"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 194 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 28, 156-құжат; 2000 ж., N 17, 168-құжат; 2003 ж., N 45, 486-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ережеде:
      8-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң инвестиция мәселелерiн қадағалайтын көмекшiсi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кеңестiң шетелдiк тараптан құрамына байланысты мәселелердi қарау мақсатында Кеңестiң шетелдiк тараптан құрамын реттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады, оның құрамы Кеңестiң жалпы отырыстарында бекiтiледi.";
      14-тармақта:
      бiрiншi абзацта:
      "жұмыс органы" деген сөздер алынып тасталсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшалардағы "қатысуын", "беделiн", "маңыздылығын", "қызметiн", "дайындығын", "қатысуын", "ұсынымдарын ескередi" деген сөздер тиiсiнше "қатысуы", "беделi", "маңыздылығы", "қызметi", "дайындығы", "қатысуы", "ұсынымдары ескерiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "мiндеттерiн" деген сөзден кейiн "және экологиялық сипаттағы мiндеттерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Өтiнiмдердi жұмыс органы олардың келiп түсу кезектiлiгi тәртiбiмен қарайды және олар осы Ереженiң 13 және 14-тармақтарында белгiленген өлшемдердi қанағаттандырған жағдайда Комиссияның қарауына шығарылады.";
      5-тарау алынып тасталсын;
      6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Кеңестiң шетелдiк тараптан құрамын реттеу жөнiндегi комиссия
      17. Комиссияның негiзгi мiндетi Кеңестi өзiне жүктелген мiндеттердi тиiмдi орындауға барынша ықпал ететiн құрамда қолдау болып табылады.
      18. Комиссия қазақстандық тараптың төрт өкiлiнен және шетелдiк тараптың үш өкiлiнен тұрады.
      Қазақстандық тараптан Комиссия мүшелерi лауазымы бойынша мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, Кеңестiң жұмыс органының бiрiншi басшысы (Комиссия хатшысы).
      19. Комиссия отырыстары кемiнде жылына бiр рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi көпшiлiк дауыспен қабылданады.
      20. Кеңестiң шетелдiк мүшелерiн шығару немесе ауыстыру туралы мәселенi қарау кезiнде мыналар назарға алынатын болады:
      1) Кеңестiң шетелдiк мүшелерiнiң Кеңестiң жалпы отырыстарына жеке қатысуы;
      2) Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының қызметiне Кеңестiң шетелдiк мүшелерiнiң тұрақты өкiлдерiнiң жеке және белсендi түрде қатысуы;
      3) Кеңестiң шетелдiк мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы;
      4) Кеңестiң шетелдiк мүшелерiнiң Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына, бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру жөнiндегi шараларды iске асыруға қатысуы.
      21. Кеңестiң құрамына шетелдiк тараптан жаңа мүшелердi қабылдау кезiнде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының басымдықтарына сәйкес келетiн салалардағы қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар мен шетелдiк компанияларға артықшылық берiледi.
      21-1. Комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, жұмыс органы Қазақстан Республикасының Президентiне Кеңестiң шетелдiк тараптан құрамы бойынша ұсыныстар қалыптастырады.";
      22-тармақта:
      3) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 4) тармақшадағы "сақтамауы" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) Комиссияның ұсынымдары";
      23-тармақтың үшiншi абзацындағы "басшысы" деген сөзден кейiн "немесе басқа жоғары лауазымды тұлға" деген сөздермен толықтырылсын;
      29-тармақтың бiрiншi абзацындағы "инвестициялық саясат мәселелерiн қадағалайтын" деген сөздер алынып тасталсын;
      32-тармақтың 1) тармақшасындағы "және оның" деген сөздер ", Кеңес пен Комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ережеге қосымшада:
      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының өңiрлерiндегi жобалардың тiзбесiн қоса алғанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының қызметiне қатысу.";
      9-тармақтағы "мiндеттерiн" деген сөзден кейiн "және экологиялық сипаттағы мiндеттерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта "қызметкерлердiң" деген сөзден кейiн "және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралардың" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады