Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 589 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi ретке келтiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 27 наурыздағы N 73  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда қызметiн реттеу комитетi болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      5-тармақ алынып тасталсын;

      6-тармақта:
      2) тармақшадағы "және туристiк қызметтi" деген сөздер "қызметiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) тармақшадағы "инвестициялар" деген сөздерден кейiн ", Сауда қызметiн реттеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтың 4) тармақшасында:
      "және туристiк қызметтi" деген сөздер "қызметiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "екi орынбасары" деген сөздер "бiр орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде:

      1-тармақтағы "және туристiк қызметтi" деген сөздер "қызметiн" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтың төртiншi абзацындағы "және туристiк қызметтi" деген сөздер "қызметiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Министрлiктiң миссиясы" деген 2-тарау алынып тасталсын;

      10-тармақта:
      6) тармақша алынып тасталсын;
      9) тармақшадағы "кәсiпкерлiк" деген сөздiң алдынан "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      11-тармақтың 1) тармақшасындағы ", туризмдi" деген сөз алынып тасталсын;
      13) тармақша алынып тасталсын;

      12-тармақтың 1) тармақшасындағы "туризмдi," деген сөз алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi туралы ережеде:
      тақырыбындағы және мәтiндегi "және туристiк қызметтi" деген сөздер "қызметiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Комитеттiң миссиясы" деген 2-тарау алынып тасталсын;

      10-тармақтың 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;

      11-тармақта:
      "туристiк қызмет саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:" деген сөздер алынып тасталсын;
      18), 19), 20), 21), 22), 23), 27), 28), 29) және 30) тармақшалар алынып тасталсын;
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "25) демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану кезiнде бақылау;";

      12-тармақта:
      1) тармақшадағы ", туристiк саланы және оның индустриясын" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшадағы ", туристiк қызметтi" деген сөздер "қызметiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      16) тармақша алынып тасталсын;
      17) тармақшадағы "және туризм" деген сөздер алынып тасталсын;

      17-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.";
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Сауда және туристік қызметтi реттеу комитетiнiң құрылымында:
      тақырыбындағы "және туристік қызметті" деген сөздер "қызметiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртiншi және бесiншi абзацтар алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады