"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 қазандағы N 1007 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлісінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап.  Осы Конституциялық заңда
              пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Конституциялық заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы - ортасында шұғылалар күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты көгiлдiр түстi матамен көмкерiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышаны. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тiк жолақ көктеп өтедi. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесi алтын түстес. Тудың енi мен ұзындығының қатынасы - 1:2;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы - көгiлдiр түс аясында шаңырақ (киiз үйдiң жоғарғы күмбез тәрiздi бөлiгi) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесiндей тарап уықтар (тiреулер) шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкерген Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк нышаны. Елтаңбаның төменгi жағында "Қазақстан" деген жазу бар;
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайда орындалатын, музыкалық-поэтикалық туындыны көрсететiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышаны.

       2-бап.  Қазақстан Республикасының
             Мемлекеттiк нышандарын бекiту

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының бейнесi (қоса берiледi);
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi (қоса берiледi);
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiнiң музыкалық редакциясы мен мәтiнi (қоса берiледi) бекiтiлсiн.

       2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы

       3-бап.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын қолдану
              тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мынадай орындарда көтерiледi немесе орнатылады:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен басқа да соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi мен сауда өкiлдiктерiнiң ғимараттарында, резиденциялары мен Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi басшыларының көлiк құралдарында - ұдайы;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң кабинетiнде, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң бiрлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары Бюроларының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сессиялары өтетiн залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң отырыс залында, Жоғарғы Соттың, оның алқалары мен Қазақстан Республикасының басқа да соттарының сот мәжiлiсi залдарында, сондай-ақ дүниеге келудi және некенi салтанатты түрде тiркейтiн орын-жайларда - ұдайы;
      3) егер бұл халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және олардың өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен халықаралық форумдар өтетiн ғимараттарда немесе орын-жайларда;
      4) ресми адамдар ретiнде Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мiнген теңiз кемелерiнде, iшкi жүзу кемелерiнде және басқа да қатынас құралдарында;
      5) белгiленген тәртiппен тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде;
      6) Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери жарғыларға сәйкес;
      7) Қарулы Күштердiң әскери құрамаларында, бөлiмдерiнде, бөлiмшелерiнде және мекемелерiнде, Қазақстан Республикасының өзге әскерлерi мен әскери құрамаларында - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мерекелер күндерiнде, ант қабылдау кезiнде;
      8) мемлекеттiк ұйымдардың мәжiлiстерiнде - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi.
      Ғимараттарға тұрақты негiзде орнатылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы тәулiктiң қараңғы мерзiмiнде жарықтандырылып тұруы тиiс.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы олардың иелерiнiң еркi бойынша өзге де ғимараттарда (үй-жайларда) көтерiлуi (орнатылуы) мүмкiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының бейнесi:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және басқа да соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi мен сауда өкiлдiктерiнiң жалпы қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердегi веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын тәртiппен;
      2) Қазақстан Республикасының әуе кемелерiнде орнатылады.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы және оның бейнесi көлемдерiне қарамастан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандартына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының эталонына сәйкес келуi тиiс.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының атрибуттары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандартына сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен ауыстырылады немесе жойылады.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының бейнесi қоғамдық бiрлестiктер немесе өзге де ұйымдар туларының геральдiк негiзi ретiнде пайдаланыла алмайды.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының бейнесi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының элементi немесе геральдiк негiзi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
      4. Ұлттық азаға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы тұғырдың биiктiгiнiң жарты деңгейiне ұлттық аза тұту мерзiмi бойына төмен түсiрiледi.

       4-бап.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын және
              өзге де туларды Қазақстан Республикасының аумағында
              бiр мезетте қолдану

      1. Қоғамдық бiрлестiктердiң және өзге де ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туымен бiрдей болмауы қажет.
      2. Шет мемлекеттердiң, қоғамдық бiрлестiктер мен басқа ұйымдар туларының көлемi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының көлемiнен аспауы қажет.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын және шет мемлекеттердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң, өзге де ұйымдардың туларын бiр мезгiлде көтерген (бекiткен, орнатқан) кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы оған бетпе-бет тұрғанда өзге тудың (тулардың) сол жағында тұрады.
      Бiр мезгiлде көтерген (бекiткен, орнатқан) кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының көтерiлген биiктiгi өзге тулардың көтерiлген (бекiтiлген, орнатылған) биiктiгiнен кем болмауы тиiс.

       3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы

       5-бап.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
              елтаңбасын қолдану тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы:
      1) Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Соты мен басқа да соттарының, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң әскери құрамаларының, бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерi мен мекемелерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi, сауда өкiлдiктерi мен шетелдiк мекемелер басшыларының резиденцияларының ғимараттарында;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң кабинетiнде, Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары Бюроларының, Қазақстан Республикасының Үкiметi отырыстары, Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының сессиялары өткiзiлетiн залдарда, Конституциялық Кеңестiң отырыс залында, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың алқа отырысының залдарында, дүниеге келудi және некенi салтанатты түрде тiркейтiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және үкiметтiк наградалары тапсырылатын орын-жайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң қабылдау залдарында орналастырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi мен оның Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, оның Палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары Бюроларының, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Соты мен Қазақстан Республикасының басқа да соттарының, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң әскери құрамаларының, бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерi мен мекемелерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың (әкiмдердiң) мөрлерiнде және құжаттарының бланкiлерiнде;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасының Парламентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми басылымдарында;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен тиындарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк, бағалы қағаздарында;
      4) Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатында, жеке куәлiгiнде, мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң қызметтiк куәлiктерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына берiлетiн өзге де төлқұжаттарда;
      5) Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты мен басқа да соттарының сот отырыстары залдарында;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына орнатылатын шекара бағаналарында;
      7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен басқа да соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi мен сауда өкiлдiктерiнiң жалпы қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердегi веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiпте орналастырылады.
      Қазақстан Республикасының заңдарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының мiндеттi түрде орналастырылуының басқа да жағдайлары көзделуi мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы және оның бейнесi, олардың көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандартына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының эталонына сәйкес келуi тиiс.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының атрибуттары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандартына сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен ауыстыруға немесе жойылуға жатады.
      4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгеннен басқа жағдайларда мемлекеттiк емес ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының бланкiлерiнде, мөрлерiнде және басқа да реквизиттерiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесiн пайдалануға тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының геральдiк негiзi ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi әскери немесе өзге де мемлекеттiк қызметте қызмет атқаратын адамдар үшiн белгiленген айырым белгiлерiнде және киiм үлгiлерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларының элементi немесе геральдiк негiзi ретiнде пайдаланыла алады.

       6-бап.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын және
              өзге де елтаңбаларды Қазақстан Республикасының
              аумағында бiр мезетте қолдану

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы және шет мемлекеттердiң елтаңбалары мен қоғамдық бiрлестiктердiң елтаңбасы (геральдiк белгiсi) немесе басқа ұйымдардың елтаңбасы бiрге орналастырылған кезде, егер де ол оған бетпе-бет тұрған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы басқа елтаңбаның (елтаңбалардың) сол жағында орналасады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы және шет мемлекеттердiң елтаңбалары мен қоғамдық бiрлестiктердiң елтаңбасын (геральдiк белгiсi) немесе басқа ұйымдардың елтаңбасын бiрге орналастырғанда олардың елтаңбасының өлшемi (геральдiк белгiсi) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының өлшемiнен аспауы тиiс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы басқа елтаңбалардан (геральдiк белгiлерден) төмен орналастырылмауы тиiс.

       4-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi

       7-бап.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiн
              қолдану тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi:
      1) Қазақстан Республикасы Парламентi сессиясының ашылуы және жабылуы кезiнде;
      2) Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мерекелерiне арналған мәжiлiстер мен салтанатты жиындардың ашылуы кезiнде, сондай-ақ өзге де салтанатты iс-шараларда;
      3) тәулiк сайын теле- және радиобағдарламалардың эфирге шығуы кезiнде - таратылымның басталуында және соңында;
      4) Қазақстан Республикасы халқының өмiрiндегi аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметiне ескерткiштердi, монументтердi, құлпытастарды және өзге де құрылыстарды ашу кезiнде;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктерi мен өзге де ұйымдары өткiзетiн дәстүрлi рәсiмдер, салтанатты iс-шаралар кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы көтерiлген кезде;
      6) Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген мемлекет басшыларын, шет мемлекеттердiң парламенттерi мен үкiметтерiнiң басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезiнде - тиiстi шет мемлекеттiң Мемлекеттiк гимнi орындалғаннан кейiн;
      7) жалпы орта, бастапқы кәсiптiк, орта кәсiптiк, жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру   бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындарында - жаңа оқу жылының ашылуы мен оқу жылының жабылуы салтанаты, сондай-ақ өзге де салтанатты iс-шаралар кезiнде;
      8) Қазақстан Республикасының ұлттық (құрама) командасы қатысатын спорттық iс-шаралар өткiзу барысында;
      9) Қазақстан Республикасы әскери құрылымдары мен әскери қызметшiлердiң және өзге де әскери тұлғаларды жерлеумен байланысты аза тұту рәсiмдерiн өткiзу кезiнде, сондай-ақ қайтыс болған көрнектi мемлекет қайраткерлерiмен, ғылым және мәдениет қайраткерлерiмен қоштасу кезiнде орындалады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi көпшiлiк алдында орындалған кезде қатысушылар Гимндi тұрып, оң қолының алақанын сол жақ кеудесiне қойып тыңдайды.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдары шет мемлекеттер аумағында iс-шаралар өткiзген кезде Қазақстан Республикасының Гимнi осы Конституциялық заңға, сондай-ақ барған мемлекеттiң заңнамасына және хаттамалық практикасы мен жергiлiктi салт-дәстүрлерiне сәйкес орындалады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеру және бiрiншi рет орнату Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк гимнiнiң орындалуымен сүйемелденуi тиiс, бұл ретте қатысушылар жүздерiн туға карай бұрады.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiн оркестр, хор, хор-оркестр не өзге де әншiлер мен сазды аспаптар орындай алады. Бұл ретте дыбыс жазу құралдары қолданылуы мүмкiн.
      Әншiлер мен әншi - сазды аспаптар орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi толық орындалады. Сазды аспаптар орындаған жағдайда Гимндi iшiнара орындауға жол берiледi - әуенi мен қайырмасы бiр рет орындалады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi бекiтiлген мәтiнге және музыкалық редакциясына дәлме-дәл сәйкестiкте мемлекеттiк тiлде орындалуы тиiс.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiнiң мәтiнi мен музыкалық редакциясын басқа музыкалық шығармалардың және өзге де өнер шығармаларының негiзi ретiнде қолдануға болмайды.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiн дәлме-дәл орындауды бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктерi мен өзге де ұйымдарының басшыларына жүктеледi.

       8-бап.  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына
              құрметпен қарауды қалыптастыру

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын қастерлеуге мiндеттi.
      2. Азаматтыққа және отансүйгiштiкке, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу, мемлекеттiк нышандарды құрметтеудi қалыптастыру, сондай-ақ, мемлекеттiк нышандардың мәнi мен маңызын түсiндiру мақсатында оларды игеру жалпы орта, бастапқы кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк оқу орындарының негiзгi жалпы бiлiм беру бағдарламаларына енгiзiледi.
      Жалпы орта, бастапқы кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарында арнайы оқшауланған жалпы қолжетiмдi орынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы немесе олардың бейнесi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiнiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiнi орналастырылады.

       9-бап.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын,
              Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын
              және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары
              бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау заңнамада белгiленген тәртiппен берiлген тиiстi лицензиясы болған жағдайда жүзеге асырылады.
      Дайындауға тиiстi лицензияның болуын талап ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары бейнеленген материалдық объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

       5-тарау. Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк
               нышандар саласындағы құзыретi

       10-бап.  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарының атрибуттарын ауыстыру және жою ережесiн бекiтедi;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiнiң мәтiнiн орнату (орналастыру) ережесiн бекiтедi;
      3) Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында мемлекеттiк нышандарды қолдану тәртiбiн бекiтедi;
      4) дайындауға тиiстi лицензияның болуын талап ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары бейнеленген материалдық объектiлердiң тiзбесiн айқындайды.

       11-бап.  Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының
               мемлекеттiк нышандары саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк нышандарының атрибуттарын ауыстыру және жою ережесiн әзiрлейдi;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесiн және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiнiң мәтiнiн орнату (орналастыру) ережесiн әзiрлейдi;
      3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк нышандарының қолданылу тәртiбiн әзiрлейдi;
      4) дайындауға тиiстi лицензияның болуын талап ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары бейнеленген материалдық объектiлердiң тiзбесiн әзiрлейдi.

       6-тарау. Қорытынды ережелер

       12-бап.  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
               нышандары саласындағы заңнамаларды
               бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiн осы Конституциялық заңға қайшы орындалуы және қолданылуы немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк гимнiн қорлау фактiлерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады.

       13-бап.  Осы Конституциялық заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбi

      1. Осы Конституциялық заң ресми жарияланғаннан 10 күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңының  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 178-құжат; 1997 ж., N 12, 193-құжат; 2006 ж., N 1, 1-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

"Қазақстан Республикасының  
мемлекеттiк нышандары туралы"
Қазақстан Республикасы   
Конституциялық заңының жобасына
қосымша         

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы

(Қағаз мәтініне қараңыз)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы

(Қағаз мәтініне қараңыз)

"Қазақстан Республикасының  
мемлекеттiк нышандары туралы"
Қазақстан Республикасы   
Конституциялық заңының жобасына
Қосымша         

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әнұранының
музыкалық редакциясы

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов

(Қағаз мәтініне қараңыз)

"Қазақстан Республикасының  
мемлекеттiк нышандары туралы"
Қазақстан Республикасы   
Конституциялық заңының жобасына
Қосымша         

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әнұранының мәтiнi

Сөзiн жазғандар: Жұмекен Нәжiмеденов,
                 Нұрсұлтан Назарбаев

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерлiктiң дастаны,
Елiме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой.

Қайырмасы:
Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерiм бар.
Бiрлiгi жарасқан,
Тәуелсiз елiм бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгiлiк досындай.
Бiздiң ел бақытты,
Бiздiң ел осындай!

Қайырмасы:
Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң - Қазақстаным!

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады