Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 1170 Қаулысы

      Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы  Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Павлодар облысының Екiбастұз қаласында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігiнiң "Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынуды;
      2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;
      3) Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталығын салуды;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 77-9-жолмен толықтырылсын:
      "77-9. "Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық".
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады