Байланыс формасы

Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 98 Қаулысы. Тақырып жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2018 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2018 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2018 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 ақпандағы
N 98 қаулысымен
бекітілген

Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі
құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге
рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2018 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын (бұдан әрі – Ұлттық архив қорының құжаттары) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      өтініш беруші – мемлекеттік органға Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат алуға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;

      рұқсат – Ұлттық архив қорының құжаттарын уақытша әкету құқығын растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

      сақтандыру көшірмесі – Ұлттық архив қорының түпнұсқа құжатының ақпараты мен сыртқы белгілерін толық қайта шығаратын, оның жоғалуы немесе зақымдануы жағдайына дайындалған көшірме;

      уәкілетті орган – архивтер мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттік органы.

2. Ұлттық архив қорының құжаттарын уақытша әкетуге рұқсат беру тәртібі

      3. Ұлттық архив қорының құжаттарын (бұдан әрі – сұратылған құжаттар) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету уақытша көрмеге қою, қалпына келтіру жұмыстары, тұсаукесерлер, көрмелер және басқа да халықаралық мәдени іс-шаралар үшін жүзеге асырылады.

      4. Сұратылған құжаттарды уақытша әкету туралы өтініш уәкілетті органға ұсынылады.

      Өтініште сұратылған құжаттарды уақытша әкету мақсаты және болатын елде оларды орналастыру шарттары көрсетіледі.

      Заңды тұлғаның атынан өтінішке бірінші басшы не оны алмастырушы тұлға қол қояды.

      5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке тұлға үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      заңды тұлға үшін – құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама немесе сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлғаның осы тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын басқа заңдастырылған құжаты.

      Ескертпе:* "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың тізбесі;

      3) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің бар болуы туралы мемлекеттік архивтің анықтамасы.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттар нотариалды куәландырылған немесе тиісті үлгіде жария етілген болуы тиіс.

      6. Уәкілетті орган өтініш пен оған қоса берілген құжаттарды оларды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      7. Өтінішті қарау кезінде сұратылған құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізіледі.

      8. Қарау қорытындысы бойынша және сараптамалық қорытынды негізінде уәкілетті орган сұратылған құжаттарды уақытша әкетуге рұқсат беру туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      9. Уәкілетті орган өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алты айдан аспайтын мерзімге рұқсат береді.

      10. Мыналар:

      1) сұратылған құжаттарды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкетуді қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;

      2) сұратылған құжаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің болуы рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      11. Уәкілетті орган берілген рұқсаттардың бірыңғай деректер базасын жүргізеді.

      Деректер базасына сұратылған құжаттардың мазмұны, физикалық жай-күйі, архив қорларының атауы, оларды уақытша әкету мақсаты туралы мәліметтер, қайтару мерзімі және Қазақстан Республикасының аумағына іс жүзінде қайтарылған күні енгізіледі.


  Ұлттық архив қорының
мемлекеттік меншіктегі
құжаттарын
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге уақытша әкетуге
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының
уақытша әкетуге рұқсат сұратылған құжаттарының
тізбесі

Р/с №

Құжаттың, істің сипаттамасы
(сақтау бірлігі)*

Іздестіру деректері**

Физикалық
жай-күйі

1

2

3

4

      Тізбеге барлығы _____________________________ сақтау бірлігі енгізілді.

      (цифрмен және жазумен)

      Өтініш беруші       ____________ ___________________________

      (ұйым атауын көрсете отырып,      (қолы) (Т.А.Ә)

      лауазымының атауы)

      Ескертпе:

      *құжаттың, істің (сақтау бірлігінің) атауымен бірге ақпараттың тасымалдаушысы мен оны қайта шығару тәсілі, түпнұсқалылығы немесе көшірме екендігі, өзіне тән сыртқы белгілері, өлшемдері көрсетіледі;

      **құжаттың, істің (сақтау бірлігінің) сақтау орны, мемлекеттік архивтің атауы, қордың, тізімдеменің, сақтау бірлігінің нөмірі, парақтардың саны көрсетіледі (егер тізбеге істің жекелеген құжаттары енгізілсе, парақтардың нөмірлері көрсетіледі).

      Басшының қолы және мөрі әрбір бетке қойылады.


  Ұлттық архив қорының
мемлекеттік меншіктегі
құжаттарын
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге уақытша әкетуге
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша

Уәкілетті органның
атауы
(мемлекеттік тілде)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Уәкілетті органның атауы
(орыс тілінде)

Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге уақытша әкету құқығын беретін
№ _____ рұқсат
_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі)
_____________________________________________________________

      қоса беріліп отырған________парақтағы тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын уақытша әкету құқығы берілді.

      Құжаттар____________________________ (ел) уақытша әкетіледі.

      Уақытша әкетудің мақсаты: көрмеге қою, қалпына келтіру жұмыстары (қажеттісінің астын сызу), өзге де жағдайлар (көрсету) ______________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Болатын мерзімі__________ бастап____________ дейінгі кезеңде.

      ____________________________________________________________________

      _______________________________ негізінде уақытша әкетуге рұқсат берілді.

      Мемлекеттік органның ____________________ _____________

      Басшысы                  (қолы)            (Т.А.Ә.)

      (ұйымның атауын көрсете отырып,

      лауазымының атауы)

      М.О.

      20____ жылғы "____" ________________ ________________

      (берілген орны)

      Кеден және шекара қызметтерінің белгілері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады