Шешiм аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде аттестаттау комиссиясы төрағасының даусы шешушi болып табылады.
      13-1. Егер, аттестаттау комиссиясының мүшесі аттестаттаудан өткен жағдайда, өзіне қатысты дауыс бере алмайды.
      Ескерту. Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.04.2014 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
бас мемлекеттiк құрылыс инспекторларын және мемлекеттiк
құрылыс инспекторларын аттестациядан өткiзудi ұйымдастыру

      14. Жұмыс органы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес аттестатталуға тиiс инспекторларды айқындайды және аттестатталуға тиiс инспекторлардың тiзiмiн уәкiлеттi орган басшысына бекiтуге ұсынады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      15. Жұмысшы орган аттестация өткiзу басталғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын аттестатталуға тиiс адамдарды оның өткiзiлу мерзiмi туралы жазбаша хабардар етедi.

      16. Уәкілетті ұйымның кадр қызметі және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аттестаттау өткізуге дейін екi апта қалғанда аттестатталуға тиiс инспекторлар үшiн мынадай құжаттарды дайындайды және жұмыс органына жiбередi:
      1) қызметтiк мiнездеме;
      2) кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парақ;
      3) өмiрбаян;
      4) бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
      5) ғылыми дәрежесiнiң, атағының болуы, бiлiктiлiгiн арттырғаны және т.б. туралы куәлiктердiң, сертификаттар мен куәлiктердiң (бар болса) көшiрмелерi.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      17. Қызметтiк мiнездеме аттестатталатын адамның кәсiптiк, жеке қасиеттерi мен қызметтiк iс-әрекетi нәтижелерiнiң бағасын қамтуға тиiс және оған:
      1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары үшін – уәкілетті органның басшысы;
      2) аумақтық бөлімшелердің бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары үшін – уәкілетті орган басшысының орынбасары;
      3) бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары мен аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшін – уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
      4) уәкілетті органның мемемлекеттiк құрылыс инспекторлары үшiн – уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;
      5) аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшiн – уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2014 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      19. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн екi апта мерзiм бұрын өзiне берiлген қызметтiк мiнездемемен танысуға тиiс.

      20. Аттестатталатын адам өзiне берiлген қызметтiк мiнездемемен келiспеген жағдайда, аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн екi апта қалғанда жұмыс органына өзiн сипаттайтын қосымша ақпарат беру арқылы өзінің келiспейтiнi туралы мәлiмдеме жасай алады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2014 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 4. Ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттiк құрылыс
инспекторларын аттестациядан өткiзудi ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тарау алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4-1. Тестілеу өткізу

      Ескерту. Қағидалар 4-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.04.2014 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20-1. Жұмыс органы тест сұрақтарын жасайды және оны уәкілетті органның басшысы бекітеді.
      Тест сұрақтары жауаптар парақтарын толықтыру түрінде аттестатталатын адамның білім деңгейін бағалаған кезде пайдаланылады.
      20-2. Тестілеу екі кезеңнен тұрады:
      1) тестілеуге қатысушылардың тестіден өтуі;
      2) нәтижелерді есептеу.
      Тестілеу тестілеуге қатысушының өтiнiшi бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.
      20-3. Тестілеу кезінде қатысушылардың:
      1) тестілеу аяқталғанға дейін үй-жайдан кетіп қалуына;
      2) тестілеуге қатысушылармен сөйлесуіне және басқа да іс-қимылымен кедергі жасауына;
      3) жеке электрондық құралдарды (оның ішінде компьютерді, ұялы телефонды) пайдалануына рұқсат етілмейді.
      Жоғарыда көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда тестілеуге қатысушы тестілеу өткізіліп жатқан үй-жайдан шығарылады; осы адам үшін тестілеу өтпеді деп танылады және тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді, бұл туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетіледі.
      Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде қайта аттестаттаудан өтеді.
      20-4. Тест тапсырмаларын орындауға берілген жалпы уақыт 90 минутты құрайды. Тест сауалнамалары 100 (жүз) сұрақтан тұрады.
      Тесті орындау үшін бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін материалдар аттестаттау комиссиясына ұсынылады.
      20-5. Тестілеу нәтижесін санауды 3 (үш) сағаттан аспайтын уақыт ішінде дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып, аттестатау комиссиясы жүргізеді.
      20-6. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары үшін шекті мән – кемінде 70 %; аттестаттауға жататын қалған санаттар үшін – кемінде 60 %, тестілеу нәтижесі есептеледі.
      20-7. Тестiлеуден өту кезінде шектi мәннен төмен баға алған тестілеуге қатысушы әңгiмелесуге жiберiлмейдi.
      Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзiмде қайта тестілеуден өтеді.
      20-8. Қайта тестілеуден өткен кезде тестілеуге қатысушы шектi мәннен төмен баға алса, онда аттестатау комиссиясы тестілеуге қатысушы атқаратын инспектор лауазымына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.

 5. Аттестация өткiзу

      27. Аттестация аттестатталатын адамның қатысуымен өткiзiледi.

      28. Аттестаттау комиссиясы аттестатталатын адамға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресiмдейдi.

      29. Аттестаттауға тиiс, бiрақ дәлелдi себептермен келмей қалған адам аттестаттау комиссиясы белгiлеген мерзiмде аттестаттау рәсiмдерiнен өтедi.

      30. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделей, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестатталатын адамға тестiлеу және әңгімелесуді жүргізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) аттестациядан өттi;
      2) аттестатталған жоқ, қайта аттестаттауға жатады;
      3) аттестатталған жоқ және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейдi (тек қайта аттестатталған жағдайда).
      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.04.2014 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      31. Аттестаттау комиссиясының шешiмi оның отырысына қатысқан төраға, төрағаның орынбасары, аттестаттау комиссиясының мүшелерi мен оның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2014 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының шешiмiмен таныстырылуға тиiс.

      33. Аттестаттау комиссиясының шешiмi аттестация өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен бекiтiледi.

      34. Аттестаттау комиссиясының бекiтiлген шешiмi аттестатталатын адамның аттестаттау парағына енгiзiледi.

      35. Аттестациядан өткен аттестатталатын адамның аттестаттау парағы жеке iс-қағазда сақталады.

      36. Уәкiлеттi органның басшысы бекiткен аттестациядан өтпегенi және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейтiнi туралы шешiм аттестатталатын адамды инспектор лауазымынан босату үшiн негiз болып табылады.

      37. Аттестаттаудан өтпеген, бiрақ қайта аттестаттауға жататын адам аттестаттау комиссиясы белгiлеген мерзiмде, бiрақ кемiнде үш ай өткеннен кейiн аттестаттаудан қайта өтуi мүмкiн.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2014 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  6. Қорытынды ережелер

      38. Аттестация өткiзу кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.

                                     Сәулет-құрылыс бақылауын және  
қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк
құрылыс инспекторларын аттестаттау
қағидаларына қосымша        

Аттестаттау парағы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2014 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аттестатталатын инспектор туралы ақпарат ____________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты _____________________________________________
Туған күнi және жерi ________________________________________________
Бiлiмi ______________________________________________________________
Лауазымы және тағайындалған күнi ____________________________________
Жалпы еңбек _________ өтілі (оның ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау органдарында), оның iшiнде осы лауазымда ___________________

Қосымша мәлiметтер:

Аттестаттау нәтижелерi туралы мәлiметтер:
Қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң саны ________

Дауыс беру нәтижелерi:
«Жақтағандар» ______________
«Қарсы» ____________________

Қабылданған шешiм: __________________________________________________
(аттестаттаудан өттi; аттестатталған жоқ және қайта аттестаттауға
жатады; аттестатталған жоқ және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес
келмейдi)

Төраға               /________________/
Төрағаның орынбасары /________________/
Хатшы               /________________/
Мүшелері           /________________/
                  /________________/
                 /________________/

Қабылданған шешiммен таныстым ______________________________________
                            (аттестатталатын адамның қолы және күнi)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады