Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгеріспен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 7 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңдарды біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгеріспен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 2-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлға құрмаған жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, заңды тұлғаның басшылары, сол сияқты жеке кәсiпкердiң және заңды тұлғаның ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтерді орындайтын жұмыскерлерi аталған қызметтерді атқаруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Заңды тұлғаның басшысы деп заңды тұлғаның жеке-дара немесе алқалық атқарушы органына енетін адамды түсіну керек.";

      бесінші абзац алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Егер ӘҚБтК ерекше бөлімі бабының санкциясымен негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазаларды қолдану қарастырылса, уәкiлеттi орган (лауазымды адам), сот негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазаларды соңғысының іс жүзінде орындалу-орындалмауына қарамастан қолдануға міндетті.";

      3) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тұлғаны ӘҚБтК 71-бабында қарастырылған негіздерде әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы мәселені шешкенде жағдайдың өзгергені деп объективті себептер мен мән-жайлардың салдарынан әрекеттің қоғамға қауіптілік белгісінің жойылуы түсінілетінін ескеру қажет.

      Әкімшілік жазаны орындауға кедергі болатын ауру деп жауаптылыққа тартылған адамның белгілі бір жазаны орындауы мүмкін еместігі тиісті медициналық қорытындымен куәландырылған жағдайын түсіну керек.

      Тұлғаны ӘҚБтК 8-тарауының негіздерінде әкімшілік жауапкершіліктен босатқан жағдайда іс өндірістен қысқартылуға жатады.

      ӘҚБтК 9-1-тарауында , сондай-ақ ӘҚБтК 131-бабында , ӘҚБтК 158-бабында , ӘҚБтК 158-1-бабында , ӘҚБтК 174-бабының үшінші бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін тұлға жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

      Татуласу туралы келісім сотқа немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi лауазымды адамға беріледі, онда жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жерінің адрестері, аталған тұлғалардың татуласуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы iстi қысқарту жөніндегі өтініші, өтініш берілген күні көрсетіліп, қолдары қойылуы тиіс.

      Осындай келісім түскенде судья, уәкiлеттi органның лауазымды адамы жәбірленушіге осындай өтініш берудің салдарын түсіндіреді де ол туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға енгізеді.";

      4) 8-тармақта:

      үшінші абзацта "қарағаннан кейін" сөздері""қараған кезде" сөздерімен ауыстырылсын;

      5) 11-тармақта:

      бірінші абзацта""кәмелетке толмағанға" сөздерінің алдында""16 жастан 18 жасқа дейінгі" сөздерімен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Осындай тұлғаларға қатысты әкімшілік іс бойынша шығарылған қаулыда жасалған құқық бұзушылықтағы олардың кінәсі неде екені көрсетілуі тиіс.";

      6) 12-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атап айтқанда, ӘҚБтК қарастырылған хаттамаларда (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, жеке басты тексеру, заттарды тексеру хаттамасы, заттарды және құжаттарды алып қою хаттамасы және т.б.) көрсетілетін мәліметтер іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтайтын дәлелдемелер болып табылады.";

      үшінші абзацта:

      "әкімшілік құқық бұзушылықтың" сөздерінен кейін""қасақана немесе абайсызда" сөздерімен толықтырылсын;

      "осы адамның оның жасалуына кінәлі не кінәсіз екендігі" сөздері алып тасталсын;

      7) 13-тармақта:

      үшінші абзацта""көрсетілген істерді" сөздері""көрсетілген іс санаттарын" сөздерімен ауыстырылсын;

      8) 17-тармақ:

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Судьялардың бірдей мәртебесін, талаптарын және жауапкершіліктерін белгілейтін "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23, 28, 34 және 39-баптарына , әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу кезінде соттардың заң бұзушылыққа жол бермеуін көздейтін ӘҚБтК 9-бабына сәйкес, апелляциялық және қадағалау сатыларының соттары әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі қараған судьяның заңдылықты бұзу фактілері бойынша жеке қаулы шығаруға құқылы.";

      9) 19-тармақта:

      екінші абзац"наразылық келтірілуі мүмкін"сөздерінен кейін ", ол ӘҚБтК 660-бабында белгіленген мерзімде шағымды, наразылықты қарауға міндетті" сөздерімен толықтырылсын;

      10) 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Салық органдары салған айыппұл туралы қаулыға шағым бойынша істерді қарау кезінде сот хабарламаның заңдылығын талқылауға және қосымша есептелген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасына өзгеріс енгізуге құқылы емес.

      Егер салық органдарының айыппұл салу туралы қаулысына шағым бойынша істі қараушы сот салық органдарының хабарламасы жоғары тұрған органға немесе сотқа тиісті тәртіппен шағымдалғанын, бірақ осындай шағым бойынша шешім қабылданбағанын анықтаса, онда ол істі қарау мерзімін шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуға құқылы (ӘҚБтК 647-бабының екінші бөлігі).

      Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша шешім салық органының хабарламасына жасалған шағымды қараудың нәтижелері ескеріле отырып қабылдануы тиіс.

      Егер салық органының хабарламасын даулау туралы берілген арыз Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 249-бабында қарастырылған негіздер бойынша соттың заңды күшіне енген ұйғарымымен қараусыз қалдырылса, салық органдарының айыппұл салу туралы қаулысына шағым бойынша істі қараушы сот істі жалпы тәртіпте қарайды.";

      11) 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Егер жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар заң актісіне сәйкес тек мемлекеттің құзіретіне жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысса (мысалы, қару-жарақ шығару, қорғаныс, салықтық, кедендік, валюталық, монополияға қарсы реттеу және т.с.с.), онда жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде ӘҚБтК 143-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.";

      12) мынадай мазмұндағы 25-1 - 25-13-тармақтармен толықтырылсын:

      "25-1. Тұлғалардың ӘҚБтК 524-бабы бойынша әкімшілік жауаптылығы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайтын соттардың және уәкiлеттi басқа органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамағаны үшін ғана емес, сондай-ақ ӘҚБтК 520-бабында қарастырылған жағдайлардан басқа, соттардың шешімдерін немесе өзге сот актілерін орындамауы үшін орын алады.

      25-2. ӘҚБтК 462-бабында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау кезінде көлік құралдары жүргізушілерінің көрсетілген баптың бірінші бөлігі бойынша жауаптылығы олар көлік құралының қозғалыс жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге қоса дейiнгi шамаға арттырып жібергенде орын алатынын ескеру қажет. Көлік құралының қозғалыс жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге қоса дейiнгi шамаға арттырып жіберген көлік құралдарының жүргізушілері көрсетілген баптың екінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

      25-3. ӘҚБтК 469-бабында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық құрамы көлiк құралын жүргізуші адам жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған сәттен аяқталған болып саналады.

      25-4. Егер тұлға бір жыл ішінде екі не одан да көп рет көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн немесе жол қозғалысы ережелерiн бұзса, ӘҚБтК 484-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

      Жылдық мерзім көрсетілген баппен қарастырылған құқық бұзушылық құрамын құрайтын бірінші әрекет жасалған күннен, ал ӘҚБтК 69-бабымен белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмiнiң өтуi - соңғы құқық бұзушылық жасалған күннен бастап есептелуі керек.

      ӘҚБтК 484-бабы бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарына тұлғаның көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн немесе жол қозғалысы ережелерiн үнемі бұзғандығын куәландыратын, тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген қаулылардың көшірмелері тіркелуі тиіс.

      25-5. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының 9-бабы 3-тармағына сәйкес, осы бапта көрсетілген адамдардың жұбайына (зайыбына) Қазақстан Республикасының аумағындағы, сондай-ақ одан тыс жерлердегi салық салу объектiсi болып табылатын табыстары мен мүлкi туралы тұрғылықты жерi бойынша салық органына мәлiмдемелер беру міндетін жүктейді. Сондықтан осындай міндетті жұбайы (зайыбы) орындамаған жағдайда қаржы бақылау шараларын бұзғаны үшін жауаптылық құқық бұзушы жұбайына (зайыбына) жүктелуі тиіс.

      25-6. ӘҚБтК кейбір баптарында (мысалы, ӘҚБтК 400-бабы - кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу, ӘҚБтК 414-бабы - Қазақстан Республикасының кеден органына кеден декларациясын, құжаттар мен қосымша мәлiметтер беру мерзiмдерiн бұзу) қылмыс белгілері болмаса, адамның ӘҚБтК тиісті бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығы туралы нұсқау бар.

      Егер осындай құқық бұзушылықтар туралы істерді қылмыстық істі қозғауға уәкілетті лауазымды адамдар және органдар сотқа жіберсе, онда көрсетілген адамдар (органдар) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғалардың әрекеттерінен қылмыс белгілерін таппағанын білдіреді, сондықтан мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесін талап етудің қажеттігі жоқ.

      25-7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарғаннан кейін сот, орган (лауазымды адам) оны өзі жоюға немесе өзгертуге құқылы емес. Сонымен қатар ол өз бастамасымен немесе іске қатысушы адамдардың арызы бойынша әрекеттің саралануын, әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін өзгертпей, қаулыда жіберілген қате жазулар мен көрінеу арифметикалық қателерді түзете алады.

      Түзетулер енгізу туралы мәселені сот қаулыны орындау мерзімі ішінде, іске қатысушы, сотқа келуі міндетті емес адамдарды хабарландыра отырып шеше алады, ол жөнінде ұйғарым шығарады.

      25-8. Іс материалдарына құжаттар мен дәлелдемелердің түпнұсқалары тіркеледі. Егер мұндай құжаттар мен дәлелдемелердің түпнұсқаларының берілуі мүмкін болмаса (мысалы, олар қылмыстық немесе азаматтық іс материалдарында болса), онда олардың сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті орган (лауазымды адам) немесе нотариус растаған көшірмелері беріледі. Жазбаша дәлелдеменің көшірмесін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын сот растауы мүмкін.

      25-9. ӘҚБтК 6-бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқық бұзушылыққа қолданылады.

      Заңның әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде нашарлататын керi күшi болмайды.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарағанда және әкімшілік жаза шараларын белгілегенде "Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлген нормаларын дұрыс қолдану керек және әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күнге назар аудару қажет.

      25-10. ӘҚБтК 69-бабы 4-1-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы iстi сот сатыларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.

      Әкімшілік жаза қолдану мерзiмiнiң өту барысы тоқтатыла тұру сәті деп істі сот сатыларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына іс жүзінде жiберген күнді (поштаға тапсыру күні, курьердің алуы) түсіну керек.

      Мерзімдерді есептеуді қайтадан бастау осы іспеттес жүргізіледі.

      25-11. ӘҚБтК 80-113-баптарында қарастырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай, құқықтары бұзылған тұлғаның арызы негізінде қарауы мүмкін. Мұндай жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тиісінше ресімделген осындай арыз түскен сәттен бастап қозғалған деп есептеледі.

      Арызда арыз беруші адам туралы (тегі, аты, әкесінің аты), арыз берушінің құқықтары бұзылғандығын және нақты әкімшілік құқық бұзушылық құрамының бар екенін растайтын мән-жайлар, арыз берушінің құқықтарын бұзуға жол берген тұлға жөнінде мәліметтер көрсетілуі тиіс.

      Арызда мәлімделген мән-жайларды растайтын жазбаша дәлелдемелер арызға тіркелуі мүмкін.

      Тиісінше ресімделген арызды қабылдамауға жол берілмейді. Егер арыз тиісінше ресімделмеген болса, онда ол сот ұйғарымымен кемшілікті жою үшін арыз берушіге қайтарылады. Жазбаша дәлелдемелердің болмауы арызды қайтаруға негіз бола алмайды және істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.

      Осындай іс бойынша шешім қаулы түрінде шығарылады.

      25-12. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу қолданылған тұлға іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын ӘҚБтК 633-бабында қарастырылған тәртіппен шағымдануға құқылы.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (ӘҚБтК 584-бап ) сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы тиісті істі қарауға уәкілетті органға (лауазымды адамға) берілгенге дейін АІЖК 27-тарауында қарастырылған тәртіппен аудандық және оған теңестірілген сотқа шағымдалуы мүмкін.

      Егер әкімшілік іс түскен сәтте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға шағым беру ісі бойынша шешім қабылданбаса, онда шағым әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істі қарайтын соттың, органның (лауазымды адамның) қаралуына жатады.

      25-13. ӘҚБтК 9-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық және оны жасағаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары тек ӘҚБтК белгiленедi. ӘҚБтК белгiленген негiздер мен тәртiптен басқаша, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуы тиiс емес.

      Жеке тұлғаларды, жеке кәсiпкерлердi, жеке нотариустарды, адвокаттарды және заңды тұлғаларды белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья аталған тұлғалардың лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) қарастырылған қызметті не белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауы кезiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн қолдануы мүмкiн.

      Лицензия, рұқсат қағаз, біліктілік аттестатымен (куәлігімен) белгіленген белгілі бір қызмет түрімен байланысты емес құқық бұзушылық жасағаны үшін аталған тұлғаларды белгілі бiр қызмет түрiне лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруға жол берілмейді.

      ӘҚБтК ерекше бөлімінің тиісті бабында осындай әкімшілік жаза шарасы көзделсе, лицензиядан айыру туралы мәселені ӘҚБтК 52-бабына сәйкес судья шешеді.

      ӘҚБтК ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясында осындай әкімшілік жаза шарасы көзделсе, белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) уақытша алты айға дейiнгi мерзiмге айыру туралы мәселе уәкілетті органның (лауазымды адамның), соттың қаралуына жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



О внесении изменений и дополнений в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан N 18 от 26 ноября 2004 года "О некоторых вопросах применения судами законодательства об административных правонарушениях" (с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан N 1 от 16 января 2006 года)

Нормативное постановление Верховного суда Республики Казахстан от 16 июля 2007 года № 7. Утратило силу нормативным постановлением Верховного суда Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 3

      Сноска. Утратило силу нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В целях единообразного применения законодательства об административных правонарушениях пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан

п о с т а н а в л я е т:

      1. Внести в нормативное  постановление Верховного Суда Республики Казахстан N 18 от 26 ноября 2004 года "О некоторых вопросах применения судами законодательства об административных правонарушениях" (с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан N 1 от 16 января 2006 года) следующие изменения и дополнения:
      1) в пункте 2:
      абзац второй изложить в следующей редакции:
      "Индивидуальные предприниматели без образования юридического лица, частные нотариусы, адвокаты, руководители юридического лица, а равно работники индивидуального предпринимателя и юридического лица, выполняющие организационно-распорядительные или административно-хозяйственные функции, в случае совершения административного правонарушения в связи с выполнением указанных функций, несут административную ответственность как должностные лица. Под руководителем юридического лица следует понимать лицо, входящее в единоличный или коллегиальный исполнительный орган юридического лица.";
      абзац пятый исключить;
      2) пункт 4 дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "Если санкцией статьи особенной части КоАП предусмотрено применение основного и дополнительного административного взыскания, уполномоченный орган (должностное лицо), суд обязаны применять основное и дополнительное административное взыскание, независимо от того будет ли последнее фактически исполнено.";
      3) пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. При разрешении вопроса об освобождении лица от административной ответственности по основаниям, предусмотренным  статьей 71 КоАП, следует учитывать, что под изменением обстановки понимаются такие объективные причины и обстоятельства, вследствие которых деяние утратило признак общественной опасности.
      Под болезнью, препятствующей исполнению административного взыскания, следует понимать подтвержденное соответствующим медицинским заключением такое состояние лица, привлекаемого к ответственности, при котором исполнение определенного взыскания невозможно.
      При освобождении лица от административной ответственности по основаниям, предусмотренным  главой 8 КоАП, производство по делу подлежит прекращению.
      За административные правонарушения, предусмотренные  главой 9-1 КоАП, а также   статьями 131  КоАП,  158 КоАП,  158-1 КоАП, частью третьей  статьи 174 КоАП, лицо может быть освобождено от административной ответственности в связи с примирением с потерпевшим.
      Соглашение о примирении подается в суд или должностному лицу, уполномоченному рассматривать дела об административных правонарушениях, и должно содержать фамилию, имя, отчество потерпевшего и лица, совершившего административное правонарушение, адреса их места жительства, просьбу указанных лиц о прекращении дела об административном правонарушении в связи с примирением, дату подачи заявления и их подписи.
      При поступлении такого соглашения судья, должностное лицо уполномоченного органа разъясняет потерпевшему последствия подачи заявления, о чем указывается в постановлении по делу об административном правонарушении.";
      4) в пункте 8:
      в абзаце третьем слово "после" заменить словом "при";
      5) в пункте 11:
      абзац первый после слова "несовершеннолетним" дополнить словами "в возрасте от 16 до 18 лет";
      абзац второй дополнить предложением следующего содержания:
      "В постановлении, вынесенном по делу об административном правонарушении в отношении таких лиц, должно быть указано, в чем выражается их вина в совершенном правонарушении."; 
      6) в пункте 12:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "Доказательствами, подтверждающими обстоятельства, имеющие значение для дела, в частности, являются данные, содержащиеся в протоколах, предусмотренных КоАП (протокол об административном правонарушении, протокол личного досмотра, досмотра вещей, протокол изъятия документов и вещей и др.).";
      в абзаце третьем:
      после слов "было ли совершено административное правонарушение" дополнить словами "умышленно или по неосторожности";
      слова "виновно ли данное лицо в его совершении" - исключить;
      7) в пункте 13:
      в абзаце третьем слова "дела, перечисленные" заменить словами "категории дел, перечисленных";
      8) в пункте 17:
      дополнить абзацем третьим следующего содержания:
      "В соответствии со  статьями 23 28 34 и   39 Конституционного закона Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан", устанавливающих единый статус, требования и ответственность судей,  статьей 9 КоАП о недопустимости нарушения закона судом при производстве по делам об административных правонарушениях, суды апелляционной и надзорной инстанций вправе вынести частное постановление по фактам нарушения законности судьей, рассмотревшим дело об административном правонарушении.";
      9) в пункте 19:
      абзац второй после слов "в вышестоящий суд" дополнить словами ", который обязан рассмотреть жалобу, протест в установленные  статьей 660 КоАП сроки.";
      10) пункт 22 изложить в следующей редакции:
      "22. При рассмотрении дела по жалобе на постановление о наложении штрафа налоговым органом суд не вправе обсуждать законность уведомления и подвергать корректировке сумму доначисленных налогов и других обязательных платежей.
      Если суд, рассматривающий дело по жалобе на постановление о наложении штрафа налоговым органом, установит, что уведомление налогового органа в соответствующем порядке обжаловано в вышестоящий орган или в суд, но решение по такой жалобе не принято, то он вправе продлить срок рассмотрения дела на период срока обжалования (часть вторая  статьи 647 КоАП).
      Впоследствии решение по делу об административном правонарушении должно быть принято с учетом результатов рассмотрения жалобы на уведомление налогового органа.
      Если вступившим в законную силу определением суда поданное заявление об оспаривании уведомления налогового органа оставлено без рассмотрения по основаниям, указанным в  статье 249 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан (далее - ГПК), суд, рассматривающий дело по жалобе на постановление о наложении штрафа налоговым органом, рассматривает дело в общем порядке.";
      11) пункт 25 изложить в следующей редакции:
      "25. Физические и негосударственные юридические лица как субъекты частного предпринимательства могут быть привлечены к административной ответственности по  статье 143 КоАП, если осуществляют предпринимательскую деятельность в сферах, которые в соответствии с законодательными актами относятся к исключительной компетенции государства (например, производство вооружений, оборона, налоговое, таможенное, валютное, антимонопольное регулирование и т.д.).";
      12) дополнить пунктами 25-1 - 25-13 следующего содержания:
      "25-1. Административная ответственность лиц по  статье 524 КоАП наступает не только за неисполнение постановлений судов и других органов (должностных лиц), уполномоченных рассматривать дела об административных правонарушениях, но и за неисполнение решений судов или иных судебных актов, кроме случаев, предусмотренных  статьей 520 КоАП.
      25-2. При рассмотрении дел об административных правонарушениях, предусмотренных  статьей 462 КоАП, следует учитывать, что ответственность водителей транспортных средств по части первой указанной статьи наступает при превышении ими скорости движения транспортного средства на величину от десяти до двадцати километров в час включительно. Водители транспортных средств, превысившие скорость движения транспортных средств на величину свыше двадцати километров в час до сорока километров в час включительно, подлежат привлечению к административной ответственности по части второй указанной статьи.
      25-3. Состав административного правонарушения, предусмотренного  статьей 469 КоАП, считается оконченным с момента оставления лицом, управляющим транспортным средством, места дорожно-транспортного происшествия.
      25-4. Административная ответственность по  статье 484 КоАП наступает в том случае, если лицо два и более раз в течение года нарушило правила эксплуатации транспортных средств или правила дорожного движения.
      Годичный срок следует исчислять со дня совершения первого деяния, образующего состав правонарушения, предусмотренного указанной статьей, а установленный  статьей 69 КоАП срок давности привлечения к административной ответственности - со дня совершения последнего правонарушения.
      К материалам дела об административном правонарушении, возбужденного по  статье 484 КоАП, должны быть приобщены копии вступивших в законную силу постановлений о привлечении лица к административной ответственности, свидетельствующие о систематическом нарушении правил эксплуатации транспортных средств или правил дорожного движения.
      25-5. В соответствии с пунктом 3  статьи 9 Закона Республики Казахстан "О борьбе с коррупцией" на супругу (супруга) лиц, указанных в этой же статье закона, возлагается обязанность по представлению в налоговый орган по месту жительства декларации о доходах и имуществе, являющихся объектом налогообложения и находящихся как на территории Республики Казахстан, так и за ее пределами. Поэтому в случае неисполнения такой обязанности супругом (супругой) ответственность за нарушение мер финансового контроля должна возлагаться на супруга (супругу), совершившего правонарушение.
      25-6. Некоторые статьи КоАП (например,  статья 400 КоАП - нарушение режима зоны таможенного контроля,  статья 414 КоАП - нарушение сроков представления таможенному органу Республики Казахстан таможенной декларации, документов и дополнительных сведений и др.) содержат указание о том, что лицо подлежит административной ответственности по соответствующей статье КоАП при отсутствии признаков преступления.
      Если дела о таких правонарушениях направляются в суд должностными лицами и органами, уполномоченными возбуждать уголовные дела, предполагается, что указанные лица (органы) не усматривают в действиях лиц, привлекаемых к административной ответственности, признаков преступления, поэтому в таких случаях предоставление копии постановления об отказе в возбуждении уголовного дела не требуется.
      25-7. После вынесения постановления по делу об административном правонарушении суд, орган (должностное лицо) не вправе сам отменить или изменить его. Вместе с тем, он вправе по заявлению лиц, участвующих в деле, или по собственной инициативе исправить допущенные в постановлении описки и явные арифметические ошибки, не изменяя квалификации деяния, размера и вида административного взыскания.
      Вопрос о внесении исправлений может быть разрешен судом в пределах срока исполнения постановления суда, с извещением лиц, участвующих в деле, явка которых не является обязательной, о чем выносится определение.
      25-8. Документы и доказательства к материалам дела приобщаются в подлинниках. Если такие документы и доказательства не могут быть предоставлены в подлинниках (например, находятся в материалах уголовного или гражданского дела), они предоставляются в копиях, заверенных судом, органом (должностным лицом), уполномоченным составлять протокол об административном правонарушении, или нотариусом. Копия письменного доказательства также может быть заверена судьей, рассматривающим дело об административном правонарушении.
      25-9. В соответствии со  статьей 6 КоАП закон, отменяющий или смягчающий ответственность за административное правонарушение, имеет обратную силу, то есть распространяется на правонарушение, совершенное до введения этого закона в действие.
      Закон, устанавливающий или усиливающий ответственность за административное правонарушение или иным образом ухудшающий положение лица, совершившего правонарушение, обратной силы не имеет.
      При рассмотрении дел об административных правонарушениях и определении мер административного взыскания следует правильно применять нормы  Закона Республики Казахстан от 20 января 2006 года "О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях", введенных в действие с 1 января 2006 года, и обращать внимание на дату совершения административного правонарушения.
      25-10. Согласно части 4-1  статьи 69 КоАП течение срока наложения административного взыскания за административное правонарушение приостанавливается с момента направления дела в судебные инстанции или должностному лицу государственного органа, уполномоченного рассматривать дела об административных правонарушениях.
      Следует иметь в виду, что под моментом приостановления течения срока наложения административного взыскания, следует понимать дату фактического отправления дела в судебные инстанции или должностному лицу государственного органа, уполномоченного рассматривать дела об административных правонарушениях (дата сдачи на почту, получение курьером и т.п.).
      Аналогичным образом исчисление таких сроков возобновляется.
      25-11. Дела об административных правонарушениях, предусмотренных  статьями 80 113 КоАП, могут рассматриваться судьей без составления протокола об административном правонарушении на основании заявления лица, чьи права нарушены. В этих случаях дело об административном правонарушении считается возбужденным с момента поступления такого заявления, оформленного надлежащим образом.
      Заявление должно содержать данные о лице, подающем заявление (фамилия, имя, отчество, адрес), об обстоятельствах, свидетельствующих о нарушении прав заявителя, и наличии конкретного состава административного правонарушения, сведения о лице, допустившем нарушение прав заявителя.
      К заявлению могут быть приложены письменные доказательства, подтверждающие указанные в заявлении обстоятельства.
      Отказ в приеме заявления, оформленного надлежащим образом, не допускается. Если заявление оформлено ненадлежащим образом, то оно определением суда возвращается заявителю для устранения недостатков. Отсутствие письменных доказательств не является основанием для возвращения заявления и не является препятствием для рассмотрения дела по существу.
      Решение по такому делу выносится в форме постановления.
      25-12. Лицо, в отношении которого ведется производство по делу об административном правонарушении, вправе обжаловать применение мер обеспечения производства по делу в порядке, предусмотренном  статьей 633 КоАП.
      Протокол об административном правонарушении ( статья 584 КоАП), может быть обжалован в районный и приравненный к нему суд в порядке, предусмотренном  главой 27 ГПК, до поступления дела в суд, орган (должностному лицу), уполномоченный рассматривать соответствующее дело об административном правонарушении.
      Если в момент поступления дела об административном правонарушении решение по делу об оспаривании протокола об административном правонарушении не принято, жалоба подлежит рассмотрению судом, органом (должностным лицом), рассматривающим дело об административном правонарушении.
      25-13. Согласно части первой  статьи 9 КоАП административные правонарушения и меры административно-правового воздействия, налагаемые за их совершение, определяются только КоАП. Никто не может быть подвергнут административному взысканию, мерам административно-правового воздействия или мерам обеспечения производства по делу об административном правонарушении иначе, как на основаниях и в порядке, установленных КоАП.
      Лишение физических лиц, индивидуальных предпринимателей, частных нотариусов, адвокатов и юридических лиц лицензии, специального разрешения, квалификационного аттестата (свидетельства) на определенный вид деятельности либо совершение определенных действий налагается судьей за административное правонарушение, совершенное при осуществлении указанными лицами деятельности либо совершении определенных действий, предусмотренных лицензией, специальным разрешением, квалификационным аттестатом (свидетельством).
      Лишение указанных лиц лицензии, специального разрешения, квалификационного аттестата (свидетельства) на определенный вид деятельности за совершение правонарушения, не связанного с деятельностью, определенной лицензией, специальным разрешением, квалификационным аттестатом (свидетельством) на определенный вид деятельности, не допускается.
      В соответствии со  статьей 52 КоАП вопрос о лишении лицензии разрешается судьей, если соответствующей статьей особенной части КоАП предусмотрена такая мера административного взыскания.
      Вопрос о приостановлении действия лицензии на определенный вид деятельности либо совершение определенных действий или временном лишении специального разрешения, квалификационного аттестата (свидетельства) на срок до шести месяцев, подлежит рассмотрению уполномоченным органом (должностным лицом), судом, если санкция соответствующей статьи особенной части КоАП предусматривает такую меру административного взыскания.".

      2. Согласно  статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, а также является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.

       Председатель Верховного Суда
      Республики Казахстан

      Судья Верховного Суда
      Республики Казахстан,
      секретарь пленарного заседания