Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 915 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын 20 қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне оның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi жыл сайын 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
      4. Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiне әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламаларда "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы  Заңының қолданысына жатқызылатын аумақтарды дамыту жөнiндегi кешендi шаралар мен тетiктердi көздеу ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне жүктелсiн.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Бағдарламаның мазмұны

1.  Бағдарламаның паспорты
2.  Кiрiспе
3.  Проблеманың қазiргi жай-кyйiн талдау
3.1. Жалпы сипаттама
3.2. Экологиялық ахуал
3.3. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етiлуi
3.4. Әлеуметтiк инфрақұрылым
3.5. Арал өңiрi экономикасының жай-күйi
4.  Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5.  Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгi
5.1. Негiзгi бағыттары
5.1.1. Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетiн арттыру
5.1.2. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету
5.1.3. Суды ұтымды пайдалану және егiншiлiк әдiстерiн жақсарту
5.1.4. Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу
5.1.5. Әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту
5.1.6. Өңiрдiң маркетингi
5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
6.  Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
7.  Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
8.  Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 26 қыркүйектегi
N 915 қаулысымен    
бекiтiлген    

Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарлама

  1. Бағдарламаның паспорты

       Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.02.06.  N 105 Қаулысымен.

Атауы                Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу
                     жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған
                     бағдарлама
 
  Әзiрлеу үшiн         Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы
негiздеме            31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген
                     Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006
                     жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi
                     бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына
                     кiру стратегиясы" атты Қазақстан халқына
                     Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың
                     жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан
                     Республикасы Yкiметiнiң 2006-2008 жылдарға
                     арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк
                     кестесiнiң 104-тармағы;
                     Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                     Әкiмшiлiгi Басшысының 2005 жылғы 13 мамырдағы
                     N 41-8.28 бұйрығымен бекiтiлген 
                     Қазақстан Республикасының Президентi
                     H.Ә.Назарбаев 2005 жылғы 27-28 сәуiрде
                     Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында
                     берген тапсырмаларды орындау жөнiндегi
                     iс-шаралардың 4-тармағы
 
  Негiзгi әзiрлеушi    Қазақстан Республикасы Экономика және
                     бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
 
  Мақсаты              Бағдарламаның мақсаты экологиялық жағдайды
                     тұрақтандыру, нарықтық және әлеуметтiк
                     инфрақұрылымды дамыту, өңiрдiң беделін арттыру
                     арқылы Арал өңiрi халқының тұрмыс сапасының
                     өлшемдерiн жақсарту болып табылады

Мiндеттерi           Экологиялық ахуалды оңалту;
                     суды ұтымды пайдалану және жерді пайдалану
                     әдiстерiн жақсарту;
                     сапалы ауыз суға қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
                     нарықтық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
                     өңірдің беделін қалыптастыру және ілгерілету
 
  Қаржыландыру         Республикалық бюджеттен 7796,7 млн. теңге,
көздері              оның ішінде 2007 жылы 1223,4 млн. теңге, 2008
                     жылы 2051,1 млн. теңге, 2009 жылы
                     4522,2 млн. теңге көлемiнде;
                     халықаралық гранттар есебiнен 2007 жылы 86,3
                     млн. теңге көлемiнде қаражат бөлу көзделiп
                     отыр.
                     Республикалық бюджет қаражаты есебiнен
                     қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша
                     қаражаттың көлемi тиiстi қаржы жылына
                     арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан
                     Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын
                     болады.

Бағдарламаны iске    Бағдарламаны iске асыру және онда көзделген 
асырудан күтiлетiн   барлық шараларды қабылдау Арал өңiрiндегi
нәтижелер            экологиялық ахуалды жақсартуға, нарықтық
                     инфрақұрылымды дамытуға, халықты сапалы
                     ауыз сумен қамтамасыз етуге, суды ұтымды
                     пайдалануға және Арал өңiрiндегi егiншiлiк
                     әдiстерiн жетiлдiруге ықпал етуге тиiс.

Iске асыру мерзiмi   2007-2009 жылдар

       2. Кiрiспе

      Соңғы жылдары мемлекет экологиялық қасiрет нәтижесiнде Арал өңiрiнде қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу жөнiнде ауқымды шаралар қабылдауда.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы N 520  қаулысымен бекiтiлген Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49  қаулысымен бекiтiлген, Арал өңiрiне iргелес өңiрлер аумақтарының шөлейттену процесiн тоқтатуға және болдырмауға бағытталған Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды және iске асырылуда.
      Осы және басқа шараларды iске асыру өңiрдiң экологиялық жай-күйiн бiршама жақсартуға, оның мемлекет кепiлдiк берген негiзгi қызметтердi ұсынатын әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым желiсiмен қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыруға көмегiн тигiздi.
      Сонымен қатар, Арал өңiрi проблемаларының ауқымдылығы оларды шешу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыруды талап етедi. Осыны негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы 27-28 сәуiрде Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалар бойынша жаңа 2007-2009 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi бағдарлама әзiрлендi.

       3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

       3.1. Жалпы сипаттама

      Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаның қабылдануымен өңiрдегi жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi шаралар неғұрлым жүйелi сипатқа ие болды.
      Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет себептерi мен салдарын жою жөнiндегi басымдықтар айқындалды.
      Көрсетiлген Бағдарлама шеңберiнде республикалық бюджеттен 2004-2006 жылдары Арал өңiрi проблемаларын шешу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру үшiн 17356,1 млн. теңге бөлiндi, оның iшiнде 2004 жылы 6271,9 млн. теңге, 2005 жылы 7814,4 млн. теңге, 2006 жылы (бюджеттi нақтылау кезiндегi түзетулердi ескере отырып) 3269,8 теңге бөлiндi.
      Көрсетiлген қаражат мынадай жобаларды iске асыруға жiберiлдi:
      Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзінің солтүстiк бөлiгiн сақтау;
      Арал теңiзi өңiрiнiң елдi мекендерiн сумен жабдықтау және санитариясы;
      Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясын салу;
      Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейiн 1 және 12 кәрiздiк-сорғы станциялары бар бас тегеурiндi коллекторларды салу;
      Қызылорда облысында бас су өткiзу құрылысы бар Қараөзек өзегiн қайта жаңарту;
      Қызылорда қаласында су құбырлары мен кәрiз желiлерiн қайта жаңарту және кеңейту (1-кезек);
      Қызылорда қаласының жылу-энергия көздерiн және тұрғын үй секторын iлеспе газға көшiру;
      және басқалар.
      Тұтастай алғанда, көрсетiлген және басқа да мемлекеттiк және салалық бағдарламалар шеңберiнде Арал өңiрiнiң проблемаларын шешу үшiн 2004 - 2005 жылдары республикалық бюджеттен 32795,98 млн. теңге бөлiнген болатын.
      Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама шеңберiнде жайылымды пайдалану жүйесiн жетiлдiру, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы шөлейттену процестерiн болдырмау мақсатында егiстiктi жайылымдар жасау, Қызылорда облысында қайталама тұздалған топырақты қалпына келтiру және мелиорациялау жөнiндегi пилоттық жобаны әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi шаралар қабылдануда.
      Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесiнде соңғы жылдары Арал өңiрiнде демографиялық көрсеткiштердiң жақсарғаны байқалады.
      2005 жылы бала туудың республикалық көрсеткiшi халықтың әр 1000 адамына 18,4-тен келген кезде, Оңтүстiк Қазақстан облысында бұл индикатор 25,9-ды, Қызылорда облысында - 22,5-тi құрайды. Ақтөбе облысында да бала туу орташа республикалық көрсеткiштен жоғары.
      Өлiм-жiтiм көрсеткiштерi соңғы жылдары Арал өңiрiнiң аудандарында да төмендеу үрдiсiне ие болды және орташа республикалық деңгейден төмен қалыптасты.
      Арал өңiрiнде елдiң басқа өңiрлерiмен салыстырғанда халықтың өмiр сүру деңгейiн жақсартуға бағытталған қосымша әлеуметтiк қорғау шаралары iске асырылуда. Мысалы, жыл сайын республикалық бюджеттен экологиялық қасiрет аймақтарында тұратын халыққа атаулы әлеуметтiк және тұрғын үй көмегiн көрсетуге арналған нысаналы трансферттер бөлiнiп келдi.
      Сонымен қатар, халықтың өмiр сүру жағдайының едәуiр нашарлауына алып келген Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет себептерi мен салдарын жою үшiн капиталды қажет ететiн iрi жобаларды iске асыру арқылы мемлекеттiң одан әрi мақсатты қолдауы қажет.
      Сонымен бiрге орасан күйзелiске ұшыраған, табиғи және әлеуметтiк-экономикалық проблемаларға толы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету үшiн жарамсыз және даму үшiн перспективасы жоқ өңiр ретiндегi Арал өңірі туралы соңғы он жылдықтарда қалыптасқан таптаурын көзқарасты өзгерту қажет.
      Қолданылып жатқан шаралардың нәтижесi осы ұғымды өзгертуге, Арал өңiрiн үлкен мүмкiндiктер өңiрi ретiнде қабылдауға жәрдемдесуi тиiс, бұл оның экономикалық дамуының, инвестициялық тартымдылығының қосымша факторы болады.

        3.2. Экологиялық ахуал

      Арал теңiзi бассейнiндегi экологиялық жағдайды жақсарту үшiн Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберiнде "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау - 1-кезең" (бұдан әрi - САРАТС-1) жобасының бiрiншi кезеңiн iске асыру бiрiншi кезектегi маңызға ие.
      Жобаны iске асыру нәтижесiнде 2006 жылғы ақпандағы деректер бойынша Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң деңгейi Балтық жүйесi бойынша (жобаны iске асыру басталғанға дейiн 39 метр) 41,4 метрлiк белгiге дейiн жеттi. Бұл ретте, су бетiнiң аумағы 2606-дан 3156,6 шаршы км-ге дейiн, су көлемi - 17,7-ден 25,2 текше км-ге дейiн ұлғайды, ал судың минералдануы бiр литрге 23-тен 12 граммға дейiн азайды.
      Алдын ала есептеулер бойынша судың көбеюiнiң қазiргi қарқыны сақталған кезде Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi судың деңгейi 2006 жылдың соңына қарай Балтық жүйесi бойынша 42 метр белгiге жетедi, яғни жобалық көлемге жобада көзделген мерзiмнен 1-1,5 жыл бұрын жетедi.
      Қазалы және Қызылорда гидротораптарынан төменiрек Сырдария өзенiнiң өткiзу қабiлетi 60-тан 400 текше м/сек. дейiн және тиiсiнше 400-ден 760 текше м/сек. дейiн ұлғайды.
      Көлдер жүйесiн суландыру алаңы 6,3 мың гектарға, Қазалы гидроторабына "байланған" шабындықтар 7 мың гектарға және Қызылорда гидроторабына "байланған" суармалы жер 17 мың гектарға жеттi.
      Қазiргi уақытта САРАТС-1 жобасының бiрiншi кезеңiн iске асыру жалғасуда.
      Бұдан басқа, 2002 - 2005 жылдары Арал өңiрінде 2 мұнай және 143 өздiгiнен төгiлiп жатқан, оның iшiнде құрамындағы радионуклидтерi жоғары 121 ұңғыма жойылды. Нәтижесiнде 300 мыңнан астам шаршы метр алаңдағы жер бетi сулары мен топырақтың мұнай өнімдерiмен және радионуклидтермен одан әрi ластануының алды алынды және шамамен 9 мың текше м/тәулiк көлемiнде жер асты тұщы судың шығысы қысқарды.
      Сонымен бiрге, қабылданып отырған шараларға қарамастан, техногендiк жүктеме және Арал өңiрiнiң топырақ жамылғысының шөлейттенуi жалғасуда. Бұл ретте, топырақ түзудiң теңгерiмдi табиғи процестерi бұзылуда, топырақтың құнарлылығы мен өнiмдiлiгi азаюда, қоршаған ортаның ластану, топырақ жамылғысының сортаңдану мен азу процестерi күшеюде.
      Жер ресурстарын пайдалануда жiберілген маңызды кемшiлiктер едәуiр учаскелерiн су басқан және сортаңдалған суармалы жерлердің қайтарымының төмендеуiне әкелдi. Жыл сайын айналымнан суармалы жердiң 10-15 %-ның шығарылуы жалғасып отыр, Арал өңiрiнiң оңтүстiк бөлiгiнде жайылымның 20-25 %-ы жарамсыз. Үш мың жайылма көлдердiң 123-i ғана қалды, шабындықтардың өнiмдiлiгi 4 eceгe азайды, топырақтың шөлейттену және сортаңдану процесі күшейiп отыр.
      Суару және коллекторлық-дренаждық желiлердiң техникалық жай-күйi және олардың пайдалы әрекет коэффициентi жер, сондай-ақ су құрылғыларының тозу көздерi бола отырып, өте төмен деңгейде қалып отыр.
      Суарылатын, құрғатылмаған және шала құрғатылған жерлердiң сортаңдану және сондай-ақ батпақтану процестерiмен қатар тыңайтқыштар қалдықтарының жинақталуы, улы химикаттармен, дефолианттармен ластануы байқалып отыр.
      Арал теңiзiнiң кеуiп қалған табанында әртүрлi сортаңдардың iрi массивтерi қалыптасты. Зерттелген 1533 мың га алаңның 755 мың га немесе шамамен 50 %-ы сортаң.
      3,0 мыңнан астам га аумақта сексеуiл дәнiн себу жөнiндегi жыл сайынғы жұмыстар жеткiлiксiз, өйткенi Арал теңiзiнiң кеуiп қалған табанының қазақстандық бөлiгi шамамен 2,4 млн. га құрайды.
      2004 - 2005 жылдар бойы жүргiзiлген зерттеулерге сәйкес өңiрдегi судың сапасы микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткiштер бойынша санитарлық нормаларға сәйкес келмейдi.
      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi "Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Арал өңiрiнiң экологиясы өңiрлiк орталығы 2003 - 2005 жылдар аралығында жүргiзген қоршаған ортаның ластануы мен халық денсаулығының жай-күйiн мониторингiлiк зерттеулер халықты сапалы ауыз сумен қанағаттанғысыз қамтамасыз етiлуi халықтың денсаулығы нашарлауының маңызды себептерiнiң бiрi болып табылады деген қорытынды жасауға мүмкiндiк бердi.
      Бұл ретте, ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң неғұрлым қолайсыз жағдайы Қызылорда қаласында қалыптасқан, олар кермектiгi, лайлылық, түстiлiк, сульфаттардың, құрғақ қалдықтың болуы сияқты химиялық-талдамалық көрсеткiштер бойынша шектi жол берiлетiн шоғырлануға (бұдан әрi - ШЖШ) сәйкес келмейдi.
      Оңтүстiк Қазақстан облысының Арал өңiрiнiң аймағына кiретiн өңiрлерiнде де жағдай оңып тұрған жоқ, онда мемлекеттiк гидрометеорологиялық мониторинг деректерi бойынша Сырдария, Келес, Бадам өзендерiнде мыс пен сульфат бойынша ШЖШ бiрнеше есе асатын жер бетi суларының ластануы байқалып отыр.
      Өңiрде жер бетi суларының ресурстары шектеулi болғандығына және өзiнiң сапалық сипаттамалары бойынша халық пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қажеттiлiгiн қанағаттандыра алмайтындығына байланысты судың жер асты запастарын пайдалану маңызды болып отыр. Осыған байланысты перспективада минералдылығы жоғары жер асты суларын тұщыту жөнiндегi қондырғыларды қолдана отырып, жергiлiктi су тартқыштар салу қажеттiлiгi туындайды.
      Арал өңiрi аумағында қоршаған ортаның барлық көрсеткiштерiнiң жаппай және жүйелi мониторингi жолға қойылмағанын атап өткен жөн. Ауа сынамасын бiр жолғы iрiктей отырып, тоқсан сайынғы мониторинг Қызылорда қаласында ғана жүзеге асырылады. Арал өңiрiнiң қалған аумақтарында атмосфералық ауаның ластануын бақылау жүргiзiлген жоқ.
      Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өңiрдегi экологиялық жағдай мейлiнше күрделi болып қалып отыр.
      Экологиялық қолайсыздық халықтың денсаулығына және бiрiншi кезекте ана мен бала денсаулығына әсер етедi. Әлеуметтiк маңызы бар аурулардың (қаны аздық, туберкулез, несеп-жыныс жүйесiнiң аурулары, гипертензиялық бұзылу, жүктi әйелдердiң, туудың және туғаннан кейiнгi кезеңнiң патологиясы) өсуi есебiнен әйелдердiң экстрагениталдық патологиясы ұлғайды. Бұл аудандарда аллергиялық ауру жиi байқалуда. Республиканың басқа аудандарындағы балалармен салыстырғанда Арал өңiрiндегi балалардың антропометрикалық деректерiнiң неғұрлым төмен екендiгi байқалуда.
      Қызылорда облысында жоғары аналар өлiм-жiтiмi сақталуда (тiрi туған әр 100 мың балаға 79,1), бұл республикалық көрсеткiштен шамамен 2 eceгe жоғары.
      2000 - 2005 жылдардағы Арал өңiрi аймағы халқының ауырушаңдығы көрсеткiштерiн талдау Арал өңiрiнiң барлық аудандарында эндокриндi, жүйке, ас қорыту жүйесi, несеп органдары жүйесi ауруларының өскенiн көрсеттi.
      Сонымен бiрге, бұл халық денсаулығының нашарлауымен ғана емес, сондай-ақ жыл сайын жүргiзiлетiн алдын ала медициналық тексерулер барысында ауруларды анықтаудың жақсаруымен де түсiндiрiледi.

        3.3. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етiлуi

      Республика өңiрлерi бойынша талдау және салыстырмалы деректер Арал өңiрiндегi сумен жабдықтау объектiлерiн салу және қайта жаңарту соңғы жылдары жедел қарқынмен жүзеге асырылғанының куәсi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93  қаулысымен бекiтiлген 2002 - 2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен 2002 - 2003 жылдары Арал өңiрiнде 195 км-ден астам су құбыры желiлерi салынды немесе қайта жаңартылды.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын және 2002 - 2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық бағдарламасын iске асыру шеңберiнде өңiрдi ауыз сумен жабдықтауды дамытуға республикалық бюджеттен 2004 - 2006 жылдары 6107,6 млн. теңге сомасында қаражат бөлiндi.
      2004 жылы Қызылорда облысының Жалағаш, Жосалы кенттерiндегi және Жиделi топтық су құбыры (2-кезегiн қайта жаңарту), Ақтөбе облысының Байғанин және Оңтүстiк Қазақстан облысының Қарақұр ауылдарында су құбыры желiлерi салынды немесе қайта жаңартылды.
      2005 - 2006 жылдары Арал-Сарыбұлақ (IV кезек), Жиделi және Кентау-Түркiстан топтық су құбырлары сияқты iрi объектiлердiң құрылысы, Қызылорда облысының Қазалы қаласын сумен жабдықтау жобасы аяқталды (немесе аяқталу сатысында), Қызылорда облысының Жаңақорған, Тереңөзек кенттерiнiң, Ақтөбе облысының Ноғайты ауылының сумен жабдықтау объектiлерi, Қарағанды облысының Жездi кентiндегi су құбыры желiлерi және басқалар қайта жаңартылды.
      Қызылорда облысында Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарлама шеңберiнде "Арал теңiзi өңiрiнiң елдi мекендерiн сумен жабдықтау және санитариясы" жобасы iске асырылуда. Жоба шеңберiнде жалпы ұзындығы 22 км Арал-Сарыбұлақ топтық су аққысы желiлерiн қыздырылған шойыннан жасалған құбырлар төсеп, Арал қаласының қолданыстағы су тарату құбыры желiсiн полиэтилен құбырларымен қайта жаңарту, 3 мыңнан астам үйдi қалпына келтiрiлген желiге қосу, су тарту колонналарын және өрт сөндiру гидранттарын орнату және тегеурiндi су мұнараларын салу және басқа да жұмыстар жүргiзiлдi.
      Қазiргi уақытта халықтың су құбыры суымен қамтамасыз етiлу деңгейi бойынша (75%) Қызылорда облысы республиканың басқа облыстары арасында алдыңғы орындардың бiрiн иеленедi.
      Ақтөбе облысы бойынша 2005 жылы Арал өңiрiндегi халықтың су құбыры суымен қамтамасыз етiлуi 60,4 %-ды құрады, орталықтандырылмаған көздерден 2000 жылғы 70 %-ға қарағанда - 39,5%-ды құрады. Жұмыс iстемейтiн бу құбырларының үлес салмағы 2000 жылғы 15,3 %-дан 2005 жылы 10,6 %-ға төмендедi.
      Сонымен бiрге Арал өңiрiнде жұмыс iстеп тұрған су құбырларының санитарлық-техникалық жай-күйi қанағаттанғысыз күйде қалып отыр, бұл су құбыры құрылыстары мен тарату желiлерiнде апатты жағдайлардың жиi болуына алып келедi. Бiрқатар су құбырларында тазарту және зарарсыздандыру қондырғыларының қажеттi кешенi жоқ.
      Судың тапшылығынан Оңтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жерлерiндегi халықты сумен қамтамасыз етуде неғұрлым қиын жағдай қалыптасып отыр, мұнда Арал өңiрi аймақтарының бiрқатар елдi мекендерiнде су тұтыну үлесi норма бойынша тәулiгiне 150 литрдiң орнына шамамен 30 литрдi құрайды.
      Арал өңiрiнiң жергiлiктi атқарушы органдары ішкi су құбыры желiлерiн салу және оларды салынып жатқан топтық су құбырларына қосу мәселелерiн тиiсiнше пысықтамайды. Бұл республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың тиiмсiз жұмсалуына алып келедi.

        3.4. Әлеуметтiк инфрақұрылым

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы және Қазақстан Республикасындағы ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде өңiрдiң бiлiм беру жүйесiн дамытуға республикалық бюджеттен 2004 - 2006 жылдары 3456,3 млн. теңге бөлiндi. Осы жылдары 11 бiлiм беру объектiсiнiң құрылысы салынды және аяқталады, 10 құрылыс басталды және жалғастырылады.
      2000 жылмен салыстырғанда өңiрдiң жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң желiсi 31 бiрлiкке ұлғайды.
      Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде өңiрдiң денсаулық сақтау жүйесiн дамытуға 2004 - 2006 жылдары бюджеттен 3240,4 млн. теңге бөлiндi. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде 2006 жылы республикалық бюджеттен Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында әйелдер консультациясы бар  перзентхана үйiн салуды бастауға 100,0 млн. теңге бөлiндi.
      2004 - 2006 жылдары 9 денсаулық сақтау объектiсiнiң құрылысы салынды және аяқталатын болады, 7 объектiнiң құрылысы басталды және жалғастырылады.
      Бұдан басқа, денсаулық сақтау және бiлiм беру желiлерiн дамыту жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен де жүзеге асырылады.
      Сонымен бiрге, егер оқушы орындарын ұлғайту бiлiм беру қызметтерiне қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн болса, аурухана төсектерiн жай ғана ұлғайту өңiр халқының денсаулығы проблемаларының барлық кешенiн шеше бермейдi. Арал өңiрiнiң денсаулық сақтау iсiнде негiзгi назар қалыптасып отырған экологиялық жағдайда аурудың алдын алу, салауатты өмiр салтын жүргiзу жөнiнде халыққа бiлiм беру жұмысы, тұрмысты дұрыс ұйымдастыру жағына аударылуға тиiс.

        3.5. Арал өңiрi экономикасының жай-күйi

      Арал өңiрiн әлеуметтiк-экономикалық дамыту жөнiндегi, оның iшiнде Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру шеңберiнде мемлекет қабылдаған шаралар өңiр экономикасындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi, оның әлеуетiн одан әрi өсiру үшiн жағдай жасады.
      Мысалы, Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру шеңберiнде "Қызылорда қаласында жылу-энергия көздерi мен тұрғын үй секторын iлеспе газға көшiру" жобасы бойынша электр қуаты 50 МBт және жылу қуаты 90 Гкал/сағ. газ-турбиналық электр станциясын салуды аяқтау өңiрдiң iшiнара энергетикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз еттi. Нәтижесiнде жылыту тарифтерi 1 шаршы метр үшiн 98 теңгеден 58 теңгеге дейiн немесе 59,1 % төмендедi, 1 текше метр газдың құны 6 теңгенi құрады.
      Сайып келгенде, жобаны iске асыру өңiрдегi инвестициялық ахуалдың жақсаруына, энергия қажетсiнетiн өндiрiстердiң дамуына алып келдi.
      Қазiргi уақытта кварц құмы кен орындары базасында табақты шыны өндiрiсi жөнiндегi зауыт салу басталды.
      2006 жылы саздақ кен орындары негiзiнде жоғары сапалы керамикалық кiрпiш шығаратын 3 зауыт пайдалануға берiледi және әк тас пен құрғақ құрылыс қоспаларын шығару өндiрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi жоба iске асырылады.
      "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау" жобасының 1-кезеңiн iске асыру 39,5 га балық өсiрiлетiн көлдердi қалпына келтiруге және суландыруға әрi Арал өңiрiнде балық саласын дамытуға мүмкiндiк бердi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1344  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде Арал теңiзiнiң Солтүстiк бөлiгiнде балық ресурстарын және сирек кездесетiн бағалы балық түрлерiн толықтыру жөнiнде жұмыстар жүргiзiлуде.
      Балық шаруашылығы өндiрiсiн дамыту үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389  қаулысымен бекiтiлген Шағын қалаларды дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде "Арал қаласында шыны-пластика қайықтар шығару жөнiндегi технологияларды дамыту" жобасы iске асырылуда.
      Ақтөбе облысының Арал өңiрi аймағында орналасқан аудандарында өнеркәсiп өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалады.
      Мысалы, 2004 жылғы деңгейге қарағанда 2005 жылы өнеркәсiп өнiмi өсуi Шалқар ауданында 2,9 есе, Темiрде - 39,4 %-ға, Байғанинде - 17,3 %-ға, Ырғызда - 15,6 %-ға өстi.
      Байғанин ауданында 2005 жылы "Yмiт" жаңа мұнай кен орны ашылды, оны iске қосу жаңа жұмыс орындарын құруға, ауданды одан әрi орнықты дамыту әлеуетiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi.
      Арал өңiрiнде экономиканың негiзгi салаларының бiрi - ауыл шаруашылығы болып табылады.
      Сонымен бiрге, құрғақ климат жағдайында ылғалды көп қажет ететiн ауыл шаруашылығы дақылдары өндiрiсiне бағдарлану, суармалы инфрақұрылымның жетiлмегендiгi су қорларын тиiмсiз пайдалануға алып келедi.
      Күрiш өсiрудiң қалыптасқан технологиясында суландыру және коллекторлы-дренажды желiге көп күш түседi, тұнбаланады және олар жиi iстен шығады, бұл агроэкологиялық жағдайды одан әрi нашарлатады.
      Осыған байланысты, нарықта сұранысқа ие және құрғақшылық пен тұзға төзімділігімен ерекшеленетін өңделетін дақыл түрлерiнiң әр алуандылығын көбейту қажеттiгi өңiр үшін басты проблемалардың бiрi болып табылады. Бұл өңірді тұрақты дамыту және шөлейттенуге қарсы күрес үшін суландыру суын ұтымды пайдалануға ғана емес, сонымен бірге жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге де мүмкіндік береді.
      Қазіргi уақытта күрiш өсірудiң (көшеттiк әдiс және өсiрiлген тұқымнан күріш себу) жаңа технологиялары бар, бұлар суландыру суы нормаларын азайтуға, топырақтың қайтадан сорлануының алдын алуға ықпал етедi.
      Су үнемдеу технологиясы өсiмдiк шаруашылығын әртараптандыруға да байланысты, ол бұл өңiр үшiн дәстүрлi емес техникалық (қант қызылшасы, сафлор, қытай бұршағы, мақта және тағы басқа) және астық (күздiк қара бидай, copгo, арпа, сұлы және басқалары) дақылдары егiстерiн кеңейту қажеттiгiн көздейдi.
      Өңiрдiң экономикасында туризмдi дамыту маңызды рөл атқарған болар едi, ол үшiн тиiстi әлеует бар: Арал теңiзi, Түркiстан қаласы, Қамбаш көлi, "Байқоңыр" ғарыш айлағы және басқалары.
      Алайда, туристiк инфрақұрылымның жоқтығы, нашар менеджмент, көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның, сервистiк қызмет көрсетудiң төмен деңгейi саланың дамуын тежейдi.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты экологиялық жағдайды тұрақтандыру, нарықтық және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту, өңiрдiң беделiн арттыру арқылы Арал өңiрi халқының тұрмыс сапасының көрсеткіштерiн жақсарту болып табылады.
      Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Бағдарламада мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
      экологиялық жағдайды оңалту;
      суды ұтымды пайдалану және жер ресурстарын тиiмдi пайдалану;
      сапалы ауыз суға қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
      нарықтық және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту;
      өңiрдiң беделiн қалыптастыру және iлгерiлету.

  5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгi

        5.1. Негiзгi бағыттары

      Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу және мiндеттердi шешу мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      экологиялық жағдайды оңалту және халықтың экологиялық мәдениетiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;
      халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;
      суды ұтымды пайдалану және жердi пайдалану әдiстерiн жақсарту;
      нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;
      әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту;
      өңiрдiң маркетингi.

      Арал өңiрiнiң халқын әлеуметтiк қорғау мәселелерi "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес шешiлетiн болады.

        5.1.1. Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетiн арттыру

      Арал өңiрiнiң экологиялық ахуалын жақсарту үшiн:
      Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау жөнiндегi жобаны (1-кезең) аяқтау;
      "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (2-кезең)" жобасы бойынша жоба алдындағы құжаттаманы әзiрлеудi қамтамасыз ету;
      Қызылорда қаласында улы химикаттарды сақтайтын арнайы сақтау қоймаларын (көмiндi) салу;
      Қызылорда қаласында өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды сорттауға және көмуге арналған полигон салу;
      Қызылорда облысы Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейiн 1 және 12 кәрiздiк-сорғы станциялары бар бас тегеурiндi коллекторлар салуды аяқтау;
      Арал теңiзi өңiрiнiң елдi мекендерiн сумен жабдықтау және санитария жобасын аяқтау;
      Арал-Сырдария бассейнiнде бағалы балық түрлерiн сақтау, молықтыру және ұтымды пайдалану жөнiндегi iс-шараларды одан әрi iске асыру жөнiнде шаралар қабылдау;
      Арал өңiрiнiң ауылдық аумақтарына экологиялық-демографиялық тексеру жүргiзу, әкiмшiлiк аудандардың экологиялық паспорттарын жасау;
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен Арал өңiрiнiң әлеуметтiк проблемаларын зерттеуге техникалық көмек тарту мәселелерiн пысықтау көзделедi.
      Табиғатты ұтымды пайдаланудың маңызды элементi болып табылатын халықтың экологиялық мәдениетiн арттыру үшiн:
      Арал өңiрiнде экологиялық мәдениеттi арттырудың өңiрлiк тұжырымдамаларын әзiрлеу;
      экологиялық бiлiм беру жөнiндегi жобаларды iске асыратын халықаралық экологиялық қорлармен, үкiметтiк емес ұйымдармен (бұдан әрi - ҮЕҰ) жүйелi жұмыс жүргiзу;
      облыстық және қалалық әкiмдiктерге халықтың экологиялық мәдениетiн арттыруға бағытталған халықаралық гранттарды орналастыру жөнiндегi конкурстарға қатысуды ұсыну;
      экологиялық қолайсыз өңірлерде экологиялық бiлiм беру жөнiндегi әлемдік тәжірибені зерделеу көзделіп отыр.

        5.1.2. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

      Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi жақсарту үшiн:
      Қызылорда қаласындағы су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту және кеңейту;
      салынып жатқан топтық су құбырларына қосылатын елдi мекендердiң iшкi су құбырлары желiлерiн қайта жаңартуды жүзеге асыру жөнiнде шаралар қабылдау;
      Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының "Ырғыз-Тельман-Коминтерн" магистральды су аққысын қайта жаңартуды жүргiзy;
      Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы аудан орталығында су құбырын салу (3-кезең);
      Қызылорда облысы Сырдария ауданының Нағи Iлиясов атындағы кентiнде сумен қамтамасыз ету жүйесiн қайта жаңартуды және кеңейтудi жүргiзу;
      ауылдық су құбыры желiлерi мен құрылыстарында профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргiзу жөнiнде шаралар қабылдау көзделедi.
      Бұдан басқа, 2002 - 2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық   бағдарламасын iске асыру шеңберiнде 2007 - 2009 жылдары Арал өңiрiнiң сумен жабдықтау жүйесiн жетiлдiруге республикалық бюджеттен 4081,2 млн. теңге сомасында қаражат бөлу жоспарланып отыр.
      2007 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысының Түркiстан қаласын сумен жабдықтау құрылысының жобасын iске асыруды; 2008 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданының Тасты-Шу топтық су құбырын қайта жаңартуды, Қызылорда облысы Қазалы ауданының Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентiндегi қолданыстағы су құбыры желiлерiн қайта жаңарту, "Қазалыны/Жаңа Қазалыны сумен жабдықтау" жобасын аяқтау, 2009 жылы - Қызылорда облысының Октябрь топтық су құбырын салуды аяқтау жоспарланып отыр.
      Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде 2007 жылы Ақтөбе облысы Темiр ауданының Кеңқияқ кентiнде сумен жабдықтау жүйесiн қайта жаңартуды, Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Тасбөгет кентiнде сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерiн қайта жаңарту мен кеңейтудi, Төретам кентiнде тарату желiлерiн қайта жаңартуды, Шиелi ауданының Шиелi кентiнде су құбырлары желiлерiн қайта жаңартуды аяқтауға республикалық бюджеттен 683,4 млн. теңге бөлу жоспарлануда.
       Ескерту. 5.1.2-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.06.  N 105 Қаулысымен.

        5.1.3. Суды ұтымды пайдалану және егiншiлiк әдiстерiн жақсарту

      Топырақ бетiнiң нашарлауын, тұздануын, батпақтануын болдырмау үшін:
      Қызылорда облысында күрiш шаруашылығының жаңа технологиялары мен күрiштiң ылғалды аз қажетсiнетiн сорттарын енгiзу;
      жаңа технологиялар мен Арал өңiрi аймағы үшiн дәстүрлi емес тұзға төзiмдi, ылғалды аз қажетсiнетiн дақылдарды енгiзу жолымен өсiмдiк шаруашылығын әртараптандыру жөнiнде шаралар қабылдау;
      суармалы жердiң қарашiрiксiзденуiн болдырмауға бағытталған технологияларды енгiзу;
      егiншiлiкке, оның iшiнде минералды тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi қорғау құралдарын пайдалануда экологиялық қауiпсiз технологияларды енгiзу жөнiнде шаралар қабылдау;
      инфрақұрылымы мен қайта өңдеу өнеркәсiбi нашар дамыған жекелеген аудандарда орналасқан судың үлестiк шығысы жоғары тұзды, өнiмдiлiгi аз жердi ауыл шаруашылығы айналымынан шығару мәселелерiн пысықтау;
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен Арал өңiрiнiң табиғи ресурстарын пайдалану мен басқаруды жақсартуға техникалық көмек тарту мәселелерiн пысықтау көзделiп отыр.

        5.1.4. Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу

      Арал өңiрiнiң экономикасын мемлекеттiк қолдау нарықтық инфрақұрылымның одан әрi дамуын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Энергияны көп қажет ететiн өндiрiстерге инвестициялар тарту және өңiр халқын газбен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы Арал ауданының Құланды газ кен орнын игеру мәселесi қаралатын болады.
      Қызылорда қаласындағы жылу энергия көздері мен тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру" жобасын іске асыру жалғасатын болады.
      Энергиямен жабдықтауды жақсарту үшiн Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентiнде "Западная" қосалқы станциясын салу мәселесiн қарау көзделiп отыр.
      Нарықтық инфрақұрылымды жақсартуда автомобиль жолдарын және басқа да қатынас жолдарын дамыту негiзгi басым бағыттардың бiрi болып табылады. Осы мақсатта Жезқазған - Сексеуiл, Бейнеу - Шалқар темiр жолдарын салу мәселелерi пысықталатын болады.
       Ескерту. 5.1.4-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.06.  N 105 Қаулысымен.

        5.1.5. Әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту

      2007 - 2009 жылдары Арал өңiрi халқының бiлiм беру, денсаулық сақтау және әлеуметтiк қорғау қызметтерiне қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
      Қызылорда қаласының Александров кентiнде 994,3 млн. теңге сомасына 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығын салуды бастау;
      Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру шеңберiнде 1538,4 млн. теңге сомасына 5 бiлiм беру объектiсiн салу;
      Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде 3445,8 млн. теңге сомасына 20 бiлiм берудiң объектiсiн және 3405,3 млн. теңге сомасына 10 денсаулық сақтау объектiсiн салу;
      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында құны 1620,0 млн. теңге әйелдер консультациясы бар перзентхана үйiн салуды аяқтау;
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 17  қаулысымен бекiтiлген Мүгедектердi оңалтудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде Қызылорда қаласының Александров кентiнде құны 2798,8 млн. теңге ересектер мен балаларға арналған психоневрологиялық интернаттар салуды бастау көзделiп отыр.

        5.1.6. Өңiрдiң маркетингi

      Арал өңiрiнiң серпiнді экономикалық дамуы үшiн оның инвестициялық тартымдылығының негiзгi факторларының бipi болып табылатын өңiрдiң беделiн арттырудың маңызы зор.
      Өңiрдiң беделiн қалыптастыру және iлгерiлету;
      Арал өңiрiнiң жергiлiктi атқарушы органдарының маңызды мiндеттерiнiң бipi болуға тиіс. Осыған байланысты олар өңiрдiң маркетингi бойынша мынадай бағыттарды қамтитын жеке iс-қимыл жоспарын әзiрлеуi қажет:
      өңiрдiң брендiн қалыптастыру және iлгерiлету-инвестициялық маркетинг;
      туристiк маркетинг;
      өңiрдiң ақпараттық саясаты.
      Өңiрдiң брендiн қалыптастыру және iлгерiлету:
      өңірдің стратегиялық ресурстарын айқындаумен маркетингтiк зерттеулер жүргізуді;
      Арал өңiрi үшiн беделдiк жобалар мен идеяларды әзірлеу жөнінде ҮЕҰ мен халық үшiн конкурстар өткiзудi;
      маркетингтiк зерттеулердiң нәтижелерi бойынша өңірдің даму стратегиясына негiзделген Арал өңiрінің маркетингтік стратегиясын қалыптастыруды қамтиды.
      Инвестициялық маркетинг:
      әлеуеттi инвесторлармен мақсатты жұмысты;
      өңiрдiң инвестициялық паспортын әзiрлеудi және оны мамандандырылған инвестициялық сайттарда орналастыруды;
      өңiрдiң мүдделерiн алға жылжыту үшiн өңiр өкiлдерiнiң форумдарға, инвестициялық жәрмеңкелерге, конференцияларға қатысуын;
      өңiрде инвестициялық алаңқайлар тiзiлiмiн дайындауды;
      өңірде модельдік инвестициялық жобаларды іске асыруды;
      инвестициялық жобалар жәрмеңкесін өткізуді;
      әлеуметтiк маңызы бар үздiк инвестициялық жобаға конкурс өткізудi;
      өңiр үшiн стратегиялық инвесторларды анықтауды, олардың әлеуметтiк көтермелеу жөнiндегi шараларды әзiрлеуді;
      өңiрде жұмыс iстейтiн инвесторлар арасында олардың қажеттiлiктерi мен проблемаларын анықтау үшiн форумдар өткізуді;
      инвестициялық маркетингтiң нәтижелiлiгi мониторингiн;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы шеңберiнде өңiрдегi экологиялық ахуалды ескере отырып, Арал өңiрi экономикасының нақты секторындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелерiн пысықтауды қамтиды.
      Туристiк маркетинг:
      туризм саласын дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi;
      қонақ үй секторын қоса алғанда, тиiстi инфрақұрылымдарды дамытуды;
      туристiк бағыттарды әзiрлеудi;
      халықаралық туристiк компаниялар үшiн жарнамалық туристiк турлар ұйымдастыруды;
      туристiк нарық үшiн өңiр туралы жарнамалық өнiм шығаруды;
      туристiк секторда жұмыс iстейтiн басқарушы персоналды оқытуды қамтиды.
      Өңiрдiң ақпараттық саясаты:
      бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрi - БАҚ) мен журналистер арасында Арал өңiрi туралы, өңiрдiң даму проблемалары туралы үздiк ақпараттық материалға конкурстар өткiзудi;
      өңiрдiң ақпараттық ортасын қалыптастыруда жергiлiктi БАҚ-пен өнiмдi iс-қимыл жасауды;
      мамандандырылған халықаралық БАҚ-тарда өңiр туралы ақпарат орналастыруды;
      мақсатты аудиторияларға (бизнес-құрылымдарға, халыққа және басқаларға) есептелген өңiр туралы ақпараттық және жарнамалық өнiмдер шығаруды қамтиды.

        5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi

      Бағдарламаны iске асыру оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
      Iс-шаралардың кешендiлiгi атқарушы билiктiң барлық деңгейлерiнiң қызметiн үйлестiруге және мүмкiндiктерiн Арал өңiрiндегi экологиялық ахуалды жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарының барлық бағыттары бойынша мақсатты және келiсiлген iс-қимылды қамтамасыз етуге жұмылдыруға мүмкiндiк бередi.
      Бағдарламаны iске асыру тетiгiнiң тиiмдiлiгiн Арал өңiрiнiң проблемаларын шешудiң негiзгi бағыттары бойынша iс-қимылдың мақсаттылығымен және келiсiлуiмен қамтамасыз ету ұйғарылып отыр: экологиялық ахуалды оңалту және сапалы ауыз суға қол жеткiзудi қамтамасыз ету, су ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру және жердi пайдалану әдiстерiн жақсарту, нарықтық инфрақұрылымды дамыту, өңiрдiң маркетингi.
      Бұдан басқа, Арал өңiрiн оңалту жөнiндегi нақты шаралар экологияны оңалтуды, сумен жабдықтауды және елдiң инфрақұрылымын дамытуды көздейтiн басқа да бағдарламалық құжаттаpдa көрiнiс табады.
      Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiне әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламаларда "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы  Заңының қолданысына жатқызылатын аумақтарды дамыту жөнiндегi кешендi шаралар мен тетiктердi көздеу ұсынылып отыр.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Бағдарламаның аралық қорытындыларының тұрақты мониторингiн жүзеге асыратын болады және қажет болғанда оны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын белгiленген тәртiппен түзететiн болады.

  6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi

      Арал өңiрiнiң проблемаларын шешуге республикалық бюджеттен 2007 - 2009 жылдар iшiнде барлығы 25269,7 млн. теңге, оның iшiнде 2007 жылы 7831,1 млн. теңге, 2008 жылы 7716,5 млн. теңге, 2009 жылы  9722,1 млн. теңге бөлiнетiн болады.
      Осы Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру шеңберiнде республикалық бюджеттен 7796,7 млн. теңге, оның iшiнде 2007 жылы 1223,4 млн. теңге, 2008 жылы 2051,1 млн. теңге, 2009 жылы 4522,2 млн. теңге көлемiнде қаражат бөлiнетiн болады.
      Сондай-ақ iс-шараларды қаржыландыру қолданыстағы мемлекеттiк және салалық бағдарламалар шеберiнде жүзеге асырылатын болады, оларға:
      Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы;
      2002 - 2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық бағдарламасы;
      Мүгедектердi оңалтудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы жатады.
      Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша қаражат көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.
      Бұдан басқа, Бағдарламаның жекелеген iс-шараларының iске асырылуын халықаралық гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асыру көзделiп отыр.
       Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.06.  N 105 Қаулысымен.

  7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Тұтастай алғанда Бағдарламаны iске асыру Арал өңiрiнде экологиялық ахуалды жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, суды және жердi пайдалану жүйесiн жетiлдiруге ықпал етуi тиiс.
      "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау" жобасының 1-кезеңi аяқталатын болады, оның нәтижелерi бойынша Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi су деңгейi және Сырдария өзенi арнасының өткiзу қабiлетi және басқалары артады.
      Қызылорда қаласының жылу энергия көздері мен тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру" жобасын іске асыру жалғасатын болады.
      Қызылорда қаласында су құбыры және кәрiз желiлерi қайта жаңартылады және кеңейтiледi.
      Су ресурстарын пайдаланудың оңтайлы жүйесi құрылатын болады.
      Егiншiлiктi жүргiзудiң жаңа технологиялары, күрiштiң неғұрлым тұрақты әрi ылғалды аз қажетсiнетiн сорттары енгiзiлетiн болады. 
      Өсiмдiк шаруашылығын әртараптандыру жөнiндегi шаралар асырылатын болады, нарықта сұранысқа ие және құрғақшылыққа әрі тұзға төзiмдiлiгiмен ерекшеленетiн екпе дақылдардың түрлерi кеңейтiледi, бұл cуды тиiмдi пайдалануға ғана емес, жергiлiктi халықтың тұрмыс деңгейiн көтеруге де ықпалын тигiзедi.
       Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.06.  N 105 Қаулысымен.

  8. Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

       Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.06.  N 105 Қаулысымен.

Р/с N № Іс-шара Аяқтау нысаны Орындалуына (іске асырылуына) жауапты Орындау (іске асыру) мерзімі Болжалды шығыстар (млн. теңге) Қаржыландыру көздері
1 2 3 4 5 6 7
1. Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру

1

Қызылорда қаласында улы химикаттарды сақтау үшін арнайы сақтау қоймасын (көмінді) салу

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині

2009 жылғы 20 шілде

2008 жыл - 126,0 2009 жыл - 196,8

Республикалық бюджет

2

Қызылорда қаласында өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сорттауға және көмуге арналған полигон салу

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині

2009 жылғы 20 шілде

2008 жыл - 200,0 2009 жыл - 137,0

Республикалық бюджет

3

Сырдария
өзенінің
арнасын реттеу
және Арал
теңізінің
солтүстік
бөлігін сақтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ,
Қызылорда
облысының
әкімі

2009 жылғы 20 шілде

2007 жыл
- 312,1
2008 жыл
- 325,9
2009 жыл
- 22,6

Республикалық бюджет

4

Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-кезең)»  жобасы бойынша жоба алдындағы құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ

2008 жылғы 20 қаңтар

2007 жыл - 154,5 (68,2 - республикалық бюджет, 86,3 - Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің гранты)

Республикалық бюджет, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің гранты

5

Қызылорда облысы Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейін 1 және 12 кәріздік-сорғы станциялары бар бас тегеурінді коллекторлар салуды аяқтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині

2008 жылғы 20 қаңтар

2007 жыл - 200,0

Республикалық бюджет

6

"Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы"»жобасын аяқтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ

2008 жылғы 20 қаңтар

2007 жыл - 19,5

Республикалық бюджет

7

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысына жататын ауылдык аймақтарға экологиялык-демографиялық зерттеу жүргізу, әкімшілік аудандардың экологиялық паспорттарын жасау

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині

2009 жылғы 20 қаңтар

2008 жыл - 9,0

Республикалық бюджет

8

Арал-Сырдария бассейнінде бағалы балық түрлерін сақтау, молықтыру және ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды одан әрі іске асыру жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 қаңтар, 20 шілде

Талап етілмейді


9

Арал өңірінде халықтың экологиялық мәдениетін арттыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

Жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді


10

Біріккен Ұлтттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірге Арал өңірінің әлеуметтік проблемаларын зерттеуге техникалық көмек тарту мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді


2. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

11

Қызылорда
қаласындағы
қазіргі су
құбыры мен
кәріз желілері
жүйесін қайта
жаңарту

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИСМ, Қызылорда облысының әкімі

2008 жылғы 20 шілде

2007 жыл
- 523,6
2008 жыл
- 535,5
2009 жыл
- 544,2

Республикалық бюджет

12

Салынып жатқан топтық су құбырларына қосылатын елді мекендердің ішкі су құбыры желілерін қайта жаңартуды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ,  Ақтөбе, Қызылорда,      Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

Жыл сайын, 20 қаңтар, 20 шілде

Талап етілмейді


13

Ауылдық су құбыры желілері мен құрылыстарына профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Ақтөбе, Қарағанды,  Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

Жыл сайын, 20 қаңтар, 20 шілде

Талап етілмейді


14

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Ырғыз-Тельман-Коминтерн магистральды су аққысын қайта жаңарту

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Ақтөбе облысының әкімі

2009 жылғы 20 шілде

2008 жыл - 40,0 2009 жыл - 140,0

Республикалық бюджет

15

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы аудан орталығында су құбырын салу (3-кезең)

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

2009 жылғы 20 шілде

2008 жыл - 100,0 2009 жыл - 150,0

Республикалық бюджет

16

Қызылорда облысы Сырдария ауданының Нағи Ілиясов атындағы кентінде сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және кеңейту

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

2009 жылғы 20 шілде

2008 жыл - 40,0 2009 жыл - 70,3

Республикалық бюджет

3. Суды ұтымды пайдалану және егіншілік әдістерін жақсарту

17

Күріш шаруашылығының жаңа технологияларын, ылғалды аз қажетсінетін күріш сорттарын енгізу жөніндегі шараларды қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 каңтар

Талап етілмейді


18

Өсімдік шаруашылығын жаңа технологияларды және Арал өңірі аймағы үшін дәстүрлі емес тұзға төзімді және ылғалды аз қажетсінетін дақылдарды енгізу жолымен әртараптандыру жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді


19

Суармалы жерлердің қарашіріксізденуін болдырмауға бағытталған технологияларды енгізу жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді


20

Егіншілікке, оның ішінде минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалануда экологиялық кауіпсіз технологияларды енгізу жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді


21

Судың үлестік шығысы жоғары сортандаңған, құнарлығы төмен жерлерді ауыл шаруашылығы айналымынан шығару мәселелерін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді


22

Біріккен Ұлтттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірге Арал өңірінде табиғи ресурстарды пайдалануды және басқаруды жақсартуға техникалық көмек тарту мәселелерін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді


4. Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу

23

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам кентінде»Западная қосалқы станциясын салу мәселесін қарау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ЭМРМ, Қызылорда облысының әкімі

2007 жылғы 20 шілде

Талап етілмейді


24

Қызылорда облысының Арал ауданында Құланды газ кен орнын игеру мәселесін қарау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ЭМРМ, Қызылорда облысының әкімі

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді


24
-1

Қызылорда
қаласындағы
жылу энергия
көздері мен
тұрғын үй
секторын
ілеспе газға
көшіру

ЭБЖМ-
ге ақ-
парат

ЭМРМ,
Қызылорда
облысының
әкімі

2009
жылғы
20
шілде

2008 жыл
- 1000,0
2009 жыл
- 3010,8

Рес-
публи-
калық
бюджет

25

Жезқазған - Сексеуіл, Бейнеу -Шалқар темір жолдарын салу мәселесін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ККМ

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді


5. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

26

Қызылорда
облысы
Қызылорда
қаласының
Александров
кентінде
мүгедектер-
ге арналған
150 орындық
оңалту орта-
лығын салу

ЭБЖМ-ге ақпарат

Еңбекмині,   Қызылорда облысының әкімі

2009 жылғы 20 шілде

2008 жыл
- 49,7
2009 жыл
- 944,6

Республикалық бюджет

26
-1

Қызылорда
облысының
Арал қаласында
спорттық-
сауықтыру
кешенін салу

ЭБЖМ-ге
ақпарат

Қызылорда
облысының
әкімі

2009
жылғы
20
қаңтар

2007
жыл -
100,0
2008
жыл -
131,0

Респу-
блика-
лық
бюджет

6. Өңірдің маркетингі

27

Өңірдің маркетингі бойынша Іс-қимыл жоспарын әзірлеу

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді


28

Арал өңірінде туристік саланы дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныс

ТСМ, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

2007 жылғы 20 шілде

Талап етілмейді


29

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде өңірдегі экологиялық жағдайды ескере отырып, Арал өңірі экономикасының нақты секторындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИСМ,»Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді



ЖИЫНЫ (жылдар бойынша қаржыландыру көлемі)




2007 жыл - 1223,4
2008 жыл - 2051,1
2009 жыл -
4522,2
2007 жыл - 86,3

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 

          Халықаралық гранттар қаражаты

Ескертпе . Аббревиатуралардың толық жазылуы:

Қоршағанортамині - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Еңбекмині - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ТСМ - Туризм және спорт министрлігі
ККМ - Көлік және коммуникация министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады