Қазақстан Республикасының бiлiм беру, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарын атау мен қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 тамыздағы N 753 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарына белгілi мәдениет қайраткерлерiнiң, ғалымдардың, ақындардың, дәрiгерлердiң, педагогтардың есiмдерi берiлсiн.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң      
2006 жылғы 9 тамыздағы 
N 753 қаулысына    
1-қосымша       

Белгiлi мәдениет қайраткерлерiнiң, ғалымдардың, ақындардың,
дәрiгерлердiң, педагогтардың есiмдерi берiлген бiлiм беру,
мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарының
тiзбесi Алматы облысы бойынша

      Алакөл ауданы Екпiндi орта мектебiне - профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi Мәлгеждар Әубәкiровтiң есiмi;
      Қапшағай қаласы Шеңгелдi ауылының N 6 орта мектебiне - тарихшы-ғалым Қадырғали Жалайыридың есiмi;
      Алакөл ауданы Yшарал қаласының аудандық Мәдениет үйiне - халық әртiсi Зейнеп Қойшыбаеваның есiмi;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Аягөз ауданының N 1 Баршатас орта мектебiне - Оспанқұл Меңаяқұлының есiмi;

Алматы қаласы бойынша

      қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына - ҚазКСР-iнiң еңбек сiңiрген дәрiгерi Изатима Жекенованың есiмi.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 9 тамыздағы 
N 753 қаулысына    
2-қосымша       

Қайта аталған бiлiм беру ұйымдарының тiзбесi Алматы облысы бойынша

      Ескелдi ауданы Матай Байысов ауылының Дзержинский атындағы орта мектебi - халық ақыны Темiрғали Рүстембеков атындағы орта мектеп;
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының Октябрь атындағы орта мектебi - Тарбағатай орта мектебi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады