Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы N 802 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1203 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.06. N 1203 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн, оларды қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. (2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 23 тамыздағы
N 802 қаулысымен   
бекiтiлген      

Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн, оларды қайта
өңдеу, сақтау және тасымалдау жөнiндегi қызметтердi
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу
ережесi

      Осы Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн, оларды қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бәсекелестiктi ынталандырған жағдайда елiмiздiң экономикасындағы қазақстандық мақта тауарын өндiрушiлердiң үлесiн ұлғайтуға, шиттi мақта өндiру жөнiндегi Қазақстан өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына қауiп төндiретiн теңгерiмнiң бұзылуын болдырмау жолымен экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 24-бабына сәйкес әзiрлендi және "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамының немесе оның аффилиирленген тұлғаларының шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн, оларды қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау жөнiндегi қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы мен өткiзуiнiң ерекше тәртiбiн айқындайды.
      2. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамы, оның аффилиирленген тұлғалары шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн, оларды қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың тапсырысшылары (бұдан әрi - Тапсырысшы) болып табылады.
      3. Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн, оларды қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды Тапсырысшы өзiнiң иелiгiндегi ақша есебiнен жүзеге асырады.

2. Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн мемлекеттiк
сатып алу тәртiбi

      4. Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн мемлекеттiк сатып алу нақты жеткiзу бойынша төлеу жағдайында және көктемгi-жазғы кезеңде алдын-ала төлеу жағдайында сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
      5. Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн Тапсырысшы:
      егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сатып алынатын шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң номенклатурасы мен көлемiн, сатып алу бағаларын айқындайды;
      бағалау комиссиясын (бұдан әрi - Комиссия) құрады;
      аптасына кемiнде бес рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымында Тапсырысшының атауы мен орналасқан жерi, шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн әлеуеттi жеткiзушiлердiң өтiнiм берген мерзiмi мен орны көрсетiлген хабарландырулар, сондай-ақ Тапсырысшы айқындайтын басқа да қажеттi ақпаратты жариялауды қамтамасыз етедi. Хабарландыру өтiнiм қабылдау аяқталғанға дейiн жиырма күннен кешiктірмей жариялануға тиiс.
      6. Тапсырысшы сатып алатын шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерi сапалық көрсеткiштерi бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы стандарттар талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      7. Комиссияның құрамына Тапсырысшының өкiлдерi енгiзiледi.
      8. Комиссияның дербес құрамы, сондай-ақ шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң номенклатурасы, көлемi мен сатып алу бағалары Тапсырысшының бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешiмiмен бекiтiледi.
      9. Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн мемлекеттiк сатып алуды Тапсырысшы осы Ережеге сәйкес шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн қайта өңдеу және сақтау қызметтерiн жеткiзушi ретiнде анықталған кәсiпорындардағы жеткiзушiлерден жүзеге асырады.
      10. Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқық қабiлетi бар, Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, тиiстi салық органында есепте тұрған заңды және/немесе жеке тұлғалар жiберiледi.
      11. Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн әлеуеттi жеткiзушi Комиссияға мынадай құжаттардан тұратын өтiнiм ұсынады:
      1) көктемгi-жазғы кезеңде алдын-ала төлеу жағдайында сатып алу арқылы мемлекеттiк сатып алуға қатысу үшiн:
      Тапсырысшы бекiткен нысан бойынша жазбаша өтiнiш;
      екiншi деңгейдегi банктiң немесе Тапсырысшы айқындаған ұйымның әлеуеттi жеткiзушiге кепiлдiк беру ниетi туралы хаты. Кепiлдiк сомасы жеткiзiлетiн шиттi мақта және/немесе оны қайта өңдеу өнiмдерi көлемiнiң құны және оны жеткiзбеген немесе толық жеткiзбеген жағдайда төленетiн тұрақсыздық айыбы мөлшерiнде белгіленедi;
      қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi не салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiле отырып және шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн әлеуеттi жеткiзушiнiң бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатынын және қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтындығын растай отырып, салық қызметi органдарының анықтамасы;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң және статистикалық есепке алу куәлiгiнiң не кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi (мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасу үшiн азаматтық құқық қабiлетiнiң болуын растау үшiн);
      2) нақты жеткiзу бойынша төлеу жағдайында сатып алу арқылы мемлекеттiк сатып алуға қатысу үшiн:
      Тапсырысшы бекiткен нысан бойынша жазбаша өтiнiш;
      шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң болуын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi не салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiле отырып және шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн әлеуеттi жеткiзушiнiң бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатынын және қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтындығын растай отырып, салық қызметi органдарының анықтамасы.
      Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн әлеуеттi жеткiзушi өзi туралы қосымша ақпарат бере алады.
      12. Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн әлеуеттi жеткiзушi шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн әлеуеттi жеткiзушiнiң өтiнiмiн қарау нәтижелерiне қарамастан өз өтiнiмiн дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды көтередi.
      13. Өтiнiмдердi ұсыну мерзiмi аяқталған соң ұсынылған өтiнiм қарауға жатпайды.
      14. Комиссия шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн әлеуеттi жеткiзушiлердiң өтiнiмдерi түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
      ұсынылған құжаттарды қарайды және мемлекеттiк сатып алудың қорытындысын шығарады;
      шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн жеткiзушiлердiң тiгiлуi, нөмiрленуi және Комиссия төрағасы мен мүшелерiнiң қолдары қойылуы тиiс тiзiлiмiн жасайды.
      15. Комиссия отырыстары Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде өткiзiледi. Шешiм ашық дауыс берумен қабылданады және егер қатысып отырған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi оған дауыс берсе қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      Комиссия отырысында қабылданған шешiм тиiстi хаттамамен рәсiмделедi және оған отырысқа қатысқан Комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қояды.
      Комиссия төрағасы болмаған жағдайда Тапсырысшының шешiмiмен төрағаның функциялары Комиссия мүшелерiнiң бiрiне жүктеледi.
      16. Тапсырысшы шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн жеткiзушiлердiң тiзiлiмiне сәйкес шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн жеткiзушiлермен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасады.
      Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бекiтiлген мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт нысаны бойынша жасалады.

3. Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерін қайта өңдеу,
сақтау және тасымалдау жөніндегi қызметтердi мемлекеттiк
сатып алу тәртiбі

      17. Шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау жөнiндегi қызметтердi (бұдан әрi - қызметтер) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн Тапсырысшы:
      сатып алынатын қызметтердiң көлемi мен шектi бағасын айқындайды;
      бағалау комиссиясын (бұдан әрi - Комиссия) құрады;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында Тапсырысшының атауы мен орналасқан жерi, сатып алынатын қызметтердi көрсету мерзiмi, шарттары мен шектi бағалары, қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысу үшiн әлеуеттi жеткiзушiлердiң өтiнiмдер беру орны мен түпкiлiктi мерзiмi туралы мәлiметтер, сондай-ақ Тапсырысшы айқындайтын басқа да қажеттi ақпарат көрсетiлетiн хабарландырудың жариялануын қамтамасыз етедi. Хабарландырулар өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күнге дейiн он күннен кешiктiрмей жариялануға тиiс.
      18. Комиссияның дербес құрамы, сондай-ақ қызметтердi сатып алу көлемi Тапсырысшының бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешiмiмен бекiтiледi.
      19. Тапсырысшы шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн қайта өңдеу және сақтау жөнiндегi қызметтердi жеткiзушiнi анықтау жөнiндегi рәсiмдердi өткiзбестен, бюджет (бизнес-жоспар) бекiтiлгеннен кейiн шиттi мақта мен оны қайта өңдеу өнiмдерiн қайта өңдеу және сақтау жөнiндегi қызметтердi жеткiзушiлермен олар өздерiнiң барлық шарттық мiндеттемелерiн тиiстi түрде орындаған және осы Ереженiң 20-тармағының талаптарын сақтаған кезде бұрын жасалған шарттардың қолданылу мерзiмiн ұзарта алады.
      Бұл ретте Тапсырысшы сатып алуға бөлiнген қаражатты оңтайлы және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жеткiзушiлер ұсынып отырған бағаға барлық қажеттi негiздеменi жеткiзушiлерден сұрап алады.
      20. Қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысуға бас лицензиясы бар (eгep қызметтер көрсету жөнiндегi қызмет лицензияланатын болса) әлеуеттi көрсетушiлер оларда:
      салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
      жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар;
      екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерi бойынша мерзiмi өткен берешегi болмаған жағдайда жiберiледi.
      21. Қызметтердi әлеуеттi көрсетушілер. Комиссияға мынадай құжаттардан тұратын өтiнiмдi ұсынады:
      Тапсырысшы бекiткен нысан бойынша жазбаша өтiнiш;
      жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесi (заңды тұлғалар үшін);
      заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi немесе жеке кәсiпкер үшiн мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өту фактiсiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
      мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) анықтамасы;
      салық органының салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар бойынша мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтамасы.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу көзделген жағдайда, әлеуеттi көрсетушi Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген лицензияның көшiрмесiн тапсыруға тиiс.
      Қызметтердi әлеуеттi көрсетуші өзi туралы қосымша ақпарат бере алады.
      22. Қызметтердi әлеуеттi көрсетушi өтiнiмдi қарау нәтижелерiне қарамастан өз өтiнiмiн дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды көтередi.
      23. Өтiнiмдердi ұсыну мерзiмi аяқталғаннан кейiн ұсынылған өтiнiм қарауға жатпайды.
      24. Комиссия қызметтердi әлеуеттi көрсетушiлердiң өтiнiмi түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
      ұсынылған құжаттарды қарайды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың қорытындысын шығарады:
      қызметтердi көрсетушiлердiң тiзiмiн жасайды олар тiгiлуi, нөмiрленуi және оларға Комиссия төрағасы мен мүшелерiнiң қолдары қойылуы тиiс.
      25. Комиссия отырыстары Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде өткiзiледi. Шешiм ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған қатысып отырған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан көпшiлiгi дауыс берсе қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      Комиссия отырысында қабылданған шешiм тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оған отырысқа қатысқан Комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қояды.
      Комиссия төрағасы болмаған жағдайда Тапсырысшының шешiмiмен төрағаның функциялары Комиссия мүшелерiнiң бiрiне жүктеледi.
      26. Тапсырысшы қызметтердi көрсетушiлердiң тiзiлiмiне сәйкес қызметтердi көрсетушiлермен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасайды. Қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бекiтiлген мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт нысаны бойынша жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады