"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 525 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы"

       1-бап.  "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршылары, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 56-құжаттар; 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      22-1-бап. мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының судьялары үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына республикалық бюджет қаражатының есебiнен судьяның ай сайынғы кiрiсiнiң он процентi мөлшерiнде қосымша мiндеттi зейнетақы жарналары белгiленедi.
      Судья терiс себептер бойынша қызметiнен босатылған кезде көрсетiлген жарналар республикалық бюджетке алынады.".
       2-бап.  Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады