Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің "Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1313 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 403 қаулысымен.

      "Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына сәйкес, этносаралық қатынастарды мақсатты және жүйелi түрде зерттеу бойынша қажеттi ұйымдастыру-құқықтық жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетiн дамыту және өркендету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым және мәдениет саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Алматы қаласы, Құрманғазы көшесi, 40 мекен-жайында орналасқан "Достық үйiнiң" ғимаратын ондағы мүлiкпен қоса кәсiпорынның жарғылық капиталына берсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 415-32-жолмен толықтырылсын:

"415-32 "Достық үйi - Этносаралық қатынастар
        проблемаларын зерттеу орталығы"
        республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
        (шаруашылық жүргiзу құқығында)              Алматы қаласы";

      2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Өзге де ұйымдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 48-жолмен толықтырылсын:
      "48. Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны".

      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады