Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 688 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы N 1073 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 19 шiлдедегi N 688  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 27, 282-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiнде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi тиiстi комиссия (бұдан әрi - комиссия) мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарған күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жария ету субъектiсiне комиссия қабылдаған шешiм және жария етiлген жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатты дайындау үшiн осы Ереженiң 5 немесе 6-тармақтарына сәйкес материалдарды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына ұсыну қажеттiлiгi туралы хабарлайды.";

      7-тармақта "өтiнiш берiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi" деген сөздер "жария ету субъектiлерiнен осы Ереженiң 5 немесе 6-тармақтарында көрсетiлген материалдар түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта "он бес" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13-тармақта "және беру" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады