Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 708 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Акушерлiк, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
      3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгi мәні денсаулық сақтау мен ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне кәсiпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;
      2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.02 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 23.09.2014 № 1005 қаулыларымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады